Практикалық сабақ № 7
Тақырыбы: Кіріспе, ағымдағы, қорытынды нұсқауларын өткізудің әдістемесін дайындау және мазмұнын түзу.
Сабақтың жоспары:Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаттары мен міндеттерін талқылау және оны жоспарлау барысында қолдану.
Сабақтың мақсаты, міндеттері, іскерлігі, дағдысы және кұзіреттілігі:Сабақтың кіріспе, ағымдағы және қорытынды нұсқауларын
анықтау, оларды оқу үдерісінде пайдалануды оқып-үйрену.
Сабақты өту формасы:конвергентті ойлау.
Ысқаша теориялық мәліметтер
«Технология» және практикалық сабақтарында нұсқаулар практикалық іс-әркет барысында жүзеге асады. Практикалық сабақ алған білім мен дағдыны пысықтау және оны тианақты түрде меңгеру мақсатын көздейді. Онда өткен материалдарды екінші рет ойға түсіру арқылы әбден есте қалдыру амалдары қарастырылады. Мұндай сабақтар әсіресе әр пәннің ережелерін, терминдерін, осы сияқты күрделі теориялық мәселелерін іс жүзінде пайдалана білуге байланысты жиі өткізіледі. Практикалық сабақты жүргізу үшін түрлі жаттығу амалдарын қолдану әр пәннің немесе жеке тақырыптардың ерекшеліктеріне қарай болады. Сөйтіп, оқып үйренген материалдың теориялық жағын тереңірек меңгеруге мүмкіндік туады. Сабақтың 75 пайызы өтетін болғандықтан оқытушы, сабақ барысында келесі нұсқауларды ескергені дұрыс:
1) Кіріспе нұсқау. 2) Ағымдағы нұсқау. 3) Қорытынды нұсқау.
1) Кіріспе нұсқау - алдағы жасалынатын жұмыспен таныстыру, қажетті білімдерді қайталау, жұмыстың технологиялық жүйелілігіне қысқаша мәлімет беру, әртүрлі жабдықтар, аспаптармен бейімдеу құралдарын қолдану барысындағы техникалық қауіпсіздік ережелерін ескеру реттілігімен жоспарланады.
2) Ағымдағы нұсқау - білімгерлердің өз беттерінше жасайтын практикалық жұмыстарына бақылау негіздеріне сүйене отырып жүргізіледі, жұмыс барысында жіберілген қателерді түзеу үшін оқытушы қосымша ретпен технологиялық операцияларды көрсетіп, қайта түсіндіреді.
3) Қорытынды нұсқау - істелінген жұмыстың нәтижесін білімгердің жіберген қателіктерін, сапалы орындалған жұмыспен салыстыра талдау жүргізу арқылы түзетеді және бағалайды.
Білімгерлерге сабаққа дайындалу бойынша ұсыныстар:
Білімгерлердің оқыту барысындағы нәтижелері мен үлгерім деңгейлерін жоғары бағалау үшін, практикалық сабаққа дайындықпен келу, сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда білімгерге жоғары баға қойылады.
Техникалық және құрал-жабдықтар:дәріс жинағы, СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқау. «Технология» оқу бағдарламасы, таратпа материалдары, оқулықтар, оқу құралдары.
Аудиторияда орындалатын тапсырма түрлері және тізімі:
1 - тапсырма. «Технология» пәні бойынша кіріспе, ағымдағы, қорытынды нұсқауларын талқылау
2 - тапсырма. Кәсіптік сала бойынша кіріспе, ағымдағы, қорытынды нұсқауларын пайдалануды талқылау.
Й тапсырмаларының түрлері және тізімі
Еркін тақырыпта практикалық жұмыстар әзірлеу. Үй тапсырмасы міндетті түрде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Практикалық сабақтың негізгі бағыты қандай?
2. Білімгерлер қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйренеді?
3. Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы?
4. Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ?
5. Олар қандай жолмен негізделмек?
6. Қандай қорытындылар керек?
7. Сабақта қандай әдістер және көрнекті құралдар пайдаланылмақ?
8. Білімгерлердің білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын беру керек?
9. Білімгерлер алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында қандай жаттығулар беру керек?
СӨЖ-ге тапсырмалар
І. нұсқа (қарапайым)
1. Оқу бағдарлама мазмұнына сәйкес тақырыптық жоспардағы бөлімдерге талдау жасау.
ІІ. нұсқа (қарапайым)
2. Тақырыптарға сәйкес нұсқауларды анықтау.
Есеп беру формасы:тапсырманы жеке орындау,жазбаша есеп беру, мәліметтерді қорғау.
Сынылатын әдебиеттер
Негізгі
1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж – 204 б.
2. Технология оқу бағдарламасы. Астана 2013 ж.
Осымша
1. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. 2012 ж (қыздар).
2. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту» пәнінен СӨЖ. Әдістемелік нұсқау. М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2015 ж