Р күні, әр қағазға түсірілген

Жеке шумақтар

Ең тұрлаулы жар болып,

Сертке жеттің дер едім!

Сен мен үшін Өзіңді

Құрбан еттің дер едім!

27.03.2002.

Мен сенімен қол ұстасып,

Елу төрт жыл өмір сүрдім.

Сол елу төрт жылда өзіңе

Күн сайын ғашық боп жүрдім!

Тоғыз жыл қолым жетпей,

Өңешім үзіліп жүрдім.

Елу төрт жыл бірге тұрып,

Өзіңе үздігіп жүрдім!

30.04.2002.

Ғашық болып тоғыз жыл,

Қолымды Саған создым мен.

Өзіңе, сәулем қосылып,

Қатарымнан оздым мен.

04.06.2002.

Алпыс тонна Ақтаудың

Ұлутасын алдырдым.

Қозы Көрпеш — Баянның

Ақ Күмбезін салдырдым.

16.06.2002

Түсті есіме еріксіз

Тарихы сол сапардың.

Аягөзге өзіңді,

Төркіндетіп апардым

Райком беріп машина

Таңсық бардық асығып,

Қозы Көрпеш Баянның

Зиратына бас ұрып.

22.06.2002.

Мың күн

Бүгін тура бір мың күн,

Мен Сенен айырғалы, Халима!

Оқ тиген аққудай боп,

Қанатым қайырылғалы, Халима!

Жылауға да, жырлауға да,

Рұқсатыңды бергейсің маған, Халима!

Мың күндік жүректегі

Шертейін шерімді Саған, Халима!

Күн сайын қырық күрсініп,

Өзіңді ойлаумен болдым.

Келмесіңді білсем де,

Сағынып, сарғайып солдым.

Егер есік қағынса,

Сенсің бе деп жүгірдім.

Басқа біреу болғаннан соң,

Аш күзендей бүгілдім.

Кейде есік өз-өзінен,

Тық-тық қағылады!

Жүгіріп барсам ешкім жоқ,

Тауым бос шағылады!

Бостан-бос жүгіргеніме,

Қалсам да ішімнен жүдеп,

Артынан ойланамын,

"Ол Сенің рухың ба?" деп.

* * *

Күн боп шықсаң Сен ертең,

Күнмен бірге батар ем!

Түні бойы тырп етпей,

Орныңа қарап жатар ем!

* * *

Сенің титтей жастығың,

Қызылмен сыртын тыстаған:

Құшақтап жатсам түнімен,

Кәдуілгідей күш алам!

* * *

Жұбынан айырылған аққу,

Өмірді етпейді мекен.

Сағынып сені жүргенше,

Өлгенім артық па екен?

* * *

Көшеге шықсам, әйел көп,

Бәріне соның қараймын.

"Арқасында солардың,

Жоқ па екен деп арайлым?!"

* * *

Есімде, жаным, есімде,

Жымиып талай күлгенің.

"Рас па деймін Өзіңмен,

Ұзақ өмір сүргенім?"

* * *

Айырылған соң Өзіңнен,

Өмірге көңілім толмады.

Елу төрт жыл бірге өткен

Елу төрт күндей болмады!

* * *

Бақыт деген не десем,

Жарымның сөзі екен ғой!

Алтын тақ деген не десем,

Дәл соның Өзі екен ғой!

* * *

Рахат, ләззат не десем,

Жардың сипағаны екен!

Мансап, байлық өзіңді,

Соның сыйлағаны екен!

* * *

О, сұрқия, сұм ажал,

Жарымды менің жалмадың!

Өлігін оның көргенше,

Соқыр боп неге қалмадым?!

* * *

О, қу дүние, тіршілік,

Жарқылыңмен алдадың.

Сезбей қалдым жарымның,

Қасымнан кетіп қалғанын!

* * *

Сен менің қолым жетпес,

Биікке аспандап кеттің, Халима!

Бірақ, Сенің орныңа

Жатпайды ешқашан ешкім, Халима

* * *

Сен сипаған бетіме,

Ешкімнің ерні тимейді, Халима!

