Педагогикалық–психологиялық диагностиканың негізгі әдістеріне сипаттама беріңіз.

Психодиагностика әдістемелері сандық көрсеткіштерін алу түрі ХІХ ғ ІІ жартысында жүзеге аса бастады. Осы жылдары атақты неміс психологы Вундтың жетекшілігімен әлемде алғаш рет тәжірибелік психология лабораториясы ашылды. Мұнда психодиагностикалау мақсаттар әр түрлі құралдар мен жабдықтар қолдана бастады. «Диагностика» оқыту тәжірибесіндегі «білім, білік, дағды, іскерлікті тексеру» ұғымын қамтығанымен, одан мазмұны, мақсаты жағынан ауқымды. Білім, білік, дағдыны іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні ғана көрсетеді.Ал, диагностика бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мәліметтерге талдау, оның даму бағытын айқындау, дидактикалық үрдісті жобалау, яғни педагогикалық жүйенің тұтастығын қамтамасыз ету қызметін атқарады.Әдістер негізгі , қосымша әдіс болып бөлінеді. Байқау әдісі-белгілі бір жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақытзерттеуші адамның іс-әрекетіне тікелей араласпай жүреді.Бақылауға алынған адам ол туралы ол туралы білмеуі керек. Егерде білсе өзінің қасиетін жасырады. Байқайдың арнайы жоспары болады. Міндетті түрде байқай күнделігі жүргізіледі. Байқау кунделігінде тек факторлар емес , болып жатқан жағдайлардың барлығы тіркелуі керек. Бақылауды жаппай немесе ішінара жүргізуге болады.Жаппай бақылау кезінде жалпы психологиялық процесстер мінез-құлқының көптеген жақтары қамтылады. Әсіресе бақылаушыға маңызды назар аудрарларлық болып есептелетін баланың жаңа қылықтары мен мүліктері , бала қалай киінеді т.бІшінара байқауда баланың мінез-құлқының бір жағы немесе іс-әрекет кезіндегі қарым-қатынаы және мінез-құлқы алынады. Эксперименттік әдіс- адамның психикалық әрекетін бірнеше құбылтып өзгертіп кейде жасанды жағдайдағы зерттеулерді айтамыз. 2түрі бар.табиғи және лабараториялық. Арнайы лабораториялық аппараттармен жабдықталған кабинетте өтілетін зерттеу лабораториялық эк-т делінеді. Ерекшелігі- онда адамның сөзі қимыл қозғалысы сыртқы ым-ишарасы байқалып қана қоймай, адам ағзасының жұмысы көрінбей тұрған жасының физиологиялық ерекшеліктерін айтамыз. Мысалы күрделі эмоциялық өзгерісте қан тамырының соғуы, жүрегінің жұмысы арнайы аппараттармен жазылып отырады.Табиғи эксперимент-зерттейтін адам өзін күнделікті дағдылы жағдайда балалардың арасында оқу, еңбек, әрекет үстінде біледі.Тиімділігі зерттеуші өзіне қажетті құбылысты қашан пайда болады деп күтпейді.Қажетпроцесті өзіне қажет уақыт арасында жасауды қолданкға мүмкіндік тудырады.Констанциялау эксперимент-мақсаты тексеретін жұмыстың мақсатын, бағытын алдын-ала біледі. Қалыптастыру э-т арнайы ұйымдасқан оқу-тәрбие жұмысында жеке адамға тән салаларды қалыптастыру барысында жүреді. Ол үшін арнайы бағдарламаға сәйкес оқу бағдарламасы беріледі. Қорытынды э- 1және 2ші эк-т нәтижелерін қорытып, ілгері бас нәтижесін байқатады. Сауалнамалық зерттеу ә-ерттелетін адамға арнап құылған бірқатар мазмұнды сұрақтарға жауап жазжырады да, сол жазбаша жазылатын жауаптарға белгілі қортынды жасап, тиянақты пікірге келуге блады. Ерекшелігі сұрақты баланың жасына сай құрастырады. Тестілік әдіс- сынау, яғыни тексер көру мағынасые береді адамның білігін,и іскерлік жағын, жалпы ақыл-ойының даму дәрежесін психикалық процестерін, мамандыққа деген қабілетін анықтайды.Қызмет нәтижесін зерттеу-мұнда адмның шама-шарқа ептілік дағдысы ,жұмысқа құлқы ,қабілеті мен білім деңгейі психикалық процестің өзгншеліктерін ашуға мүмкіндік болады.Социометриялық ә-әлеуметтік өлшем әдісі. Мұнда жеке бас ерекшеліктері мен ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты зерттейді. Биографиялық ә-бұл әістің мәні жеке адамның психологиялық ерекшеліктерін бейнелеп көрсетуге болатын өмірбаянның өзгешеліктеріен талдау жасап, жинап, қорытынды жасаумен күнделік жазбалары, хаттарының өмірбаянын анықтайтын мәліметтер оны таныйтын адамның есінде қалған мәліметтер негізінде жүзеге асады. Сауалнама әдісі-зерттеушінің респонденттен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделгенэиперикалықәлеметтену өлшем тәсілі.

