Атысқан сабақтарға пікір беру
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі дайындық бөлімі
«Азаматтық құқық және кеден ісі» кафедрасы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ ЖӨНІНДЕГІ
Е С Е Б І
Курс: 2
Оқыту нысаны: күндізгі
Магистрант: Бейсенбаев Д.
Тараз 2008 ж.
МІНЕЗДЕМЕ
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
Заң факультетінің юриспруденция мамандығының 2 курс магистранты Омар А.
Омар А. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде 14.01.08 жылдан 02.02.08 жыл аралығында өзінің педагогикалық тәжірибесін өткізді.
Омар А. тәжірибеден өту барысында өзіне жүктелген тәжірибиелік міндеттерін атқаруға жауаптылықпен қарап, берілген тапсырмаларды мезгілінде орындай алатынын көрсетті.
Кафедраның тапсырған барлық тапсырмаларына байыпты қарап, өзін ұқыпты, салмақты, адамгершілігі мол маман ретінде көрсете білді. Талап еткіш, ұйымдастырушылық қабілеті мол.
Омар А. өзін жоғары мәдениетті маман ретінде, ізденгіш, еңбекқор тұлға ретінде, өзіне жүктелген жұмыстарды жауапкершілікпен, уақытылы орындаумен көзге түсіп, өзін жағымды жағынан көрсете білді.
Зерттеу тәжірибесінің жетекшісі О.К. Джолдасова
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТШ УНИВЕРСИТЕТІ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ТАРИХЫНАН
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 1998 жылдың наурыз айында облыстағы үш жоғарғы оқу орны: Жамбыл университеті, Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институты, Жамбыл технологиялық жеңіл жәнө тамақ өнеркәсібі институты негізінде құрылды.
Аз уақыт болғанына қарамастан, ТарМУ қазіргі таңда мол жетістік-терімен үлкен беделге ие болып отыр. Сондай-ақ еліміздің тіпті, шет мемлекеттердің алдыңғы қатарлы ғылыми, мәдени ағартушыларының оңды пікірлеріне қол жеткізді. Біздің жоғарғы оқу орнының тарихы, қалыптасқан дәстүрлерімен, керемет адамдарымен қызықты оқиғаларға бай. ТарМУ-нің Республикадағы ең үлкен жоғары оқу орындарының бірі ретінде қалыпта-суына, 40-жылдық тарихы бар бұрыңғы бірнеше жоғарғы оқу орындарының бірігуі, олардың қалыптасқан дәстүрлері және керемет педагогикалық ұжымдары мен ғылыми-қызметкерлер құрамы болып табылады.
БҮГІНГІ УНИВЕРСИТЕТ
Жоғарғы оқу орнына қойылған мақсаттарды шешудің негізгі шарттарының бірі профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-педагогикалық дайындығын жоғары деңгейге көтеру болып табылады. Оқытушылар саны 700 ден аса, оның ішінде 52 ғылым докторлары, профессорлар және 250 ден аса ғылым кандидаттары, доценттер бар, бұлар жалпы штаттағы оқыту-шылардың 40 жуығын құрайды. Оқытушылардың 80-ы мемлекеттік тілде сабақ жүргізеді. Тараз мемлекеттік университетіне көпшіліктің көңілінің көптеп бұрылуы тегіннен тегін емес, себебі университетте мемлекеттік және орыс тілдерінде 127 мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандар дайындайды.
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де 47 кафедраны біріктірген 12 факультет жұмыс істейді, олар: жаратылыстану-әлеуметтану, әлем тілдері мен әдебиеті, заң, экономика және бизнес, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар және тамақ инженериясы, мұнай-газ ісі, энергетика және технологиялық машиналар, су шаруашылығы, экология және құрылыс, инженерлік-экономикалық мамандықтар, сырттай гуманитарлық, сырттай инженерлік-экономикалық, сондай-ақ қоғамдық мамандықтар факультеті. Бұл факультеттерде 10000-нан аса білімгерлер білім алады.
