Дауыста, атыңды айтам

Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез‑келгеніне ұсынып: «Дауыста, атыңды айтам», ‑ дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі даусын бұзып шығарады. (Ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады.) Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады.

"Айдаһар, қыз және самурай"

"Айдаһар, қыз және самурай" - белсенді және көңілді ойын түрі. Ойыншылардың саны - 10-15 адам. Ойын мағынасы бойынша "Тас-қайшы-қағаз" ойынына ұқсас. Барлық оқушылар екі команда 5-6 адамнан тұратын топ қалыптастырады. Мақсаты әр команда жеңіске жету. Әрбір команда мына фигуралар бірін көрсетеді: Қызды, Самурай, немесе Айдаһар.

Қызды көрсеткен команда Айдаһарды көрсеткен командадан жеңіледі.

Айдаһарды көрсеткен команда Самурайды көрсеткен командадан жеңіледі.

Самурайды көрсеткен команда Қызды көрсеткен командадан жеңіледі.

Қыз: осы фигураны көреткен команда юбкаларын ұстап немесе қолдарын айналдырып дыбыстайды : "Ля-ля-ля-ля".

Айдаһар: бұл фигураны көрсеткен команда қолдарын жыртқыш аңның аяқтары секілді етеді. Тән агрессивті дыбыс: "А-А-А-А!!!".

Самурай: бұл фигураны көрсеткен команда қолында қылышы бар әскерді көрсетеді. Бұл ретте тән дыбыс: "У-У-У-У!!!") (барлық қатысушылар қайталайды бірге жаттықтырушы, есте сақтау фигуралар.)

Ықтимал орналасу:

Айдаһар-Самурай – Самурай жеңеді Айдаһар, Самурайды көрсеткен команда бір ұпай алады.

Айдаһар-Қыз – Айдаһар қызды жеп қояды командасы, Айдаһарды көрсеткен бір ұпай алады.

Қыз-Самурай – Смаурай Қызға ғашық болып қалады, демек жеңіледі. Қызды көрсеткен команда бір ұпай алады. Командамен ойлануға 30 секунд береді.

Ойынды тәрбиеші жүргізеді.

6. Тақырыбы мен пәнінің атауын көрсетіп дидактикалық материалдарды дайындау. Тәжірибе тапсырмасы бойынша – математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, еңбекке баулу, дүниетану сабақтарынан 10 сағат өтілу керек.

Дүниетану пәнінен қысқаша үзінді:

1 Сабақтың тақырыбы:«Суқойма өсімдіктері мен жануарлары»

Пәні: дүниетану

Сыныбы: 4 «ә» сыныбы

Сабақтың мақсаты: Суқойма және оның түрлері, өсімдік пен жануарлар тіршілігіндегі маңызы туралы білімін толықтыру. Өзен бөліктері және көлдер туралы білімін бекіту. Танымдық белсенділігін, логикалық ойлауын дамыту. Суқоймаларды ластамай, табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: түсіндіру, карточкалар , топтық жұмыс, әңгімелесу, сұрақ – жауап.

Қолданылатын көрнекіліктер: оқулық, бағалау карточкалары, плакаттар, смайликтер, суреттер, венн диаграмма.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: (7 мин)

а) Балалармен сәлемдесу, оларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық:

Дүниетану жер шары,
Дүниетану ел шары.
Табиғатты зерттейтін
Білімнің төл кітабы.

ІІ. Негізгі бөлім: (30 мин)

а) Үй тапсырмасын тексеру.

Мәтін бойынша түсініктерін сұрау.

Сұрақ – жауап арқылы бекіту.

-Қазақстан аумағында қандай ормандар бар?

-Онда қандай өсімдіктер өседі?

-Орманда қандай аңдар мекендейді?

-Орманнан тоғайдың айырмасы неде?

-Орманды сақтау, қорғау не үшін керек?

ә) Жаңа сабақ «Суқойма өсімдіктері мен жануарлары»

Кел, ойланайық!
Мақалдың мағынасын ашу.
Сулы жер – нулы жер.