54. Тестің құрастырылу кезеңдеріне қарай топтастырыңыз.

Оқушылардың дамуындағы кейбір ерекшеліктерді диагностикалау-дың қарапайым əдістерін үйреніп алу кəсіби педагогикалық дайындықтың аса маңызды шарты. Мектеп мұғалімдерін аса қызықтыратын жəйттер – оқушылардың ақыл-ой əрекеттерін, мінез-құлық сеп- түрткілерін, қажетсіну деңгейін, көңіл-күй шабытын, əлеуметтік бітістер дамуы мен т.б. маңызды сапаларын күні ілгері байқастыру. Аталған сапаларды зерттеудің кең тараған əдісі - бұл тестілеу.

Тест ( ағылшынша test-тексеру) тұлғаның белгілі бір психологиялық құрамының даму деңгейін, білімін анықтауға көмектесетін тапсырмалар жүйесі. Тест - жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салыстырмалы шамалармен өлшеуге арналаған стандартталған тапсырмаларды тексеру психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі. Тестік модельдік жағдайлар болып табылады, олар арқылы индивидтің тән сипатты реакциялары анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептеледі.Тест термині ең алғаш рет 1890 жылы Англияда енгізілді. Тесттер 1905 жылы балалар психологиясын анықтау кең тарады. Осы кезде Францияда дарынды балаларды анықтайтын бірнеше тесттердің сериясы дайындалып шығарылса, 1910 жылы психодиагностиканың практикасында да, Германияда кәсіптік іріктеуде тесттердің сериясы шығарылды. Оларды әртүрлі бағыттарына байланысты топтастыруға болады: Қолданылу мақсаты байланысты; Жүргізілу жолдарына байланысты (жеке және топтық);Мазмұнына, арнайы қабілеттері байланысты; Вербальды және вербальды емес;Аанализдік және синтездік;Заттық ( белгілі бір заттар арқылы (мысалы: бөлшектерден фигуралар құрау);Аппаратуралық (арнайы техникалық құралдар арқылы);Тапсырмаларының біртектілік дәрежесі бойынша;Психикалық қасиеттерді қамтуы бойынша және т.б. Психологиялық тестер жүргізу өзіндік таным, өзіндік даму, мінез-құлықты коррекциялау (түзету) құралы ретінде қолданылады.Педагогикалық тестілеу білім мен білікті, машықты бағалауда қолданылады.Тест әдісінің артықшылығы:- тексерудің, бақылаудың объективтілігі тест арқылы бағалау нақты әрі (дифференциалды) сараланған, даралық сипатта;- дәстүрлік тексеру әдістерінен тиімдірек.;

