Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тобы: «Гүлдер» Күні:
Білім беру саласы:"Қатынас".
Бөлімі:Ағылшын тілі
Тақырыбы: «Review».
Мақсаты: оқылған материалды қайталау.
Міндеттері: «Түстер», «Сандар», «Жануарлар», «Ойыншықтар», «Жанұя», «Менің денем», «Тамақ» тақырыптары бойынша лексиканы қайталау;пәнаралық білімді пайдалануды үйрету; сөздік қордың кеңеюіне ықпал ету; тыңдау, сөйлеу дағдыларын дамыту; ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету; пәнге деген қызығушылықтың одан әрі дамуына ықпал ету.
Құрал- жабдықтар:CD плеер, аудиодиск, карточкалар.
Іс-әрекет кезеңдері | Педагогтыңіс- әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | Мен балалармен амандасамын. -Балалар, соңғы оқу іс-әрекетіміздің де уақыты келді.Жыл ішінде біз көп нәрсені үйрендік, көп нәрсені білдік. Бүгін соңғы ойын-оқу іс-әрекетімізді өткізіп, кімнің не үйренгенін анықтаймыз. Ойынымыз жай ойын емес, жарыс ойын.Ойында ең бастысы не? Дұрыс, балалар, достық.шеңберге тұрып, бір-бірімізге табыс тілейік-Good luck! | Балалар мұғаліммен амандасады. Балалар достық.шеңберге тұрып, бір-біріне табыс тілейді.-Good luck! Балалар Good luck! Сөзін қайталайды. |
Ұйымдастыру- іздестіру | Бүгінгі соңғы оқу іс-әрекетімізге досымыз Foxy келді. Ол осындай маңызды оқу іс-әрекетінен қалғысы келмеді.Бүгін ол да біздің не үйренгенімізді біледі.Ең соңғы рет бізбен ойнап қалғысы келеді. Фонетикалық жаттығу. Біздің көңілді түлкішек орманда серуендеп жүр.Ол қоңырау сыңғырлатады.[nin-nin-nin]. .[nin-nin-nin].Масаларды мазақтайды[z-z-z][z-z-z].Біз серуендеуге шақырады[ei-ei-ei] [ei-ei-ei] Қайтадан масаларды мазақтайды[z-z-z][z-z-z]..Масалар түлкішекке ашуланып, оны тістейді, түлкішек айқайлайды[ai-ai-ai][ai-ai-ai].Ол ауырсынып, былай дейді[o-o-o][o-o- o].Енді түлкішек ешқашан масаларды мазақтамайды.Жараға үрлейді[w-w-w ][w-w-w]. 1.Негізгі кезең.Сиқырлы пойыз. Енді, балалар,біз сиқырлы пойызбен саяхатқа аттанамыз.Мәреге жету үшін барлық тапсырманы дұрыс орындау қажет.Команда әр дұрыс жауап үшін гүл алады.( алдын ала қағаздан қиылған 20 гүл дайындаймын ). Балаларды 2 командаға бөлемін:Bears және Kangaroos. 1-Вагон Балалар, бірінші тапсырмада суреттер арасынан тек қана ағылшын әріптерін тауып, оларды атау керек.Жарайсыңдар!Әріптерді жақсы білесіңдер!(Жеңімпаздарға гүл береді ). Kangaroos:Мен 5 ағылшын әрпін айтамын, ал сендер келесі 5 әріпті айтасыңдар. 2-Вагон Bears, countfrom one to five. Kangaroos:count from five to ten. 3-Вагон Алдын ала 2 конверт дайындаймын. Әр хатқалтада әр түсті карточкалар бар. Балалар, үшінші вагоннан тапсырмасы бар хатқалта таптық.Оларды ашыңдар.What colour is it? Болжамды жауап:Bears:It’s blue/red. Kangaroos:It’s/orange. 4-Вагон Төртінші вагонда бізбен бірге жануарлар келе жатыр.Назар аударыңыздар,командаларға тапсырма:Bears:түз жануарларын таңдап, аттарын айтыңдар.Kangaroos:үй жануарларын таңдап, аттарын айтамын. Бұл тапсырмаға балалар танысқан үй және түз жануарларының суреттері салынған карточкалар дайындаймын. Пойызымыз стансаға келіп тоқтады.Далаға шығып, демалуды ұсынамын. It is bad to be sad. It is good to be happy. It is bad to be cross. It is good to be happy. Сергіту сәті. Hands up,hands down Hands on hips, sit down. One, two, three, hop. Four, five six, stop. 5-Вагон «Bears» командасына тапсырмa:Бөлімі: Ағылшын тілінде «Менің ағам (інім) бар.Менің әпкем (қарындасым,сіңлім )бар»деп айтыңдар. «Kangaroos»: командасына тапсырма: Бөлімі: Ағылшын тілінде «Менің әжем бар.Менің атам бар»деп айтыңдар. 6-Вагон Балалар, алтыншы вагонда да сендерді өте қызықты тапсырма күтіп тұр.Көздеріңді жұмып, адам денесінің суретін салу керек.Суретті салып жатып, дене мүшелерінің әрқайсысын Бөлімі: Ағылшын тілінде атаңдар:It is an eye.It is a leg.(Ағылшын маманы әр команда үшін ватманға Адам денесінің )пішінің (басы мен денесін )салады.