- Суқойма сөзіне әр парта ассоцация жасау. Өз ойларын ортаға салу.

- Оқушыларға суреттер арқылы Суқойма туралы, онда қандай өсімдіктер мен құстардың, жануарлардың мекендейтіні туралы анықтама беру.

Әдебиеттік оқу пәнінен қысқаша үзінді:

2 Сабақтың тақырыбы: «Жер жаннаты»

Сыныбы:4 «ә» сыныбы

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың мақсаты:Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығымен оқушылармен таныстыру. Ақынның Алатау өлеңін танып білу. Оқушылардың ой-өрісі, ойлау қабілеті, ауызекі сөйлеу қабілеті дамыту, өз бетінше ізденуге, әдебиетті, өнерді сүюге қалыптастыру. Оқушыларды елін сүйетін, патриот, ізденімпаз азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер:түсіндіру, карточкалар , топтық жұмыс, әңгімелесу, сұрақ – жауап.

Қолданылатын көрнекіліктер:оқулық, бағалау карточкалары, плакаттар, смайликтер.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:(3 мин)

а) Балалармен сәлемдесу, оларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық: Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Мұғалімнің әрекеті: Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын!

Жеті күннің әр күні

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын!

Балалар жанында отқан көршілеріне сәттілік тілейді.

ІІ. Негізгі бөлім:(32 мин)

а) Үй тапсырмасын тексеру. Әнуар Жапаровтың «Қазына көтерген бала» мәтіні

«Сынық вагон әдісі арқылы»

Ең әуелі оқушылар арасынан «сарапшылар» тобы сайлаймыз. Ол топ негізінен мәтінді тиянақты оқып, мазмұнын толық білетін 3-4 оқушы. Олардың міндеті басқа оқушыларды мұқият тыңдау, вагондарды бір – біріне тіркеу сынық вагонды анықтау. Бірінші оқушыларға реттік нөмерін таратып беремін. Бірінші нөмерлі оқушы түсінік айтуды бастайды. Сарапшылар ол оқушыны кез – келген жерден тоқтатып, келесі ойыншыға жалғастыруға бұйырады. Осылайша жалғастырамыз. Ал мәтін мазмұнын жалғастыра алмаған оқушы «сынық вагон» болып есептеліп, тақта алдына шығарылады.

ә) Жаңа сабақ «Алатау»(Ж.Жабаев)

- Оқушыларға автор туралы қысқаша мәлімет беру.

- Өлеңді мазмұндап оқып, оқушыларға түсіндіру.

- Мұғалімнің нұсқауымен кезекпе – кезек оқу.

Математика пәнінен қысқаша үзінді:

3 Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау

Сыныбы:4 «ә» сыныбы

Пәні:математика

Сабақтың мақсаты:көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері бойынша өткен сабақтарды қайталау, өткен есеп түрлерін шығару қабілетін тексеру және өздігінен ойлап есеп шығарып, дұрыстығын анықтай білуге дағдыландыру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: пысықтау

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер:түсіндіру, сұрақ – жауап, пысықтау, қайталау.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:оқулық, дидактикалық материалдар, кесте, көңіл – күй смайликтері.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі(5 мин)

а) Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ә) Психологиялық дайындық:

Сылдырлады қоңырау, көп күттірген,

Балаларда сабақта, бәрі күткен,

Дайынсың ба бастауды

Сен сабақты?

Қане, достым тексерші, бар жабдықты.

Тұр ма екен ретімен өз орнында

Кітап, дәптер, қаламның барлығы да

Барлығы дұрыс отыр ма?

Зер салып маған қарай ма? Ынталары ауды ма?

Әркімнің 5 – тік алуға!!!

ІІ. Негізгі бөлім(30мин)

а) Үй тапсырмасын тексеру.

- Олай болса, өткен сабақтарда алған білімдеріміз толық естеріңде ме, соны тексеріп көрелік? Ол үшін үй тапсырмасын ауызша тексеріп шығайық.

