Тұлғааралық коммуникация білімнің арнайы саласы және оқу пәні ретінде қалыптасып дамуын сипатаңыз.
Емтихан жауаптары коммуникация
Коммуникация деген сөз латын тілінен аударғанда (лат.«communicare»-біреумен кеңесу) байланыс дегенді білдіреді. Ол «ортақ етемін, байланыстырамын, сөйлесіп-пікірлесемін, қарым-қатынас жолы, бір орынның екінші жақпен байланысы; сөйлесу, ақпарат беру» дегенді білдіреді.
Адам әлемі – коммуникация әлемі. Л. Витгенштейн айтпақшы, адам өзін-өзі адам ретінде тек қана басқа адамдармен коммуникациялық байланыс жүйесіне енгеннен соң сезінеді екен. Біз өзімізге үйреншікті туған-туыс, дос-жаран арасында отырғанда коммуникацияның көптеген вербалды (сөйлеу мен сөзге негізделген) және бейвербалды (сөзге негізделмеген) компоненттерден тұратын кешенді әрі үзіліссіз үрдіс екендігіне мән бермейміз. Коммуникация дене мен қолдың қимылы, ишаралар (бас изеу, бас шайқау, қол сермеу және т.б.), көзқарас, бет-бейнедегі мимика сынды көптеген құрамдас бөліктерден тұратындығын сонда нақ түсіне бастағандай боламыз.
«Коммуникация» термині қарым-қатынас құралы ретінде де кең қолданылады. Коммуникацияны «араласу», «сөйлесу», яғни белгілі бір ақпаратты жеткізу барысында тілді іске қосу деп те қарастыруға болады. Әрине, коммуникация терминіне терең талдау жасайтын болсақ, оның лингвистикалық тілді пайдалану арқылы белгілі бір ақпарды жеткізумен шектейтін мәнімен қоса әлеуметтік-психологиялық мағынасы да барлығын көреміз – адам тұлғаларының эмоционалды, аффективті-құндылықтық реңкі басым қатынасу, іштесу, араласуын да білдіретіндігін көреміз. Осы айтылғанмен жалпылама анықтаманы шектегенді жөн көргендіктен, коммуникация деп біздер адамдар арасында таңбалық-белгілік құрылымдар арқылы ақпар алмасу ісін жүзеге асыратын негізгі қарым-қатынас жолын айтамыз.
Тұлғааралық қарым-қатынас адамдар болмысының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның жекелеген психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық қарым-қатынастың екінші жағы – қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі – тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып табылады. Ал оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынас дегеніміз – оқытушының ықпалымен студенттердің топтық іс-әрекетін реттеуші, вербалды, бейвербалды қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі, оқыту үдерісіндегі шиеленістерді шешудің, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастырудың құралы және болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы болып табылады.
Оқыту үдерісінде тұлғааралық қарым-қатынас мәдениетінің болмауы немесе төмен деңгейде болуы көп жағдайда келіспеушілік пен келеңсіз оқиғаларға, сондай-ақ оқытушының студентпен немесе бүкіл топпен байланысының нашарлауына себеп болуы мүмкін. Мұндай келеңсіз жағдайды табысты әрі шебер түрде реттей білу оқытушының қарым-қатынас мәдениетіне тікелей байланысты.
Оқытушы мен студент арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі моральдық нормалары бар, олар – өзінің тыңдаушыларының әрқайсысының қадір-қасиетін құрметтеу, ішкі дүниесіне ықыласпен және сеніммен қарым-қатынас жасау, қайырымдылық пен мейірбандық таныту.
Апайдың лекциясы:
Ч. Кули: Коммуникация – адам қатынастарының дамуымен жүзеге асуын қамтамасыз ететін тетік.
А. Урсул: коммуникация- күрделі динамикалық желілер мен олардың бөлімі.
К.Черри: Коммуникация – кең мағынадағы жеке бастың түрлі мақсатта бағытталған әрекеттері үшін тәл немесе белгілер көмегімен жалпы мәнді ережелер жиынын орнататын әлеуметтік бірлестік
Коммуникация қолдану аясы
Әмбебап – мұнда коммуникация материалдық және рухани әлемдегі кез келген объектінің байланыс амалы.
Техникалық – мұнда коммуникацияның бір нәрсенің басқаша байланысын хабарлау жолы ретінде қарау және ақпаратты материалдық идеалдық объектілердің бір орыннан екінші орынға тасымалдау әдісі.
Биологиялық – биологияның этология бөлімінде аңдар, құстар, жәндіктер және т.б белгілік байланыс амалдарын зерттегенде қолданылады.
Әлеуметтік – адамның алуан түрлі байланыстары менқатынастарының сипатын және белгісін білдіруге пайдаланылады.