Сөз тұлғасы. Туынды сөз, жасалуы. Түбір мен қосымша. Қосымшаның түрлері
Морфология сөз және оның формаларын тексереді. Сөз формасына сөздің негізгі және туынды түбірі, біріккен, қосарланған, қысқарған сөздер,әр түрліқосымшалар: сөз тудыратын, сөзге қосымша мағына беретін, сөз бен сөзді байланыстыратынтүрлері енеді.
Морфология сөзді топтарға бөліп, олардың әрқайсысына тән грамматикалық формаларын анықтайды. Әрсөз табына тән категориялардың ерекшелігін қарастырады.
Сөз түбір мен қосымша сияқты түрлі бөлшектерден тұрады. Сөздің бастапқы мағына беретін ең түпкібөлшегітүбір деп аталады. Мысалы, жақсы, ғылым, адам, дәптер, тау, өзен, тіле, көр, тап, парасат,т.б. Түбірге жалғанған бөлшек қосымшадеп аталады. Мысалы, жақсы+лық, ғылым+ды, адам+дық, дәптер+ге, тау+лар,өзен+де, тілек+тес, табыс+ты, парасат+ты+лық, адам+гершілік, ана+сы+мен. т.б.
Қосымша жалғанған сөз қосымшалы сөздеп аталады.
Қосымшаныңекітүрі бар: 1) жұрнақ; 2) жалғау.
ҚосЖұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудырады және өзі жалғанған сөздің рең мәнін түрлендіреді.
Жұрнақ екіге бөлінеді: 1) сөз тудырушы жұрнақтар; 2) сөз түрлендіруші жұрнақтар.
Сөз тудырушы жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудырады. Мысалы, ақыл + ды +лық, көр + еген+ ді + лік, әдіс + кер + лік, талғам + паз + дық, сүз + еген, шаш + ыра + ңқы, би + ші, қобыз +шы, құм + айт, шөл + ейт, т.б.
Сөз түрлендіруші жұрнақ өзі жалғанған сөздің рең мәнін ғана түрлендіреді, негізгі мағынасын өзгертпейді, жаңа сөз тудырмайды. Мысалы, жапырақ + ша, көл + шік, қора + шық, апа + тай, ата + й, сар + ғыш, қыз +ғылтым, ағ(а) + еке, т.б.
Сөз тұлғасына қарай екіге бөлінеді: 1)негізгі сөз; 2) туынды сөз.
Негізгі сөз – ары қарай бөлшектеуге келмейтін түбір тұлғадағы сөз.
Мысалы, жұлдыз, жең, оқы, сегіз, шапшаң, бүгжең, құраут.б.
Туынды сөз – жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөз. Мысалы, жұлдыз+шы, жеңіл+дік, оқы+мысты, бой+шаң, бүгжең+де, құрау+ла, еңбек+тен, сабыр+лы, дін+дар, арба+кеш, кітап+хана+шыт. б.
Туынды сөзәр түрлі сөз табына сөз тудырушы жұрнақ жалғану арқылы жасалады.
Зат есімнен жасалған туынды сөз | Сын есімнен жасалған туынды сөз | Сан есімнен жасалған туынды сөз | Етістіктен жасалған туынды сөз | Үстеуден жасалған туынды сөз | Еліктеу сөзден жасалған туынды сөз | Одағайдан жасалған туынды сөз |
Сапалы Мейірім-ді | Тазалық Жақсы- лық | Үштік Ондық | Тапқыр Сезгіш | Сонша-ма Осынша- ма | Тарсыл Гүрсіл Ербеңде | Ойбайла Шөреле |
Тіліміздебір түбірден әр түрлі жұрнақ жалғануарқылы тараған сөздер де кездеседі. Мысалы, өн өндір, өнгіш, өнім, өнгіз, өндіріс, т.б. Мұндай сөздер түбірлес сөздер деп аталады.