Жаңа сабақ

№1 Ауызша орындаймыз. Мына сандарды тап: 5 – ке бөлінетін; 10 – ға бөлінетін; 5 – ке де 10 – ға да бөлінетін; 2 – ге бөлінетін.

                           
    дауыста, атыңды айтам - student2.ru   дауыста, атыңды айтам - student2.ru   дауыста, атыңды айтам - student2.ru
 
 
 
 
 

                               
   
   
 
   
 
 
 
 
 
 

Еңбек пәнінен қысқаша үзінді:

4 Сабақтың тақырыбы:«Құрақтан қаламсап қабын тігу»

Сыныбы:4 «ә» сынып

Сабақтың мақсаты:Балаларға матаның көмегімен қаламсап қабын тігуді үйрету, тез және жылдам істеуге дағдыландыру, таза әрі ұқыпты жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ

Сабақтың типі:жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік

Сабақта қолданылатын құрал – жабдықтар:сетінемейтін мата, синтепон немесе мақта, қайшы, ине – жіп, сызғыш, бор, қалам.

Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, көңіл – күй смайликтері, видеоролик.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі(5 мин)

а) Балалармен сәлемдесу, оларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру.

ә) Психологиялық дайындық:

Орнымыздан тұрамыз,

Қос бүйірді сығамыз.

Оңға, солға бұрылып,

Бір айналып шығамыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес

Қолды қолға ұрамыз. Біз сабаққа дайынбыз!

ІІ. Негізгі бөлім(30 мин)

- Балаларға құрақ туралы анықтама беру. Видеоролик және суреттерден көрсету арқылы мұғалім оқушыларға құрақ, құрақты құрау және оның қандай жерде қолданылатыны туралы анықтама береді.

Қазақ тілі пәнінен қысқаша үзінді:

5 Сабақтың тақырыбы:Етістіктің шақтары

Сыныбы: 4 «ә» сыныбы

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың мақсаты: Етістіктің шақтары туралы білімдерін қалыптастыру. Қазақ тілінің байлығы арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту,олардың сабаққа деген белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың сауатты,көркем жазу дағдыларын кеңейту. Еңбекқорлыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: түсіндіру, талдау , топтық жұмыс, әңгімелесу, сұрақ – жауап.

Қолданылатын көрнекіліктер: оқулық, бағалау карточкалары, плакаттар, көңіл – күй смайликтері.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: (7 мин)

а) Балалармен сәлемдесу, оларды түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру. Оқұшылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық:

Балалар сендердің көңіл – күйлерің қалай ? ☺(жақсы)
Кімнің көңіл-күйі тамаша (қол көтеріңдер).
Кімнің досы осы сыныпта (қол шапалақтаңдар)
Кім өз-өзіне сенімді (қол көтеріңдер)
Бір-бірлеріңе лебіздеріңді білдіріңдер.
- Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл - күймен бастайық, әрбір ісімізге мұқият болайық.

ІІ. Негізгі бөлім: (30 мин)

а)Үй тапсырмасын тексеру: Өткенді пысықтау

1.Етістік дегеніміз не?

2.Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

3.Етістіктің қандай түрлері бар?

ә)Жаңа сабақ
Тақтаға назар аударайық. (Етістіктің үш шағына байланысты суреттер көрсету)
Әр суретке сөйлем құрап, іс - әрекеттің қай мезгілде болғанын анықтау.
1 - суретте іс - әрекеттің нақты қазір болып жатқанын көрсетеді (осы шақ).
2 - суретте іс - әрекеттің болып кеткендігі көрсетіледі (өткен шақ)
3 - суретте іс - әрекет әлі жүзеге асқан жоқ, болашақта болатыны айтылады(келер шақ).

- Етістік іс - әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Осыған байланысты бүгінгі біздің жаңа сабағымыз: Етістіктің шақтары деп аталады.

Балалар бұл сабақтан жаңа білімдерге ие болды.