Қалғанының барлығын балалар салады. 7-Вагон Жетінші вагон жай емес, бұл музыкалық вагон.Әр команда есте қалған немесе ұнатқан әнді орындауға тиіс. 8-Вагон Мейрамхана вагонына келіп жеттік.Әр команда өз қарсыласына тапсырыс қабылдайтын және әкеліп беретін даяршыны бөледі. Команда тапсырыс береді:Give me an apple,please.Даяршы бала қажетті карточканы алып, оны келушілерге «Here you are»-«Мархабат»деген сөздермен әкеліп береді.Келушілер даяшыға алғыс айтуға тиіс. 9-Вагон Бұл вагонда киім дүкені орналасқан. «Bears»командасы ұл балаларға киім таңдайды. «Kangaroos»командасы қыздардың киімін таңдайды.Балалар киімдердің әрқайсысын Бөлімі: Ағылшын тілінде атайды. 10-Вагон Соңғы вагонға келіп жеттік.Бұл вагондағы тапсырма мынадай: мен доп пен қуыршақтың қай жерде орналасқаны туралы сөйлемдерді оқимын, ал командалардың қатысушылары осы заттарды тауып алуға тиіс. ( Алдын ала жасырып қоямын.) Bears:The ball is on the table. The ball is under the chair. The ball is in the box. Kangaroos:The doll is in the bag. The doll is on the chair. The doll is under the table. | Foxy-мен ойын ойнайды. Фонетикалық жаттығу жасайды. Foxy-дің дыбыстарын қайталайды. Балалар сиқырлы пойызбен саяхатқа аттанады. Балалар 2 командаға бөлінеді:Bears және Kangaroos. 1-Вагон Балалар, бірінші тапсырмада суреттер арасынан тек қана ағылшын әріптерін тауып, оларды атайды. Жеңімпаздар гүл алады. 2-Вагон Kangaroos тобы Bears тобы 1-ден5-ке дейін санайды. Kangaroos тобы 5-тен 10-ға дейін санайды. 3-Вагон Балалар, үшінші вагоннан тапсырмасы бар хатқалтаны ашады..What colour is it?-сұрағына жауап береді:Bears:It’s blue/red. Kangaroos:It’s/orange. 4-Вагон Bears:түз жануарларын таңдап, аттарын айтады. Kangaroos:үй жануарларын таңдап, аттарын айтады. Балалар далаға шығып демалады. It is bad to be sad. It is good to be happy. It is bad to be cross. It is good to be happy. Сергіту сәтінің қимыл іс-әрекеттерін қайталайды, сөздерін айтады. 5-Вагон Балалар жауап береді: «Bears» I have got a brother and little brother. I have got a sister and little sister «Kangaroos»: I have got a grandmother. I have got a grandfather. 6-Вагон Балалар, алтыншы вагонда көздерін жұмып, адам денесінің суретін салады. Суретті салып жатып, дене мүшелерінің әрқайсысын Бөлімі: Ағылшын тілінде атайды:It is an eye.It is a leg.. 7-Вагон Жетінші вагондағы балалар есте қалған немесе ұнатқан әнді орындайды. 8-Вагон Балалар сұрайды.Give me an apple,please. «Here you are» Thank you! 9-Вагон Bears»командасы ұл балаларға киім таңдайды. «Kangaroos»командасы қыздардың киімін таңдайды.Балалар киімдердің әрқайсысын Бөлімі: Ағылшын тілінде атайды. 10-Вагон Балалар доп пен қуыршақтың қай жерде орналасқанын табады. Bears:The ball is on the table. The ball is under the chair. The ball is in the box. Kangaroos:The doll is in the bag The doll is on the chair. The doll is under the table. |
Оқу іс-әрекетті қорытындылаймын. Гүлдерді санау. Жарайсыңдар балалар! Өте жақсы жұмыс істедіңдер, көп нәрсені үйрендіңдер. Сендерге табыс тілеймін,жазда жақсы демалып,бірінші сыныпқа түсулеріңе тілектеспін.Бөлімі: Ағылшын тілін үйренуге көмектескен кейіпкерлерімізбен және бір-бірімізбен қоштасайық.Goodbye, my friends! Білімдерін қорытындылау және жүйеге келіру үшін жұмыс дәптеріндегі 41-43 беттегі тапсырмаларды пайдаланамын. | Балалр гүлдерді санайды. Бөлімі: Ағылшын тілін үйренуге көмектескен кейіпкерлермен қоштасады, және мұғаліммен қоштасады. Goodbye, my teacher! |
Күтілетін нәтижелер;
Орындайды:«Түстер», «Сандар», «Жануарлар», «Ойыншықтар», «Жанұя», «Менің денем», «Тамақ» тақырыптары бойынша лексиканы қайталайды:
Түсінеді:балалар екі топқа бөлініп жарысып ойнағанды:
Қолданады:балалар өткен оқу іс-әрекетіндегі лексикалық бірліктерді қолдануды.
Ағылшын маманы:Айтеева.Г.Е.
Тексерілді: Ташмаганбетова Г.