- оның мәні адам қабілеттерінің айқындау,өлшеу құралы болуында.Тестердің типтері :- қалыптылық - бағдарлы (нормативно-ориентированные).- өлшемдік - бағдарлы (критериально - ориентированные)Тестілеудің негізгі үш саласы бар:- білім беру-оқыту мерзімінің ұзаруына және оқу бағдарламаларының күрделіленуіне байланысты;- кәсіби даярлық және іріктеу-өндірістің өсу қарқынының жеделдеуіне және күрделенуіне байланысты;- психологиялық консультация- социодинамикалық процестердің жеделдеуімен байланысты;Тестілеу процесін үш кезеңге бөлуге болады:- тестіні таңдау ( тестілеудің мақсатымен және тестінің дұрыстығы мен сенімділік дәрежесі анықталады);- оны өткізу (тестіге берілген нұсқаумен анықталады);- нәтижелерді пайымдау (тестілеудің пәніне қатысты теория жүйесімен анықталады). Тест формалары: Ауызша және жазбаша тестер. Сонымен бірге, бланкілі, заттық, аппараттық, компьютерлік тестер.Психологиялық тестің мазмұны бойынша тестер төрт класқа бөлінеді: *интеллект тестері;

қабілет тестері; жетістік тестері; жеке бас тестері.

55. Диагностикалау үшін ойындарды пайдалану жолдарын ұсыныңыз.

Ойын арқылы диагностикалау технологиясы бастауыш сыныптарда кеңінен қолданылады. Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет.Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын – ала әзірлеу.2Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорына сәйкес келуі.Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.Ойындар арқылы балаларға диагностика жасау тиімді, себебі балалардың негізгі іс әрекеті ойын. Сондықтан да ол жазу мен сурактарға жауап беруден гөрі ойнағанды ұнататыны рас. Мысалы баланың өзін өзін тануға келесідей ойындар бар. . «Айна» ойыны: Өзім жайлы қалай білуге болады? - Алдарында гүл салынған себетте айналар бар. Сол айнаны алып қараңдар да, мына сұрақтарға жауап беріңдер? Сенің көзіңнің, шашыңның түсі қандай?Сенің бойың қандай? ( өзгелермен салыстырғанда) Саған қандай адам көбірек ұнайды? Сенің жымиып күлгенің өзіңе ұнай ма? Сен өзіңді сұлумын деп санаисың ба? -Айна тек сендердің сыртқы бейнелеріңді ғана көрсетіп қоймай, адамның ішкі бейнесін , мінез- құлқын , адамгершілігін білдіреді.

Мінез-құлқында қиындығы бар балаларды диагностикалауға көмектесетін негізгі құрал ойын болып табылады. Қазіргі психологиялық –педагогикалық әдебиеттерде ойынның төрт түрде сипатталуы: сюжеттік рольдік, ережелермен ойын, бейнелік-рөлдік, режиссерлік.

1-кезең. Сюжеттік-рөлдік ойын.

Алдымен ересек баланы рөлдік бейнені игеруге дағдыландырады. Ересектер ойын сюжетін ұсынады. Ойында бала құдіретті күш болады. Жағдайды басқаруды, әлсіздерді қорғап, жауздарды жеңуді үйретеді. Бұл үшін балаға мысал үшін балаға келесі жағдаятты ұсынуға болады.: екі кейіпкер кездесіп, қиындыққа жолығады. Олардың бірі сасқалақтп не істерін білмей жылайды. Екіншісі қалай шығар жолды іздейді. Оған көмекке құдіретті күш келеді, сиқырлы таяқша көмегімен қиын жағдайдан шығуға көмектеседі. Құдіретті күш бейнелі рөлбалаға жағдаятқа іштей емес, сырттай жол табуға болатынына шынайы көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Егер бала жетекшінің көмегін қажет етсе, бұл жерде ол үлкендердің көмегінсіз, өз мәселесін шешуге, қақтығысты жағдайдан шығуға әрекет жасайды. Бала ойынды өзі ойлап табады., жетекші оған тек қақатығысты жағдайды енгізіп отырады. Баланың алдына міндет қойылады – бейнелік – роль көмегі арқылы мәселелерден шығатын жол іздеу, аффектілі міне-құлықты жеңу негізге алады.