Өзіңді сүйген Әзілің,

Ешкімге бас имейді, Халима!

* * *

Самал жел деген не десем,

Сүйген жардың үні екен!

Онсыз жарық дүние,

Тас қараңғы түн екен!

* * *

Күмбезіңнің қасына,

Қос күміс қарағай ектім, Халима!

Келмейді сол екеуінің,

Қасынан алыстап кеткім, Халима!

Қайта-қайта оларға

Еміне қараймын үзбей.

Біздердің бір кездерде

Жұптасып жүргеніміздей!

* * *

Махаббат деген — бір теңіз,

Кешесің де кетесің.

Тебісіп талай толқынмен,

Сүйгеніңе жетесің!

Тоғыз жыл жүзіп толассыз,

Халима, Саған жетіп ем.

Елу төрт жыл отасып,

Бақытты мені етіп ең.

Сол теңіз енді суалып,

Мен үшін сусыз шел болды.

Қайғы жұтып, қаталап,

Көзімнің жасы көл болды.

* * *

Сен менің күндіз Күнім ең,

Жүрегіңнің нұр шашқан.

Сен менің түнде Айым ең,

Сәулеңмен талай сырласқам!

Қараңғыға қамалдым:

Енді күн де, ай да жоқ,

Сағат сайын сағынып,

Күрсінгеннен пайда жоқ.

* * *

Қалада көрем күн сайын,

Қаптаған қалың әйелді.

Ішінде жоқсың Сен, бірақ,

Көңілім соған қаяулы.

Қаяу көңілім ешқашан,

Ашылмасын білемін.

Жиынға, тойға барғанда,

Құр өтірік күлемін.

* * *

Сағынумен Өзіңді

Шашымның ағы көбейді.

Бұл күні мені ешкім де

"Әзілім ау!" демейді.

* * *

Бұрынғы түндер тәтті еді,

Құшақтаушы едім Өзіңді.

"Жаным!" деп айтқан ақырын,

Естушім ем ыстық сөзіңді!

Қазіргі түндер қатыгез

Тұншықтыра басады.

Өзіңді іздеп ойменен,

Көзден ұйқы қашады.

* * *

Егер Ертіс суалса,

Арнасы құрғап, шаң болып.

Таулар тегіс құласа,

Табиғатқа лан болып.

Өшер сонда Өзіңе

Махаббатым мәңгілік.

Айтар бізді қосарлап,

Арттағылар ән қылып.

* * *

Жаза-жаза жазуды,

Сүйел болды саусағым.

Сен келіп соны сипасаң,

Болмас еді менде мұң!

* * *

Биыл шипажай шығып,

"Алматыда" демалдым.

Екеуміз жүрген жерлерге,

Емірене көз салдым.

Жұп жазбай жүріп едік,

Сүйсінтіп көрген елді.

Бәрін де көріп өттім,

Тоқтаған, тұрған жерді!

Сен сипаған аққайыңға,

Басымды иігім келді.

Сенің табаның тиген

Асфальтті сүйгім келді!

Қанатын біз сипаған

Ақ бүркіт171 орнында тұр.

"Тағы да сипайық" деп,

Сені іздеп қараймын құр.

Өзіңді таппаймын да,

Қайғырып, қамығамын.

Көз жазып қалғаныма,

Күрсініп, жабығамын.

* * *

Алматы көшелері

Сен барда сәулетті еді.

Адамдар жайраң қаққан,

Көңілі дәулетті еді.

Енді сол көшелер маған

Тар болып танылады.

Адамдар көңілі жұтаң

Тұнжырап, ағылады.

Жоқ! Көшелер тарылған жоқ,

Адамдар сол қалпында.

Сенсіз маған дүние тар,

Сондықтан батамын мұңға!

* * *

Ұмытпаймын мен Сені,

Мәңгілік ойымдасың!

Тамырымда, талшықта -

Бүкіл өн бойымдасың!

* * *

Жылдар жылжып барады,

Жол тартып, алысқа тым.

Арамызды екеуміздің

Мәңгілік алыстатып.

* * *

Ақ күмбез тұр жарқырап,

Алатаудың басында.