ОҚУ ҮРДІСІ
Оқу үрдісі мен ғылыми зерттеулерді қамтамасыз етуге оқу-әдістемелік бөлім, тіркеу офисі, оқу-әдістемелік бірлестік, тестілеу секторымен жаңа ақпараттық технологиялар орталығы, білім сапасы мониторингі бөлімі, дистанциялық (қашықтан) оқыту орталығы, ғылыми-зерттеу бөлімі, ғылыми кітапхана, баспахана, спорт клубы және басқа бөлімшелер қатысады.
Университетте оқу үрдісіне қазіргі күнгі педагогикалық технологияларды дайындау мен енгізуге үлкен көңіл бөлінеді. Оқу үрдісіне жеке компью-терлерде студенттердің білімінің тәуелсіз аудитін жүргізуімен қоса оларды модульдік-ретингілік жүйемен оқыту енгізілген. Экономикалық, гуманитарлық, заң және техникалық салалардағы әр түрлі оқу пәндері бойынша тестік тапсырмалар қоры жасалған. Бар материалдық-техникалық қорды және өз ғылыми мүмкіндігін пайдалана отырып, университет:
· оқу үрдісінің ескі әдістері мен формаларынан жаңа ақпараттық технологияларға етуді;
· электрондық материалдарды жасауды;
· сабақтарда және СӨЖ-да дайын электрондық оқулықтарды пайдалануды;
· зертханалық стендтер мен баспаларының ЭВМ-ң технологиялық процестерін жасауды;
· дистанциялық білім беру элементтерін енгізуді бірте-бірте іске асыруда.
Мұның бәрі оқу үрдісін көрнекі және икемді етуге, мамандықтардағы пәндердің құрылынын жаңа талаптарға сәйкестендіріп, жүйелеп қайта қарауға мүмкіндік туғызады. Оқу үрдісін жаңа техникалық құралдарды тиімді пайдаланбай тұрып қазіргі күннің талаптары деңгейінде ұйымдастыру және іске асыру мүмкін емес. Университеттің техникалық жақтан жақсы жабдықталуы студенттерге оқытудың қазіргі күнгі құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді және ол бәсекелестікке бейім мамандар даярлау процесінде оң нәтижелерге жетуге көмектеседі.
Тараз мемлекеттік университеті, жалпы сапа менеджментінің және Халықаралық стандарттарының ИСО 9000 сериясының талаптарына сай, жоғары оқу орындарындағы сапа жүйесін қалыптастыруда сапа менеджментінің езіндік моделін дайындап оны іске асы руда.
Университетте білім жүйесіне сапалы қызмет көрсетуді іске асыру және оны бақылау үшін әдістемелік, ақпараттық және технологиялық орта қалыптастыруда мақсатты және жоспарлы түрде жұмыстар жұүргізіліп отыр. Білікті мамандар құрамы, қуатты оқу-әдістемелік база және оқу үрдісіндегі сәйкес инфрақүрылым, біздің университетке 2003 жылдың 1-ші қыр-күйегінен бастап экономика және бизнес мамандықтары бойынша кредиттік-сағаттық оқыту жүйесімен білімгерілерді дайындауға мүмкіндік берді.
2004-2005 оқу жылынан бастап университеттің өз бастауымен және ҚР БЖҒМ қолдауымен ТарМУ барлық жаңа мамандықтар бойынша білімгерлерді оқытудың кредиттік жүйесімен дайындауға көшті. ТарМУ-ің тәжірибесі мен жетістіктері ҚР БЖҒМ де дұрыс бағаланды, соның нәтижесінде біздің университет оқытудың кредиттік жүйесін енгізудің консалтингті орталығы болып анықталды.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР
Университеттің халықаралық байланыстары ауқымды. ТарМУ алыс және жақын шет елдердің 18 елінің ірі оқу және ғылыми орталықтарымен тығыз шығармашылық және іскерлік байланыс орнатқан. Олардың арасында АҚШ, Германия, Швейцария Ұлыбритания, Индия, Оңтүстік Корея, Египет, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және басқалар бар. Калифорния университетінің (Фреско қ., АҚШ) суғару технологиясы орталығымен іскерлік қатынас табысты дамуда. ҚХР-ң Синь-Изян ауылшаруашылық институтымен ғылыми-техникалық келісім іске асырылуда. ТарМУ-дың ғылыми-өндірістік мүмкіндіктерін пайдалану туралы шетелдік фирмалармен біраз келісім жасалған, онда көпшілік тұтынатын тауарлар мен бұйымдар өндірісі технологиясы саясында бірлесіп жұмыс істеу, суарудың жаңа технологиясын, жерді суғаруды механизацияландыру тәжірибе-өндірістік участкелер жасау көзделген.
