Танымдық іс-әрекеттің дамуы. 1) Көріп қабылдаумен зейіннің дамуы
1) Көріп қабылдаумен зейіннің дамуы
Жарқын айқын заттарды көзбен көріп бекіте алуға үйрету.
Үлкендермен көзбен байланысты ұстауға жағдай жасау (көзге және ауызға қарауға үйрету).
Үлкендердің бетіне ұзақ уақыт қарауға үйрету.
Қозғалыстағы заттарды немесе адамдарды бақылауды үйрету.
Айналадағы заттарға зейінін біріншісінен екіншісіне ауыстырып қарауға үйрету.
«Қайда ...?» деген сұраққа жауап таба алуға, суреттен өзін, таныс балаларды және үлкендерді табуға үйрету.
Таныс заттарды, ойыншықтарды таныс еместердің арасынан таба алуға үйрету (Доп қайда? Кубик қайда?).
Көлемді формаларды ажырата алуға үйрету (шар, куб, кесек); қораптың сәйкес ойықтарын жасау.
Бөлменің әр бұрышынан үстелде заттардың жұбын таңдауға үйрету.
Жазық геометриялық фигураларды ажырата алуға үйрету (дөңгелек, төртбұрыш).
Түстерді ажырата алуға, заттарды берілген түстері (қызыл, жасыл) бойынша біріктіруге үйрету.
2) Естіп қабылдаудың дамуы
Үлкендердің дауысын, музыкалық құралдармен ойыншықтардың дыбысын тыңдауды үйрету.
Дыбыстары бойынша олардың орналасауын таба алуға үйрету.
Музыкалық сигналдың басқы және соңғы дыбыстарын қабылдауды үйрету.
Үлкендердің дауыс интонациясын ажырата алуды үйрету (жылы, қатал, сұраулы).
Ақырын айтылған сөздерді тыңдатып үйрету.
3) Түсті қабылдаудың дамуы
Негізгі түстерді ажырата алуды үйрету (қызыл, сары, көк, ақ, жасыл).
Жинастыру кезінде түстерді алмастыруды үйрету.
Айналадағы заттардың арасынан таныс түстерді таба алуға үйрету.
Өнімдік және ойындық іс-әрекеттерде түстерді қолдануға үйрету.
Өзінің эмоционалдық күйін түстермен жеткізе алу.
4) Кеңістікте бағдарлаудың дамуы
Өз дене бітімін бағдарлай алуды үйрету.
Қуыршақтың дене бітімімен бет бөліктерін бағдарлай алуды үйрету.
Оң және сол қолын ажырата алуды үйрету.
Бір бағыттағы заттарды орналастырып үйрету.
Қағаз бетін бағдарлай алуды үйрету (оң, сол, жоғары, төмен).
5) Көлемді қабылдаудың дамуы
Үлкен заттарды екі қолмен ұстауды үйрету (шарлар, кубтар, доптар), кішкентайларын - бір қолмен.
Үлкендіктің екі, үш, төрт градациясын ажырата алуды үйрету: ең үлкен, үлкен, кішкентай, ең кішкентай.
Үлкендігі бойынша заттарды бір топқа біріктіруді үйрету.
5) Тактилді –қозғалысты қабылдаудың дамуы
Шар, кубты шамалап ажырата алуды үйрету.
Үлкендігі бойынша заттарды шамалап ажырата алуды үйрету.
Формасы бойынша заттарды шамалап ажырата алуды үйрету.
Таныс заттарды және ойыншықтарды шамалап таба алуды үйрету («Таңғажайып қап» ойыны).
6) Көрнекі-әрекетті ойлаудың дамуы
Практикалық және ойын сабақтарында құралдарды пайдалануды үйрету.
Көмекші заттарды пайдалануды үйрету.
Заттарды түсі, формасы, үлкендігі, салмағы бойынша салыстыра алуды үйрету.
Белгіленген белгілерін негізге алып заттарды жинақтауды үйрету.
Тапсырылған критерилер бойынша (қасиеті, сапасы, қызметі) заттық классификацияны орындауды үйрету.
Оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтай алуды үйрету.
Оқиғаның жүйелілігін анықтай алуды үйрету.
Бір топ заттан біреуін ерекшелеп алуды үйрету.
Жеке заттардан топ құруды үйрету.
Заттардың «аз» және «көп» деген түсініктерін қалыптастыру.
«Толық», «бос» ұғымдарын қалыптастыру. Топтан екі, үш затты бөліп алуды үйрету.
