Компетенция 2 топқа бөлінеді: жалпы және арнайы.

Жалпы компетенциялар бакалавриаттың барлық мамандықтарына бірыңғай.

Бұл:

· Жалпы білімділік

· Әлеуметтік-этикалық

· Экономикалық және ұйымдастыру-басқарушылық

· Өзгеріс пен белгісіздіктің үдемелі серпінділік жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рольдерді, географиялық және әлеуметтік мобильдікті өзгертуге дайындық.

Арнайы компетенциялар белгілі бір мамандықтың өзгешеліктерін анықтайды.

Бұл:

· Іздену (зерттеу) саласындағы білім және ұғым

· Тәжірибелік дағдылар

· Сыни ойлау дағдыларымен коммуникативті дағдылар

· Ғылыми ойлау дағдылары

• таңдау бойынша компонент (Electives) — білімалушының кез-келген академиялық кезеңде таңдауы бойынша оқылатын элективтік оқу пәні;

• білімалушының білім деңгейін бақылау - әртүрлі бақылау тапсырмалары арқылы нақты пән бойынша білім деңгейін тексеру (жазбаша жұмыс, тесттер, тәжірибе жұмысы, портфолио, ауызша сұрау, емтихан және т.б.), бақылау ағымдағы, кезеңдік және қорытынды түрінде болады;

• оқытудың сызықтық (бірқалыпты) жүйесі — оқу процесін оқыту логикасына сәйкес оқытатын пәнді қатаң жүйемен ұйымдастыру;

• магистратура — ғылыми-педагогикалық ғылымдар мен жоғары оқу орынында және ғылыми ұйымдарда тереңдетіп ғылыми және кәсіби даярлап, «магистр академиялық атағын» беру;

• сызықтық емес оқыту жүйесі — оқу процесін білімалушыға баламалы траектория арқылы пәнді жүйелеп оқыту тәсілі;

• пән сипаттамасы (Course Description) — пән мазмұнының қысқа сипаттамасы;

• Тіркеуші офисі (Office of Registrat) — оқытылатын пәндерге білімалушының жазатын және оқу кезеңіндегі білімалушылардың барлық жетістіктерін тіркеумен айналысатын қызмет;

• жалпы білім пәндері— ЖБП (General Education Requirement — GER) — әлеуметтік-гуманитарлық және 11 ғылыми жаратылыстану пәндерінен;

• міндетті компонент (Core Subjects) — оқу бағдарламасы бойынша білімалушылар үшін міндетті тәртіптегі пәндер;

• оқудың күндізгі түрі (Full Time Education) — білімалушы оқу жоспарында қаралған барлық сабақ түріне қатысуға міндетті оқу түрі;

• оқытушылар біліктілігін көтеру кезеңі (Subbatical Term) — оқытушылардың міндетті түрде әрбір бес жылда бір академиялық кезеңінде өздерінің біліктілігін көтеруден өтуі;

· пререквизиты- оқытылатын пәнді меңгеру үшін қажет білім, білгерлік және дағдылары бар пәндер;

· постреквизиты- берілген пәнді оқып болғаннан кейін пайда болатын білім, білгерлік және дағдылары талап ететін пәндер;

• портфолио – білімалушылардың бір немесе бірнеше қызмет саласында ілгерілік пен жетістікті, барлық жеке білімділік жетістіктерін көрсете алатын құжаттар жинағы.

• аралық аттестация — ағымдағы аралық және қорытынды бақылау түрін ескере отырып білімалушының пәндерді меңгергендігін жан-жақты бағалау;

• кафедра саясаты (курстар) — пәндерді оқыту процесінде студенттерге қойылатын талаптар;

• пәннің жұмыс бағдарламасы (Syllabus) — пәннің мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын түсіндіретін негізгі оқу - әдістемелік құжат, оған тақырыптың мазмұны, әр сабақтың ұзақтығы, жеке жұмыстың тапсырмалары, консультациялар уақыты, оқытушыға қойылатын талаптар, аралық бақылау кестесі мен әдебиеттер тізімі кіреді;

