Арнайы педагогиканың экономикалық негіздері.

Арнайы білім беру жүйесінің дамуында арнайы оқытуды ұйымдастырудың экономикалық қайнары шіркеулер тарапынан және қайырымдылық көмек көрсету әрекетінен басталған.

Бірінші Петр дәуірінде Батыс Еуропа елдерінде және Ресейде қамқорлық және әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсететін түрлі мекемелер ашыла бастады.

Кейіннен бұл дәстүр әрі қарай дамиды. 1864 жылы АҚШ-тың Президенті А.Линкольн естімейтіндерге арналған бүкіл әлемдегі ең алғаш, бірінші жоғары оқу орнына (Галлодет колледж) жәрдем ақша болу туралы Конгресстің шешімін жариялады. Сол кезден бастап АҚШ-тың Президенті аталмыш оқу орнының негізгі қолдаушысы қызметін атқарады.

ХІХ ғасырдың соғы мен ХХ ғасыр басында Ресейде қамқор көрсету акциялары кең таралуымен сипатталады. Олар концерттер, спекталь көрсету мен кезекшілік қызмет пен қатар әлеуметтік-тұрмыстық көмек, жәрдем. Аса тиімді көмек ғалым азаматтар көрсете білді, нақты балаларды диагностикалау, ата-аналарына кеңес беру және емдік, педагогикалық, психиатриялық көмек көрсету.

Бұл жерде қамқоршы көмек көрсетудың үлгісі ретінде сурет галереясын қалаушы П.М.Третьяковтың Мәскеуде естімейтін балаларға арналған училищесін ашуын айтуға болады. 1875 жылы Н.М.Третьяковтың қаражатына мектепте көмекші бөлмелер салынды. 25 жыл бойы училище сол жәрдемшінің қаражатына жұмысын атқарған. Ал, оның қызы Л.П.Гриценко 1900 жылы Ресейдегі және бүкіл Еуропа аймағында тұңғыш естімейтін балаларға арналған балабақшаны ашуға қаржы бөліп көмектесті.

ХІХ ғасырда әлеуметтік қамқор көрсету жүйесі жаңадан қалыптасу кезеңінде оның құрамында дамуында кемістігі бар балаларға арналған алғаш мекемелер ашыла бастаған. Аталмыш мекемелер тек қамқорлық көмек көрсету арқасында ғана қызмет еткен.

Ал, міндетті түрде ақысыз білім беру заңдарын бекітілуіне байланысты мектепте білім алуға деген мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны кұрт өсті, бірақ әлеуметтік қамқор көрсету жүйесі аталмыш балалардың барлығын қаржымен қамтамасыз етуге күші келмеді. Сол себептен Батыс Еуропа елдерінде бастауыш білім беру зағдарында мүмкіндіктері шектеулі балаларды міндетті түрде оқыту туралы баптар енгізілген. Бұл жағдай арнайы білім беру жүйені мемлекеттік қаржыландыру секторына қосуды көздеді.

Ресейде міндетт түрде ақысыз білім беру заңының бекітілуіне қарамастан 1918 жылға дейін арнайы білім беру жүйесі мемлекеттік қаржыландыру секторына қосылмады. Ұлы октябрь төңкерісіне дейін арнайы білім беру жүйесі қамқорлық көмек көрсету арқылы қызме еттті. Төңкеріс салдар жекеменшікті жою мен шіркеулерді жабу болғандықтан қамқорлық көмек көрсету жойылды.

30 жылдардан бастап қамқорлық көмекті қудаланып, арнайы білім беру жүйесі қаржылық қамтамсыз ету қызметін мемлекет өз құзыреттілігіне алды.

Кеңес дәуірінің алғаш уақытында арнайы біліммен әлеуметтік көмек көрсету жүйелердің қалыптасу жолдарында мемлекет тарапынан көптеген қателіктер кетіп, экономикалық негіздерін қалауға жағымсыз әсерін тигізген. Нақты, кеңес мемлекетінің қаржылық жетіспеушілігі арнайы білімнің мақсат-міндеттерін қамтамасыз етпеді.

Тек өткен ғасырдың 30 жылдарына қарай қаржы жағдайы бір қалыпқа келе бастады. Арнайы білім беру жүйесіндегі мекемелердің көбісі интернат ретінде ұйымдастырылған, ал оларды қаржыландыру өте шығын. Арнайы педагогтың әлеуметтік беделі төмен болғандықтан 30-шы жылдардан бастап жалақысына 25% қосымша төленетін болды. Бұл қосымша төлем 80-ші жылдарға дейін төленген.

Тек 60-70 ж.ж. арнайы білім беру жүйесі өз қалпына келе бастады. Арнайы мектептер мен балабақшалар белсенді ашылып, дефектологтарды даярлау жетіліп, жағымды өзгерістер байқалған.

Бірақ 70 жылдардың соңында айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп кетіп құнсыздануына байланысты арнайы білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көрсеткіштері төмендеді. 80 жылдардың екінші жартысында кеңес одағының экономикасы күрделі дағдарысқа ұшырады.

Сол кездерден ұмытылған қамқорлық, рухани құндылықтарға қайта бас тарту басталды. Арнайы білімге шетелдерден қамқорлық қолдау көрсетілген.

Арнайы білім жүйесінің экономикалық даму тарихы білім берудің бұл сферасының неғұрлым қуатты екендігін көрсетеді. Ал, оның экономикалық тиімділігі қалыпты жүйеге қарағанда біршама төмен. Осыған байланысты арнайы білім беру жүйесін қаржыландырудың ғылыми негізделгені қажет. Біріншіден бөлінген қаржы шығынсыз тиімді пайдалану үшін, екіншіден кемтар тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыратындай болуы тиіс. Сөйтіп, мамандардың есептеуінше, қаржыландырудың басымдылығын кемтар балаларға ерте көмек көрсету мен мектепке дейін оқыту жүйесіне көшіру неғұрлым экономикалық тиімді болмақ. Ерте және өз кезегінде көмек көрсету көптеген балалардың жалпы оқыту жүйесіне көшуіне м.мкіндік туғызады. Осыған сай балалардың аздаған бөлігі арнайы мекемелерді қажетсінетін болды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың еңбек нарығына қажетті мамандар жоғары сапалы кәсіби білім беру – экономикалық тиімді болар еді.

Жалпыға мәлім арнайы оқыту жүйесінің материалды деңгейі мемлекеттік жалпы материалдық жағдайымен анықталады.

ҚР «Білім туралы» заңында 8 бапта «Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер» экономикалық қолдау көрсетудің бағыттары белгіленген.

1. Мемлекет білім алу құқығын білім беру жүйесін дамыту, оның жұмыс істеуінің құқықтық негізін жетілдіру және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес білім алу үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді.

2. Мемлекет әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын, олардың білім алуы кезеңінде қаржылау шығыстарын толық немесе ішінара өтеуде.

Әлеуметтік көмек көрсетілген Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:

1). Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

2). Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

3). Көп балалы отбасылардың балалары;

4). Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын азаматтардың өзіне де санаттары жатады.

Наши рекомендации