Көрген сайын қуанам,

Жатқандай боп қасында.

* * *

Алатаудың тастарын

Жастық етіп басыма,

Мен де бір күн жантайып,

Жайғасармын қасыңа.

* * *

Алатаудың шыңдарын

Бүркемеші қара бұлт!

Ақ күмбезден мен онда

Көзді жазып, қалам мүлт!

* * *

Тау етегін перделеп,

Тұмшалашы, көк тұман!

Ақ күмбезді бүркеме,

Бас иіп саған, жалынам!

* * *

Ақ күмбездің ішінде

Менің асыл жарым бар!

Менің жалғыз жаным да

Сол күмбезге тығылар!

* * *

Қол ұстасып екеуміз,

Жүрдік, күлдік, ойнадық.

Жүз жыл бойы жұп жазбай,

Жүреміз деп ойладық!

Татулық пен достықтың,

Қызығына тоймадық.

"Жұртқа күнде жақсылық

Жасайық!" деп қоймадық!

Көрген түстей сол күндер

Өтіп кетті, не пайда?

Мен қалада отырмын,

Сен жатырсың "Кеңсайда".

Өзіңді таппаймын да,

Қайғырып, қамығамын.

Көз жазып қалғаныма,

Күрсініп, жабығамын.

* * *

Алматы көшелері

Сен барда сәулетті еді.

Адамдар жайраң қаққан,

Көңілі дәулетті еді.

Енді сол көшелер маған

Тар болып танылады.

Адамдар көңілі жұтаң

Тұнжырап, ағылады.

Жоқ! Көшелер тарылған жоқ,

Адамдар сол қалпында.

Сенсіз маған дүние тар,

Сондықтан батамын мұңға!

* * *

Ұмытпаймын мен Сені,

Мәңгілік ойымдасың!

Тамырымда, талшықта -

Бүкіл өн бойымдасың!

* * *

Жылдар жылжып барады,

Жол тартып, алысқа тым.

Арамызды екеуміздің

Мәңгілік алыстатып.

* * *

Ақ күмбез тұр жарқырап,

Алатаудың басында.

Көрген сайын қуанам,

Жатқандай боп қасыңда.

Алатаудың тастарын

Жастық етіп басыма,

Мен де бір күн жантайып,

Жайғасармын қасыңа.

* * *

Алатаудың шыңдарын

Бүркемеші қара бұлт!

Ақ күмбезден мен онда

Көзді жазып, қалам мүлт!

* * *

Тау етегін перделеп,

Тұмшалашы, көк тұман!

Ақ күмбезді бүркеме,

Бас иіп саған, жалынам!

* * *

Ақ күмбездің ішінде

Менің асыл жарым бар!

Менің жалғыз жаным да

Сол күмбезге тығылар!

* * *

Қол ұстасып екеуміз,

Жүрдік, күлдік, ойнадық.

Жүз жыл бойы жұп жазбай,

Жүреміз деп ойладық!

Татулық пен достықтың,

Қызығына тоймадық.

"Жұртқа күнде жақсылық

Жасайық!" деп қоймадық!

Көрген түстей сол күндер

Өтіп кетті, не пайда?

Мен қалада отырмын,

Сен жатырсын "Кеңсайда".

* * *

Иегімді көтеріп,

Көк аспанға қараймын.

Айдың туғам жаңасын,

Қастарыңа балаймын.

Ай туғанда толықсып,

Ақ бетіңді көремін.

Басымды иіп алыстан

Саған сәлем беремін.

* * *

Бұлбұл ау, бұлбұл, бал таңдай!

Алыстамысың, қайдасың?

Ақ күмбездің алдында

Ағашқа қонып, сайрашы!

Сен қонсын деп сол жерге,

Отырғыздым қос ағаш.

Халима Мен сияқты,

Мәңгі тату, дос ағаш!

* * *

Түсімде көрдім сан рет,

Күлкіңді күміс сыйладың.

Тілегімді орындап,

Көңілімді қимадың..

.

Төсегіңді сипадым,

Ояна сала, жалма-жан!

Кетіп қапсың қасымнан,

Жете алмай қалдым мен Саған!