2-кезең. Режиссерлік ойын.

Бұл кезеңде балаларды әртүрлі режиссерлік ойындарға дағдыландыруға бағытталады. Аффектілі мінез-құлықты балалардың жекелік ерекшелігін ескере келе, алдымен режиссерлік ойындағы ойын әрекетіне үйрету маңызды. осы мақсатпен кубиктер жиынтығын қолдануға болады. Жетекші әртүрлі әңгімелейді және шағын заттарды балалр алдында ойнатады. Жағдаяттарды таңдағанда деректерді емес сәттерді алған дұрыс. Бұл балаларда эмоционалдық лебіз тудырып, көтеріңкі көңіл-күйге әкеледі. Мысалы: жетекші үлкен нейтралды кубикті алып, оны кеңістікте қозғап, айтады: «Біреуі үлкен, түкті алып келе жатады».

Енді баларды өз бетінше сюжет құрастырғанды дасюжет құрастырғанды дағдыландыру қажет. Бұл үшін оларға бірнеше ойыншықтарды ұсынуға болады.

3-кезең. Вербалды ойындар. Бұл кезеңде балада ерекше көзқарас қалыптасады, режиссерлік көзқарас қатынасына қарағанда жалпылама болады. Материалдық құралсыз сөз арқылы көрсетуге болады.

Алдымен оған белгісіз жағдаяттарды аяқтау ұсынылады. Бала мұұны материалдық құрал көмегінсіз, эмоционалды жағымды аяқтайтынына көз жеткізу керек.

Егер бала бұл тапсырманы жақсы орындаса, оған ойынның келесі нұсқасын ұсынуға болады. Жетекші мұнда әңгімені қауіпті жерде тоқтатады.

Балалар саңырауқұлақ теруге барды: себет толы саңырауқұлақ ты жинап олар жалғыз аяқ жолмен келе жатыр. Жалғыз аяқ жол үлкен асфальт жолды кесіп өтетін еді, бала өтіп кетті, ал қыз себетті құлатып алып саңырауқұлақ ты төгіп алады. Осы кезде жолда машина көрінеді бала әңгімені аффективті аяқтаса әлеуметтік педагог өзге кейіпкерлерді құтқаратындай батыр кейпінде өзгеруінге болады.

56. Есті дамыту тәсілдерін жазыңыз.

Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл –күйлерінің ойда сақталып,қажет кезінде қайта жаңғыруы ес үрдісі деп аталады. Ес іс-әрекет сипатына орай үш түрге, психикалық белсенділік сипатына байланысты:қимыл –қозғалыс,эмоциялық сезімділік, бейнелі-көрнекілік,сөздік-мағыналық; іс-әрекеттің мақсатына орай: ерікті,еріксіз; адамның материалды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа,ұзақ мерзімді,оперативті ес деп бөлінеді. Арнайы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет:1) арнайы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу;2) Есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы;3) Есте қалдыруды жоспарлап, оқыған материалдардың ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің мәнін білу;4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен тығыз ұштастыру;5) қабылдаған нәрселерді өз сөзімен құрастыру, сөйтіп, қажетті материалдарды есте қалдыруды жеңілдету.

