Дәріс.Мүліктікемессипаттағыатқарушылыққұжаттардыорындау 5 страница

- осы Заңның 42-бабының 6-1) тармақшасында көзделген жағдайда – Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы орналасқан жер бойынша жылыту маусымы аяқталғанға дейін;

- осы Заңның 42-бабының 10) тармақшасында көзделген жағдайда – қаржы ұйымын қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін;

- осы Заңның 42-бабы бірінші бөлігінің 10-1) тармақшасында көзделген жағдайда – бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін;

- осы Заңның 42-бабының 11-1) тармақшасында көзделген жағдайда – борышкер емдеу мекемесінен шыққанға, қызметтік іссапардан, елді мекенге, оның ішінде мерзімді әскери қызметтің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа әскерлері мен әскери құралымдарындағы мерзімді әскери қызметтен қайтқанға дейін;

- осы Заңның 42-бабының 11–2) тармақшасында көзделген жағдайда – өндіріп алушы атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы ағымдағы шотқа енгізгенге дейін;

- осы Заңның 42-бабының 12) тармақшасында көзделген жағдайда – өндіріп алушыдан өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге;

- осы Заңның 42-бабының 13) тармақшасында көзделген жағдайда – атқарушылық іс жүргізуді талап еткен орган оны қайтарғанға дейін;

- осы Заңның 42-бабының 14) тармақшасында көзделген жағдайда – борышкердің орналасқан жері белгілі болғанға немесе оның мүлкі анықталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Борышкерге iздеу салу.Борышкердің болатын жері белгісіз болған кезде сот орындаушысы ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі арқылы борышкерге іздеу салуды жариялау туралы ұсыныспен атқарушылық құжат орындалатын жердегі сотқа жүгінуге міндетті. Борышкерге іздеу салу жарияланған және оның өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі болмаған кезде атқарушылық іс жүргізу тоқтатыла тұрады.

Борышкердің орналасқан жері белгілі болған немесе оның мүлкі анықталған кезде атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.

Борышкерге iздеу салуды соттың ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.

Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөнiндегi шығыстарға жатады және борышкерден мемлекеттік бюджетке сот арқылы өндiрiп алынуға тиiс.

Борышкерге iздеу салу жөнiндегi шығыстар іздеу салуды жүзеге асыратын органдардың өтініші негізінде айқындалады.

Атқарушылық iс жүргiзудi қайта жалғастыру.Атқарушылық iс жүргiзу өндiрiп алушының арызы бойынша немесе сот орындаушысының бастамасы бойынша оның тоқтатыла тұруын туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейiн қайта жалғастырылады.

Осы Заңның 44-бабының 8) тармақшасында көрсетілген тоқтата тұру мерзімдері өткен жағдайда, атқарушылық іс жүргізу қайта басталады.

2.Жеке сот орындаушысының құқықтары. Жеке сот орындаушысы:

- осы Заңда көзделген атқарушылық әрекеттерді өзіне өтініш жасаған жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне сай жасауға;

- кез келген банкте банктік шоттар, оның ішінде валюталық шот ашуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары мен міндеттерінің болуына, кеңсе қызметкерлерін жалдауға және жұмыстан босатуға, түскен кірістерге билік етуге, сотта өз атынан сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да әрекеттер жасауға;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйелерінің қызметін пайдалануға;

- мемлекеттік тіркеу органдарының және өзге де ұйымдардың электрондық деректер базасынан мәліметтер алуға;

- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

Жеке сот орындаушысының міндеттері. Жеке сот орындаушысы:

- уәкілетті органда есептік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік кіріс органдарына тіркелу үшін өтініш жасауға;

- осы Заңның және Қазақстан Республикасының сот орындаушысының қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес атқарушылық әрекеттер жасауға;

- өзінің кәсіби міндеттерін адал орындауға, жеке адамдардың жеке өмірінің мән-жайларына қатысты құпияны сақтауға, қызметінің нәтижесінде өзіне белгілі болған коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге жол бермеуге міндетті.

