Й тапсырмаларының түрлері және тізімі

Дидактикалық материалдар жайлы мәліметтерге презентация дайындау.

Бақылау сұрақтары:

1. Көрнекілік ұғымының анықтамасы.

2. Сабақ барысында қолданылатын көрнекіліктер.

3. Оқыту үдерісінде қолданылатын көрнекіліктердің түрлері.

4. Орта кәсіптік білім беру мекемелеріте сызбаларды оқу ережелерінің түрлері.

5. Графикалық сауаттылық дегеніміз не?

6. Графикалық ептілік дегенді қалай түсінесіз?

7. Таратпа материалдар дегеніміз не?

СӨЖ тапсырмалары:

Берілген 3- кесте негізінде жұмыс жасау.

1. Технология білім саласының сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде материалдарды көркем өңдеу тарауы бойынша нұсқау карталарын әзірлеу.

2. Технология білім саласының сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізінде материалдарды көркем өңдеу тарауы бойынша символикалық және графикалық көрнекіліктерді әзірлеу

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі

1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж – 204 б.

2. Технология оқу бағдарламасы. Астана 2013 ж.

Осымша

1. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. 2012 ж (қыздар).

2. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту» пәнінен СӨЖ. Әдістемелік нұсқау. М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2015 ж

Есеп беру формасы:тапсырманы жеке орындау,жазбаша есеп беру, мәліметтерді қорғау.

Практикалық сабақ №13

Тақырыбы: Күнделікті сабақ жоспарын құру.

Сабақтың жоспары:Күнделікті сабақ жоспарын әзірлеу.

Сабақтың мақсаты, міндеттері, іскерлігі, дағдысы және кұзіреттілігі:Күнделікті сабақ жоспарының құрылымдық элементтерінің мазмұнына талдау жасауды үйрену. Сабақ жоспарын түзу.

Сабақты өту формасы:жеке - дара, зерттеу.

Ысқаша теориялық мәліметтер

Күнделікті сабақ жоспарының құрылымдық элементтерінің мазмұны. Сабақтың тақырыбыбілімгерлер үшін жаңа техникалық-технологиялық білім мен іскерлік негізінде құралады. Әрбір өтіп кеткен сабақ және алда өтетін сабақтармен логикалық түрде байланысты болады.

Сабақтың негізгі мақсаты:білімгерлердің техника-технологиялық ой-өрісін кеңейтіп, білімдерін, шеберліктерін арттыру негізін немесе білім, тәрбие, дамыту аспектісін қамтитын міндеттердің кешенімен анықталады: білімділік, тәрбиелік, дамытушылық.

Материалдық техникалық базасы-жабдықтар, саймандар мен бейімдеу құралдары, көрнекі құралдар-технологиялық нұсқау карталары.

Сабақтың мазмұны мен құрылымы оның мақсатына сәйкес белгіленеді.

Сабақтың барысы. Сабақтың барысы, сабақтың мазмұны мен мақсатына байланысты анықталады. Мысалы, сабақта білімгерлердің білімін тексеру қажет болса, бірақ ол жаңа сабақтың мазмұнымен байланысты болмаса, онда оқытушы 10 - 15 минуттық жазбаша бақылау жұмысын өткізуге болады.

Оқу материалын түсіндіру. Оқытушы оқу материалын кітап тілінде емес, қарапайым білімгерлерге түсінікті жатық тілмен жеткізу керек. Сондықтан, жоспар - конспектісі оқытушының шығармашылық еңбегінің жемісі. Мұнда білімгерлерге берілетін жаттығу жұмыстарының күрделілігі, білімгер алдында кездесетін қиындықтары ескеріледі. Бұйымды орындамас алдында білімгерге алғаш кездесетін технологиялық терминдер мен жаңа ұғымдар түсіндіріледі.

Білімгерлерге сабаққа дайындалу бойынша ұсыныстар:

Білімгерлердің оқыту барысындағы нәтижелері мен үлгерім деңгейлерін жоғары бағалау үшін, практикалық сабаққа дайындықпен келу, сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда білімгерге жоғары баға қойылады.

Сабақтың көрнекілігі, құрал-жабдықтары: Оқу бағдарламалары, дәрістер жинағы, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар, кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралдары, оқулықтар.

Аудиторияда орындалатын тапсырма түрлері және тізімі:

1-тапсырма. Технологиялық салада өтілген оқу сабақтарына әдістемелік талдау жасау.

2-тапсырма. Кәсіптік оқыту саласындағы оқу сабақтарына әдістемелік талдау жасау.

Наши рекомендации