Пәннің жұмыстық оқу бағдарламасы 1 страница
№ | Атауы | Авторы (лар) | Шыққан жылы |
1. | Педагогика | Таджибаева Ж.А. |
3. Пәннің оқу бағдарламасы (Sillabus)
№ | Атауы | Авторы (лар) | Баспасы, шыққан жылы | Кафедрадағы және кітапханадағы дана саны |
1. | Педагогика | Таджибаева Ж.А. | - |
Негізгі әдебиет
№ | Атауы | Авторы (лар) | Баспасы, Шыққан жылы | Баспа түрі | Кітапханадағы дана саны |
1. | Педагогика | Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. | Алматы, 2002-384б. | оқулық | 1:2 |
2. | Тәрбие теориясы мен әдістемесі | Әбенбаев С. | Алматы: Дарын,2004-152б. | оқулық | |
3. | Педагогика | Әбиев Ж., Бабаев С.,Құдиярова А. | Алматы: Дарын,2004-448б. | оқулық | |
4. | Педагогика | Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы | Алматы: Print-S 2005-429б.. | оқулық | |
5. | Оқыту теориясы | Сабыров Т.С. | Алматы, 2000 | оқу құралы | |
6. | Педагогика | Коджаспирова Г.М. | М.:Гардарики, 2007-528б. | оқу құрал | |
7. | Педагогика | Пидкасистый П.И. | М.:Высшее образование, 2007 | Оқу құралы | |
8. | Дидактика | Ситаров В.А. | М.:2002 | Оқу құралы | |
9. | Педагогика | Харламов И.Ф. | М.: Гардарики, 2007 | оқулық |
Осымша әдебиет
№ | Атауы | Авторы (лар) | Баспасы, Шыққан жылы | Баспа түрі | Кітапханадағы дана саны |
1. | Педагогика тарихы | Ж.Әбиев | Алматы,2006 | оқулық | 1:3 |
2. | Педагогика | В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев | Уч.пособие.-М.,2002 | оқу құралы | |
3. | Қазақтың тәлімдік ой-пікірлері антологиясы | Жарықбаев Қ.,Қалиев С. | Алматы:Рауан,1995 | оқу құралы | |
4. | Педагогика тарихы | Бержанов Қ., Мусин С. | Алматы,1984 | оқу құралы | |
5. | Педагогика тарихы | Сейталиев Қ. | Алматы,2008 | оқу құралы |
Ш.Есенов атындағы КМТжИУ ПОҚ шығарған оқу құралдары
№ | Атауы | Авторы (лар) | Баспасы, Шыққан жылы | Баспа түрі | Кітапханадағы дана саны |
7. Әдістемелік нұсқаулар
№ | Атауы | Авторы (лар) | Баспасы, Шыққан жылы | Кафедрадағы және кітапханадағы дана саны |
1. | Методические указания по видам практики | |||
2. | Методические указания по выполнению дипломных работ (проектов) | |||
3. | Методические указания по итоговой государственной аттестации обучающихся |
8. Әдістемелік ұсыныстар (қолдағы бары)
№ | Атауы | Авторы (лар) | Баспасы, Шыққан жылы | Кафедрадағы және кітапханадағы дана саны |
1. | Методические рекомендации по изучению дисциплины | Таджибаева Ж.А. | қолда бар | |
2. | Методические рекомендации по типовым расчетам, выполнению расчетно-графических, лабораторных работ | Таджибаева Ж.А. | қолда бар |
ПЭОӘК
№ | Оқу сабақтарының түрлері | Бағдарламалық материалдың атауы | Қолданылуы |
1. | Контенты | ||
2. | Курс лекции | Презентация MicrosoftPowerPoint | Демонстрация |
10. Лекционный комплекс
№ | Атауы | Авторы (лары) | Лекторда және кафедрада бары |
1. | Дәріс тезистері | Таджибаева Ж.А. | қолда бар |
2. | Иллюстративті материал | ||
3. | Үлестірмелі материал |
СӨЖ материалдары
№ | Атауы | Авторы | Кафедрада бар болуы |
1. | Курс бойынша СӨЖ-ге арналған тапсырмалар (реферат, конспект, эссе, схема, кесте, баяндама, бақылау жұмыстарының тапсырмалары, тақырыптары т.б.) | Таджибаева Ж.А. | Кафедрада бар |
2. | Ұсынылатын әдебиеттер тізімі (п.4,5 бар болса көрсету) | ||
2.1 | Педагогика | Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. | Кітапхана |
2.2 | Тәрбие теориясы мен әдістемесі | Әбенбаев С. | Кітапхана |
2.3 | Педагогика | Әбиев Ж., Бабаев С.,Құдиярова А. | Кітапхана |
2.4 | Педагогика | Коджаспирова Г.М. | Кітапхана |
2.5 | Педагогика | Пидкасистый П.И. | Кітапхана |
Пәннің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
Арнайы оқу зертханалары (аудитория, кабинет)
№ | Бөлменің атауы және қолданысы | Отыратын орын саны |
1. | 503 ауд. |
Кафедра меңгерушісі:
Келісілген: кітапхананы жабдықтау бөлімінің меңгерушісі
(4,5 пунктер
ДӘРІС жинағы
Дәріс №1
Тақырыбы: Педагогика- тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері
Жоспары:
1. Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы философиялық ілім ретінде.
2. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері.
3. Теориялық деңгей әдістері.
1. Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснамасының негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория-таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл-теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл-осы жүйні тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.
Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зерттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет.
Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілернің бірі ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе болып отыр. Зерттушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдіс жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға, оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмысты қарама-қайшылықтарды шешудің тәсілдерін ашуға щақырады.
Сонымен, зерттеу әдісідегеніміз күрделі танымдық әдістемелер, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.
Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпараттарды алу жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол-жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.
2. Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар. Эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Empeiria-тәжірибе) .
1. Бақылау- заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылау, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылау шарттары, сондай-ақ құралдары-видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары жатады.
Зерттеу барысында бақылау түрлерінің әр алуан жіктемесін ажырата алады:
- тікелей бақылау, зерттеуші-мұғалім оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра, бейтарап адам және зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кірген кезде тікелей бақылау жүзеге асырылады.
- жанама бақылау, ол тікелей бақылауды толықтырады және зерттеушімен бірге оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;
- жасырын немесе елеусіз бақылау тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара қатынасы туралы шынайы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап-зерттеушіге құнды мәліметтер береді, оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды.
- үздіксіз бақылау оқыту процесін, екі-үш оқушының сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс мінез-құлқын зерттеуде қолданылады;
- дискретті (үзік-үзік) бақылау объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін- жары жыл немесе бір жыл. Бақылап -зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;
- монографиялық бақылау біреуді немесе бір нәрсені бақылау кезінде қолданылады;
- шағын мамандандырылған бақылау жалпы тұтастықтан бақылап-зерттеу мақсатына ай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;
- ізденіс бақылау көп деректер арасынан зерттеуші өзне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылау көп уақыт пен зерттеушіде тиянақты талдау жұмысын талап етеді.
2. Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты белгіленген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында құбылыстың табиғи жағдайларда бақылап зерттеуге болмайтын белгілерін ашуға болады. Оның мақсаты ғылыми теория немесе болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтарды шығару және нақты білімге жету. Эксперименттің тағы бір мақсаты білімнің көлемін ұлғайту, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу тұлғасын дамыту тәжірибесін жаңарту.
Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: табиғи, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялық, оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, эксперименттің анықтаушы түрі бар, ол зерттеу объектісін қайта құруға бағытталған.
3. Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттері емес, қоса өзара әрекеттесуші «субъект-субъект» жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады. Эмпирикалық зерттеу әдістемелерін құрастыру кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтынына сүйену керек.
Сұрақ-жауап әдісінің мынадай түрлері бар:
а) Әңгіме. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, онда әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. Әңгіме алдын-ала дайындалуы мүмкін, зерттеуші оның жоспарын құрып, өзіне қажет мәселелерді бөліп алады, әңгімені тіркейтін құралдарды дайындайды (бейне таспа, аудио таспа, стенография). Зерттеушінің кәсіби білімі және үлкен әдепті сезімі болуы қажет, сол арқылы ғана ол әңгімелесушіні ашық сөзге тарта алады.
Әңгіме әңгімелесушілердің әр түрлі шеңберлерінде жүргізіледі (мектеп директоры, оның орынбасарлары, ата-аналар, оқушылар, білім берудің әр түрлі деңгейіндегі басшылары). Білім беру саласының жағдайы мен ондағы өзгерістерге олардың кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы алынған ақпараттарға маңызды өосымша болып табылады. Алдын-ала дайындалған әңгімелерден басқа экспромт әңгіме-сұқбаттарды жүргізуге болады.
