Педагогтың субъекттік құрылымының психофизиологиялық компоненті

Педагогтың субъекттік іс-әрекет сипатына қандай психофизиологиялық көрсеткіштер әсер етуі мүмкін деген сұраққа жауап, темпераменттің негізгі қасиеттерін В.С. Мерлин мектебінің түсініктемесі бойынша сипаттау негізінде берілуі мүмкін. Осындай қасиеттер ретінде болатындар: сензитивтілік, реактивтілік, белсенділік, реактивтілік пен белсенділік ара қатынасы, реакция қарқыны, иілгіштік немесе ригидтілік, эмоционалдық қозушылық, экстраверсия немесе интроверсия. Мұндай көрсеткіштер ретінде сондай-ақ эмоционалды ұстамдылық немесе невротизм бола алады; қабылдаудың талдаулық немесе синтетикалық типі; когнитивті стилді анықтаушы аяға тәуелсіздік немесе тәуелділік, және жалпы, суреттеуші болғанмен де, темперамент типі мінез-құлықтағы жоғары жүйке іс-әрекеті типінің көрінісі ретінде болады, яғни күш–әлсіздік, ұстамдылық-ұстамсыздық, қозу мен тежеу процестерінің теңесу жылдамдығы көрсеткіштері бойынша. Бұл жерде айта кетеін жайт, В.С.Мерлин түсініктемесінде жоғары жүйке іс-әрекетінің қасиеттері ең алдымен, іс-әрекет стиліне, соның ішінде педагогтың даралық стиліне де әсер етеді. Одан кейінгі ықпалдардың барлығы жанамаланған.

Осындай функционалды – мінез-құлықты байланыстарды орнату-дың дұрыстығы К.Юнгтың жалпы интроверсияның, соның ішінде ойшыл типтегі интроверсия мен мұғалімнің, педагогтың субъекттілік ерекшеліктерінің тікелей байланысы жайлы пікірімен мақұлданады. «Әрине, – деп жазады К. Юнг, – иррационалды интроверттелген типтер мұғалім ретінде мүлтіксіз адамдар емес. Оларға парасат пен парасат этикасы жетіспейді...», деп ары қарай жалғастырады: «Жеке, мұғалім ретінде оның әсері аз, себебі оған өз оқушыларының ақыл құрылысы белгісіз. Оқу өз негізінде, егер ол тек кездейсоқ теоретикалық проблема болып табылмаса, тіпті оны мүлдем қызықтырмайды. Ол нашар мұғалім, өйткені оқыту кезінде, ол оқытудың мазмұндалуына қанағаттанбай, ол тек оқу пәнін ғана ойлап тұрады».

Жоғарыда айтылғандардан келесі қорытынды жасауға болады: психофизиологиялық компонент жеткілікті зерттелмеген және анықталмағанмен де, ол шынайы бар және болашақта ары қарай зерттеу үшін қызықты ретінде белгіленуі керек. Жүргізілген зерттеулер негізінде (Н.В. Кузьмина, А.К. Маркова, А.Я. Никонова, Н.А. Аминов. С.К. Кондратьева, Л.М. Митина және т.б.) жорамалдауға болатын жайт, педагог іс-әрекетінің тиімділігі және оның субъект ретіндегі жайлы көңіл күйі басқа тең жағымды ықпалдарда келесілерді қамтамасыз етеді: құрылымға енетін барлық – мнемикалық, логикалық, сенсорлық-перцептивтік және атенциалдық (Б.Г. Ананьев терминдерінде) функциялар бойынша интеллектуалдық дамудың оптималды (жастық көрсеткіштер бойынша) деңгейі; дифференциацияның жоғары көрсеткішімен синтетикалық, тұтастық, аяға тәуелсіздік, когнитивті стиль (Г.А.Берулава); ойлаудың иілгіштігі және конвергенттілігі; белсенділік, реакциялардың жоғарғы қарқыны, лабилділік, амбиверттілік; эмоционалды ұстамдылық, өзін-өзі реттеудің жоғары деңгейі.

Осы көрсеткіштер нышандар, алғы шарттар ретінде болады, бірақ олар субъект құрылымының дербес компоненті болып табылады, және де адамның кәсіби жарамдылығын анықтау үшін диагностикалау обьекті бола алады.

3.4.Педагогикалық іс-әрекеттің субъекті құрылымындағы қабілеттер.

Педагогикалық қызметтің субъектісінің жеке психологиялық ерекшеліктері адамның қабілеттерімен, яғни оның өзіне тән қасиеттерінің бірімен іштей байланысты. Б.М. Теплов пен В.Д. Небылицынның беделді мақұлдаулары бойынша, «адамның қабілеттері жүйке жүйесінің қасиеттеріне байланысты емес, өзгеше психологиялық заңдылықтар бойынша қалыптасса да, дегенмен , әрине оқыту процестері жүйке процестерінің динамикалылығы жоғары немесе төмен адамдарда түрліше жүреді, ал музыкалық қабілет жүйке жүйесінің сезімталдығы жоғары немесе төмен адамдарда басқаша қалыптасады».

Адамдардың даралық-типологиялық айырмашылықтары тұрғысынан (Н.Е. Малков) ақыл-ой қабілеттерінің табиғатын зерттеулерде, жүйке процестерінің типологиялық қасиеттері сөзсіз, ақыл-ой іс-әрекетінің өту динамикасын анықтайтыны көрсетілген: білімдерді өзектендіру жылдамдығын, зейінді шоғырландыру күшін, сырттық тітіркендіргіштерге қатынастардың ұстамдылығын, ақыл-ой қабілетін. Басқаша айтқанда, адамның оны басқа адамдардан ажырататын даралық-психологиялық ерекшеліктері ретінде, қабілет-тердің психофизиологиялық, нышандық және өзіндік психологиялық өзекті деңгейлерінің сөзсіз байланыстары белгіленді. Қабілеттер іс-әрекетті алдын ала анықтайды және одан көрінеді.

Бұл жерде қабілеттердің өзі психологияда түрліше қарастырылады: қабілеттер мен нышандар ажыратылмайды; нышандар қабілеттердің психофизиологиялық алғышарттарының мәні; қабілет қасиеттер ансамблі, олар эмоционалдық-еріктік ерекшеліктер мен қатынастар жүйесін қамтиды; қабілет – бір белгілі бір білімдер жиынтығы; қабілет – іс-әрекеттің, оны табысты орындаудың алғы шарты, мүмкіндігі; қабілет жекеленген психикалық функцияларды жүзеге асырушы функционалды жүйелердің қасиеті .

Наши рекомендации