Ысқаша теориялық мағлұмат

ЛАБОРАТОРНАЯ ЖҰМЫС №2

Видеолекция құру.

Мақсаты:Видеолекция құруға үйрету және дағдыларын қалыптастыру, өзіндік тапсырмаларды орындау.

Материалдар мен жабдықтар: ispring Suite өнімі, ДК

Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:

1. Қысқаша теориялық мағлұмат қайталау

2. Үлгі-мысалды қарастыру

3. Жеке тапсырманы орындау

4. Бақылау сұрақтарына жауап беру

Лабораториялық жұмыстың есебі:

-Жоба алгоритмі;

-Жобаны орындау;

-Жобаны қорғау.

ысқаша теориялық мағлұмат

Презентациядегеніміз белгілі тақырып бойынша бірыңғай стильде безендірілген слайдтардың және тиісті жолдама материалдарға (презентация жоспарына, баяндамашы ескертпелеріне, тыңдаушыларға үлестірілетін материалдарға) сәйкес келетін слайдтардың жиынтығы.

АКТ құралдары- микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

- Интерактивті тақта;

- Мультимедия;

- Интернет кеңістігі;

- Электронды оқулық.

Ispring Presenter бағдарламасы Power Point ортасына қосымша қондырылады. Тесттерді шақыруға, электронды оқулықтар жасауға, дайын презентацияны html, swf форматқа алмастыруға мүмкіндік береді.

1-қадам. Ispring Presenter-ді (1-сурет) http://www.ispring.ru/ispring-presenter сайтынан 30 күнге тегін жүктеуге болады. Жүктегеннен кейін Power Point бағдарламасының саймандар панелінде қосымша Ispring Presenter бөлімі пайда болады.

Ысқаша теориялық мағлұмат - student2.ru

1-сурет. Ispring Presenter 7 Power Point ортасындағы құрал-саймандар панелі

2-қадам. Презентацияға дыбыс жазу. Ол үшін:

1. Алдымен қажетті презентациямызды дайындап, ашып аламыз.

2. Саймандар панелінде Дыбыс жазу (Записать аудио) немесе Редактор батырмасын басыңыз (2-сурет).

Ысқаша теориялық мағлұмат - student2.ru

2-сурет. Ispring Presenter-де дыбыс жазу

3. Курсорды қай жерден дыбыс жазу керек сол жерге орналастыру керек. Ол үшін Келесі/ Алдыңғы слайд (Следующий/Предыдущий слайд) батырмаларын пайдаланыңыз.

4. Егер тек қана бір слайдқа дыбыс жазу керек болса, онда Тек ағымдағы слайд (Только текущий слайд) таңдайсыз.

5. Дыбысты жазу (Начать запись) батырмасын шертіңіз.

6. Қажет болған жағдайда тоқтатып (Остановить) қоюға болады.

7. Дыбыс жазу режимінен шығу және дыбысты сақтау үшін Дайын (Готово) батырмасын басыңыз.

3-қадам.Презентацияға видео жазу. Ол үшін:

1. Алдымен қажетті презентациямызды дайындап, ашып аламыз.

2. Саймандар панелінде Видео жазу (Записать видео) немесе Редактор батырмасын басыңыз (3-сурет).

Ысқаша теориялық мағлұмат - student2.ru

3-сурет. Ispring Presenter-де видео жазу

3. Курсорды қай жерден видео жазу керек сол жерге орналастыру керек. Ол үшін Келесі/ Алдыңғы слайд (Следующий/Предыдущий слайд) батырмаларын пайдаланыңыз.

4. Егер тек қана бір слайдқа видео жазу керек болса, онда Тек ағымдағы слайд (Только текущий слайд) таңдайсыз.

5. Видео жазу (Начать запись) батырмасын шертіңіз.

6. Қажет болған жағдайда тоқтатып (Остановить) қоюға болады.

7. Дыбыс жазу режимінен шығу және дыбысты сақтау үшін Ок батырмасын басыңыз.

4-қадам.Енді дайын презентацияны Ispring Presenter көмегімен html форматқа алмастырайық. Ол үшін Меню жолынан Ispring Presenter 7-ге бассақ төмендегідей құрал-саймандар панелі ашылады. Осы саймандар панеліндегі Жарияланым (Публикация) белгісін басу арқылы презентацияны html форматқа алмастырамыз (4-сурет).

Ысқаша теориялық мағлұмат - student2.ru

4-сурет. Жарияланымға (Публикация) жіберу

Нәтижесінде«Пернетақта» тақырыбына презентация дайындалып, оны Ispring Presenter көмегімен html форматына алмастырдық (5-сурет).

Ысқаша теориялық мағлұмат - student2.ru

5-сурет. Ispring Presenter-де дайын өнім

Наши рекомендации