ТарМУ-де жоғары дәрежедегі менеджерлер, халықаралық деңгейдегі өндіріс жетекшілерін даярлауға бағытталған ортақ білім бағдарламалары іске асырылуда.
Ұлыбритания университетімен ресурс оқу орталығын ұйымдастыру туралы өзара келісім жасалуда. Индиана университетімен (Блумингтон, АҚШ) АҚШ мемлекеттік департаментінің қолдауымен университеттік білім беруді реформалау және ЖОО басқару жұйесі бойынша өте маңызды жобалар іске асырылуда. ТарМУ-де Түркология орталығы жұмыс істейді. Британия кеңесі мен Гете институты (Германия) тарапынан білім орталығы құрылған. Университет ғалымдары, Қазақ-Индия орталығында, М.Х.Дулатидің ғылыми, тарихи мұрасын зерттеу бойынша Дели, Джахварлал Неру және Кашимир Университеттерімен бірге үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар университетте Иран орталығы жұмыс істейді.
Ломоносов атындағы МГУ-мен, Санкт-Петербург мемлекеттік политех-никалық университетімен, Мәскеу азық-түлік ендірісі унивөрситетімен бірлесіп жұмыс жүргізу жөнінде келісім шарт жасалған, біз Ресей Федерация-сының азық-түлік мамандықтары бойынша ОӘБ-ң мүшеміз. Жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясының үжымдық мүшесіміз.
Жоғары оқу орындарының екі жақты келісімімен біздің университет, профессор-оқытушылар құрамы мен білімгерлер үшін оқу сабақтарын, саминарлар өткізуге, біріккен ғылыми зерттеулер жүргізуге және дәріс оқуға шетелдердің ЖОО-ның ғалымдарын.
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ ҒЫЛЫМЫ
Университетте білім беру мен ғылымның өзара байланыстығы және сабақтастығы сақталған. Университетте оқитын аспиранттар мен магистрлар төмендегі бағыттар бойынша дайындалады: жаратылыстану-ғылыми, экономикалық, технологиялык машиналар мен жабдықтар, бұйымдар мен кеңінен тұтылатын тауарлар технологиясы және т.б.. Жоғары білім жүйесіне әлемдік білім мен интеграцияның бастауы енгізілген. ТарМУ евразиялық интеграцияны дамытуға өз үлесін қосып келеді. Білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарының жаңа түрлері, бакалавриат, магистратура, аспирантура және докторантура арқылы мамандар дайындаудың жалпы танымал халықаралық жүйесі еңгізілуде. Университет өмір бойы білім алу паразигмасын табысты іске асыруда, магистранттардың, аспиранттардың, докторанттардың өз ғылыми-зерттеу жұмыстарын өз университетінің қабырғасында жүріп-ақ орындауына мүмкіндігі бар, университетте төмендегі мамандықтар бойынша докторлық диссертация қорғау кеңестері жұмыс жасайды: "Суландыру, рекультивация және жерді қорғау", "Гидротех-никалық құрылыс," "Гэоэкология"; кандитаттық диссертациялар мына мамандықтар бойынша қорғалады: "Экономика және ауыл шаруашылығын басқару", "Былғары және үлбір технологиясы". Университетте жүргізілетін ғылыми-зерттеулер мақсатты ғылыми бағдарламалардың тақырыбына еңгізілген және ҚРБҒМ-де, ҚРҒА жанындағы Ғылым қорында, ҚР Инженерлік академиясының ғылыми техникалық инженерлік орталығында үйлестірілген. Қаржыландырудың орташа жылдық аумағы 20 млн. теңгеден асады.