• оқу жұмыс жоспары -білімалушылардың жеке оқу жоспарларына негізделіп құрастырылған және оқытушылардың оқу жұмысының еңбек көлемін есептеуге негіз болатын оқу жоспары ;

• үлгерімдік аралық бақылау (Midterm Examination) — білім алушылардың бір оқу пәнді бөлімнің( модульдың) аяқталуындағы оқу жетістіктерінің бақылауы;

• білімалушының өздік жұмысы (БӨЖ) — өздігінен оқуға берілген белгілі бір тақырып бойынша оқу-әдістемелік және ұсыныстармен қамтамасыз етілген жұмыс түрі, олар тест түрінде, бақылау жұмысы, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар, есептер түрінде болады. Білімалушылар санатына қарай олар білімалушылар өздік жұмысы (БӨЖ), магистранттың өздік жұмысы (МӨЖ), докторанттың өздік жұмысы (ДӨЖ) болып бөлінеді.

• оқытушының жетекшілігімен болатын өздік жұмыс (ОЖӨБ) (Office Hours) – оқытушының жетекшілігімен білім алушының өздік жұмысы - бекітілген кесте бойынша өткізілетін оқушының оқытушының жетекшілігімен аудиториядан тыс жұмысы Білімалушылардың санатына қарай ол білімалушылардың оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы (БОЖӨЖ) болады.

— магистранттардың оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысы (МОЖӨЖ)

• мамандық — білім ұйымдарында мамандарды белгілі бір шеберлікке дайындауды жүзеге асыратын ғылым мен техника саласы;

• анықтама-жолсілтеуакадемиялық күнтізбеден тұрады, онда жоо туралы мәліметтер білімалушылардың (магистрант, докторант) құқығы мен міндеттері, кредиттік жүйенің негізгі ережелері әр пән бойынша қорытынды баға, балл шығару әдістемесі мемлекеттік қорытынды аттестация талаптары көрсетіледі;

• үлгерімнің орташа баллы – (ҮОБ) (Grade Point Average - GPA) – білім алушының таңдалған бағдарлама бойынша бір оқу жылдық жетістіктерінің орташа саналатын бағасы (пән бойынша қорытынды бақылаудың баллдарының сандық эквивалентіне кредиттердің көбейтулерінің қосындысының ағымдағы оқу мерзімінің жалпы кредит санына қатынасы);

• типтік оқу жоспары — кәсіби білім беру оқу бағдарламаның оқыту пәндердің тізімін және көлемін, олардың оқу тәртібін және бақылау қалыптарын реттейтін құжат;

• транскрипт – сәйкес оқу мерзімде әріп және сандық түрде кредиттер және бағаларды көрсететін меңгерілген пәндер тізімі бар құжат;

• тьютор — нақты пәнді меңгеру бойынша академикалық консультант рөлін меңгеретін оқытушы;

• үлгерімнің ағымдағы бақылауы — әр тақырып бойынша білімалушы білімін үнемі тексеру;

• мамандықтың оқу-әдістемелік жинағы (ОӘК)— мамандықты жетік меңгеруге мүмкіндік беретін негізгі оқу-әдістемелік құжаттар пакеті;

• оқу-әдістемелік жинақ (ОӘЖ) — барлық оқу кезеңіне қатысты жеке жоспары, оқу-консультативтік ақпараттар мен құжаттар, пәндер бағдарламалары(силлабустар), жеке жұмыс үшін әдістемелік нұсқаулықтар, тәжірибе бағдарламалары және т.б..

• жеке оқу жоспары ЖОЖ (Curriculum) — білім деңгейіне, олардың кезектілігіне сәйкестендірілген оқу пәндерінің тізімі мен көлемі және білімалушының көрсетілген негізгі құжаты;

• эдвайзер (Advisor) — сәйкес мамандық бойынша білім алушының академикалық жетекшісінің қызметтерін орындайтын білім алу троекториясын таңдауында және білім беру мерзімінде білім беру бағдарламаны меңгеруінде көмек көрсететін оқытушы;

• элективті пәндер — жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі бекіткен пәндердің тізімі, олардың ішінен білімалушы белгіленген кредит шеңберінде өзінің оқу жоспарын жасайды.

Наши рекомендации