ә) Сұқбат- әңгіменің бір түрі. Әңгіменің бұл түрі зерттеушінің объектісінің өзінің іс-әрекеті туралы түсінігін баяндау динамикасын белгілеуге көмектеседі. Сұрақ-жауаптың бұндай түрінде зерттеушінің сұрақ-жауап мәтінінде белгіленген іс-әрекет туралы жорамал түсінігі зерттеу ақпаратына аз ғана әсер етеді. Зерттеушінің міндеті зерттеушінің әңгімесін қолдауда. Сұқбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және жеткілікті тәжірибесін қажет етеді. Сұқбаттың мақсаты- зерттеушінің педагогикалық жағдаяттарға деген көзқарасын қайта құруда, сұхбаттасушылардың міндеттері мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін зерттеушінің түсінуінде. Зерттеуші күрделі кәсіби- педагогикалық іс-әрекеттің жалпы заңдылықтарын түсіну сұрақ-жауап субъектісінің терең қарым-қатынас жасай отырып, оның жекелік-мотивтік, когнитивтік және операционалды компоненттерін түсіну жағдайында ғана мүмкін екенін ескеру қажет. Көптеген мамандарға сұрақ-жауап жүргізу барысында тенденциялар мен құбылыстар дамуының заңдылықтарын қорытындылап түсіну мен анықтау мүмкіндігі туындайды.
Хаттамаларда тіркелген мәліметтерге сапалық және сандық тұрғыдан талдау жасау қажет. Сұқбат нәтижелерінің талдауы мен олардың түсіндірмесі зерттеудің нақты міндеттеріне байланысты әр түрлі жүргізілуі мүмкін.
б) Сауалнама жүргізу. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының қатал логикалық құрылысы, сауалнама құрастырушы ұсынған алдын-ала белгіленген бірнеше мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық өңдеу жасау қиынырақ.
Сауалнама жүргізу әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс-әрекет түрлеріне, пікірлерді зерттеген және т.б. қатынасын айқындау үшін қолданылады.
4. Мұғалімдердің, жаңашыл- педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты. Тәжірибе дегеніміз педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде меңгерген шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі. Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын зерттеу, сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме және т.б. ізденушінің танып білуінің қайнар көзі бола алады.
5. Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік- педагогикалық тексеру медикалық- педагогикалық кестені кешенді жаппай дайындаумен жиі байланысты. Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқушылар әр түрлі ғылыми мамандар тексеруінен өтеді. Тексеру барысында оқушылардың өмірбаяны, психологиялық-педагогикалық мінездемелері, олардың үлгерімі, жеке тұлғалық дамуының генезисі, ауырған ауруларының сипаты, олардың туа біткен кемшіліктері, балалардың, олардың ата-аналарының денсаулығы, таным процесі барысының ерекшеліктері (ақыл-есі, ойлауы, қиялы) зерттеледі.
6. Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу ізденушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы түсінік беретін әдістің бір түрі.
7. Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, оқулықтар. Оқу-әдістемелік құралдар, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп берулері, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компоненттері тіркелетін барлық құжаттар зерттеудің ең маңызды қайнар көзі болып табылады. Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тестердің, бақылау жұмыстарының, шығармаларының, эсселердің, жобалардың, суреттердің және т.б. ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің іс жүзіндегі іс-әрекетінің шынайылығын анықтауға, себеп-салдарлық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.
3.Ғылыми танымның екінші деңгейі- теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қортындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.
Теориялық деңгей әдістері:
1. Әдебиет көздерін оқып білу зерттеудің құрамдас және бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйін және оған қатысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.
Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады. Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың арасынан өзіне керекті әдебиетті таңдап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру процесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.
Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда үлкен рөл атқарады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жазып алу техникасын ескеру, тақырыптық белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зертеу сияқты сатылары бар.
2. Талдау мен жинақтау. Талдау келесі түрлерге бөлінеді: эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылымын ашып көрсету, зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау және т.б. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарлмалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады. Талдау мен жинақтау диалектикалық түрде бір-бірімен өзара байланысты, «талдау» термині көбінесе зерттеу процесін тұтастай зерттеу кезінде қолданылады.
3. Абстракциялаудың екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту-көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу- бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін немесе сапасын бөліп алу процесі.
4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері. Бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу- зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект түпнұсқа болады да екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады.