ЕтістіктіҢ сӨйлемдегі Қызметі

1.Етістіктің шақ, рай тұлғалары жіктеліп келгенде, тұйық етістік жатыс септігі тұлғасында тұрып немесетұлғаланбай-ақ сөйлемнің баяндауышыболады. Мысалы: Біз Алатау бөктеріне саяхатқа шықтық.Олардың мақсаты – алған тапсырманы дер кезіндеорындау.

2. Көсемше тұлғасында тұрған етістік қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп, сөйлемде пысықтауыш қызметін атқарады. Алтын таң рауандап (қалай?) атып келеді. Тұйық етістік көмектес септігініңжалғауын меңгеріп, кейбір шылаулармен тіркесіп келіп, сөйлемде пысықтауыш болады. Адам еңбектенумен (қалай?) мақсатына жете алады. Көп жаттығу арқылы (қалай?) жетістікке жетті.

3. Есімше және тұйық етістік тұлғасындағы етістік атау септікте заттаныпкеліп, сөйлемде бастауышқызметін атқарады. Оқу (не?) адамды мұратқа жеткізеді. Оқыған (кім?)– озар, оқымаған (кім?) –тозар. Әдепті болу(не?) – адамилық қасиет.

4. Есімше тұлғасындағы етістік және ілік септігіндегі тұйық етістік зат есімментіркесіп, анықтауышқызметінде жұмсалады.Айтар (қандай?) сөзіңді ойланып ал. Көңіл - жеткізбейтін (қандай?)көк дөнен.Ойлаудың (ненің?) шегі жоқ.

5. Тұйық етістік не есімше тұлғасындағы етістік атау мен іліктен басқа септіктетұрып, толықтауышқызметін атқарады. Оқудан (неден?) жалықпа. Білуге (неге?)талпынған – жақсы қасиет. Бақылауды (нені?)күшейткен дұрыс. Білгенге (кімге?)маржан, білмеске (кімге?)арзан.

Стеу, түрлері, емлесі, сөйлемдегі қызметі

Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйінбілдіреді.Үстеуграмматикалық тұлғалар арқылытүрленуге, өзгертуге көп көнебермейді.Үстеу құрамына қарай екігебөлінеді: 1) дара үстеулер; 2) күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгіжәне туынды үстеу жатады.

Негізгіүстеулертүбірменқосымшаға бөлшектенбейді.Мысалы:ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.

Туындыүстеулерекі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы;

2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы.

1. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

-ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;

Лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай, жапырақтай, жұлдыздай, арыстандай, т. б.

-дайын, -дейін, -тайын, -тейін: бұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайын, т. б.

Шама, -шалық: соншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б.

-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша,-пейінше: оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т. б;

2.Кейбір үстеулертүбіргесептік жалғауының сіңісіп, көнеленуіненжасалады:

Барыс септіктің көнеленуінен: бекерге (жүрме), ертеңге (дейін), зорға (жетті), босқа (отырма), текке (күлме),т. б.

Жатыс септіктің көнеленуінен:өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды), қапыда (қалды),т .б.

Шығыс септіктің көнеленуінен:төтесінен(айтты),шалқасынан (құлады),т. б.

Көмектес септіктің көнеленуінен:кезекпен(сөйлеу),ретімен(айтты).

Күрделі үстеусөздердіңбірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынанжасалады:Сөздердің бірігуінен жасалғанкүрделі үстеулер: қыстыгүні (қыстың+күні), ендігәрі (енді+гіден әрі), бүрсігүні (бұдан+арғы+күн), бүйтіп (бұлай етіп), бүгін (бұл+күн), былтыр (бұдан+арғы+жыл) т .б.

Сөздердің қосарлануы мен қайталануы арқылы жасалған күрделіүстеулер:ертелі-кеш, алды-артынан, бетпе-бет, анда-санда, некен-саяқ, ілгері-кейін, жоғары-төмен, әрі-бері, оқта-текте, т. б.

Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулер:таңертеңнен қара кешке дейін, күні бойы, таң атқанша, ала жаздай, қыс бойы, т. б.

Тілімізде тұрақты тіркестерарқылы жасалатынкүрделі үстеулер де кездеседі: қас пен көздің арасында, аяқ астынан, томаға тұйық, құлан таза, т. б.

Үстеумағынасынақарайжетітүрге бөлінеді:

Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан?деген сұраққа жауапберіп,қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытынбілдіреді.Мезгіл үстеуі етістікпентіркесіп қолданылады.Мысалы:таңертеңнен (қашаннан?) кетті,жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді, күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.

Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенінкөрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай?сұрақтарына жауап береді. Мысалы:Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды,ілгері-кейін (қайда?) қозғалды, жоғарыдан(қайдан?) түсті, т. б.

Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесінбілдіреді.Сұрақтары:қайтіп? қалайша? қалай? кімше?

Мысалы:Ақырын (қалай?)жүгірді, қазша (қалайша?)қаңқылдады, бекерден-бекер (қалай?)отырма, балаша(кімше?)мәз-мейрам болды, бүркіттейін (қалайша?)шүйілді, қолма-қол(қалай?)хабарласты, т. б.

4. Мөлшер үстеуі қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап?деген сұрақтарға жауап береді.Мөлшер үстеуісынның немесе қимылдыңкөлемдік дәрежесін, мөлшерін, шама-шарқынбілдіреді. Мөлшер үстеуіетістікпен тіркесіп келгенде қимылдыңшама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?)шаршапты, біршама (қаншама?)кешігіп қалды, недәуір (қалай?)өскен екен. Ал сонша (қанша?)биік, біршама (қанша?)алыс, недәуір (қалай?)ұзақ дегендемөлшер үстеулер сын есімдерментіркесіп,сынның мөлшерін, көлемінбілдіреді.

5. Күшейткіш үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не күшейтіпкөрсетеді.Сұрағы: қалай? Мысалы:әбден жүдепті, керемет биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен біргекүшейткіш үстеугесын есімнің күшейтпелі шырайынжасайтынең (биік), өте (салмақты), аса (терең), тым(терең), кілең (жүйрік)сөздері де жатады.

Мақсат үстеуі не мақсатпен? қалай?деген сұраққа жауапберіп,іс-әрекеттің, қимылдың орындалу мақсатынбілдіреді. Мысалы:әдейі айтты, қасақана кетіп қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп шақырды.

7. Себеп-салдар үстеуі не себепті? қалай? неге?деген сұрақтарға жауап береді.Себеп-салдар үстеуіқимылдың, іс-әрекеттің болу себебінбілдіреді. Себеп-салдар үстеуіне:құр босқа, лажсыздан, босқа, амалсыздан, бекерге, шарасыздансөздері жатады.Бұл сөздеретістікпен тіркесіпқолданылады. Мысалы,босқа ренжіді, лажсыздан келісті, т. б.

Наши рекомендации