Аталған міндет жеке сот орындаушысының өкілеттігін тоқтатқаннан кейін де күшінде қалады. Құпияны сақтау туралы талапты жеке сот орындаушысы кеңсесінің қызметкерлері мен аталған мәліметтерге қолжетімді басқа адамдар да сақтауға міндетті;

- атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйеде атқарушылық іс жүргізуді, атқарушылық іс-әрекеттерді уақтылы тіркеуді және мүлікті есепке алуды жүзеге асыруға;

- Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексін сақтауға;

- уәкілетті және (немесе) аумақтық органдарға уақтылы және тиісінше ақпарат ұсынуға;

- тоқсан сайын міндетті мүшелік жарналарды төлеуге;

- заңмен көзделген жағдайларда жасалған атқарылған әрекеттер туралы мәліметтерді, құжаттардың өзге де көшірмелерін, қажет болған жағдайда – түсініктемелер, оның ішінде Жеке сот орындаушыларының кәсіптік Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтамау мәселелері бойынша жеке түсініктемелер беруге;

- негіздер болған кезде аумақтық органға (бөлімге) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін материалдарды жіберуге;

- өзінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыруға;

- өз қызметін жүзеге асыра бастағаннан бастап алты ай ішінде, кейіннен үш жылда бір рет атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша Республикалық палата бекітетін бағдарламаларға сәйкес кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқудан өтіп тұруға;

- лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не ұзақ уақыт (бір айдан астам) болмаған жағдайда, өндіріп алушымен келісу бойынша атқарушылық іс жүргізу материалдарын басқа жеке сот орындаушысына міндетті түрде бере отырып, жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасына хабар беруге;

- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да міндеттерді атқаруға міндетті.

Жеке сот орындаушысы өз қызметі туралы:

- нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітетін ақпаратты, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және уәкілетті органға және (немесе) оның аумақтық органына;

- нысаны мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бекітетін ақпаратты, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға береді.

Жеке сот орындаушысының қызметін шектеу.Жеке сот орындаушысы ғылыми, оқытушылық немесе шығармашылық қызметті қоспағанда, ақылы қызметтің өзге де түрлерімен айналысуға құқылы емес.

Жеке сот орындаушысының жауапкершілігі.Жеке сот орындаушысының өзіне жүктелген міндеттер мен лауазымдық өкілеттіктерді орындамауы не тиісінше орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларға және басқа да адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін атқарушылық әрекеттерді жасау салдарынан келтірілген залалды өтеуге міндетті.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағымен тұспа-тұс келетін, жеке сот орындаушысы қызмет ететін аумақ атқару округі болып табылады.

Атқару округіндегі жеке сот орындаушыларын айқындауды қалаларға, облыс аудандарына, қала аудандарына әкімшілік-аумақтық бөлуге сәйкес жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасы жүзеге асырады.

Жеке сот орындаушысы атқару округінің бүкіл аумағында атқарушылық құжаттарды орындауды жүргізуге құқылы.

Жеке сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерді өзінің жұмыс орнынан тыс, атқару округінің шегінен тыс жерде жүзеге асырған кезде ол бұл жөнінде атқарушылық әрекеттерді жасаған жердегі жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасын хабардар етеді.

Жеке және заңды тұлғалар атқарушылық құжаттарды орындауды жүзеге асыру үшін борышкердің тұрғылықты жері не жұмыс орны (заңды тұлғалар үшін – заңды тұлға тіркелген жер бойынша), мүлкі орналасқан жер бойынша жеке сот орындаушысына жүгінеді.

Жеке сот орындаушысының кеңсесі, қызметтікүй-жайы. Жеке сот орындаушысының кеңсесі жеке сот орындаушыларының қызметтер көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында құрылатын мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Жеке сот орындаушысының кеңсесін Республикалық палатаның мүшесі (мүшелері) құрады. Жеке сот орындаушысы бір ғана кеңсенің құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алады.

Бір жеке сот орындаушысы құрған жеке сот орындаушысының кеңсесі өз қызметін жарғы негізінде жүзеге асырады.

Бірнеше жеке сот орындаушысы жеке сот орындаушысының кеңсесін құрған кезде құрылтай шарты да құрылтай құжаты болуы мүмкін.

Жеке сот орындаушысы кеңсесінің құрылтайшысы (құрылтайшылары) оны мемлекеттік тіркегеннен кейін он күн мерзімде бұл туралы Республикалық палатаны жазбаша хабардар етуге және оның қарамағына жеке сот орындаушысы кеңсесінің құрылтай құжаттарын ұсынуға міндетті.

Жеке сот орындаушысы қызметтік үй-жайының орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді.

Жеке сот орындаушысы кеңсесінің атауы аумағында ол құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктің атауын қамтуға тиіс.

