Тараптар ҚҰҚыҚтары мен міндеттері

КӘСІПТІК ПРАКТИКАНЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Ш А Р Т

Павлодар қ. 20___ ж. ________________

Жарғы негізінде қызмет ететін,«Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқұғындағы РМКбұдан әрі «ЖОО» атынан ректор А. Нухулы бір жағынан және _____________________________________________________

(ұйымның атауы және т.б.)

_______________

бұдан әрі «Ұйым» атынанбірінші жетекші_________________________________________

(жетекшінің немесе уәкілетті тұлғаның тегі, аты,

______________________________

әкесінің аты (болған жағдайда))

екінші жағынан ______________

(құрылтай құжаттардың деректемесі)

үшінші жағынан, студент бұдан әрі «Білім алушы» __________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

_______________

қолданыстағы ҚР-дың заңнамасына сәйкес төменде көрсетілгендер туралы осы шартты жасады:

ШАРТТЫҢ МӘНІ

1. ЖОО академиялық күнтізбеге сәйкес _____________________________________

(мамандықтың коды және атауы)

мамандығы бойынша _____________________________ оқу түрінде оқитын білім алушыны

____________________________________________ практикадан өту үшін ұйымға жібереді.

(практика түрі)

2. Ұйым білім беру бағдарламасының бағдарына сәйкес білім алушыны кәсіптік практика базасымен қамтамасыз етеді.

3. Білім алушы өндірістік міндеттер мен мақсаттарын білікті орындауға мүмкіндік беретін негізгі және кәсіби құзіреттілігін алу мақсатында білім беру бағдарламасын игереді.

ТАРАПТАР ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

4. ЖОО:

1) білім алушыны осы шартта көрсетілген оның міндеттерімен және жауапкершілігімен таныстыруға;

2) кәсіптік практиканың басталуынан екі апта бұрын кәсіптік практикадан өту бағдарламасын, күнтізбелік кестесін және білім алушылар санын келісу үшін ұйымға ұсынуға;

3) білім алушының осы ұйым қызметкерлері үшін міндетті еңбек тәртібі, ішкі тәртіп ережелерін ұстануын қамтамасыз етуге;

4) білім алушының кәсіптік практикасын білім беру бағдарламасы мен академиялық күнтізбеге сәйкес өтуін ұйымдастыруға және мерзімдік бақылау жүргізуге;

5) ұйым қызметкерлеріне кәсіптік практиканы ұйымдастыруға және өткізуге, әдістемелік көмек көрсетуге;

6) ұйымға қажет болған жағдайда білім алушылардың оқу жетістіктері туралы мәлімет беруге;

7) практика өткен мерзімде білім алушылармен жазатайым оқиға болған жағдайда тергеу жұмыстарына қатысуға;

8) ЖОО-ны тарату немесе білім беру қызметін тоқтату жағдайында ұжымды хабардар етуге және білім алушыны білім алуға өзге білім беру ұйымына ауыстыру шараларын қолдануға міндеттенеді.

5. ЖОО:

1) білім алушының өз еркімен білім алуды тоқтатқаны, екінші оқу жылына қалтырылғаны, сондай-ақ оқудан шығарылғаны Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен анықталған жағдайда біржақты тәртіппен шартты бұзуға құқылы.

6. Ұйым:

1) осы шарттың талабына сәйкес білім алушының мамандығына сай кәсіптік практикаға жолдама бойынша қабылдауға;

2) білім алушының жұмыс орнында (қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқама өткізумен) қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге және қажетті жағдайда білім алушыға еңбектің қауіпсіздік әдістемесін оқытуға;

3) академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушының кәсіби практикасын өткізу үшін ЖОО-ға жұмыс орнын ұсынуға;

4) практика бағдарламасымен қарастырылмаған және білім алушының мамандығына қатысы жоқ қызметтерге білім алушыны қолдануына жол бермеуге;

5) білім алушының кәсіби практикасына жетекшілік ету үшін білікті мамандармен қамтамасыз етуге;

6) білім алушы кәсіптік практика бағдарламасын орындап, оны табысты меңгеруі үшін жұмыс орнында зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапханаларды, сызбаларды, техникалық және басқа да құжаттарды қолдануға мүмкіндік бере отырып, қажетті жағдай жасауға;

7) мамандығына байланысты білім беру гранты бойынша білім алатын бітірушінің кандидатурасын тиісті бос орындар болған жағдайда жұмысқа қабылдауды қарастыруға;

8) білім алушы еңбек тәртібі мен ұйымның ішкі тәртіп ережелерін бұзған жағдайда ЖОО-ға хабарлауға;

9) кәсіби практика аяқталған соң білім алушының жұмысына мінездеме беруге және практиканы өту сапасын бағалауға міндетті.

7. Ұйым:

1) жаңа технологиялар мен өндірістік процесстер шарттарының өзгеруіне байланысты кәсіби практиканың білім беру бағдарламасының әзірленуіне қатысуға;

2) ұйымның талабына сай курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыбын ұсынуға;

3) білім алушылардың қорытынды аттестаттауына қатысуға;

4) білім алушылардың ағымдық үлгерімін сұратуға;

5) жұмыс берушінің талабына сәйкес оқу мекемелерінен білім алушылардың сапалы білім алуын талап етуге құқылы.

8. Білім алушы:

1) ұйымның өкімімен практика өту үшін белгіленген уақытта келуге;

2) кәсіби практика орнында ұйымның қызметкерлері үшін міндетті еңбек тәртібі, ішкі тәртіп ережелері мен өндірістік тәртіпті ұстануға;

3) ұйымның жабдықтарына, құралдарына, құжаттар мен өзге де мүлкіне ұқыпты қарауға;

4) практика бағдарламасының талаптарын қатаң ұстануға және орындауға;

5) практика өткен уақытта да және аяқталғаннан кейін де ұйым туралы құпия ақпаратты жарияламауға міндетті.

9. Білім алушы:

1) білім алу мақсатында ұйыммен бекітілген жетекшінің келісімімен ғана қажетті құралдарды, жабдықтарды, керек-жарақтарды және тағы басқа өндірістік материалдарды қолдануға, кітапхана және оқу залдары базасында оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорымен, зертханалар базасымен, компьютерлік және өзге де техникалық базаларды еркін қолдануға;

2) кәсіби практика өту кезінде денсаулығына келген зиянды өтеуге;

3) кәсіби даярлықты бітіріп, қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен соң ұйымда бос қызметтік орындар болған жағдайда алған мамандығы бойынша жұмысын жалғастыруға құқылы.

Наши рекомендации