* * *

Сыңары өлсе аққудың,

Жұбы көктен құлайды!

Не деген күшті махаббат,

Адамнан артық былайғы!

Сол аққудың ғажайып,

Жұбындай неге болмадым?

Өлген күні Өзіңмен

Қосыла неге солмадым?!

* * *

Кеудеме кіріп жайғасқан

Сен менің жарты жаным ең!

Айырылып сенен, апырау,

Қалай тірі жүрмін мен?!

* * *

Өлгенді жұрт ұмытар,

Тірі әйелге ғашық көп.

Өлсең де, Саған өтемін,

Өмір бойы ғашық боп!

* * *

Еркектің бәрі тек қана

Тірі әйелге құмартар.

Менің пірім Сен ғана

Өмірімді ұзартар!

* * *

Сен алысқа кетсең де,

Аяқ жетіп, көз көрмес.

Махаббатым Өзіңе

Мәңгі-бақи өзгермес!

* * *

Бұршақ жауса, аққу құс

Балапанын қорғайды.

Түссе дағы бұршақтан

Өз басына зор қайғы.

Қос қанатын кең жайып,

Тыпыр етпей жатады.

Қауырсыны дал-дүл боп,

Қаны мүлде қатады...

Бек шыдамды бейнетқор

Сол аққу құс Сен едің.

Бауырыңа тығылған

Балапаның — мен едім!

Болдың қиын күндерде

Жел жағымда панамдай!

Атағымды өсіріп,

Аяладың Анамдай!

* * *

Сексен бірден астым мен,

Сегіз таудан өткендей!

Рахат, қызық, ләззат

Алыстап бізден кеткендей!

* * *

Елу төрт жылғы өмірім,

Шалқып тұрған нұр еді.

Ол жылдарда Халима,

Қасымда менің жүр еді!

* * *

Пальтоңның сыртын сипаймын,

Көйлегіңді иіскеп.

Масаттанып қаламын,

Тұрғандай Сенен иіс кеп!

Сипасам да қанша рет,

"Әу?" деп айтар сөзің жоқ.

Қайғырамын, қайтемін,

Иісің бар, Өзің жоқ.

* * *

Өмір деген — өкініш,

Тіршілікте тұрақ жоқ.

Сен едің менің нұр сәулем,

Сөнбейтұғын шырақ жоқ!

* * *

Шамы сөнген үйдей боп,

Қараңғыда отырмын.

Қараймын жан-жағыма,

Көзім бар, бірақ, соқырмын!

* * *

Биылғы көктем салқындау,

Күткені елдің — бұл емес!

Ағашқа жапырақ шықса да,

Ауа райы жылы емес

Өзің барда қасымда,

Күн суығын сезбеуші ем!

Енді, міне, отырмын,

Үй ішінде боп бүрсең.

* * *

Сатып алған саяжай,

Өзің барда ынтығып,

Алма ағаштар гүл шашты,

Көкпеңбек боп көп шығып.

Біз орнатқан ағаштар

Бой түзеді биік боп.

Бәрі сені іздейді,

Бұтақтары бәйек боп!

Бар ағаштар мұңайып,

Жоқтығыңды байқайды.

Алмұрт ана — кәрі ағаш

Күрсініп, бас шайқайды.

* * *

Қаулап қызыл гүл шықты,

Күмбезіңнің қасына.

Өзің бе деп біреуін

Сипай бердім асыға.

"Кеңсай" іші шүпілдеп,

Қызыл гүлге толып тұр.

Сен гүл теріп жүр ме деп,

Алақтап қарадым күр.

* * *

Тік ұшақ алаңына172 бардым,

Саяжай маңындағы.

Көк шөпке аунадым,

Асфальттің жанындағы.

Бетегеге бет тигіздім,

Сенің бетің бе деп!

Шалғынды сипалай бердім

Жұп-жұмсақ етің бе деп!

Көк шөпке маңдай тостым,

Сенің маңдайың ба деп!

Асықтым сол сәттен

Айырылып қалмаймын ба деп!

Екеуміз талай рет

Осында келіп едік.