Жеке сот орындаушысы кеңсесін құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты талап етілмейді.

Қызметті дара жүзеге асыру үшін қызметтік үй-жай жеке сот орындаушысының жұмыс орны болып табылады.

Қызметтік үй-жайдың орналасқан орны және жұмыс режимі туралы жеке сот орындаушысы Республикалық палатаға хабарлайды.

Жеке сот орындаушысының куәлігі, жеке мөрі мөртабандары және бланкілері.Жеке сот орындаушысының өзінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының, атқару округінің атауы, жеке сот орындаушысы лицензиясының нөмірі көрсетілген куәлігі, жеке мөрі, сондай-ақ мөртабандары мен жеке бланкілері болады. Куәлік пен жеке мөрдің үлгілерін уәкілетті орган бекітеді. Куәлік пен жеке мөрді дайындауды және беруді жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы ұйымдастырады.

Атқарушылық іс жүргізудегі іс жүргізу.Жеке сот орындаушысының кеңсесіндегі іс жүргізуді жеке сот орындаушылары уәкілетті орган бекіткен қағидаларғасәйкес жүргізеді.

Жеке сот орындаушыларының іс қағаздарын жүргізу қағидаларының орындауын бақылауды жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарымен бірлесе отырып, уәкілетті органның аумақтық органдары жүзеге асырады.

Жеке сот орындаушысының көмекшілерімен тағылымдамашылары. Жеке сот орындаушысы өзінің көмекшілері мен тағылымдамашыларының болуына құқылы.

Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; бұрын мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептермен босатылған; заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам жеке сот орындаушысының көмекшісі, тағылымдамашысы бола алмайды.

Заңгерлік білімі және Республикалық палата бекітетін бағдарламалар бойынша кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқудан өткені туралы сертификаты (куәлігі) бар Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысының көмекшісі бола алады.

Жоғары заңгерлік білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары сот орындаушысының тағылымдамашылары бола алады. Тағылымдамашылар кемінде үш жыл сот орындаушысының жұмыс өтілі бар жеке сот орындаушыларында тағылымдамадан өтеді.

Жеке сот орындаушылары тағылымдамашыларының тағылымдамадан өту тәртібі, мерзімдері мен шарттары Республикалық палатамен келiсу бойынша уәкілетті орган бекітетін жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібі туралы қағидаларда айқындалады.

Жеке сот орындаушысының тағылымдамашысы мен көмекшісінің құқықтары және міндеттері еңбек шартында айқындалады.

Көмекші өз қызметін еңбек шарты негізінде жүзеге асырады.

Жеке сот орындаушысы көмекшісінің құқықтарымен міндеттері.Жеке сот орындаушысының көмекшісі жеке сот орындаушысының қабылданған процестік шешімі және оның тапсырмасы бойынша атқарушылық іс жүргізуді орындау шеңберінде:

- атқарушылық іс жүргізудің процестік және өзге де құжаттарының жобаларын әзірлеуге;

- атқарушылық іс жүргізу тараптарына шақыру қағаздарын, хабарламаларды және өзге де құжаттарды жеткізуге және тапсыруға;

- атқарушылық іс жүргізу тараптарын, үшінші тұлғаларды шақыруға және олармен жеке сот орындаушысының іс жүргізуіндегі атқарушылық құжаттарды орындау бойынша келіссөздер жүргізуге;

- борышкер орналасқан немесе оған, сондай-ақ басқа тұлғаларға тиесілі үй-жайда және сақтау қоймасында борышкерге тиесілі мүліктің бар екені туралы ақпарат болған кезде жеке сот орындаушысының қатысуымен оларға кіруге құқылы.

Жеке сот орындаушысының көмекшісі өз қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге міндетті.

Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы.Қазақстан Республикасының әрбір облысының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының аумағында жеке сот орындаушыларының бір өңірлік палатасы құрылады.

3.Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және филиал туралы ережемен реттеледі.

Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының өкілеттіктері.Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы:

- уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлуді жүргізеді;

- Республикалық палатаға жүктелген өкілеттіктерден туындайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы Республикалық палатаға және уәкілетті органның аумақтық органына өз қызметі туралы ақпарат береді. Ақпарат берудің нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.

Республикалық палата.Республикалық палатаның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және жарғымен реттеледі.

Республикалық палатаның жарғысын съезд қабылдайды.