Аймақтың әлеуметтік экономикалық мәселелерін, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру, білімгерлерді оқу үрдісіне белсенді қатыстыру, оқу ұрдісі мен ғылымды интеграциялау мақсатында университетте ғылыми-зерттеу институттары құрылған: экология-экономикалық мәселелер ҒЗИ, құрылыс материалдарының ҒЗИ, тамақ өндірісінің ҒЗИ, гэоэкология және мелиорация ҒЗИ, материалдар және құрылғылар беріктігі ҒЗИ және де М.Х.Дулатидың Тарихи және мәдени
СТУДЕНТТЕР ӨМІРІ
Студент жастардың рухани және адамгершілік жақтан қалыптасуына университет оқытушылары ерекше көңіл бөледі. Университетте, студент-тердің көркем өнер шығармашылығына, спортпен айналысуына қажетті жағдайлар мен мүмкіншіліктер жасалынған. Өз ой өрісін кеңейту, басқа да қызықты істерге үйрену үшін студенттер қоғамдық кәсіптер факультетінде жұмыс істей алады, факультеттің дамуына үлкен кеңіл бөлінеді. Факультет жалпы мәдени және тәрбие жұмыс орталығы болып табылады, мүнда, бос уақытында, студенттердің өз бейімділігін, шығармашылығын керсетуге барлық жағдай жасалынған. Факультет тындаушысы болған студенттер ұлт-тық инструменттерде ойнай алады, фольклорлық, эстрадалық және рухтық музыка мен, ұлттық және балл билермен, театр өнерімен, брейк-дансімен вокалдық өнермен, КВН-мен, студенттердің сән театрымен және көптеген басқа пайдалы істермен айналыса алады.
Жүйелі түрде студенттік фестивальдер, көркем өнер жарысы, КВН конкурстары, театрландырылған қойылымдар, шығармашылық ұйымдары-мыздың концерттері өткізіліп түрады. Мысалы: "Үркер" би ансамблі "Шабыт-Милениум" Республикалық конкурсының дипломанты болып табылады, олар ІІ-Республикалық қазақ ұлттық би конкурсында қазақтың ұлттық билерінің өзіндік ерекше қойылымын көрсетті.
Соңғы уақытқа дейін "Жібек жолы" эстрадалық үрмелі оркестрі Қазақ-стандағы "Джаз-бенд" стилінде маманданушылардың бірегейі болып келеді. Брейк-данс стилінде би көрсетуші "Моменте-Море" тобы жастардың сүйіктісі болып табылады және оның атағы Жамбыл облысынан тыс жер-лерде де кең тараған.
Педагогиқалық тәжірибені өту барысында мен кафедраның оқү әдістемелік құжаттарымен таныстым: оқү жұмыс жоспары, әдістемелік жұмыстын жоспары, пәндер бойынша типтік, оқү және жұмыс бағдарламаларын.
Педагогиқалық тәжірибені өту мерзіміне академиялык ЮП 26-3 тобына жетекшілік жасауға бекітілдім. Бұл топта 17 білімгер оқыйды.
Тобта өте дарынды, орташа білімі бар білімгерлерден құралады.
Топ білімгерлеріне үйымшылық, бірлік, жауаптылық, адамгершілік, бір бірің түсуніу, әлеуметтік белсендік тән.
Топ лидеры ретінде, білімгерлер арасында сыйлы және беделді, оқүдің озаты Абдразакова У.
Білімгерлердін жасына байланысты ерекшеліктерің, академиялық тобтын ұжымының сипатын және білімгерлерге қойлатын педагогикалық талаптарын орындауын білімгерлердің әлеуметтік психологиялық карталары арқылы таныстым.
Педагогиқалық тәжірибені өту барысында білімгерлердің ғылыми зерттеу жұмысына жетекшілік еттім, олармен бірігіп ҚР ЖОО білімгерлер арасындағы өткізілетің Ұлттық байқау үшін көрнекті құралдарды даярладым.
Бұдан басқа кафедраның қоғамдық тәрбие жұмыстарына қатыстым.
Бірінші үш апта ішінде мен оқү әдістемелік құжаттармен таныса отырып кафедра оқытушылардын мамандығым бойынша сабақтарына қатыстым.
