Танымдық үдерістерді дамытуға арналған ойындар
«Менімен қайтала»
Мақсаты: моторлы координацияларды дамыту
Ойынның сипаттамасы:
Жүргізуші-педагог. Ол қандай да бір санамақ айтады және бір уақытта ритмді түрде қайталауға қимылдар жасайды: тізесін шапалақтайды, қолдарын көтереді, басын изейді. Бала қимылды тура қайталауы керек. Белгілі бір нәтиже жетістігі арқылы педагог қимылдар тәртібін өзгертеді. Бала өзгерісті байқап, өзгеруіне сәйкес қимылдарды орындауға тырысу керек. Егер бала мұны да орындаса, онда ол жүргізуші болады.
Ұсыныстар: санамақты алдын ала жаттап алу керек.
«Кім көп біледі?»
Мақсаты:сөйлеу мен ойлауды дамыту
Ойынның сипаттамасы:
Балаға қандай да бір етістік (мысалы - қашу) ұсынылады, ал бала осы әрекетті орындайтын заттарды, көп объектілерді айтуы керек. Мысалы, қаша алады: ұл бала, сүт және т.б.
Ұсыныстар: тапсырманы біраз түрлендіруге болады, егер тек зат есімді ғана емес, сонымен қоса сын есімді таңдауды ұсыну, мысалы: тез, ақырын жүгіру және т.б.
«Есіңде сақталған бойынша сипатта»
Мақсаты: есте сақтау, зейінді дамыту
Қажетті лайықтау: қуыршақ
Ойынның сипаттамасы:Педагог балаға қуыршақ көрсетеді. 30 секунд ішінде оны мұқият қарау керек және өте ұсақ бөлшектерді есте сақтауға тырысу керек: ол не киген, шашының, көзінің түсі қандай және т.б., сосын педагогтың сұрағына жауап береді.
Ұсыныстар: қосалқы сұрақтарды қиыншылық туындаған жағдайда ғана қойылуы керек.
«Аквариум»
Мақсаты: тактильды сезімдалдықты дамыту, қысымды шешу.
Керек құрал-жабдық: су құйылған ыдыс, түймелер.
Ойынның сипаттамасы:
Педагог ыдысқа 2-3 түймені салады да, балаға бұл «аквариум», ал түймелер – «балықтар» деп түсіндіреді. Осыдан кейін балаға тағы бірнеше «балықтарды» «аквариумға жіберуін» сұрайды. Сосын балаға көзін жұмып, «аквариумға» қолын салып, одан «балықтарды» табуды сұрайды, «аквариумда» басынан жүрген.
Ұсыныстар: бала «балықтарды» танығаннан кейін, олардың санын көбейтуге болады. Сумен өзара әрекет ету баланың өзіндік дамуы үшін өте маңызды: олай болса, ол қысымды түсіреді және түйсік арсеналына байытады.
«Сіріңкеден жасалған өрнек»
Мақсаты: ырықты зейнін, есте сақтауын, ұсақ моторикаларын, кеңістік қабылдауын дамыту
Керек құрал-жабдық:3 сіріңке
Ойынның сипаттамасы:
Педагог сіріңкені алақанына салып, сосын араластырып, үстелдің үстіне тастайды. Баламен бірге пайда болған фигарларды қарайды: сіріңкелер қалай жатты?
Сірікелердің ұштары қай жаққа қарайды?
Сіріңкелер бірінің үстіне бірі жатыр ма?
Педагог баладан өзі сіріңкеден туындаған фигаруны жасауын сұрайды. Осыдан кейін екі өрнекті де қағаз бетімен жабады. Балаға есте сақтауы арқылы бірінші фигураны қайта есіне түсіруін, бірінші фигураның ағасын (әпкесін) табуын өтінеді.
Ұсыныстар: бала үшін бұл тапсырма қиын болуы мүмкін, сондықтан ересек адам алдымен барлығын өзі қимыл-әрекетін дауыстап айтуы керек.
Осылай ойынды бірнеше кезеңге бөліп, кейін толық ойын құруға болады.
«Үлкен көз»
Мақсаты: көріп есте сақтау қабілетін дамыту
Керек құрал-жабдық:2 топтарға диффернциацияланған суреттер
Ойынның сипаттамасы:
Дифференциацияланған топтар бойынша суреттерді педагог қатарға қояды. Балаға суреттер 10 секунд ішінде көрсетіледі. Ал сосын ол есінде сақталған суреттерді айтып беруі керек. Содан кейін қайтадан 10 секундқа тағы суреттер көрсетіледі. Балаға суреттерді рет-ретімен есте сақтауын сұрайды. Осыдан соң педагог балаға екі-үш суреттің орнын ауыстырып қайта 10 секунд уақытқа көрсетеді. Бала қандай суреттердің орны ауысқанын, оларды өз орнына қоюы керек.