Енді мен жеке тұрмын,

Жанымды жалғыздық жеп.

Сені іздеп қасымнан,

Қиналдым күр бекерге.

Келмейді біздей жұптас,

Ешқашан, ешкім бұл жерге!

* * *

Күн күркірер алдында

Найзағай — алтын жарқ етер.

Найзағай — жарды жарқ еткен,

Соңынан қуып, кім жетер?!

* * *

"Көктем келді! Көктем!" деп

Қуанады барлық жұрт.

Көктемім менің — Халима,

Бұл жалғаннан кеткен сырт!

* * *

"Келемін ертең!" дедің де,

Ауруханаға кеттің.

Мың күн болды — келмедің,

Апырау, енді не еттім?!

* * *

"Кеше" деп ауыз жиғанша,

Жылт етіп "бүгін" жетеді.

Көзіңді ашып, жұмғанша,

Зымырап өмір өтеді.

* * *

Серігім болдың, Халима,

Көрмеген мені қызартып.

Кеттің де қалдың үн-түнсіз

Өмірімді менің ұзартып.

* * *

Мың күн деген сылдырап,

Сырғып аққан су екен.

Жан жарыңсыз ішкен ас,

Зәмзәм емес, у екен!

* * *

Кездесуде, мектепте

Отырдым бүгін бес сағат.

Сен барда үйге асығып,

Таппаушы едім мен тағат!

* * *

Жан-жағыма қарасам,

Ағаштың бәрі гүлдеп тұр.

Құйқылжытып көңілді,

Дарытқандай көзге нұр!

* * *

Мұның бәрі Сенің бір

Күлгеніңе тұрмайды.

Ешбір қызық Өзіңсіз,

Көңілімді бұрмайды.

* * *

Көк шалғында екеуміз

Отырып едік көсіліп.

Балалық шақты базарсыз

Жыр етіп едік шешіліп.

* * *

Жағасында өзеннің

Жүгіріп жүрген күндерді.

Детдомдағы төбелес,

Ұйқысыз өткен түндерді.

* * * .

Сол отырған орныңды,

Құшақтап, міне, жатырмын.

Сен барда едім бағалы,

Енді неге татырмын?..

* * *

Дауылда ағаш шайқалып,

Дірілдейді жапырақ.

Сол жапырақ секілді,

Мен отырмын қалтырап.

* * *

Жел жұлқыған жапырақ

Жерге қалқып түспей ме?

Топыраққа айналып,

Тағдырдың уын ішпей ме?

* * *

Ақ күмбез ау, ақ күмбез!

Алыстан саған қараймын.

Сені өзімнің мәңгілік

Мекеніме санаймын!

* * *

Сені өзімнің болашақ

Ақ ордама балаймын.

Сенің солай қасқиып,

Тұрғаныңды қалаймын!

* * *

Ақ күмбез ау, ақ күмбез!

Көңілге ой саласың,

Халиманың қасына

Мені қашан аласың?!

* * *

Мен де бір күн Өмірдің

Соңғы дәмін татармын.

Содан кейін жарыммен,

Қатарласып жатармын!

* * *

Ақ күмбез ау, ақ күмбез!

Мен де саған барамын.

Содан кейін, үн-түнсіз,

Мәңгілікке қаламын!

* * *

Менің титтей Тәж махалым,

Айналайын, ақ күмбез!

Мәңгі тұршы, жығылмай,

Тимесе екен саған көз!

* * *

Мың күндік сырды ақтардым,

Таусылмас әлі талай күн.

Рапорт берген солдаттай,

Суретіңе қараймын.

* * *

Қараймын да, қамығып,

Тіріге Сені санаймын.

Суретіңді айнам деп,

Саусақпен шашты тараймын!

* * *

Кеңсай барсаң биікте,

Ақ, шағала күмбез бар.

Соған қарай бір рет,

Көзіңді сал, ұрпақтар!

* * *

"Бұл кімдікі екен?" деп,

Сәл-сәл ғана ойға қал.

"Махаббат, қызық мол жылдар"

Кітабын сонда есіңе ал!

22.04.2004.

