ІІІ-тарау. Қазақстан тарихындағы тәрбие, мектеп және
Педагогикалық ой-пікірлер
Ерте заманнан Қазақ хандығының құрылуына (YI-ХY)ғ.ғ. дейінгі Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер.
Тарихтан белгілі көне түркілер ұрпағы – қазақтардың этногенезі туралы сөз қозғасақ, олар жоғарыда айтылған Енисей жазба ескерткіштеріндегі мәліметтерге қарағанда және көне Қытай, Ұйғыр, Моңғол жазбалары бойынша арғы тегі Моңғол тектес Ғұндар мен Үнді-Иран тектес Қыпшақтар мен Сақтардың, түркі тектес Үйсін, Қаңлылардың қосындысынан пайда болған Еуразия даласының көшпенділері екені байқалады. Қазақтың этногенезінде Керейттер мен Наймандардың, Арғындар мен Қоңыраттардың, Алшын, Жаппас, Шектілердің де болғанын тарих дәлелдеп отыр. Ол жөнінде атақты тарихшы В.В.Бартольд, Л.Н.Гумилев, Х.Арғынбаев, Ә.Марғұлан т.б. еңбектерінде дәйекті дәлелдер келтірілген. Қазақ хандығы ХҮ ғ. орнағанымен қазақ ұлтының аты одан әлдеқайда ерте ҮІ ғ. өзінде-ақ төңіректің төрт бұрышына белгілі болған. Ол жөнінде М.Шоқайдың, түрік профессоры З.Ұ.Тоғанның, фольклорист-ғалымдар: Ә.Диваев, Ә.Қоңыратбаевтың, тарихшы-ғалымдар М.Х.Дулатидің, Ш.Уәлихановтың, А.Н.Бернштамның, М.Ақынжановтардың зерттеу еңбектерінде айтылған. Ал қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі – халық педагогикасынан, оның ауыз әдебиеті үлгілері мен тұрмыс-тіршілігімен байланысты туындаған салт-дәстүрінен, ұлттық музыкасы мен өлең-жырларынан, қолөнер түрлері мен ұлттық ойындарынан бастау алған.Ұлттық мәдениеттің ұрпақ тәрбиелеудегі ерекшелігін зерттеу ісімен ғылыми педагогиканың бір саласы этнопедагогика айналысады. Этнопедагогиканың мақсаты – жастарға халықтық салт-дәстүрлер мен ұлттық мәдениет түрлерінен білім, білік, дағдыларды меңгерте отырып, олардың ұлттық сана-сезімі мен дүниетану көзқарасының қалыптасуына ықпал ету.
Азақ халқының педагогикалық мәдениетінің даму тарихы. Қоғамдық процестің (ежелгі түркілердің жазба ескерткіштері, Әл-Фараби мұрасы, Алтын Орданың құлау дәуіріндегі ойшыл ақындардың туындылары) пайда болуының бастапқы кезеңдері мен қайнар көзі.
Алғашқы педагогикалық ілімнің пайда болып, қалыптасу кезі. ҮІІ-ХҮ ғ.ғ (орхон-енесей жазба ескерткіштері, Әл-Фараби мұрасы, Алтын Орда құлау дәуіріндегі ақындар –ойшылдардың ілімі қазақтың халық педагогикасын құрайды) Ең алғашқы жазба түрлеріне орхон-енесей немесе ертедегі түрік жазбасын жатқызамыз. Тасқа ойып жазылған бұл деректер бізге ертедегі көшпенділердің тұрмысы, өмірі, мәдениеті туралы мәліметтерді жеткізді. ІХғ ауызша ежелгі түрік дәстүрлері аты аңызға айналған Қорқыт ата есімімен байланысты болса, ІХ-Хғ педагогикалық ілім қазақ даласының ұлы Әбу-Насыр Әл Фараби есімімен жалғасады. ХІІІғ басында Орта Азия мен Қазақстан жеріне Шыңғысхан әскерлері кірді. Көп ұзамай-ақ бұл аумақтар Алтын Орда қол астына өтті. Фараби Отаны Отрар –орта ғасырдағы мәдени орталық болып гүлденген қала ( мұнда обсерватория, кітапхана, медресе, керуен-сарай болды) қарсылық көрсеткенімен 6-айдан кейін ол да құлады. Сөйтіп Отрардағы Александрия кітапханасынан кейінгі бай кітапхана өртеніп кетті.
Азақ халық педагогикасы. Ислам. Мұсылмандық мектептер мен медреселер. Мұсылмандық мектептер мен медреселердегі білім беру мақсаты, мазмұны. Оқыту әдістері. Орта ғасырлардағы исламдық педагогикалық ойлар.
Қазақ халқының тарихында ерекше жағдай болды. ХҮ ғасырда (қазіргі Тараз облысының терр) Шу өзенінің алқабында ертефеодалдық типтегі - бірінші қазақ хандығы құрылды. Астанасы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы құрылып, қазақ халқы ислам дінін қабылдағаннан кейін Түркістан сияқты қалаларда мешіттер жанынан медреселер ашылды. «Медресе» –араб сөзі, орта және жоғары оқу орны деген ұғымды білдіреді. Медресе тек мұсылмандық оқу үйрететін орталық қана емес, сонымен қатар мәдени орталық та болды. Мұнда атақты ақындар, ағартушы-демократтар білім алған. Медресе жанында ірі кітапханалар жұмыс істеген. Медресені бітірушілерге арнайы құжат берілген. Медресеге сабақ беруге молдалар Орта Азиядан, Бухарадан, Хивадан шақырылған..Медреседе діни сабақтан басқа заң тарихы, шешендік өнер, этика, философия, медицина сияқты ғылымдар оқытылған. Медреседен дәріс алған шәкірттер ауылдық жерлерге барып балаларды оқытқан. Оқушылар күзде және қыста оқыған. Оқыту мерзімі -4жыл болған. Оқыту үрдісі- Құран кітабынан «Иманшарт» пен 28 әріптен тұратын араб әліппесін жаттаудан тұрған. Сонымен қатар 1789жылы Орынбор қаласындағы мешіт жанынан «Хұсайния» медресесі, 1825жылы Орынбордағы татар мектебі негізінде Неплюев кадеттер корпусы ашылған. Кадет корпусының алғашқы тәрбиеленушілері Ішкі Орда қазақтарының балалары болды. 1851жылы Орынбордағы кадет корпусын 8 қазақ жігіті бітіріп шығады.