Жалғау – өзі жалғанған сөзін екінші сөзбен қарым-қатынасқа түсіріп, сөз бен сөзді байланыстырып, жалғастырыптұратын грамматикалық тұлға. Қазақ тілінде жалғаудың төрттүрі бар: 1)көптікжалғау; 2)тәуелдік жалғауы; 3)септікжалғауы; 4) жіктік жалғауы.
Көптік жалғаулары: -лар/лер, -дар/дер, -тар/тер өзі жалғанған сөздерге көптік мағынабереді. Көптік жалғаулары буын үндестігі бойынша жалғанады.
Көптік жалғауының буын үндестігі бойынша жалғануын төмендегідей кесте арқылы көрсетуге болады.
С Ө З Д Е Р | Ж А Л Ғ А У Л А Р |
Дауысты дыбыстарға; үнді р, й, у дыбыстарына аяқталса | -лар, -лер |
Ұяң дыбыстарға; үнді м, л, н, ң дыбыстарына аяқталса | -дар, дер |
Қатаң дыбыстарға; Орыс тілінен енген б, в, г, д дыбыстарына аяқталса | -тар, -тер |
Көптік жалғауы мынандай жағдайда жалғанбайды:
1. Жеке даралап санауға келмейтін заттардың аттарына:қант, су, шаш, тұз, май, бидай, күріш, мақта, т.б.
2. Халық, ру, ел аттарына: найман, қазақ, арғын, өзбек, татарт.б.
3. Адамның ішкі сезімін білдіретін дерексіз зат есімдерге: қуаныш, тілек, ақыл, парасат, жақсылық, мейірім, ізеттілік, көмек, жолдастықт.б.
4. Алдынан сан есім келген зат есімдерге:жеті нан, жиырма оқушы, алпыс балуан, тоқсан жылқы, мың қой, сексен түйет.б.
5. Алдынан көп, аз, бірталай, қыруар сияқты сөздер тіркесіп келген зат есімдерге көптік жалғауы жалғанбайды: көп адам, қыруар қаржы, бірталай уақыт, аз жұмыс, әлденеше оқушы, бірнеше кітап т.б.
Тәуелдік жалғау –үш жақтың біріне меншіктілікті білдіретін грамматикалық категория. Сөздердің тәуелдік жалғауын қабылдауы тәуелдену деп аталады.
Тәуелдіктің екі түрі бар: 1) Оңаша тәуелдеу бір не бірнеше заттың бір адамға ғана меншікті екенін білдіреді. Мысалы: менің арманым, сенің мақсатың, оның пікірі, сіздің ойыңыз.
Ортақ тәуелдеу бір не бірнеше заттың бірнеше адамға меншікті екенін білдіреді. Мысалы: Біздің досымыз, олардың заттары, сендердің кітаптарың, сіздердің інілеріңіз.
ОҢАША ТӘУЕЛДЕУ | ОРТАҚ ТӘУЕЛДЕУ |
Менің анам, кітаптарым Сенің анаң, кітаптарың Сіздің анаңыз, кітаптарыңыз Оның анасы, кітаптары | Біздің ініміз, кітаптарымыз Сендердің інің, кітаптарың Сіздердің ініңіз, кітаптарыңыз Олардың інісі, кітаптары |
Тәуелдік жалғауы негізінен зат есімге жалғанады, сондай-ақ заттанған басқа сөз табына да жалғанады. Мысалы, біз бесеуміз, көзінің ағы мен қарасы, т.б.
Тәуелдік жалғауы -нікі, -дікі, -тікі түрінде де кездеседі. Мысалы, Семейдікі, кітапхананікі, Тілектікі, т.б.
Септік жалғау –сөздерді бір-бірімен байланыстырып, жалғастырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіріп тұратын қосымшаның түрі. Сөздердің жалғауларды қабылдап, өзгеру жүйесі септеу немесе сөздердің септелуі деп аталады. Қазақ тілінде жеті септік бар. Олар: атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Септікдеген термин – сеп, жәрдем, көмек, дәнекердеген ұғымды білдіретінсөздер.