Атап айтқанда Рим құқығы, ҚР жер құқығы пәндер бойынша кафедранын аға оқытушының Г.Т. Джабаилдаеваның дәріс сабақтарын.; кафедранын аға оқытушының Г.М. Тлебаеваның дәріс сабақтарын.
Бұдан басқа, мен Рим құқығы пәнінен «Көне римдегі отбасылық құқық», «Көне римдегі түлғалар», ҚР жер құқығы пәні бойынша «Орман қорының жерлердің құқықтық режымы», «Лица в Древнем Риме» және сабақ өткіздім.
Педагогиқалық тәжірибені өту барысында мен келесі магистранттардің сабақтарына қатыстым Уалиев А., Бектұрсын Ж.
Кафедранын аға оқытушылардың Джабаилдаеваның Г.Т., Г.М. Тлебаеваның қатысқан сабақтарын талдай отырып келесіні айта кетуге болады:
Тәжірибелі оқытушылардын қатысқан сабақтары дәріс беру және семинар үйымдастыру нысанында өтті, сабақтын басында білімгерлер тақырыптын ғылыми өзектілігімен, маңыздылығымен таныс болды. Дәріс беру кезінде оқытушы практиқалық материалдар және өмірлік оқиғалар білімгерлердің назарларына ұсынылды.
Педагогикалық шеберлікті ерекшк атап кетуге жөн блады бұл: сөз байлығы; білімгерлердің назарын өзіне аударатын әдісі ретінде дәрісті беру еркің стилі; оқытушының іс әрекеттерінің кезенділігі, оның ішінде дәрістің мақсатын қою, бақылау тапсырмасын құрастыру; есептерді шешу барысында теориялық және практиқалық білімді қолдана білуі.
Мен дәріс берудің келесі элементтермен таныстым:
1. дәріс материалын беру әдісімен;
2. білім беру ен жаңа әдістермен (диалог).
3. дәріс материалдын мазмұнымен және құрылысымен;
4. білімді бағалау және бақылау;
5. оқү әдебиет және ТСО.
Қорытынды:
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне пайдалы түрде қатысу үшін (құзыреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда.
Магистрант: А. Уалиев
атысқан сабақтарға пікір беру
Сабақ.: ЮП-26-5 тоб, 26-3, 2 курс, аға оқытушы Джабаилдаева Г.Т., «Рим құқығы» пәні.
Оқытушы Джабаилдаева Г.Т. сабақты уақтылы бастады. Дәрістің тақырыбын жария етті: «Меншік құқықтің тусінігі және турлері», тізім бойынша бар білімгерлерді белгіледі. Білімгерлердің сабаққа қатысуы 80 - процент.
Дәрістін жоспары: 1. Меншік құқықтың тусінігі және мазмұны. 2. Заттық құқықтын ұғымы және турлері. 3. Иелену құқығы.
Сабак беру барысында оқытушы ПОӘК, журнал, дәрістің мәтіні, көрнекті құралдар, схемалармен қолданды.
Сабақ өту барысында келесі жағымды жағдайларды ескеруге жөн болады:
1. сабақ уақтылы басталды.
2. Білімгерлер дәрістін тақырыбымен және сұрақтармен танысты.
3. Оқытушы дәріс беру барысында көрнекті құралдарды, схемаларды қолданды.
4. Кезек бойынша тақырыбтын барлық сұрақтар жан жақты қарастырылды.
5. Бір неше мысалдар келтірген.
6. оқытушы өзін еркің устады.
Жағымсыз жақтары:
1. инновациялық технологияларын сабақ өту барысында қолданбау.
Пән бойынша дәріс жоғары деңгейде өткізілді және қойылған мақсаттарына жетті деп айтуға болады.
Сабақ: ЮП-25-4 тобы, 3 курс, аға оқытушы Тлебаева Г.М.
Пән «ҚР жер құқығы».
оқытушы Кебеева Б.П. сабақты уақтылы бастады. Дәрістің тақырыбын жария етті: «Су қорының жерлерінің құқықтық режымы». тізім бойынша бар білімгерлерді белгіледі. Білімгерлердің сабаққа қатысуы - 84 процент.
