Студенттердің өзбетімен оқытушының басшылығымен орындайтын жұмыстары №2

ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп ғимараты мен мектеп маңындағы участокты санитарлық –гигиеналық тұрғыдан зерттеу.

МАҚСАТЫ: Мектеп ғмираты мен оның маңындағы жер участогіне қойылатын гигиеналық талаптардың теориялық білімдерін бекіту, оларды санитарлы тұрғыдан зерттеу дағдыларын меңгеру.

СҰРАҚТАР:

  1. Қала мен ауылды жерде мектеп орналасатын жерлерге қойылатын талаптар.
  2. Мектептің жер участогынының зоналары: құрылыс салуға арналған алаң, оқу-тәжірибезонасы, демалыс зонасы және шаруашылық зонасы.
  3. Мектеп үйіне қойылатын талаптар.
  4. Мектеп үйлері: оқу үйлері,көмекші үйлер, тұрғын үйлер.
  5. Мектеп үйінің ауа режиміне қойылатын гигиеналық талаптар.
  6. Мектеп үйіндегі жарық режимі, жылыту, сумен жабдықтау.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ:жазбаша есеп.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:Санитарлық зерттеуді мектеп участогынан бастайды: оның орналасуын, қоршаған заттар, көлемін. Әр түрлі участогтың зоналарының орналасуын анықтайды. Негізінде спорт зонасын, оның алып жатқан алаңын,оның көлемі және онда орналасқан спорт жабдықтарын қарастырады.

Мектеп ғимартының зерттеуде оның орналасуына, бөлмелердің ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Рекреациялық бөлмелер санитарлық жағдайы мен ауданын анықтайды.

Мектеп ғимараты мен жер участогының санитарлы зерттеу картасы

  1. Зерттеу күні, уақыты және мекен-жай__________________________________________________________
  2. Мектеп_______________________________________________________
  3. Мектеп типі (бастауыш, орта) ___________________________________
  4. Қызмет көрсету радиусы________________________________________

Жер участогы

  1. Орналасуы (жанында орналасқан құрылыстар, участок және көрші құрылыстар ара қашықтығы, жел бағыты)_________________________
  2. Участок ауданы (жалпы аудан және бір оқушыға келетін аудан)_______
  3. Жер участок зонасы (атауы, көлемі, орналасуы)____________________
  4. Жасыл желектер (түрі, ауданы, орналасуы, жағдайы)________________
  5. Участоктың санитарлы жағдайы________________________________
  6. Участок территориясын жинау жүйесі___________________________
  7. Спорттық зонасы (орналасуы, көлемі, спорт алаңдарының түрлері)

_______________________________________________________________

  1. Спорт алаңдары (орналасуы, көлемі, қоршалуы, жабыны, құрал-жабдықтар, санитарлы жағдайы)_________________________________

Мектеп ғимараты

  1. Участокта ғимараттың орналасуы (ара қашықтығы,ориентаци фасада)_______________________________________________________
  2. Қабат саны және ғимарат компазициясы (оратлықтанған, блокты, павильон)_____________________________________________________
  3. Блок және қабат бойынша жоспарлануы___________________________
  4. Сыныптардың орналасуы_______________________________________
  5. Коридар (көлемі, панелдер, фрамуги, форточка)____________________
  6. Рекреациялық бөлмелер (түрі, көлемі, бір оқушыға келетін аудан)_____

________________________________________________________________

  1. Жуынатын жер (этаж бойынша орналасуы, қол жуғыштар, әжетхана, олардың санитарлық жағдайы)___________________________________
  2. Көмекші бөлмелер (мектеп мүдірі, мұғалімдер бөлмесі, мектеп күзетшісінің бөлмесі), олардың сынып бөлмелерінен оқшаулануы

________________________________________________________________

  1. Бөлмелерді жинау жүйесі_______________________________________
  2. Оқушыларды таза сумен қамтамасыз ету__________________________
  3. Асхана (орналасуы, санитарлық жағдайы)_________________________
  4. Қосымша мәліметтер__________________________________________
  5. Қорытынды (санитарлы-гигүиеналық бағалау)_____________________
  6. Санитарлы-гигиеналық жағдайын жақсартуға бағытталған ұсыныстар

