Келісім шарттың әрекет ету мерзімі

Келісім шарт мазмұны

Оңтүстіқ Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының _______________________________________ ___________ мамандығының бітіруші түлегін бос жұмыс орындарына қабылдауға ұсыныс беру туралы

1. Институт міндеттері:

1.1. Мамандық шығарушы қафедралар Кәсіпорын/мекеме/ұйымдарға қажетті мамандарға ұсыныс жасауға;

1.2. Маманадарды даярлауға қоятын талаптары мен ұсыныстарын ескеріп отыруға;

1.3. Жұмыскердің бітіруші түлектің кәсіби дайындығы, қайта дайындалуы және (немесе) біліктілігін жетілдіруі Жұмыс беруші мен Жұмыскердің арасындағы келісім-шарттың негізінде келісілген келісім-шарт бойынша жүзеге асыруға;

1.4. Бітіруші түлектер бойынша пікірлер сұратуға;

1.5. Бітіруші түлектер бойынша сауалнама жүргізуге.

2. Жұмыс беруші міндетті:

2.1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларының, келісімдердің, осы келісім-шарттың талабын сақтауға;

2.2. Осы келісім-шартта көрсетілген Жұмыс беруші институтқа бос жұмыс орындарын______________ ұсынуға;

2.3. Мамандарды даярлауға қоятын талаптары мен ұсыныстарын білдіруге;

2.4. Жұмыскерді Жұмыс берушінің актілерімен және ұжымдық қелісім-шартымен таныстыруға;

2.5 Жұмыскер өзінің еңбек міндетін атқару барысында Жұмыс берушінің өмірімен денсаулығына зиян келтіретін жағдайлардағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруға;

2.6 Еңбек кодексіне сәйкес Жұмыскер кәсіби дайындығын, қайта дайындалуын және оның біліктілігін жоғарылатуын қамтамасыз етуге;

2.7 Еңбек кодексіне сәйкес, жұмысқа алу кезінде еңбек келісім-шартын жасауға қажетті құжаттарды талап етуге міндетті.

3. Жұмыс беруші құқықтары:

3.1 Жұмысқа алу үшін білімін, мамандығын таңдау еркіндігі;

3.2 Еңбек кодексіне сәйкес ретімен және оның негізінде осы қелісім-шартты өзгертуге, толықтыруға;

3.3 Жұмыскерге келісім-шартта көрсетілген жұмысты беруге;

3.4 Жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға.

4. Жұмыскердің құқығы:

4.1 Жұмыс берушіден осы келісім-шарттың және ұжымдық келісім-шарт талаптарының сақталуын талап етуге;

4.2 Еңбек жағдайы мен қорғалуы жайлы толық және нақты мәлімет алуға;

4.3 Жұмыс орнының еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуына сай келуін талап етуге;

4.4 Біліктілігіне, еңбегінің қүрделілігіне, атқарған жұмысының қөлемі мен сапасына, сондай-ақ еңбек ету орнының жай-күйіне байланысты еңбекақы алуға;

Тараптардың жауапкершіліктері

5.1 Жұмыскер Жұмыс берушінің алдында өзінің еңбек міндеттері мен міндеттемелердің орындалуына, сондай-ақ өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге, Жұмыс берушінің қызметтік, коммерциялық құпиялары мен оның жеке құпия ақпараттарын жарияламауға және басқа міндеттемелерге тікелей жауапты;

5.2 Жұмыс беруші Жұмыскердің Қазақстая Республикасының қазіргі заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік немесе қоғамдық жұмысқа тартылуына байланысты, оның жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндетін орындаудан босатады.

Келісім шартты өзгерту немесе тоқтату тәртібі

6.1 Келісім-шартты өзгерту, бұзу осы келісім-шарт пен Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамаларына сәйкес анықталады;

6.2 Егер келісім-шарттың белгілі бір мерзімге жасалған болса, осы қелісім-шарт мерзімінің аяқталуы;

6.3 Біліктілігі жетіспегендіктен жұмысшының лауазымына немесе атқарып отырған жұмысына сай келмеуі;

6.4 Әрі қарай жұмысты жалғастыруға кедергі болатын денсаулығына байланысты жұмыскер лауазымына немесе атқарып отырған жұмысына сай келмесе;

Басқа да шарттар

7.1 Осы келісім-шарт бірдей заңдық күші бар мемлекеттік және ресми тілде құрастырылған және Тараптар қол қойған екі түпнұсқа данадан тұрады. Екі тілде құрастырылған қелісім-шарттың бір данасы Жұмыскерде, еқінші данасы Жұмыс берушіде болады;

7.2 Осы келісім-шарттың қейбір талаптарының жарамсыз деп табылуы, осы қелісім-шартты толықтан жарамсыз етуге әсер ете алмайды;

7.3 Осы қелісім-шарттың талаптары Тараптар үшін міндетті күші бар;

7.4 Осы келісім-шартта қарастырылмаған басқа мәселелерді шешуде Тараптар Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамалары мен осы келісім-шартты басшылықа алады.

Келісім шарттың әрекет ету мерзімі

8. Келісім шарттың әрекет ету мерзімі 2 жыл деп есептелінді.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы

республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты»

А.Байтұрсынов көшесі №13

«____»___________ 20___ ж.

Ректор

________________ О.Аяшев

«Жұмыскер»

Бітірушінің аты-жөні

___________________________

Мамандығы________________

___________________________

___________________________

___________________________

___________________________

(қолы, күні)

Жұмыс беруші қәсіпорын атауы

«Жұмыс беруші»

______________________________________________________________________

(қолы, күні)


Наши рекомендации