7. Қабырға газетін дайындауға көмектесу. 23. 01. 2017 күні Райса Тұрлыбекқызы өзін – өзі тану пәнінен қалалық мектептерден келген 11 методисттің қатысуымен ашық сабақ өтті. 24. 01. 2017 күні біз осы ашық сабаққа байланысты «Туған жер» атты қабырға газетін шығаруға көмектестік.

8. Оқушылардың көрме жұмыстарын ұйымдастыру.

Тәжірибеден өту барысында Райса Тұрлыбекқызы оқушыларға өзін – өзі тану пәнінен тапсырма берді. Оқушылар өздері қалаған тақырыпқа сурет салып және макет жасап келді. Сабақ өту барысында балалардың өзін – өзі тану сабағынан жасаған заттарынан көрме ұйымдастырдым. Балалармен бірінші көрмеміз «Туған жер» деп аталынды, онда суретті және де макеттері балалардың қойылды. Екінші көрмеміз «Құрақтан қаламсап қабын жасау», яғни балалардың өздері жасаған қалапсап салатын қабынан көрме жасадық.

9. Мұғалімнің, әдіскердің қатысуымен сыныптан тыс сабақ пен тәрбиелік іс – шара өткізу.

Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы: «Мен өз Отанымның патриотымын»

Мақсаты: Оқушыларда тұлғаның азаматтық қасиеттерін қалыптастыру;

Туған жерін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

Міндеттері:

· оқушылардың «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асырудағы белсенділігін қалыптастыру және арттыру;

· Жаңа Қазақстандық Отаншылдықты нығайту;

· білім алушылардың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен табыстары туралы білімдерін тереңдету, ой-өрістерін кеңейту;

Құрал-жабдықтар: «Қазақстан-2050 Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» плакаттары; шарлар, гүлдер.

Сынып жетекшісі:

· Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз Отанымның патриотымын». Неге біз бұлай айта аламыз? Себебі, «бір халық, біртұтас ұлт» - бұл барлығымызға ортақ ұлттық мүдделер. «Бір халық» – бұл біз бірге өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп- өркендеген Қазақстан! Мұның барлығы – Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін біртұтас қоғам керек деген сөз. Жиырма бес жылда Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін ұлттық жетістіктің үздік үлгісі бола алды. Бұл – барлық қазақстандықтардың еңбексүйгіштігі мен бірлігінің нәтижесі. Бұл – тек күшті халықтың ұлы қабілеті. Біз осындай халық, біртұтас ұлт бола алдық және осы биігімізде қалуымыз керек! Қазақстан – бұл біртұтас ұлт, біртұтас халық, бір мүдде. Алдымызда ұлы жоспарлар тұр. Оларды іске асыру жаһандық өзгерудің күрделі жағдайларында өтпек. Бұған бүгіннен бастап дайын болуымыз керек және бар күшімізбен халықтың біртұтастығын қамтамасыз етуіміз керек. Өйткені, бізде бір халық – бір ел – бір тағдыр! Қазақстан 140 ұлыс пен 17 конфессия өкілдері үшін ортақ үйіне айналды. Біздің Қазақстанның ұлттық, ұлыстық, мәдени және діни жағынан әртүрлілігіне қарамастан, елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалғанымызды мойындаймыз. Қзақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саясаты көптеген ұлыстарды мәдениет пен діндерді біріктіреді. Біздің елімізді «өркениеттер тоғысы» деп атайды. Қазақстан ислам, христиан және буддизм сияқты ірі әлем діндерінің арасындағы көпір болып табылады.

Әртүрлі діндер мен рухани дәстүрлері бар барлық Қазақстан халқы атынан біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді ары қарай сақтап қалуға ұмтылысымыз бен ұстанымымызды білдіреміз. Біз Отанмыздың басты байлығы – әлемдік үлгі ретінде әділетті түрде мойындалған азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі мәдениеттер мен діндердің ара қатынасын қолдауға әзірміз. Біз Отанды сүюге, қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлері мен үрдістерін құрметтеуге бар күш-жігерімізді саламыз. Біз ортақ үйіміз Қазақстанның көркеюі, өркендеуі, дамуы, әл-ауқаты мен жағдайының жақсаруы жолында, бейбітшілік жолында қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз.