Ұсыныстар: педагог ойынға белсенді қатысады. Бала барлық қимылдарды меңгергеннен кейін педагог әдейі баланы «шатастыру» үшін, қате жібереді. Мысалы, «аспан» деп, «жердің» әрекетін көрсетуі мүмкін.
«Сипап сезіп тап»
Мақсаты: зейінді, есте сақтауды дамыту.
Керек құрал-жабдық:ойыншықтар
Ойынның сипаттамасы:
Балаларға бірнеше ойыншықтар беріледі. Педагог балаларға қандай да бір ойыншық туралы айтады. Балаға бірнеше сұрақтар қоюға болады, егер ол мүлде қандай ойыншық туралы айтылып тұрғанын түсінбеген болса, сосын ол бөлмеден сол ойыншықты табуы керек.
Ұсыныстар: қандай да бір ойыншықты сипаттау кезінде болмашы бөлшектерден немесе жанама белгілерден бастағаны жөн. Мысалы, бұл ойыншықпен қыз балалар ойнағанды жақсы көреді деп айтуға болады.
«Суреттерді жина»
Мақсаты: ойлау, қолдың ұсақ моторикаларын дамыту.
Керек құрал-жабдық: қандай да бір зат бейнеленген, бірнеше бөлікке бөлінген карточка.
Ойынның сипаттамасы:
Балаға үстелде жатқан бөлшектерден суреттерді жинап, одан бір зат жасауын сұрайды.
Ұсыныстар: кіші жастағы балаларға қарапайым ірі бейнелері бар суреттер беріледі.
«Сипап сезіп тап»
Мақсаты: қолдың ұсақ моторикаларын, тактилді сезімталдығын дамыту.
Керек құрал-жабдық: «керемет» қап, әртүрлі ұсақ заттар, көзге тағылатын таңғыш.
Ойынның сипаттамасы:
«Керемет» қына онға дейін үлкен емес заттар салынады. Бала оның ішінде не жатқанын сипап табуы керек. Тапсырманы орындауға 30 секунд беріледі. Кім көп заттарды атайды сол жеңімпаз атанады.
Ұсыныстар:кіші жастағы балаларға қапқа салынатын заттар алдын ала көрсетіледі. Тексерілу кезінде басқа қатысушылар оның жауабы дұрыс екеніне көз жеткізу үшін бала тапқан заттарының көрсетуі керек.
«Қаламаушылық»
Мақсаты:қимыл-қозғалыс белсенділігін, ойлау процестерін дамыту.
Ойынның сипаттамасы:
Тақпақ оқығанда бала соған сәйкестендіріп қимылдар жасайды.
Мына ұл бала, менің танысым (балалар адымдайды)
Кеше үйден қашып кеткен (балалар жүгіреді)
Оның жуынғысы келмейді (бастарын изейді, сосын жууынуды көрсетеді)
Киінуге, (киінуді көрсетеді)
Жинауды (сыпыруды көрсетеді)
Жеу мен ішуден жалықтым (тамақ жеу және ішу процесін көрсетеді)
Және рахмет айтудан (иіледі)
Пианинода ойнауды (пианинода ойнауды көрсетеді)
Ананың қолынан ұстап салмақты жүру зеріктіреді (жүру)
Көшеде бір сағат қыдырғанды .
Үйде қалғым келмеді (бастарын изейді)
Кеше үйден кеттім (Жүріс)
Ол жападан жалғыз (қолымен шеңбер жасап көрсетеді)
Ол жел сияқты еркін (құстың ұшуы)
Не қалайды, соны қалайды (Жармасатын қозғалыс)
Қаламаса - алмайды (Жиіркенішті қозғалыс)
Ол келе жатыр, келе жатыр, міне оған (Жүріс)
Жалғыздықтан зерікті (басын түсіру)
Кім оның қолын алады? (иықтарын қимылдатады)
Кім зерігуді ертегімен көтереді? (қимылын келтіру «балапандардың»)
Ешкімге сөйлегісі келмей.
Ол тамақ ішіп, ұйықтағысы келді (тамақ ішу мен ұйқыны көрсету)
Анасын көргісі келді («бинокль»)
Тіпті гамманы да
Қатты, қуанышты ойнағысы келді (күйсандықта ойнауды көрсету)
Мұнда менің таныс ұлым ғой
Қайтадан артына бұрылды (жүріс)
Бұрын шыдамағандарды,
Қаламаушы қалады (келісу белгісіне бас изейді).