* * *

Сенен бірнеше хат алдым,

Соғыста жүрген кезімде.

Әр хатыңды алғанда,

Бөлендім ыстық сезімге

Өзіңмен бірге жүгіріп,

Семейде жүргендей болдым.

Гоголь кітапханасына,

Қуана кіргендей болдым.

Қатарласа отырып,

Мен Пушкинді оқушы едім.

Евгенийдің173 әр сөзін

Көңілге тоқушы едім.

Сен "Ақыл азабын"174 алып,

Үнемі үңілетін едің.

Бір жолы маған:

"Сен менің Грибоедовым бол!" — дедің.

Кітап оқу ол кезде

Бір ғажайып салт еді.

Кітап сатып алуға,

Екінің бірі мәрт еді.

Кітап оқыған бала

Уақтылы тамақ ішпейтін.

Бір кітапты бастасақ,

Қолымыздан түспейтін.

Әдетіміз бар еді,

Бал тұрса да жемейтін.

Өзімізді, ұялмай,

Ұлыларға теңейтін.

Ұлыларға ұқсауды

Ешкім сөкет демейтін.

Өзімізді осы үміт

Ылғи жебеп-желейтін.

Атадым сонда мен Сені

"Менің Татьянам!"175 деп.

AT қоюды Өзіңе

Сен ылғи көруші ең жек.

Сілтейтін едің қолыңды:

"Қойшы! Мен Халимамын!" деп.

Бірақ, маған ат қойдың

Үмітшіл көңілімді демеп.

— Пушкин болу қиын ғой,

Грибоедовтай бол! — дедің.

Осы болсын мәңгілік,

Менің саған тілегім!

Кезекті хатыңды оқып,

Қуанып, ғажаптандым.

Сол тәтті тілегіңді,

Елжіреп, есіме алдым.

"Біз үлкен жатақханада,

Лубянкада тұрамыз.

Цензор қыздар тәңертең

Қызметке шұбырамыз.

"Чистые пруды" деген —

Метро стансасы.

Сол жерден алыс емес,

Мәскеудің Бас поштасы.

Солдаттар елге жазған

Хаттарға кенелеміз.

Әр тілді176 бөліп алып,

Бөлмеге жөнелеміз.

Бас алмай күні бойы,

Соларға үңілеміз.

Қуанып кей хаттарға,

Кейіннен түңілеміз.

Наград алса біреу,

Мәз болып қуанамыз.

Оққа ұшса бір жауынгер,

Қайғырып, мұңданамыз...

Шығарда метродан,

Он жаққа он қараймын.

Мүсінін Грибоедовтың

Өзіңе мен балаймын.

Кейде жүгіріп барып,

Тұғырын сипап өтем.

Шашыңды сипайтұғын

Күнге мен қашан жетем?

Япырай, жетсем екен!.."

Осылай деп жазып ең,

Майданға бір хатында.

Сол сөзің әлі күнге

Ұмытылмай жүр жадымда!

Екеуміз қосылған соң,

Шашымды мың сипадың.

Күш берді, қуат берді,

Арқамнан әр сипауың.

Сен мені өмір бойы

Баладай еркелеттің.

Сенің жан жылуыңмен

Мен асқар белге жеттім.

Грибоедовқа жетпесем де,

Өзімше атақты болдым.

Ауыртпалығын Сен көтердің,

Мен өткен барлық жолдың!

Бүгін энциклопедия қарап,

Грибоедов суретін көрдім.

Сенің сөзің ойға оралып,

Осы жолдарды өрдім.

Сенің бар жақсылығыңды

Қалай айтып тауысармын?

Тауыса алмай фәниде,

Өзіңмен қауышармын!

* * *

Есінде ме, Халима,

Базарға баратынымыз?

Екі торды толтырып,

Жемістер алатынымыз?

Сонда Сен екі тордың

Біреуін бермейтін едің. —

Жүрегің ауырады, — деп,

Қолыңды сермейтін едің.

Ол кезде дертке ұшырап,

Екі-үш инфаркт алғам.

Ауыр жүк көтеруге

Дәрігерлер тиым салған.