Оқушылар Қазақстан туралы өлеңдер оқиды.

Сынып жетекшісі:

– Біздің барлығымызды, барлық ұлттың адамдарын маңызды ұғымдардың бірі біріктіреді: Біз – Қазақстан халқы. Біз біртұтас елміз және біздің күшіміз бен жетістігіміз осыда.

Балалар, енді Қазақстан туралы не білетінімізді тексерейік. Кішігірім сұрақ-жауап өткізіп, сендердің білімдеріңді тексерейік.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)

2. Ұлттық валюта (Теңге)

3. Ақындар жарысы (Айтыс)

4. Қазақстан Республикасының тұңғыш ұшқыш-ғарышкері (Т.Әубәкіров)

5. Қазақ фольклоріндегі, халық ертегілеріндегі әзіл әңгімелер кейіпкері (Алдар көсе)

6. Қазақтардың ұлттық үйлері (Киіз үй)

7. Мұсылмандардың қасиетті кітабы (Құран)

8. Ұлттық сусын (Қымыз)

9. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (Н.Назарбаев)

10. Қазақстан Республикасының Конституция күні (30 тамыз)

11. Түйелер тізбегі (Керуен)

12. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)

13. Қазақстан халықтарының бірлігі күні (1 мамыр)

14. «Шаңырақ» ненің нышаны? (Шаңырақ – отбасы, жанұя)

15. Ғарышты зерттеу бойынша қала-орталық (Байқоңыр)

16. Қазақтың ұлттық аспаптары (Домбыра, сыбызғы, қобыз)

Сынып жетекшісі :

· Біздің еліміздің көркеюі, өсіп-өркендеуі үшін мемлекет ішінде тұрақтылық, онда тұратын халықтар арасында достық пен келісім болуы қажет. Және де осы іс-шарамызды Қазақстан туралы мына өлең шумақтарымен аяқтағым келеді.

Қазақ елі қашаннан да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан

Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.

Бір-бірімен тату-тәтті тұрады,

Бәрінің де Қазақстан тұрағы.

11. Ата-аналармен, балалармен әңгіме өткізу.

Сіз қандай ата-анасыз?

Сауалнама

1. Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?

2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?

4. Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5. Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?

8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?

12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?

13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

1. Әрқашан жасаймын,келісемін - 3 ұпай

2. Кейде ғана келісемін - 2 ұпай

3. Келіспеймін - 1 ұпай

0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиелік қабілет бар, тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпенәрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

31-39 - Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек

түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

12. Бір оқушыға психологиялық-педогогикалық мінездеме беріңдер.

С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия мектебінің 4«Ә» сынып оқушысы Мякишева Томирис Болатқызы.

Туған күні: 13.01.2007. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп формасы өзінің денесіне сай келеді, жарасымды көз тартарлық. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулығы, жағдайы жақсы. Отбасында 4 адам, бала-шаға саны – 2, өзі және сіңілісі.

