Леуметтік-педагогикалық диагностика технологиясына сипаттама беріңіз
Педагогикалық диагностика - педагогикалық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады.
Сондықтан, педагогикалық диагностика деген кезде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілер, яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз. Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі – педагогикалық үдеріс болып табылады. Педагогикалық диагностика педагогикалық үдерістегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды.
Педагогикалық диагноз -бір ғана сөзден тұрмайды, кең мағынада жүйелі түрде болады.Қазіргі педагогикалық диагностикада педагогикалық диагноз - ауруды анықтамайды, сонымен қатар психологиялық ауруларға болжам жасамайды. Педагогикалық диагнозкез - келген сау адамға қойылып, сонымен қатар психикалық қасиеттердің комплекстік бейнесін береді,- қабілеттілігін, стилін және адамның өзіне байланысты себептерін, Мысалы,бір адамда бір уақытта бірден бірнеше қабілеттер анықталады: креативтік дамуының жоғары деңгейі, вербальдық(ауызша) интеллекттің орташа деңгейі, социалдық табысқа жетуінің негізі, себептердің негізінде зейінді концентрациялау қабілеттілігінің төмен деңгейі.
Белгілі бір адамның кейбір қасиеттері мен қабілеттері кейбір жағдайларда өзара конфликтке ұшырап, әртүрлі қимылдарға итермелеуі мүмкін. Педагогикалық диагностиканың мақсаты - адамның қайсы педагогикалық қасиеттері өзара қайшылықтарға ұшырағанын анықтау. Бүл ішкі конфликтті шешуге көмектеседі. Педагогикалық диагностикада норма деген ұғымның үлкен маңызы бар. Норманың екі түрі болады: статистикалық және социокультуралық. Бірінші түрі- стильдік және мотивациялық қасиеттерді бағалау үшін пайдаланады. Екіншісі - қабілеттерді және жетістіктерді бағалау үшін. Статистикалық норма - өлшенетін қасиеттің орта диапазоны.
Социокультуралық норма- қоғамда қажет қасиеттің деңгейі.
Барлық жағдайда ғылыми және практикалық педагогикалық диагностика өзіне тән бірнеше міндеттерді шешеді. Олар мыналар:
1.Адамдағы белгілі бір психологиялық сапалар мен мінез - құлық ерекшеліктерінің бастамасын анықтау.
2.Бұл сапаның даму деңгейін анықтау, оның белгілі бір сапалық және сандық көрсеткіштерінде көрініс табуын анықтау.
3.Қажет болған жағдайда адамның (мінез- құлық) диагностикаланған мінез құлық және психологиялық ерекшеліктерін сипаттау.
4.Әр түрлі адамдардағы бұл сапалардың даму деңгейін салыстыру.
Практикалық педагогикалық диагностикада бұл міндеттердің барлығы бөлек - бөлек шешіледі немесе жүргізілетін зерттеулердің мақсатына байланысты комплексті түрде шешілуі мүмкін. Барлық жағдайда нәтижелерді сапалы сипаттаудан басқа, сандық талдау әдістерін меңгеру де талап етіледі.
Педагогикалық диагностика педагогикалық үдеріс кезеңдерінде белгілі бір бағдарлама бойынша жүйелі жүргізіледі және осы үдерістің қатысушылары, шарттары, мазмұны мен нәтижесі туралы нақты ақпарат алуды көздейді
Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.Технологияның кезеңдері:
• Оқытудық мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
• Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
• Диагностика негізінде оқытудық жаңа мақсатын қою. Технологияда одушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырылады, жаңа мақсат қойылады.