Дәрістің жоспары: 1. Су қорынынң жерлердің пайдалану субъектілері 2. Су пайдалану құқығының тусінігі және турлері. 3. Су пайдалану құқығының пйда болу, өзгеру және тоқтату негіздері.
Сабак беру барысында оқытушы ПОӘК, журнал, дәрістің мәтіні, көрнекті құралдар, схемалармен қолданды.
Сабақ өту барысында келесі жағымды жағдайларды ескеруге жөн болады:
1. Сабақ уақтылы басталды.
2. Білімгерлер дәрістін тақырыбымен және сұрақтармен танысты.
3. Оқытушы дәріс беру барысында көрнекті құралдарды, схемаларды қолданды.
4. Кезек бойынша тақырыбтын барлық сұрақтар жан жақты қарастырылды.
5. Сабақта көпдеген практикалық материалдар қолданды.
6. лектор білімгерлердің назарына толық ие болды.
Кемшіліктер мен ұсыныстар:
1. Лектор дәрістің негізгі функциясын жүзеге асырып, білімгерлердің ойлау қабілетің белсендіру ушін қайта байлансу әдісін қолданған жоқ.
2. Сабақтын қорытындысын жасаған жоқ.
Жалпы дәріс белгілі бір деңгейде өтті және өзінің мақсатына жетті.
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРМУ да ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ӨТУ ЖӨНІНДЕ 2 КУРС МАГИСТРАНТЫ АРСЕН УАЛИЕВТІҢ ЖЕКЕ ЖОСПАРЫ
1. Танысу:
- М.Х. Дулати атындағы ТарМУ ішкі жүріс тұрыс ережелермен;
- М.Х. Дулати атындағы ТарМУ тарихымен;
- ЖОО оқү үрдісін үйымдастырылуымен, инновациялық қамтылуы деңгеімен, кадрлық потенциалының сипаттамасымен.
- Деканаттын құрылымен және факультетте оқү тәрбиелік процесін үйымдастырылыумен;
- Факультетте және кафедрада ғылыми зерттеу жұмысы туралы ;
- Факультетте қоғамдық тәрбие жұмысын үйымдастырудің жоспарымен.
- оқытушы қызметіне қойлатын квалификациялық талаптармен.
2. Зерттеу:
- факультеттің оқү әдістемелік құжаттармен: оқү жұмыс жоспарлары, әдістемелік жұмыстын жоспары, типтік, пәндер бойынша оқү және жұмыс бағдарламалары;
- білімгерлердін жасына байланысты ерекшеліктерің, академиялық тобтын ұжымының сипатын және білімгерлерге қойлатын педагогикалық талаптарын орындау;
- кафедра оқытушылардын әдістемелік тәжірибесің:
- кафедраның тәжіриебелі оқытушылардын сабағына қатысу және оны жазбаша талдау жасау;
- магистрантар өткізген сабақтарына қатысу.
3. Құрастыру:
- Рим құқығы пәні бойынша «Көне Римдегі тулғалар» тақырыбындағы дәрістің конспектісің даярлау.
- Жер құқығы пәні бойынша « Орман корының жерлердің құқықтық режимы» тақырыбында дәріс конспектісің даярлау;
- Рим құқығы пәні бойынша дидактикалық материалдарды және көрнекті құралдарды даярлау;
- кураторлық сағаттын сценариын даярлау
4. Өткізу:
- Рим құқығы және Жер құқығы пәндерден дәріс сабақтарын өткізіп көру;
- білімгерлермен ғылыми зерттеу жұмысын;
- Дәрісты семинарды, аудитриядан тыс іс шараны психологиялық-педагогикалық талдауын;
- Студенттік тобтын әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан талдау.
- Білімгерлердің СӨЖ жетекшілік ету.
5. Даярлау:
- Бір кредиттык жүйе туралы ғылыми әдістемелік баяндама;
- Педагогикалық тәжірибе жөнінде есеп.
Факультетте және кафедрада өткізілген қоғамдық іс шараларына қатысу.
Магистрант: А. Уалиев
Пед. тәжірибенің жетекшісі: О.К. Джолдасова