Республикалық палата Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың ортақ шартын жасасады.

Республикалық палатаның өкілеттіктері.Республикалық палата:

- жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

- мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда жеке сот орындаушылары өңірлік палаталары мен жеке сот орындаушыларының мүдделерін білдіреді;

- жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары басшыларының қызметін бақылауды жүзеге асырады;

- жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

- Республикалық палатаның мүшесіне қабылдау жүзеге асырылған кезде жеке сот орындаушыларын облыстардың, аудандардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағына бөлуді және олардың санын айқындауды жүзеге асырады;

- жеке сот орындаушыларының тәртіптік теріс қылықтары туралы материалдарды қарайды және кінәлі адамдарға тәртіптік жаза қолданады;

- уәкілетті органға жеке сот орындаушысына қатысты осы Заңда көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы немесе жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ұсыну енгізеді;

- жеке атқарушылық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша Сот орындаушылары мен қызметшілерінің халықаралық одағының, басқа да халықаралық және шетелдік ұйымдардың жұмысына қатысады;

- жеке атқарушылық қызметке байланысты атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша уәкілетті органның, басқа да мемлекеттік органдардың норма шығарушылық және сараптама қызметіне қатысады;

- жеке сот орындаушылары мен олардың көмекшілерін кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқыту бойынша оқу орталықтары мен білім беру ұйымдарын айқындайды;

- жеке сот орындаушысы мен олардың көмекшілерін кәсіптік, оның ішінде қашықтықтан оқытуды жүргізу бағдарламасы мен мерзімдерін бекітеді және кәсіптік оқыту қорытындылары бойынша сертификат (куәлік) береді;

- жеке сот орындаушыларының және олардың көмекшілерінің кәсіптік оқытудан уақтылы өтуін бақылауды қамтамасыз етеді;

- жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға үміткер жеке тұлғаларды тағылымдамадан өткізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді;

- өзінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде өзі келтірген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерді жеке сот орындаушысының орындауын қамтамасыз етеді;

- жеке практикамен айналысатын сот орындаушыларының әлеуметтік және кәсіптік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

- жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының қызметін мерзімді тексеруді жүзеге асырады;

- Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастырады;

- талдамалық және ғылыми жұмысты жүзеге асырады;

- Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін қабылдайды;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Республикалық палата осы Заңда және өз жарғысында айқындалған, өзінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін басқа да коммерциялық емес ұйымдар құруға құқылы.

Республикалық палата уәкілетті органға тоқсан сайын жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындауы жөнінде ақпарат береді.

Республикалық палатаның басқару органдары.Республикалық палатаның басқару органдары мыналар болып табылады:

- съезд – жоғары басқару органы;

- төралқа – басқару органы;

- басқарма – атқарушы орган.

Төралқа құрамына уәкілетті органның үш өкілі кіреді. Оларды сайлауға және босатуға съездің құзыреті қолданылмайды.

Республикалық палатада өз жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.

Республикалық палатаның қызметін қаржыландыру. Республикалық палатаның қызметін қаржыландыру міндетті жарналар және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.

Жарналарды төлеу тәртібі, олардың мөлшерлері және төлеу мерзімдері Республикалық палата жарғысында айқындалады.

12-дәріс.Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылаужәне олардың тәртіптік жауаптылығы.

Жоспар:

1. Жеке сот орындаушысының қызметін бақылау

2. Жеке сот орындаушыларының тәртіптік жауаптылығы

Негізгі ұғымдар: Бақылау, тәртіптік жауаптылық

1.Жеке сот орындаушыларының атқарушылықәрекеттерді жасауын соттың бақылауы.Атқарушылық әрекеттерді жасаудан бас тартуға немесе атқарушылық әрекеттерді дұрыс жасамауға сот тәртібімен шағым жасалады.

Уәкілетті органның құзыреті. Уәкілетті орган:

- өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін реттейді және бақылайды;

- жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасының мөлшерлерін әзірлейді және оны бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;

- уәкілетті органнан үш өкілді айқындайды;

- атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлейді;

- жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;

- осы Заңның 143 және 144-баптарының 2-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды;

- осы Заңның 144-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтату туралы сотқа қуыным береді;

- мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдерге және электрондық дерекқорға қосу туралы шарттар жасасады;

мыналарды:

- жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібін;

Наши рекомендации