Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Күні:

Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Бөлімі:Жапсыру

Тақырыбы:Шаттық шеңбері.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:қабаттап бүктелген қағаздан бірнеше бала денесін бірден қию тәсілін үйрету; сюжетті аппликацияны құрастыруды балалардың көңіл күйін бере білу дағдыларын қалыптастыру.

Керекті құралдар мен материалдар:

Педагог үшін:түрлі түсті қағаз,қайшы , желім,қарындаш,қолорамал

Балалар үшін:түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, қарындаш, қолорамал.

Қостілдік компонент:

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері Балалар дөңгелен тұрып, «Іске сәт» деп хормен 3 рет айтады. Қызығушылық білдіреді.
Ұйымдастыру-іздестіру Педагог балаларға қағазды бірнеше қабаттап қалай дұрыс бүктеуге болатынын көрсетеді.Бұл тәсілмен бірнеше бірдей пішін алуға болатынын айтады. Осындай тәсілмен қиылған бірнеше баланың денесі қағазды жазған кезде қол ұстасып,шеңбер құрып тұрған балалардың пішіні шығады. Педагог қабаттап бүктеу,қию тәсілдерін көрсете отырып түсіндіреді. Түрлі түсті қағаздан жолақтар қиып алу. Адам денесі түстес қағаз жолағын бірнеше қабаттап бүктеп, адамның тұлғасының суретін салып, сызық бойымен қиып алу. Ұлдар мен қыздардың киімін қиып алып, балалар денесіне жапсыру. Негізгі қағаз бетіне аппликация бөлшектерін ең дұрысын таңдай отырып, ораналастыру. Барлық аппликация бөлшектерін ретімен ПВА желімімен жапсыру. Балалар жұмыс дәптерінде берілген орындалу үлгісіне сүйене отырып , жұмысты орындайды. Мұғалім жұмыстың үлгермеген бөлігін келесі сабақта жалғастыратындықтан ескертеді. Сабақ мақсатымен, жасалатын жұмыс түрімен танысады.     Керекті құрал- жабдықтарды дайындайды, түгендейді.     Қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді.   Аппликацияның орындалу реттілігін түсінеді.   Жұмыс реттілігі бойынша, үлгі дәптерге қарай отырып, бұйымды жасайды.
Рефлексивті – түзетушілік Аяқталған жұмыстар тексерілді,орындалу барысы талданады, болашақта кемшіліктерді болдырмау үшін, қате орындалған жерлерін дұрыс орындауға бағыт беріледі. Өз жұмыстарын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

ü сюжетті аппликацияны құрастыруды балалардың көңіл күйін бере білуді үйренеді;

Нені игереді:

ü қабаттап бүктелген қағаздан бірнеше бала денесін бірден қию тәсілін үйренеді;

Нені біледі:

ü дұрыс желімдеуді меңгереді;

ü қайшымен ұқыпты жұмыс жасауға үйренеді.

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

Оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Бөлімі:Жапсыру

Тақырыбы:Тай.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:әртүрлі өлшемдегі сопақшалардан бейненің пішінін бере білуге үйрету, балаларды қайшымен ұқыпты жұмыс істеуге дағдыландыру;эстетикалық сезімдерін дамыту.

Керекті құралдар мен материалдар:

Педагог үшін:жылқы бейнеленгенсуреттер,түрлі түсті қағаз, қайшы,желім,қолорамал.

Балалар үшін:түрлі түсті қағаз,қайшы,желім,қолорамал.

Қостілдік компонент:

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері Балалар дөңгелен тұрып, «Іске сәт» деп хормен 3 рет айтады. Қызығушылық білдіреді.
Ұйымдастыру-іздестіру Педагог балаларға жылқы туралы мақал-мәтелдер айтып,ол мақалдардың мазмұны талданады. Жылқының өсу жасы берілген суретке сүйене отырып, олардың жасына қарай қалай аталатынымен танысу.Жаңа туған төл-құлын ,6айдан 1 жасқа дейін-жабағы,1 жастан 2 жасқа дейін-байтал, 2жастан 3 жасқа дейін-тай,3жастан 4жасқа дейін-құнан,4жастан 5жасқа дейін –дөнен, 6 жастан 8 жасқа дейін-ат.Соның ішінде тайдың пішінін қағаздан жапсыру арқылы жасайтындықтарын айтады.Тайдың дене құрылысына талдау жасалады. Оның денесін,мойнын,басын сопақша пішіннен жасауға болатынына назарларын аудару. Педагог балаларға үлгі ретінде жылқының жасалу жолын көрсетіп,жапсыру жұмысын тиянақты орындау керектігін түсіндіреді. Қара және қоңыр қағаздан тіктөртбұрыштар қиып алу. Қоңыр қағаздан контур сызығы бойымен тайдың бөлшектерін-денесін, мойнын,басын,құлақтарын қиып алу. Қара түсті қағаздан контур сызығы бойымен жалын, кекілін, құйрығын,тұяқтарын қиып алу. Негізгі қғаз бетіне ретімен: Денесін; Мойнын; Басы мен құлағын; Кекілі,жалы ,құйрығын жапсыру. Қара фломастермен көзін,мұрнын, аузын салу. Балалар жұмыс барысының ретімен танысқаннан кейін,дәптердегі үлгіні басшылыққа ала отырып, жұмысқа кіріседі. Педагог балалардың жұмыстарын қадағалайды,бақылайды,оларға көмектеседі. Сабақ мақсатымен, жасалатын жұмыс түрімен танысады.   Керекті құрал- жабдықтарды дайындайды, түгендейді.   Қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді.   Аппликацияның орындалу реттілігін түсінеді.   Жұмыс реттілігі бойынша, үлгі дәптерге қарай отырып, бұйымды жасайды.  
Рефлексивті – түзетушілік Аяқталған жұмыстар тексерілді,орындалу барысы талданады, болашақта кемшіліктерді болдырмау үшін, қате орындалған жерлерін дұрыс орындауға бағыт беріледі. Өз жұмыстарын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

ü балаларды қайшымен ұқыпты жұмыс істеуге дағдыланады.

Нені игереді:

ü әртүрлі өлшемдегі сопақшалардан бейненің пішінін бере білуге үйренеді;

Нені біледі:

ü дұрыс желімдеуді меңгереді;

ü қайшымен ұқыпты жұмыс жасауға үйренеді.

Наши рекомендации