Этнопедагогиканың мақсат, міндеттері.

Этникалық-мәдени білім стратегиясы өзара байланысты екі мақсатты: этникалық сәйкестендіру мен мелекеттік интеграцияныжүзеге асыруға бағытталады.

Халықтың этникалық-мәдени сәйкестілігі өз тарихында, мәдениетінде болған оқиғаларды білу, қалыптасқан рухани құндылықтарға адалдық, ұлт қаһармандарын қастерлеу нәтижесінде құралады. Ол ұлттың азат және ерікті жасампаздық шығармашылығы процесінде қалыптасады.

Этникалық-мәдени сәйкестілік жағдайына халықтың өзі тудырған әлеуметтік жүйе арқылы қол жетеді. Оған отбасы, мектепке дейінгі балалар мекемелері, оқу орындары, ұлттық мәдени орталықтар, журналдар мен газеттер, көркем ғылыми әдебиет, ғылыми зерттеу және әкімшілік мекемелері, тағы басқалары жатады.

Мемлекеттік интеграция - этникалық-мәдени білім берудің ілгерлі және стратегиялық мақсаты. Егер жекелеген халық этникалық сәйкестікке біршама қысқа мерзімде жете алатын болса, мемлекеттік интеграцияға қол жеткізу - мемлекеттегі барлық этностардың күш-жігерін қажет ететін ұзақ процесс. Қазақстанды мекендеген халықтардың этникалық сәйкестілік мүмкіндігінің негізгі шарты болып табылады.

Этникалық-мәдени және мемлекеттілік сәйкестілікке білім беру жүйесі арқылы барынша қол жеткізуге болады. Білім беру – ұлттық сананы қалыптастырудың, мәдени-тілдік мүдделерді жүзеге асырудың құралы ретінде мынадай төрт функцияны атқаруға тиіс.

· таратушылық,

· дамытушылық,

· саралаушылық,

· ынтымақтастырушылық.

Білімді адам ғана тарихи және мәдени дәстүрлерді ұстана алады. Ол өзінің белгілі бір қауымдастық пен халыққа қатыстылығын сезінеді, оның бойында мәдени қажеттіліктер: адамгершілікке, ойлы іс-әрекетке, сұлулыққа, жоғары-рухани бастауларға құлшыныс қалыптасады. Білім берудің тағы бір талабы - өзге мәдениетті түсіну және қабылдай білу. Мәдениеттердің өзара байланысы бір-біріне ықпалдастығы жағдайында ғана әрбір жекелеген мәдениеттің принциптері мен ерекшеліктері айқын танылады.

Этникалық-мәдени білім –бұл ана тілі мен төл мәдениетті әлемдік мәдениеттің құндылықтарын қоса игеру арқылы тұлғаның этникалық-мәдени сәйкестілігін сақтауға бағытталған білім.

Қазақстан Республикасының мәдени – этникалық білім беру тұжырымдамаснда этникалық – мәдени білім берудің негізгі міндеттері ретінде мыналар ұсынылады:

- жан – жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу, тұлғаның өзінің төл мәдениетіне сай болуына және өзге мәдениеттерді игеруіне жағдайлар жасау. мәдениеттер алмасуына, олардың бірін -бірі байытуына бағдар ұстау;

- көп тілді жеке адамды қалыптастыру: ана тілінде еркін ұғынысуға қабілетті азаматтарды даярлау. Сол арқылы өзі этникалық тобына қайсы да, мемлекетке қатысты да «бірдей адалдық» үлгісін іске асыру.

Өз мәдениеті арқылы өзге мәдениеттерге бағыт ұстаған адам жан – жақты мәдениетті тұлға деп ұғынылады. Төл мәдениетті терең білу үшін басқа мәдениеттерге қызығушылықтың іргетасын қаласа, көп мәдениетпен танысу – рухани баю мен дамудың негізі болады.

Дидактикалық кешенге сілтемелер:

  1. Ә.Табылдиев «Қазақ этнопедагогикасы» А,2001
  2. Әбілова З., Қалиев Қ. Этнопедагогика оқулығы – А., 1999
  3. Измайлов А.Э. Народная педагогика – М., 1991 г., 68-83 стр.
  4. Педагогика межнационального общения /Под ред. Латышиной Д.И. – М., 2004 г.
  5. Волков Г.Н. Этнопедагогика – М., 1999 г.

ТАҚЫРЫП № 2. ЭТНОПЕДАГОГИКА - ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ,ҚАЗІРГІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА 2030 ЭТНОМӘДЕНИ БАҒЫТЫМЕН ҰШТАСТЫРУ (2 САҒ).

Мақсаты: Этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасының түсінігін тереңдету және ұғындыру.

Міндеттері:

1.Этникалық-мәдени білім беру тұжырымдамасына сипаттама және тактикасын баяндау.

2.Ұлттық «Ата-мекен», «Кәусар бұлақ», «Елім-ай» т.б. атты бағдарламаларға сипаттама беру.

3.Ұлттық тәрбиенің қолданылу шарттары және қазіргі мектептердегі тәрбие жүйесімен ұштастыру.

Жоспары:

1. Академик Г.Н. Волковтың этнопедагогика жайында ой-пікірлері

2. Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени тұжырымдамасының міндеттері

3. Ұлттық тәрбиенің салалары қолданылу шарттары

Бақылау сұрақтары:

  1. Баяндама: Қазақ этнопедагогикасының қоғамда алатын орыны.
  2. Реферат: Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Жүйнеки, Қожа Ахмет Иассауидің мұралары.

Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім – тәрбиесі - А., 1995 ж.
  2. Қожахметова К., Ұзақбаева С. Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасы – А., 1998 ж.
  3. ҚР этникалық –мәдени білім беру тұжырымдамасы – Алматы 1996 ж.
  4. Қожахметова К. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика – А., 1998

Қосымша:

1. Қалиев С., Оразаев М., Смайылова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері - А., 1994

2. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы А, 1994.

Наши рекомендации