Оральды праксистің дамуы

2 кезең - Диафрагмальді тыныс алу мен қатар дауысты және дауыссыз дыбыстарға арналған артикуляциялық жаттығулар қатар жүреді.

Сөздің нақты айтылуына дауысты дыбыстардың ықпалы зор. Әрбір дауысты дыбыстың айтылуына қарай спецификалық гимнастика орын алады. Басты назар тілдің ұшында болады, себебі барлық дауысты дыбыстардың артикуляциясына дайындық барысында тілдің ұшын төменгі ерінде ұстап тұру қажет. Бұл тәсі ауыз қуысын кеңейтуге және ауалық бағыттың ауыз қуысы арқылы өтуін қамтамасыз етеді. Дауысты дыбыстардың артикуляциясын барысында , бұлшықеттердің өзара байланысы арқасында еріннің қалыпты жағдайдан өзгеруі-оны табиғи түрде әрбір дыбысқа әкеледі. Гимнастика дауысты дыбыстардың артикуляциясын үйренуден басталады. Оны №1 кестеден көре аласыздар.

Дайындық кезеңінде басты мақсат-ауыз қуысылық демді ұйымдастыру болады, сондықтан барлық артикуляциялық жаттығулар дауыс шығарусыз орындалады. Бала өзі жасап жатқан жаттығулардың дауысты дыбыстардың артикулі екенін білмейді. Осы уақытта логопедте артикулдің орнын жақсартуға мүмкіндік болады.

Ринолалик балаларда қалыптасқан артикуляция-кинестетикалық түрде есте сақталады. Артикул және оның суреті арасында шарттырефлекторлы байланыс орнатылады сол арқылы бала суретке қарай отырып дыбысты айтады.

Логопедиялық түсіндіру баланы ауыз қуысы арқылы мүшелердің көмегімен өтетін ауа бағытын нақты таныстырады. Ариткулді қалыптастыру барысында жаттығуларды еш басымдықсыз орындауға назар аударып, мимикалық бұлшықет синкенезиясының пайда болатыны туралы ескерту қажет.

Оралды праксистің дамуы барысынды кейбір спецификалық әрекеттерді қарастыру қажет, себебі олар ринолалияның басқа тілдік бұзылыстармен қатынасында керек болуы мүмкін.

Таңдаулы артикуляциялық гимнастиканың принципі-қосымша артикуляциялық жаттығуларды қолдануға мүмкіндік береді.

Мысалы, ринолалия мен дизартриясы бар бала тілін жоғары көтерген кезде тілі сол жаққа бұрылып кетели. Бұл оның тілінің оң жақ бөлігінің әлсіздігін көрсетеді. Тілдің оң жақ бөлігінің әлсіздігі кезінде тілдің оң жақ бөлігін жақсарту үшін арнайы жаттығулар жасайды. Ол үшін балаға тілін сол жақа бұрып, жоғары төмен тілімен жүргізіп, ұртына тіреп тұрғызады. Соның әсерінен тілдің оң жақ бөлігіне салмақ түседі. Егер де тілдің сол жақ бөлігі әлсіз болса тура осы жаттығуларды барлығын оң жағына жасайды.

Қарсылық туғызатын жаттығулар ең нәтижелі деп есептеледі. Мысалы, балалда тілінің оң жақ бөлігі әлсіз болса балаға тілін шығарып, оны солға бұруын сұранады. Бала тілін бұрған кезде логопед шпательдің көмегімен қарсылық жасайды, соның әсерінен тілдің оң жақ бөлігіне салмақ түседі. Тілдің, еріннің, беттің бұлшықеттерін жақсарту үшін логопед артикуляциялық жаттығулар жасаған кезде балаға бұл жаттығуға қай мүше қатысып отқанын және ол жаттығуды қалай жасап отқанын көріп және есте сақтауы үшін айна беріп жаттықтырады. Ал одан да нақтырақ түсінуі үшін балаға көмектесуге болады: логопед стирильді марлямен тіліді ұстап, қалай жасау керектігін түсіндіреді.

Артикуляциялық праксистің қалыптасуы кезінде артикуляциялық мүшелердің бір бірімен қатынасын ескеру керек. Ол үшін келесідей мысалдарды қолдануға болады. Мысалыға берілген бір артикуляциялық қимылды қалыптастыру үшін тілді ауыздың ішіне қарай орналастырады. Осы кезде ауыздың бұрыштары механикалық түрде алға шығады. Керісінше тілді алға шығарған кеде тілдің бұрыштары жанына қарай бұрылады. Бұл жаттығулардың барлығын айнаның алдында жасап отыру керек.

Осы аталған жаттығуларды жасау кездінде біз балаға артикуляцияның көрінетін жақтарын түсіндіріп, көрінбейтін жақтарына әсер етеміз. Бұл балаға қимылды сезініп қана қоймай және оны түсініп, бұлшықетке қалай салмақ түсіру керектігін көрсетеді.

Осылайша берілген жүйеде логопедиялық жұмыста артикуляциялық мүшелердің спецификалық гимнастикасы қолданылады (тек сөздік дыбыстарды айтуға арналған жаттығулар ғана қолданылады) және де артикуляциялық процесті дамытуға арналған жаттығулар қаралып жатыр. Артикуляциялық праксисті дамыту сөздік тыныс алуды дамытумен бірге жүреді. Артикуляциялық дыбыстарды шығару жаттығулары сомен қатар ауызбен шығаруды үйрену болып есептеледі, өйткені сөздік дем алу мен сөйлеу аппаратының гимнастикасын үйреніп қабылдау қызметін атқарады.

Сұрақтар:

2. Оральды праксистің дамуы.

2. Диафрагмальді тыныс алу кезеңі.

Наши рекомендации