________________________________________________________________

  1. Қолы_________________________________________________________

Бақылау сұрақтары:

  1. Мектеп жер участогына қандай гигиеналық-талаптар қойылады?
  2. Спорттық зонасына қандай гигиеналық талаптар қойылады?
  3. Мектеп ғимаратына қандай гигиеналық талаптар қойылады?
  4. мектеп ғимараты мен жер участогын зерттеу жұмыстарын қалай жүргізед
  5. Студенттердің өзбетімен оқытушының басшылығымен орындайтын жұмыстары №3

ТАҚЫРЫБЫ: Организмнің рефлекторлық әрекеті.

МАҚСАТЫ: Адам тізе және ахилл рефлексін туғыза алуға үйрену және осы рефлекстердің қарқынына орай тексерілетін адамның қозғыштығын бақылау.

ТӘЖІРИБЕГЕ ҚАЖЕТТІ ЖАБДЫҚТАР: Орындық резинка, балғашық.

СҰРАҚТАР:

1. Жүйке жүйесінің маңызы мен құрылысы.

2. Нейрон- жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі.

3. Қозу, қоздырғыш, тітіркену және тітіркендіргішке түсініктеме.

4. Рефлекс – жүйке қызметінің негізгі формасы. Рефлекторлық доға және сақина.

5. Нейрондар арасындағы байланыс. Синапстар және олардағы қозуды жеткізу механизмі.

6. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу және оның пайда болу жолдары.

ТАПСЫРУ ФОРМАСЫ: жазбаша есеп.

ЖҰМЫС БАРЫСЫ:

Адамның проприорецепторлық рефлексін бақылау.

1) Тізе рефлексі 2) Ахилл рефлексі.

Бұлшық еттерде, тарамыстарда, буындарда болатын рецепторлар проприорецепторлар деп аталады. Осы рецепторлардан қозу бұлшық ет жиырылғанда немесе босансығанда орталық жүйке жүйесінеберіледі. Тексерілетін кісінің жүйке жүйесінің қозғыштығы неғұрлым жоғары болса, пайда болатын рефлекс соғұрлым қарқынды болады. Осындай рефлекстерге тізе және ахилл рефлекстері мысал бола алады.

а) Тізе рефлексін былайша тудырамыз. Тексерілетін кісіні орындыққа отырғызамыз. Одан бір аяғының екінші аяғының үстіне қоюын талап етеміз. Сонан соң резинка балғашықпен (немесе алақанның қырымен) тізе көзінен төменірек санының төрт басты бұлшық етінің тарамысын ақырындап ұрамыз. Сол кезде тізе жазылады. Рефлекторлық доға жұлынның 3-4 бел сегменттерінде тұйықталады. Аяқ жазылуының шұғыл және биіктігін ескере отырып тексерілетін адамның рефлексін бағалаймыз. б) Ахилл рефлексі. Тексерілетін адамды орындыққа екі тізесімен (аяқ басы салбырап тұратындай етіп) отыруды талап етеміз. Ахилл тарамысын ақырындап ұрған кезде аяқ басы табанға қарай бүгіледі. Бұл рефлекстің доғасы жұлынның 1-2 құймышақ сегментінде тұйықталады. Тізе және ахилл рефлекстері доғаларының схемасын салу керек.

ҚОРЫТЫНДЫ:

Бақылау сұрақтары:

  1. Жүйке жүйесінің маңызы қандай?
  2. Жүйке талшықтарының құлымы мен қасиеті қандай?
  3. Синапс, синапс түрлері, оның физиологиялық қасиеттері.
  4. Рефлекс туралы түсінік, рефлекстік әрекет, рефлекстің жіктелуі.
  5. орталық жүйке жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?

Әдебиеттер: А. Г. Хрипкова, М. В. Антропова, Д. А. Фарбер «Возрастная физиология и школьная гигиена». М., 1990 ж.

С. Жұмабаев. «Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» А., 1991 ж.

Наши рекомендации