Томирис көбінесе ән айту жағына бейімді. Сонымен қатар патриоттық өлеңдерді оқығанды жақсы көреді. Би де билеп, өнер десе ішкен асын жерге қоятын оқушы. Томирис сынып озаты болғандықтан оның сынып ішіндегі орны ерекше. Өзіне берген тапсырманы бұлжытпай өз уақытында орындап, өткізіп отырады. Сыныпты қоғамдық жұмысқа қатысу жағынан үнемі алдыға тартып, барлығын ұйымдастырып отырады. Оқу жұмысына деген белсенділігі де жоғары. Барлық сабақты ұнатады. Математика сабағын қатты сүйіп оқиды. Үй жұмысын жүйелі түрде орындап келіп отырады. Сабақ үстінде бар назары мұғалімде болып, сұрақтарына жауап беріп, үнемі тақтаға шығып сабақ айтып, есеп шығарып отырады. Сабақты себепсіз босатпайды. Оқу үлгерімі бойынша –үздік. Томирис барлық сабақты жақсы оқиды. Түсінбегенін мұғалімнен сұрап, тақтаға шықпай ақ өз орнында есептерді шығарып, өз бетімен де жұмыс жасайды. Оқушыларды бастап, ұйымдастыра алу қабілеті бар. Әр сабақты зейін қойып тыңдап отырады. Есі: бейнелік, сөздік логикалық, эмоционалдық, қозғалыстық; өнімділік сипаттамасы: есте сақтау ұзақтығы орташа. Ойлау – ойлау операцияларының ерекшелігі — абстрактілі, жетекші түрі – сөздік логикалық, ерекшелігі – аналитикалық, дербестік. Оқушының ерік жігері күшті дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады, сынып белсенділерінің бірі. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Қиялы ырықты. Томирис сангвинникке көп ұқсайды, тез қозғалады, қимылдары шапшаң, барлық әсерге эмоцияналды баяу жауап береді, оның сезімдері оның сыртқы қылықтарынан көрінеді, ашулануы сирек.

Мінезі салмақты, сабырлы, бірақ кейде сабырсыз болып кететін кездері болады, адамдармен тез тіл табыса алады, үлкенді құрметтеп, кішіні силай алады.

Томирис байқағыштық қасиеті жақсы дамыған. Тақтада есеп шығарып тұрған баланың қателерін үнемі түзеп отырады. Өз күшіне, жеңіп шығатынына, барлығы жақсы болады дегенге қатты сенеді. Осы принциптерді ұстанып әрбір жарысқа, олимпиадаға қатысады. Сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да өзін байсалды, жинақы, салмақты ұстайды. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді. Томирис мұғалімдермен, оқушылармен, басқа сынып оқушыларымен, достарының барлығымен жақсы қарым-қатынаста. Әрқайсысының сырын таба біледі, тез тіл табысып кетеді. Томирис кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзінің тек жақсы жағынан ғана көрінеді.

ІІІ. Қорытынды

Біз, осы « Өндірістік (педагогикалық) тәжірибе 2» тәжірибесінен өту барысында мұғалімнің сабақ өту әдіс – тәсілдерін, сабақ жоспарының қалай құрылуын, оқушылармен қалай жақсы қарым – қатынаста болуды және олармен тіл табысуды үйрендік. Бұл тәжірибеден соң менің осы мамандыққа деген құштарлығым арта түсті. Тәжірибе жетекшісі берген тапсырмаларды орындау барысында тиянақтылық пен ұқыптылыққа үйрендік. Осы сынды тәжірибелердің арқасында өз ісіміздің білікті маманы болғымыз келеді. Елбасымыз өзінің жолдауында айтып кеткендей, Қазақстан елін көркейтетін де, асқақтататын да, ең абыройлы, ең мәртебелі жол қылатын ол тек сіздер. Сондықтан да әр бір күндеріңіз мерекелі, әрбір істеріңіз берекелі болсын. Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М. Жұмабаев: "Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты " - деп айтып кеткенде Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық мір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Математика: 2 сыныбына арналған оқулық / Ә.Б. Ақпаева, Л.А. Лебедева. - Алматыкітап баспасы, 2013 – 232б.

2. Қазақ тілі: 2 сыныбына арналған оқулық / Балтабаева Ж.Қ., Солтанғазина М.Қ., Лекерова Ф.С. – Алматыкітап баспасы, 2015. - 224б.

3. Әдебиеттік оқу: 2 сыныбына арналған оқулық / Тургунбаева Б.А., Муфтибекова З. – Алматыкітап баспасы, 2015. – 216б.

4. Дүниетану: 2 сыныбына арналған оқулық / Аймағамбетова Қ.А., Идилова Т.С. – Алматыкітап баспасы, 2015. – 128б.

5. Еңбекке баулу: 2 сыныбына арналған оқулық /Дүйсебаев Қ., Оралбекова Т. – Алматыкітап баспасы, 2015. –144 б.

Наши рекомендации