Ол байғұстар бәйек болып,

Менің қамымды жеген.

Үш келіден артық,

Ештеңе көтерме! — деген.

Діңкиген екі торды,

Жалғыз көтеруші едің.

Қолдасып, демеуге де

Маған рұқсат бермедің.

Бір пұт маған бұйым ба,

Сен жанымда жүрсең! дедің.

Жалғыз жүк көтергеніңе

Ішімнен қайғы жедім.

Ұялдым қасында Сенің

Бос келе жатқаным.

Қиналдым тор бауының

Қолыңа батқанын.

— Онда сен озыңқырап кет,

Бөтен біреу сияқтанып.

Мен жайлап жүре берем,

Алаңсыз, рахаттанып. —

Дедің де, тоқтай қалдың

Жүгінді жерге қойып.

Кетпедім мен қасыңнан

Сөзіне көңілім тойып.

Екеуміз сол арада,

Әзілмен егесіп қалдық.

Жан, жүрек, жайымызды

Таразы ойға алдық.

— Мен айтқанмен Өзіңді

"Төбедегі Күнім!" — деп.

Жұрт жүрмей ме мазақтап:

— Күйеуінің күні! — деп.

— Жаның сүйген жарыңның

Күңі болсаң несі бар?!

Оған артық бақыт жоқ

Әйел үшін есі бар!

Жұрт не десе, о десін,

Патша біздің — махаббат.

Падишаны құрметтеу,

Адал болу — рахат!

Жұрт не десе, о десін,

Біздің Отан — махаббат.

Отан үшін от кешу

Азап емес — рахат!

Жаныңды жарыңа жалғау

Ешқандай күндік емес!

Ол үшін көшеде тұрып,

Екеуміз қылмайық егес. —

Дедің де еркелетіп,

Мені иығымнан қақтың.

Мен сонда сезбеппін ау,

Басымда тұрғанын бақтың!

Екі торға еңкейіп,

Жымия маған қарадың.

Мен сол сәтте Өзіңді

Періштеге баладым.

Ой хой, дүние, сол бір сәт

Енді қайтып келер ме?

Махаббаттың ләззат,

Рахатын берер ме?

Мың күн болды, мінеки.

Жалғыз келе жатырмын, Халима!

Періштеден адасып,

Жерде жүрген пақырмын, Халима

Сол махаббат сүйенер,

Өмірдегі тірегім, Халима!

Атынды атап Өзіңнің,

Соғып жатыр жүрегім, Халима

Тоқтау

Осалдығым болды бір

Оны айтқанмын Өзіңе.

Ерегесіп Сен маған

Шөп салмадың көзіме.

Қиналсаң да күрсініп,

Ол қатемді кешірдің.

Қызыл отын қызғаныш

Жүрегіңнен өшірдің.

Бұл ісіңді ешкімге

Айтпа! дедің. Айтпадым.

Содан кейін адалдық,

Ақ жолымнан қайтпадым.

Елу төрт жылда бір рет

Қызартпадың бетімді.

Өмір бойы өзімнен

Өзгертпедің ниетіңді!

Әйел аз ба өмірде,

Айғай-сүрең салатын.

Күйеуіңнің қит етсе,

Бетін тырнап алатын?!

Жер қозғалып жатса да,

Қозғалмаған асылым!

Қымтап алды-артымды,

Кемтігімді жасырдың.

Ұнатпаушы ең бірін де

Асыр менен тасырдың.

Ақыл, мінез ісіңмен

Атағыңды асырдың.

Сом алтынға теңейтін

Әйелінің бірі едің —

Жиырмасыншы ғасырдың!

Айналайын, Халима.

Аруағыңа бас ұрдым!

Шерімді айтып азайттым,

Жүректегі жүгімді.

Тоқтатайын осымен

Жоқтауымды бүгінгі.

22-24.04.2004.

Ш жыл

Сенің алтын жүрегің,

Махаббатқа толы еді.

Кішіпейіл, құрметшіл,

Адамдығың мол еді.

Ақыл, көрік, парасат

Барлығына бай едің.

Мінезіңе бір тоға

Адалдығың сай еді.

