ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – яғни, студент өз бетімен оқытушының көмегінсіз дайындалатын

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – яғни, студент өз бетімен оқытушының көмегінсіз дайындалатын, ізденетін ең бір студентке өте қажетті де, жауапты да, білім сапасын кеңейтуге көп көмек алатын сәттерін қамтитын курстың белгілі бір бөлімі десек де болады.

Студенттік өзіндік жұмысына: мәнжазба, баяндама, ғылыми зерттеулер, студенттің өзімен құрастырылған сөзжұмбақтарын т.б. жатқызуға болады.

Мәнжазба: мәнжазба белгілі бір тақырып бойынша әр студентпен дайыналады. Студент мәнжазбаны даярлауда бірнеше кітаптарды, газет - журналдарды пайдалана отырып, сапалы да, мәнді, мағыналы және түсінікті етіп жазылуы тиіс.

Студенттің өзіндік жұмысының сапалы және уақытында дайындау дағдыларын, сонымен қатар студенттің өзіндік жұмысы бойынша негізгі ережелерді, қорытындылар мен ұсыныстарды ашып көрсету қабілетін дамыту мен қалыптастырудың бастапқы сатылары болып саналады.

Студенттің өзіндік жұмысы өз бетінше орындалған болу керек және қарастырылатын сұрақтары нақты да мәнді қамтылуы, жауапкершілік көзқарастарымен ажыратылуы тиіс. Осы кезде жеке сұрақтар бойынша әртүрлі көзқарастар қарастырып соңында студент өзінің көзқарасын қалыптастыру қажет.

Студентің өзіндік жұмысының мақсаты мен міндеттері

Студенттің өзіндік жұмысының мақсаттары: осы әдістемелік нұсқаулықтың мақсаты студенттің өзіндік жұмысын орындау мен қорғау кезіндегі міндетті талаптарды, ережелерді және ұсыныстарды бекіту болып саналады.

Әдістемелік ұсыныстар студенттің өзіндік жұмысының тақырыбының маңыздылығын, олардың деңгейі мен орындау сапалылығын жүйелі түрде жоғарылатуын, сонымен қатар тақырып маңыздылығын жақсарту бойынша нақты тәжірибелік ұсыныстар өңделетін жұмыстың бөлігін көбейтуді қамтамасыз ету керек.

Студенттің өзіндік жұмысының міндеттері:

- студенттің өз еркімен жұмыс жасауға дағдылануы;

- студент өзі белгілі бір жағдайға өз көзқарасын қалыптастыра білуі қажет;

- берілген тақырып бойынша теориялық білімін және теориялық материалды проблема түрінде қарастыру мен баяндау іскерлігін;

- жергілікті жердің экологиялық мәселелері су және құрлық экожүйесі курсын толық меңгеру;

- топырақпен жасалатын тәжірибелік жұмыстарға таллдау жүргізу;

- топырақтың қатысында болатын процестердің түрлерін меңгеру;

- әдістерді өмірде қолдану және т.б.

Жоғарыда аталған міндеттер мен мақсаттарға жету үшін студент осы әдістемелік нұсқауды бағдарға ала отырып, өз бетімен көп ізденіс жұмыстарын жасау қажет.

Студенттің өзіндік жұмысын орындау және қорғау сатылары

Студенттің өзіндік жұмысын орындау мен қорғау барысында келесі негізгі сатыларды атап кетуге болады:

- студент өзіндік жұмысының тақырыбын таңдау;

- студент сол тақырып бойынша оқытушыдан кеңес алу;

- таңдалған тақырып бойынша мәліметтерді алдын - ала шолу, іздеу және іріктеу;

- алынған тақырып бойынша жоспар құру;

- жоспар бойынша мәліметтер жинақтау және талдау;

- студент мәнжазбаны жазып қана қоймай, сонымен бірге оны қорғауы тиіс.

Студенттің өзіндік жұмысының құрылымы

Студенттің өзіндік жұмысының негізгі мазмұнында таңдалған тақырыптың сұрақтары зерттелуі керек. Студенттің өзіндік жұмысының жақсы жазылған және оңай оқылатын болуы керек.

Студенттің өзіндік жұмысының құрылымдық элементтері:

1. Мұқаба (титульный лист);

2. Жоспары;

3. Кіріспе;

4. Негізгі бөлім;

5. Қорытынды;

6. Қолданылған әдебиеттер тізімі;

7. Қосымша.

Мұқабасында университет пен кафедра реквизиттері, жұмыс тақырыбының аты, студенттің аты - жөні, оқытушының аты - жөні көрсетілуі керек. Мазмұнында атаулары мен реттік номерлері беріледі.

Студенттің өзіндік жұмысының негізгі элементтеріне кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды жатады. Кіріспеде келесілер қарастырылады: таңдалған тақырыптың маңыздылығы, жұмыстың міндеттері мен мақсаты анықталады; жұмыстың негізгі бөлімдеріне қысқаша тоқталып өтеді.

Студенттің өзіндік жұмысы негізгі бөлімі үш бөлімнен тұрады. Студент өзіндік жұмысты орындау барысында негізгі бөлімде көрсетілген сұрақтарға жеке - жеке тоқталып, нақты және маңызды сараптамалар жасауы қажет.

Қорытындысында студент өзіндік жұмысты орындау нәтижесінде кездескен жағдайлар, қызықты мәліметтер немесе түсінбеушілік жағдайлар болса және де нақты оқиғалар қарастыру арқылы қорытынды беріледі. Олар қысқа да нақты болуы керек, мазмұны, өңдеудің мәні мен тиімділігі туралы толық мәліметтер берілуі керек. Студент өзіндік жұмысты жазғанда қолданылған барлық әдебиет көздері мен құжаттар туралы мәліметтерді қамтуы керек.

Қосымша материалдарға қосымша сандық мәліметтер кестесі, инструкциялар, әдістемелер, иллюстрация, есеп терудің толтырылған формалары, графиктік материалдар жатады.

Студенттің өзіндік жұмысын рәсімдеу

Жұмыс көлемі: мәнжазба электронды түрде - 10-13 бет;

қолмен жазылса – 15 бет және жоғары.

баяндама электронды түрде - 3-5 бет;

қолмен жазылса – 5-6 бет.

Жұмыстың әр бөлімдері келесідей қатынаста болу керек: кіріспе - 1 бет, қорытынды - 1 бет, қолданылған әдебиет 1 бет. Жұмыстың көп бөлігін негізгі бөлімі алады.

Жұмыс компьютер көмегімен жазылған болса, А4 форматты ақ қағаздың бірінші бетінде жол арасы бір интервал болатын, Tіmes типіндегі 14 кегль шрифтімен жазылуы қажет. Формула мен теңдіктер жеке жолға жазылады. Формула мен теңдіктің үстінде және астында кем дегенде бір бос жол қалдырылуы керек. Егер теңдік бір жолға сыймаса, ол келесі жолға теңдік белгісімен (не басқа да математикалық белгілермен) тасымалданады. Жұмыстағы формулалар бүкіл жұмыс бойы немесе әр бөлімге жеке (бөлімнің номері көрсетіледі) реттік номермен беттің оң жақ шетіне дөңгелек жақша арқылы араб санымен номерленеді.

Әдебиет көздері өзіндік жұмыста кездескен ретпен жазылады. Егер әдебиет өзіндік жұмыста толық қолданылса, бет номерлері көрсетілмейді.

СӨЖ-на АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

(тақырыптар бойынша)

Наши рекомендации