Ұсыныстар: мұндай ойындар балаларға ұнайды, олар баланың жалпы дамуына көмектеседі. Ерекше мұқтаждығы бар балаға бірінші кезде ересектер барлық әрекетті орындауын талап етпей, бәрін әрекеттерді өзі көрсетуі керек, бала өзіне ұнаған, есіне сақталған және т.б. әрекеттерге қосылады.
«Жалпыны тап»
Мақсаты: ойлауды дамыту.
Керек құрал-жадбық: кез келген заттардың атауы немесе бейнесі бар каточкалар.
Ойынның сипаттамасы:
Педагог екі карточка көрсетеді, ал балалар осы заттардың қандай жалпы ұқсастықтары бар екенін айтуы керек. Мысалы, ұшақ пен машина. Екеуі де адамның қолымен жасалған, жүре алады, олар темірден жасалған, олар үшін жанар май – бензин, дүрілдетер кезде екеуі де шуылдайды және т.б.
Ұсыныстар:кей жағдайларда балаға бірінші кезде жалпы ұқсастығы жоқ заттар ұсынылады, жүргізуші балалардың іс-әрекетін туындаған сұрақтармен қасиеті, өлшемі, осы заттармен әрекетін ынталандыру керек.
«Құлып»
Мақсаты: ұсақ моторикаларын дамыту.
Ойынның сипаттамасы:
Педагог тақпақ оқиды, ал балалар белгілі бір қимылды орындайды.
Есікте құлып ілініп тұр.
Оны біреу аша алады?
Тартады...
Бұрғылайды...
Тоқылдатады...
Ол ашылды!
Ұсыныстар: бірінші кезде міндетті түрде ересектер қатысуы керек.
«Алма»
Мақсаты: зейінін шоғырландыру қабілетіне үйрету, көрген ақпаратын шоғырлану іскерлігі; ұқсас заттардан ерекшеленетін белгілерді табу.
Керек құрал-жабдық: 3 бірдей алма.
Ойынның сипаттамасы:
- Бұл алма. Оны назар қойып қараңыз, оның түсін, дақтарын, тамыршықтарын есіңе сақтауға тырысыңыз. Сосын мен сенің алмаңды аламын, оны басқалармен араластырамын, сосын сен өз алмаңды табуың керек.
Балаға алманы зерттеуге 3 минут уақыт беріледі. Содан кейін педагог алмаларды араластырады. Сосын бала өз алмасын іздейді. Бала өз ламасын тапқаннан кейін барып педагог балаға өз алмасын береді.
Ұсыныстар: бастапқы кезде бір-бірінен түсі, өлшемі бойынша ерекше айырмашылығы бар алмалар алу керек. Сосын ары қарай күрделендіруге болады.
«Құлағыңды түріп тыңда» (1 нұсқа)
Мақсаты: есту белгісіне зейінін шоғырландыру қабілетіне үйрету; тыңдау және есту іскерлігі.
Ойынның сипаттамасы:
Тыныш бөлмеде педагог бала өзі ести алған (терезе сыртындағы шуылдар, форточканың сықыры және т.б.) дыбыстарға келтіруді сұрайды. Бала бала барлық естіген дыбыстарын айтып шығады.
Ұсыныстар:егер бала тапрсыманы орындай алмаса, онда педагог шуылдақ жағдай туындатады, мысалы, алдын ала дайындалған қағазды, целлофанды шықырлатады.
«Құлағыңды түріп тыңда» (2 нұсқа)
Мақсаты:есту белгісіне зейінін шоғырландыру қабілетіне үйрету; жаңа жағдайда дыбыстарды тыңдау және есту іскерлігі.
Ойынның сипаттамасы:
Осы жолы ойынды шулы (ойын) бөлмесінде немесе көшеде өткізу керек. Педагог баладан естіген дыбысты келтіруді сұрайды. Бала естіген дыбыстарын көп айтып шығу керек. Баланың назарын жаңа жағдайда түрлі дыбыстарға аудару керек.
«Менің айтқанымды және көрсеткенімді жаса»
Мақсаты:ересектің дифференциациялаған тапсырмасына жаттығу.
Ойынның сипаттамасы:
Педагог әртүрлі қимылдар жасайды және оларды атайды.
(«Оң жұдырығымды қысамын, сол қолыммен желкемді қасимын, мұрынымның ұшын ұстаймын, терезеге бұрыламын ...»).
Қимылдың жартысы ауызша сипаттамамен сәйкес келмеу керек.
Бала тапсырманы «дұрыс» орындауы керек, ал «дұрыс емес» орындамауы керек.