Капитан б. Қасымоваға

Астана қаласы

Р Қорғаныс министрлігі

Ымбатты Бақыт қарындасым!

Хатыңызды алдым. Ала сала өтінішіңізді орындауға кірістім. "Әскери жинаққа арналған анықтама" деген мақала жазып бітірдім. Бірақ, Сіз Хатыңыз Ұлы Отан соғысына катысқан Қазақстан әйелдері туралы Сіздер шығарғалы жатқан кітаптың жанрын "энциклопедиялық па, әлде публицистикалық па" және оған жазылатын мақаланың көлемін көрсетпеген екенсіз. Сондықтан өз білгенімше нобайладым.

Хатыңызда көрсетіл гендей, сержант Халима Өзбақанованың әскерде болғанын, одан кейін қандай қызмет істегенін дәлелдейтін мынадай құжаттар жіберіп отырмын:

1) 10-класс оқушысы Халима Өзбаканованың 1942 жылы мектеп бітіре сала өзі сұранып әскерге алынғаны, Чита облысының Борзя стансасы маңында орналасқан әскери бөлімде радистка болғаны, денсаулығы жарамай, ақ билетпен әскерден елге қайтарылғаны жайында құжат сақталмаған. Ол жайында Халимамен әскерге бірге алынған құрбылары О. Мысырованың, И. Жағыпарованың, X. Елубаеваның, Ш. Ботаханованың және З. Әркешованың Сіздер шығаратын осы кітапқа арнап жіберген материалдарында айтылуға тиіс. Ал келгеннен кейін ақ билетін әдейі жыртып тастағанын маған өзі айтқан болатын. Басқа военкомат арқылы әскерге қайта кету, қайтсе де майданға баруды ойлаған.

2) X. Өзбақанованы армия қатарында кызмет істеу үшін Мәскеу қаласына жіберу туралы Қазақ ССР НКГБ-сының 1944 жылғы 4-мамырдағы бұйрығы бойынша берілген жолдаманың көшірмесі.

3) НКГБ Мәскеу қалалық басқармасының қарамағына барған X. Өзбақановаға берілген киім тізімінің көшірмесі.

4) X. Өзбаканованың НКГБ Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысы басқармасының қарамағында істегені туралы анықтаманың көшірмесі.

5) НКГБ Мәскеу қалалық және Мәскеу облыстық басқармасының Мәскеу қаласының Октябрь көшесіндегі 38 үйде (жатақханада) тұратын X. Өзбақановаға төлқұжат алу үшін берген анықтамасы.

6) Сол басқарманың X. Өзбақановаға төлқұжат ауыстыру үшін берген анықтамасы.

7) НКГБ АХФО-сының зейнеткерлікке шығарылған X. Өзбақановаға зейнетақы беру туралы жолдамасы.

8) НКГБ Мәскеу облысы басқармасы АХФО-сының X. Өзбақановаға берген 2196 нөмірлі зейнеткерлік кітапшасы.

9) X. Өзбақанованың әскерден босап, Мәскеуден елге келгеннен кейін Семей облысының Шар ауданына қарасты Ново-Таубинко мектебіне мұғалім болып тағайындалғаны туралы анықтама.

10) X. Өзбақанованың Қыздар педагогикалық институтын бітіргені туралы диплом.

11) Институт бітіргеннен кейін, Алматы қаласындағы №22 мектепке мұғалім болып тағайындалғаны туралы бұйрық.

12) Бэлла Баймұхамедованың "Дневник типичного представителя" деген кітабының Халима туралы айтылған жерінен көшірме.

13) Қабіртасқа жазылған сөз бен эпитафия.

14) Х.Қ. Өзбақанова-Нұршайықованың жыртыс ретінде жұртқа таратылар кітаптарға өз қолымен жазып кеткен қолтаңбасының көшірмесі.

15) Ақын Кеңес Сайдалыулының "Махаббат жыры Халима жеңгеме" деген өлеңі.

16) Ақын Мыңбай Рәштің "Мәңгілік махаббат күмбезі" деген Халимаға арналған өлеңі.

17) Ақын Марфуға Айтқожинаның "Әз ағаңа (аяулы жеңгеміз Халимаға Әз ағаң орнатқан ақ күмбез туралы ой)" деген өлеңі.

18-23) Жан жары, әдеби серігі X. Өзбақанова Нұршайықованың қайтыс болуына байланысты Ә. Нұршайықовқа келген көңіл айту жеделхаттары.

24) Ә. Нұршайықовға ХАЛИМА. Мәңгілік махаббат жыры. "Жұлдыз" журналы, №3, 2003.

 25) Президент Н. Назарбаевтың Ә. Нұршайықовқа жазған хаты (06.01.2003).

Фотосуреттер

26) Кіші сержант X. Өзбақанова. 1944. Мәскеу.

27) Сержант X. Өзбақанова. 1945. Мәскеу.

28) Ерлі-зайыпты Ә.Нұршайықов пен X. Өзбақанова.

29) Алматының "Кеңсай-2" зиратындағы Халима күмбезі.

Ымбатты Бақыт!

Бұл материалдарды алғаныңызды хабарлап, хат жазарсыз деп сенемін.

Зор құрметпен ағаңыз

Сізді алда келе жатқан Ұлы жеңіс күнімен құттықтаймын.

Зілхан Нұршайықов.

30.04.2003 ж.

СОҢҒЫ ХАТТАР

Халима!

Өткен жолы түсірген УЗИ-дің қорытындысы қандай болды? Дәрігер не деді?

Диктофонды Арнұр мен Серіктің біріне бер. Солар жөндетсін. Ол үшін өзің жүгірме. Олардың қолы тимесе, жата берсін. Мен керек ойларымды қағазға түсіруге тырысармын.

Мұхтар Мағауинге телефон соғып, алғыс айт. "Жұлдыздағы" /1 11, 1993/ "Этнографиялық естелік" ете жақсы шығыпты. Әр жерін әдемі қысқартыпты. Сондықтан көркем шығармаға ұқсап қалыпты. Соған қатты риза болып жатырмын. Сен Мұхтар мен Бақытты және олардың балаларын менің жаңа жылмен құттықтайтынымды айт. Және Мұхтардың 31 желтоқсанда үйге телефон соғып, құттықтағанына шексіз риза болғанымды жеткіз. Тіпті болмаса, телефонмен менің осы хаттағы сөздерімді оған оқып бер. Мұхтар жоқ болса, Бақытқа оқып бер.

"Азаттық" радиосынан Мұхтардың 100-тарихи әңгімесін тыңдадым. Өзі әдебиетші бола жүріп, тарихты мұндай терең білуі нағыз даналық қасиет. Осы қасиетінен айналайын, аман болсын, бауырым! Ұмытып кетпей, бұл сөздерді де айтарсың не Мұхтарға, не Бақытқа. Бақытқа диктовать ет: қайнағанның мына бір ауыз сөзін жазып алып, Мұхтарға жеткіз де.

Машинистка хабарласты ма?

Баталова Элеонораға /кітап дүкеніндегі/ менен сәлем және Жаңа жылмен құттықтау айт. Ағаң: Г.Ф. Шумахердің "Последная любовь Нельсона" деген кітабын тауып берсін деп өтініш жасап жатыр де. Ақшасын төле.

Нұрым Сансызбаевқа телефон соқ: "Құттықтау хатын оқыдым. Жылы лебіздеріне разымын. Бәрінің амандықтарын тілеймін" деп айтты де.

Бүгінгі тапсырмаларым осы саған. Мені көп ойлай бермеңдер. Нешауа! Жазыламыз, әрине!

Сендердің папаларың:

Наши рекомендации