Азақстандағы жоғары білім беруді дамыту болашағы

Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы білім беру жүйесінің алдына білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатын қойды.

Бұл мақсатқа қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы мен үкіметі бекіткен орта білім беру жүйесін ақпараттандыру, жаңа буындағы оқулықтарды әзірлеу мен енгізу және басқа да бірқатар бағдарламаларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.

Алдағы кезеңінде іске асырылатын « Білім» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, оның мақсаты сапалы білім беруге кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің ұлттық моделін тиімді дамыту үшін жағдай жасау болып белгіленді. Білім беру сапасы бұл ретте әлемнің дамыған елдеріндегі біліммен салыстырарлық болуға тиіс.

Білім тарихына тоқталатын болсақ, Ұлы ұстаз, мәдениет қайраткері Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер Қазақстан жеріндегі алғашқы білім және мәдениет ошақтары болды. Сонау XIX ғасыр соңында балаларды ғана емес, бүкіл қазақты көшпенділіктен отаршылыққа бейімдеп, сауатын ашып, білім мен мәдениет жолына сүрлеу салған Алтынсариннің инновациялық қызметі төл мәдениетіміздің өркендеу тарихынан үлкен орын алады.

Кеңес үкіметі кезеңінде республикада білімнің тиімді жүйесі қабылданған болатын. Күндізгі оқу бөлімінен басқа сырттай және кешкі оқу түрлері болған, жастар жағы жұмыс істеп жүріп толық орта білім алуға болатын.

Қазақстан Республикасын әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретiнде таныды. Тәуелсiздігінiң қысқа тарихи кезеңiнде елiмiз әлемдiк қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткiздi.

Білім берудi дамыту Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 3аңына, "Fылым туралы" Қазақстан Республикасының 3аңына, "Қазақстан-2030" стратегиясына, «Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi индустриалдық инновациялық даму стратегиясына", "Бiлiм" мемлекеттiк бағдарламасына, Баланың құқықтары туралы конвенцияға, Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жөнiндегi конвенцияға, Еуропа аймағындағы жоғары бiлiмге қатысты бiлiктiлiктi тану туралы Лиссабон конвенциясына, Жоғары бiлiм жөнiндегi бүкiл дүниежүзiлiк конференцияның декларациясына, Болоньядағы Еуропа елдері бiлiм кеңесінің, Тәуелсiз мемлекеттер достастығына катысушы мемлекеттер бiлiм министрлерiнiң және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім бсру саласындағы ынтымақтастығы жөнiндегi кеңeciнің, Еуразия Экономикалық Қоғамдастығының Интеграциялық комитетінiң жанындағы бiлiм, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды өзара тану және олардың баламалылығы жөнiндегi кеңестің конференцияларының ұсынымдарына сәйкес әзipленген.

Кредиттік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат-магистратура-докторантура Ph.D) заңнамамен бекітіліп отыр. Бұл Болон декларациясының ережелері мен халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Халықаралық білім беру стандарттары туралы сөз еткенде, олардың біріздендірілгендігін емес, үлгісінің жақсылығын, мамандар даярлаудың жоғары сапасы мен кәсібилігін айтады. Өйткені «білім беру стандарты» ұғымы шетелдерге біздегіден өзгеше түсіндіріледі. Білім беру стандарттары бар елдерде оқу процесіне қандай да бір регламент қойылмайды. Онда оқу орындары үлкен академиялық құқықтар мен дербестікке ие.

Заң жобасында білім беру жүйесінің даму басымдығы, барлық азаматтар үшін сапалы білім алудың жариялылығы мен қолжетімділігі білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі принципттерінің бірі болып табылады.

Білім беру ұйымдарын қаржыландыру мемлекеттік және жергілікті бюджет арқылы жүргізіледі.

Елдің жетекші университеттерінде ғылыми және инжинерлік зерттеулер жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастырудың нақты тетігі жоқ, сондықтан да университеттер мен ғылыми зерттеу институттарының мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлінетін зерттеушілік гранттар мен кредитттерді алуына салауатты бәсекені дамыту үшін жағдай жасалмаған.

Оқытудың сапасын қамтамасыз ету үшін білім беру қызметкерлері мен ұйымдарын материалдық ынталандыру жүйесі жоқ.

Білім беру саласының болашағының нарығы іс жүзінде жоқ, мұның өзі шығындардың қайтарымын айтарлықтай төмендетеді.

Тәрбиелеу мен оқыту бірлігінің үзіліп қалуы жастар мен жасөспірімдердің арасында есірткіні, ішімдікті және темекі өнімдерін пайдаланудың өсе түсуіне алып келеді. Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруде еңбекке баулу мен оқытудың рөлі әлсіреді.

Қазiргi кезде әлемдiк кауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елi ретінде танып отыр. Тәуелсiздiк алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан экономикада сiлкiнiс жасады, әлемдiк өркениетпен ықпалдасуда, жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда.Елдің әлеуметтiк экономикалық даму перспективалары айкындалған.

Қазiргi жалпы бiлiм беретiн мектептегi оқытудың мазмұны фактология күйiнде қалып отыр, пәндiк тәсiлге негiзделген мемлекеттiк стандарттар моральдық тұрғыдан ескірген. Оқушының даралығына бағдарланған бiлiктi көз карас жоқ Мектепте оқу оқушының өмiрлiк жолын, мүдделерi мен перспективаларын таңдауына нақты дәлелдемелер бермейдi. Жоғары сынып оқушыларының тек 30%-ы ғана өздерiнiң қабiлеттерiне сәйкес келетiн кәсiби қызметтi таңдайды, Демек, бұл жоғары сынып оқушыларының 70%-ының өмiрден өз орындарын табуға мүмкіндігі аз дсген сөз.

Білім беру жүйесін дамытуда келесідей міндеттерді шешуді ұсынамыз:

* білім беру нәтежиелерінің сапасын арттыру;

* білімге қол жетімділіктің теңдігін қамтамасыз ететін шараларды еңгізу;

* білім беру жүйесінде әріптестілікті дамыту үшін жағдайлар жасау;

* оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің бірлігін қамтамасыз ету;

* білім мен ғылымның іс жүзінде интеграциялануын қамтамасыз ету;

* ресурстарды жұмылдыру және білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруда қамтамасыз ету;

* білім беру ісін басқару жүйесін жетілдіру;

* қаржыландыру жүйесінің тиімділігін арттыру

Наши рекомендации