Әрбір септіктегі сөз белгілі бір сұрақтарға жауап береді. Сұраққа сәйкес әр септіктің арнаулы қосымшаларыболады, олар септік жалғаулары деп аталады. Септік жалғаулары әр сөзге буын және дыбыс үндестігіне байланысты әр түрлі нұсқада жалғанады.
СЕПТІКТЕР | СҰРАҚТАРЫ | СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫ |
Атау септік Ілік септік Барыс септік Табыс септік Жатыс септік Шығыс септік Көмектес септік | Кім? Не? Кімнің? Ненің? Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Қайда? Кімнен? Неден? Қайдан Кіммен? Немен? | жалғауы жоқ -ның/нің, -дың/дің, -тың/тің -ға/ге, -қа/ке, -на/не, -а/е -ны/ні, -ды/ді, -ты/ті, -н -да/де, -та/те,-нда/нде -нан/нен, -дан/ден, -тан/тен -мен, -бен, -пен, -менен, -пенен, бенен |
Септеудің екітүрі бар: 1) жай септеу; 2) тәуелді септеу.
1) Жай септеу – септік жалғауының түбір сөзге бірден жалғануы.
Жай септеу үлгісі:
Атау септік – кім? не? Дос, әке, гүл
Ілік септік – кімнің? ненің? Достың, әкенің, гүлдің
Барыс септік – кімге? неге? Досқа, әкеге, гүлге
Табыс септік – кімді? нені? Досты, әкені, гүлді
Жатыс септік – кімде? неде? Доста, әкеде, гүлде
Шығыс септік – кімнен? неден? Достан, әкеден, гүлден
Көмектес септік – кіммен? немен? Доспен, әкемен, гүлмен
2) Тәуелді септеу – септік жалғауының тәуелденген сөзге жалғануы.
Тәуелді септеу үлгісі:
Атау – Кімім? Кімі? Нем? Досым, әкесі, гүлім
Ілік – Кімімнің? Кімінің? Немнің? Досымның, әкесінің, гүлімнің
Барыс – Кіміме? Кіміне? Неме? Досыма, әкесіне, гүліме
Табыс – Кімімді? Кімін? Немді? Досымды, әкесін, гүлімді,
Жатыс – Кімімде? Кімінде? Немде? Досымда, әкесінде,гүлімде
Шығыс – Кімімнен? Кімінен? Немнен? Досымнан, әкесінен. гүлімнен
Көмектес – Кіміммен? Кімімен? Неммен? Досыммен, гүліммен, әкесімен
Жіктік жалғаубастауыш пен баяндауышты жақ және шақ жағынан қиыстыра байланыстырады. Сөздергежіктік жалғаудың жалғануы сөздің жіктелуі деп аталады. Жіктік жалғауы жалғанған сөз сөйлемде негізіненбаяндауыш қызметін атқарады. Мысалы, Мен гимназия мектебінің оқушысымын.
Қазақ тіліндеесім сөздер де, етістік те жекеше және көпше түрде жіктеледі.
ЖЕКЕШЕ ТҮРДЕ ЖІКТЕУ | КӨПШЕ ТҮРДЕ ЖІКТЕУ |
Мен азаматпын, отырмын Сен азаматсың, отырсың Сіз азаматсыз, отырсыз Ол азамат, отыр | Біз азаматпыз, отырмыз Сендер азаматсыңдар, отырсыңдар Сіздер азаматсыздар, отырсыздар Олар азамат, отыр |
Сөзге қосымшалардың жалғануының орын тәртібі болады. Жұрнақ сөз тудыратын және онытүрлендіретінбөлшек болғандықтан, үнемі түбірден кейін, жалғаулардан бұрын жалғанады. Жалғау сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша түрі болғандықтан, сөздің соңында келеді. Мысалы, үгіт+ші+лер+іміз+дің, кітап+хана+шы+лар+ымыз+бен, жапырақ+ша+лар+ы+ның, көл+шік+тер+де, т.б.