МеніҢ Әсерім» ойыны
Психолог:
Шеңберге болып, көршілеріңізбен қол ұстасып тұрыңыз. Көздеріңізді жұмыңыздар. Тек өздеріңіздің сезімдеріңізге тоқталыңыздар. Қолыңыздың көмегімен (дене контактісі) өз жылуыңызбен оң жағыңыздағы көршіңізге қолдау көрсетіңіз. Бір уақытта сол жақтағы көршіңіздің берген әсерін сезінуге тырысыңыз.
Жаттығуды жүргізгеннен кейін психолог әрбір қатысушыдан өзінің сезімі туралы айтуды және бағалауды өтінеді. Сабақ үдерісі кезінде психолог үнемі әрбір қатысушыдан өзінің сезімі туралы еркін айтуды және сондай-ақ ата-аналар өз сезімін «тыңдауды» және психологиялық өзін қорғаудың әртүрлі механизмдерінен оларды «босатуды» үйретеді.
СЕРІКТЕСІҢ ҚАНДАЙ ЕКЕНІН БАҒАЛАУ?» ойыны
Психолог:
«Тағы да шеңбер болып тұрыңыздар. Көздеріңізді жұмыңыздар. Енді оң жақтағы серіктесіңізді мақсатқа бағытталғанын сезініңіз. Олар туралы әңгімелеп беріңіз. Шеңберде орындарыңызды ауыстырыңыздар. Осы жасағаныңызды тағы бір рет қайталаңыз. Тағы да сезіміңізді анықтап, оларды айтып беріңіз. Серіктесіңізден жағымды қасиеттерін сезінуді тырысыңыз, оларды қолдаңыз».
Ойын аяқталғаннан кейін тағы да әрбір қатысушыға әр түрлі серіктестерден алынған сезімдердің бағалауын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Психологтың осы кезеңдегі негізгі міндеті серіктесінен жағымды қасиеттері мен сапасын көбірек көру, байқау. Бақыт – бұл әрбір адамның ішкі жағдайы. Бақыт сыртқы жағдайларға байланысты емес. Менің бақытым ішімде тұтқындалған. Әрбір адам қаншалықты бақытты болам десе, соншалықты бақытты бола алады.
Негізгі бөлім.
«Менің өмірдегі сүйенетін ұстанымым» атты тақырыпта сауалнама. Маған не көмектеседі, не кедергі жасайды.
Психолог:
«Өзімізбен үлкен және парасатты жұмыс жасауды жалғастырамыз, әрбірімізде өмірде кедергі немесе көмектесетін адамгершілік және кемшіліктер саны жеткілікті. Оларды атайық және анықтайық, қойылған сұрақтарға жауап берейік».
Сосын психолог топ қатысушылар толтыру үшін арнайы бланкілер таратады. Жауап беруге 5-7 минут беріледі. Алынған нәтижелер талқыланады. Сондай-ақ, егер қатысушылардың қандай да біреуі өзінің позициясын жариялағанды қаламаса, онда ол қанат белгісін немесе крест белгісін қою керек.
Психолог оны оқымайды және талқылауға ұсынбайды. Әдетте психолог осы позицияға көңіл бөлуі керек, өйткені дәл осы кезде қатысушылардың мәселелелері қарастырылып жатыр. Осы сияқты мәселелерге басқа коррекциялық техниктердің көмегімен өңдеу жасау керек.
Аутотренинг
Психолог жаңа сабақ кезеңін атайды және қатысушыларды оның мақсаты және мазмұнымен таныстырады. Сосын барлығына ыңғайланып отырып, көздерін жұмуды ұсынады. Мәтінді оқи отырып, психолог дауыс ырғағын өзгертеді. Ол иландыру реңктеріне ие болады.
«Ыңғайлы орнығып отырыңыз. Өзіңізді толығымен еркін ұстаңыз. Тек менің дауысыма ғана көңіл бөліңіздер. Менің айтқанымды орындауға тырысыңыздар. Тек мені ғана тыңдаңыздар. Барлық мәселелеріңізден арылыңыздар. Бұл тек бірнеше минут қана, қорықпаңыздар. Бірнеше минуттан кейін, қайта соған ораласыздар. Бірақ қазір ол мәселелеріңіз жоқ. Тек сіз және біздің түйсінуіміз бар.
Денеңіздің әрбір бөлігі қалай босаңсығанын сезініңіз. Басыңыз жеңілденді, ол ауырлық пен мәселелерден босады. Кеудеңізді еркін ұстаңыз – ол да жеңілденсін. Кеудеңіз қалай жеңіл дем алғанын сезініңіз. Терең және еркін тыныс алыңыз (3 рет). Қолдарыңызды еркін ұстаңыз. Қолыңыздағы жеңілдікті сезініңіз. Қолдарыңыз жеңіл, шапшаң, күшті. Аяқтарыңызды еркіндігін сезініңіз. Аяқтарыңыздың барлық ауырлығы мен шаршағаны төменге түсті, еденге, жерге кетті. Аяқтарыңыз жеңіл, тез, шапшаң. Терең, еркін тыныс алыңыз (3 рет). Сіз жеңіл, шапшаң және күшті (3 рет) сезінесіз. Сіздің денеңіз жеңіл, шапшаң, күшті (3 рет). Сіз дем алдыңыз. Көздеріңізді ашыңыздар. Өзіңізді қалай сезіндіңіздер? Сосын психолог әрбір қатысушыларға осы жұмыс формасына қандай деңгейде қатысқанын анықтау үшін сауалнама өткізеді.
Вокалотерапия
Психолог топ қатысушыларына караоке немесе аккордеонда 2-3 танымал әндерді салуға ұсынады. Ән мәтінін топ қатысушылар алдында алдын ала қойылады. Топ мүшелерінің дауысының жоқтығына сілтемелемей барлығы белсенділік танытуы керек. Психолог бұл музыкалық сабағы емес, психокоррекциялық сабақ екенін түсіндіру керек, сондықтан барлығыңызға ән салуға болады.