Оқу - педагогикалық практикасының мақсаты

Оқу - педагогикалық практикасының мақсаты:

Студенттерді жалпы орта білім беретін мектеп, оның бастауыш сатысының жұмыс мазмұнымен, материалдық базасымен, мектептің нормативтік құжаттарымен таныстыру. Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіптік іс-әрекеті, кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының дамуы, мұғалім – оқушы қарым-қатынасы ерекшеліктерімен таныстыру.

Білім:

-ҚР-ның кәсіптік әрекет аясындағы құқықтық және адамгершілік –этикалық нормалар жүйесінің негізін;

- адами құндылық нормаларына негізделген толеранттық, адалдық, әділдік, мамандығына және балаларға деген сүйіспеншілікті;

- жалпы педагогиканың методологиялық негіздері мен категорияларын; даму заңдылықтарын және бастауыш сынып балаларының әлеуметтік қалыптасуын;

- бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшелігін, анатомиялық-физиологиялық және психикалық даму ерекшеліктерінің негізгі заңдылықтарын;

– білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың теориялық негіздерін;

- білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыруға ата-аналарды тарту әдістері мен инновациялық формаларын;

- педагогикалық үрдістегі үштік ( бала ата-ана, тәрбиеші) қарым-қатыстың орыны мен маңызын;

мұғалім мен және мектептегі оқу-тәрбие процесі туралы студенттердің толық түсінігін қалыптастыру.

Білік:

-оқу-тәрбие үрдісін жобалау, педагогикалық әрекетті жоспарлау, педагогикалық мақсатқа жету;

- бір тұтас педагогикалық үрдістің нәтижесін бағалау, реттеу, оқу-тәрбие –үрдісін құру;

- бастауыш сынып оқушыларының жас және жеке-даре ерекшелігін есекріп, оқу-таным әрекетін ұйымдастыру;

- бастауыш сынып оқушыларының жеке және топтық қарым-қатынасын ұйымдастыру;

-бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде қазіргі технологияларды пайдалану;

-бастауыш сынып оқушыларының өзіндік, танымдық, шығармашылық әрекетін ұйымдастыру үшін заттық, кеңістік орта құру;

- кәсіби әрекетте және күнделікті өмірде денсаудық сақтау технологиясын қолдану;

- өздігінен оқу, өзіндік үйрену стилін сезіну, ойлау, өздігінен білім алу, өзіндік даму қажеттілігін жетілдіру.

- мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешісінің педагогикалық іс-әрекетіне кәсіптік қызығушылықтың негізінде студенттердің кәсіптік позицияны және тәрбиеші еңбегінің қыр-сырын оқып-үйрену біліктілігін қалыптастыру.

Дағды : педагогикалық мәдениетті қалыптастыру мен байқау жазбаларын жүргізе, талдай, алынған хабарларды тарата, оларды практика күнделігінде толық және дұрыс бере білугк дағдыландыру.

- компьютерлік сауаттылығы;

- тілдік және сөздік дамуы;

- мектеп жасына дейінгі балалармен қарам-қатынасты ұйымдастыру; шығармашылық іс-әрекет;

- бастауыш сыныпта тұтас педагогикалық үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану;

- жалпы мәдени құндылықтарды және әдет-ғұрыптарды балаларға жеткізе білу, өзін тұлға ретінде сезіну;

- педагогогикалық ынтымақтастықты ұйымдастыру (бала- педагог, педагог - бала, педагог - ата-ана).

Жұмыс бағдарламасы төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастырады:

  • Жалпы мәдени құзыреттілік

- басқа адамдармен қажетті қатынасты ұстау және қолдау қабілеттілігі;

- ақпараттық технологияны меңгеру қабілеті, барлық ақпарат құралдарымен жұмыс істеуі, өздігімен іздей білуі, қажетті ақпаратты таңдауы және талдауы, ұйымдастыруы, жасауы, сақтауы және жеткізе алуы.

- өзінің міндетін атқаруда кешенді келуі және талдау ойлай білуі қабілеті, өзін-өзі жетілдіру және дамыту, тұлғаның кәсіби өзгеруін құралдарын меңгерген.

- әлеуметтік өзара әрекетте өмір сүре алуы және қалыптасу қабілеті, басқалармен келісе алу мүмкіндігі және жауапкершілік пікір таласта тиімді бейімделуі мен өзгере алуы. Кәсіби бірлестікте қатынасты сақтауы, өзінің кәсіби еңбегінің нәтижесіне әлеуметтік жауапкершілікпен қарауы..

- ақпараттық технологияны меңгеру қабілеті, ақпараттың барлық түрімен жұмыс істеуі, ақпаратты өздігінен іздеп тауып, талдау, керекті мәліметті алу, ұйымдастыру, қайта құру, сақтау және оны бере білу қабілеттілігі.

  • Кәсіби құзыреттілік

- Арнайы құзыреттілік

- Коммуникативтік құзыреттілік

- Ақпараттық құзыреттілік

- Зияткерлік құзыреттілігі

- Әлеуметтік

- Дара құзыреттігігі

- Бейіндік құзыреттілігі

Практиканың міндеттері:

Наши рекомендации