Сен жүргенде жанымда

Көңілім мүлде жай еді.

Өз қолыңнан татырған

Қара суың май еді.

Үш жыл болды, мінеки,

Сенсіз мүлгіп отырмын.

Кең дүниені көрмейтін,

Су қараңғы "соқырмын".

Қайғы кернеп кеудені

Қабағымды басты мұң.

Болып кеттің Сен маған,

Қол жетпейтін биік шың!

Үш жыл салып тынбастан,

Күмбезіңді көтердім.

Дей алмаймын сонда да,

Қарызыңды өтедім.

Қуандырдың, күлдірдің,

Ұрпақ бердің Сен маған.

Қанша өмір сүрсем де,

Қарыздармын мен Саған!

27.07.2004.

Кезекті хат

Жүрген кезде соғыста

Күтуші едің менен хат.

Жазған хатым жеткенше

Таппаушы едің еш тағат.

Енді жазып отырмын,

Өмір деген майданнан.

Хабарымды айтайын,

Өзіңе деп арнаған.

I

Жүз жыл болды жақында

Абай атаң өткелі.

Қоштасып бұл жалғанмен,

Ол дүниеге кеткелі.

Соған арнап ас берді

Мұхтар Жомарт177 бауырың.

Басын қосып қазақтың,

Бар зиялы қауымын.

Шешен сөздер сөйленді,

Ақ Ертістей ағылып.

Атамызға ардақты

Барлық атақ тағылып.

Маған-дағы сөз тиді,

Астың аяқ жағында.

Айттым айтқан сөзіңді

Қош тасқан сәт-шағыңда.

— Құран оқу білмейсің,

Оқы Абай өлеңін.

Қабылдаймын құран деп

Әрбір сөзін! — деп едің!

— Барған сайын басына,

Айтам Абай өлеңін.

Өсиетін жарымның

Мен орындап келемін! —

Осылай деп атадым,

Аста Сенің атыңды.

Асшыларға паш еттім,

Мәңгілік махаббатыңды.

II

Өз апаңның Тұрсынхан,

Жылын және өткіздік,

Төрт қасиетін түгендеп,

Жұртқа тегіс жеткіздік.

Ақындығы, әншілік,

Азаматтық бейнесін.

Еске алдық ғалымдық,

Қызметін әммесін.

Мен де сөйлеп апайдың,

Ұлтжандылығын айттым.

Сәбиттің178 қамқор ісіне,

Риза боп қайттым.

III

Кейбір ас пен тойларға

қатысумен келемін.

Барлық жерде мынадай,

Өз батамды беремін:

Қазақстан картасындағы жер

АМАН БОЛСЫН!

Ол жерді мекендеген ел

АМАН БОЛСЫН!

Ол елдің негізі ел

АМАН БОЛСЫН!

Қазақтарды: Өсіріп,

Өркендетіп,

Көбейтіп,

Көркейтіп отырған Аналар

АМАН БОЛСЫН!

Аналардан туған балалар

АМАН БОЛСЫН!

Баладан өсіп, ер жетіп,

Қазақ халқын

Ұлт санатында сақтап келе жатқан Ана Тіліміз

АМАН БОЛСЫН!

Мемлекеттің ішкі, сыртқы

Саясатын сараптап:

Ұрысқа ұрындырмай,

Соғысқа соқтықтырмай,

Халықты бейбіт өркендеу жолымен

Алға бастап келе жатқан

Президентіміз Нұрсұлтан

АМАН БОЛСЫН!

Елдің экономикасын,

мәдениетін,

әдебиетін,

өнерін,

Өрге сүйреп келе жатқан зиялылар

АМАН БОЛСЫН!

Осы айтқандарым

айнымай келсін!

Қазақша айтқанда,

Қабыл болсын!

Арабша айтқанда,

ӘУМИН! деймін.

* * *

Айналайын, Халима,

Ақиреттік досым ең.

Хабарымды әзірге,

Аяқтайын осымен.

Өзің маған тапсырған,

Алда талай жұмыс бар.

Ден қояйын соларға,

Дәргейіне болып зар.

22.09.2004.

Наши рекомендации