Заттардың санын саусақтар санымен салыстыруды үйрету.
Заттардан тапсырған заттар санын таба алуды үйрету.
«Сонша ... неше» ұғымдарын түсінуді үйрету.
Бір топтағы заттарды екіншісімен салыстыра алуды үйрету.
Қандай заттар көп, аз немесе бірдей екенін белгілей алуды үйрету.
Үшке дейінгі заттарды санай алуға, бір заттан жылжытып, әр затқа саусағының ұшын тигізіп, көз мөлшерімен заттар санын анықтай алуға және қортынды санын атауға үйрету.
Заттарды шамалап және дауыстап санай алуға үйрету.
7) Қоршаған ортамен таныстыру
Жақын адамдар туралы түсінікті қалыптастыру: мама, папа, апа, ата, аға, әпке. Олардың бала өмірінде алатын орыны.
Ойыншықтар туралы түсінікті қалыптастыру.
Үй туралы түсінікті қалыптастыру (ас үй, жатын бөлме, дәретхана).
Өзінің және өзгенің заттарын ажырата алуды үйрету.
Құстар, жануарлар және олардың төлдері туралы түсінікті қалыптастыру: қоян, аю, қасқыр, тиін, кірпі. Үй жануарлары – сиыр, мысық, ит, жылқы, қой.
Жеміс және көкөністермен таныстыру: сәбіз, пияз, қызанақ, картоп, алма, алмұрт, апельсин, лимон, банан.
Өз есімін атағанда жауап қайтаруды үйрету.
Айналады заттармен таныстыру: ойыншықтар, тұрмыстық заттар (киім, аяқ киім, жиһаз және т.б).
Тілдің дамуы
1) Белсенді артикуляциялық гимнастика өткізу:
Күлімсіреп, ерінді керу, оны түтік тәрізді созу, ауызды ашып тілді көрсету;
«Шыны аяқ» жасау, таңдайын қағу, сағат тілі бойынша және оған қарсы ерінін жалау;
Әуе ағысын дамыту: жеңіл заттарды үрлеу – ұлпабасты, шариктерді, көбелектерді т.б.
2) Сөйлемді түсінудің дамуы
Баланың алдында тұрған ойыншықты «Қайда?» сұрағына жауап ретінде көзбен немесе қолмен көрсетіп оны табуды үйрету.
Ойыншықтардың атауларымен балалардың, үлкендердің атын таныстыру.
Күнделікті тұрмыстық заттардың атауларымен таныстыру (киім, ыдыс-аяқ, жиһаз).
Ойындық және тұрмыстық іс-әрекетті білдіретін сөздерді түсінуді үйрету (бер, жина, жап, серуендет және .т.б.).
Тапсырманы түсінуді және орындауды үйрету: «Бері кел», «Қуыршақты бер» және т.б.
3) Белсенді сөздік қордың дамуы
Баланың айтқан дыбысын қолдау, баламен «үндесу».
Сөздерді айтуға итермелеу: мама, папа, әйел, бер, ал – өтініштері.
Еріннің қозғалысына еліктеуді үйрету «по – пу – пы», «мо – мы», «то – ту – ты».
Бірнеше рет айтылған сөздерді бекіту: Да – да – да, мы – ма – ма – ма, дыбыстық еліктеумен айтылатындарды бекіту: «Гав – гав», «му – му».
Музыкалық ойыншықтардың дыбысына еліктеуді үйрету: бам – бам, ля – ля – ля.
Көліктің айқайына еліктеуді үйрету: би – би, ту – у – у.
Үлкендердің күлімсірегенімен баланың эмоционалды – жағымды реакциясын қолдау.
Баланың өз жинақтарының ішінен дыбыстық ойындарды қолдану.
Ойын өткізу – әуелі шарлармен өткізілетін сабақ.
Айналадағылардың сөзін мұқият тыңдауға, әріптесінің көзіне тура қарауға, сұрақ қоюға және жауап беруге үйрету. «Ляля қайда?», «Сенің атың кім?» «Анаңның аты кім?», «Бұл кім?», «Мынау не?».
Заттардың белгілерін білдіретін (үлкен, кішкентай, көк) сөздерді түсінуді үйрету, есімдіктермен таныстыру: мен, сен, біз, ол, олар, сіз.
Зат жасалған материалды білдіретін сөздерді түсінуді үйрету: ағаштан, әйнектен, заттардың сапасы (бос, жұмсақ, тікенекті).