Есте сақтаудың дұрыс жолы Дауысыңызды шығарып, болып жатқан құбылысты әңгімелеп көріңіз. «Міне менің көлігім. Оны дүкеннің қасына қалдырып барамын. Кілтті әкеліп, тоңазытқыштың үстіне қойдым. Тоңазытқышта тағамдар сақталған....» Ойыңызды дабыстап айтып көрсеңіз, есіңізде сақталады. Себебі, құлақпен кірген дыбысты ми да жақсы сақтай алады.Өз әрекеттеріңізді суретке түсіріп көріңіз. Дыбыстап айту жеткіліксіз жайттар болады, бұл кезде түсірілген суреттер кейін болған жайтты қайта еске түсіреді. Қазір, ақпарат пен техниканың дамыған заманында, сағат санап түсетін ақпаратты есте ұстай алмай, техниканың көмегіне жүгінуге мәжбүр боламыз. Ұстауға да, қолдануға да ыңғайлы фотоаппараттың көмегімен оқиғаларды сурет етіп жазсаңыз, ұтылмайсыз. Тойлар мен маңызы бар іс-шараларды міндетті түрде суретке түсіріп жүру, кейін сол суреттердің арқасында өткен қуанышты оқиғаны қайта еске алу. Бізден кеңес: егер есте сақтап қалу үшін өте маңызды жайттар көз алдыңызда өтіп жатса, суретке түсіру пернесін басудан қысылмаңыз.Сонымен қатар есті дамытуға арналған тәсілдердің бірі ойын болып табылады. Төрт құбылысБалалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.Көңілді шеңберБалалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады. Орныңды тапБалалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. өз орынын таппаған балалар ойыннан шығарылады. Ойыншықты сипаттаЖүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.Сөзді есіңде сақтаЖүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды. Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып шығу керек. көктем – жаңбыр жаз – күн шықты аспан – бұл жер – шөп

Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары

1. Есте сақтаудың қиындығы оның көлеміне пропорционалды өседі. Үлкен үзіндіні оқыту қысқаға қарағанда тиімдірек.

2. Біркелкі жұмыста есіңде сақтағаның көп болса, онда түсіну де жоғары.

3. Бөліп оқыған, бірден оқығаннан жақсы. Бірден оқымай үзілістермен, аз-аздап оқыған жөн.

4. Жай ғана бірнеше рет оқығаннан гөрі, есіңде қалғанын қайталауға көп уақыт бөлген тиімдірек.

5. Егер көп және аз екі материалмен жұмыс істесең, көбінен бастағаның жөн.

6. Түсінде адам есте сақтамайды және де оны ұмытпайды.

Сауалнама, әңгіме, болжам, табиғи эксперимент, міндет, индукция, корреляция, сұхбат, лабараториялық эксперимент, әдіс, әдіснама, бақылау, ұстаным, мәселе, айқындаушы эксперимент, қалыптастырушы эксперимент, тест ұғымдарына түсініктемелік сөздік құрастырыңыз.

Сауалнама -нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі. Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады.

Әңгімелесу—пікір алысу, сұхбаттасу, әлеуметтік ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі. Педагогикадағы әңгімелесу — оқушылардың ойы мен тілін дамыту үшін қолданылатын оқыту әдісінің бір түрі. Әңгімелесу кезінде оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы оқу материалын пысықтап, ой қорытады. Әңгімелесу әдісі — оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер ететін тиімді әдістердің бірі. Оның сапасы оқытушының тәжірибесіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты.

Болжам (немесе болжау) -ғылым методологиясында – мәні толық анықталмаған заттар мен құбылыстардың негізінде жатқан ішкі байланыстар мен қатынастар туралы ұсынылатын ғылыми жорамал;

Табиғи эксперимент –табиғи жағдайда адамның іс-әрекетінің барысында өтеді. Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы А. Ф. Лазурский енгізді. Табиғи эксперимент бойынша психологиялық зерттеулер адамның өмір тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Кейбір жағдайларда бұл әдіс психологиялық және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер бойынша әр түрлі жас кезеңдерінде адамның қалыптасуы қарастырылады.

Міндет (ағылш.task) -талданатын немесе шешілетін мәселе.

Индукция—білімнің жеке пайымдаулардан жалпы кағидаларға қарай ауысуы. Индукция дедукциямен тығыз байланысты. Психологияда индукциялық пайымдаулардың дамуы мен бұзылуы зерттеледі.

•Жекеден жалпыға қарай дамитын логикалық ой тұжырымы.

•Нейрофизиологияда тітіркену нәтижесінде пайда болған алғашқы қозу ошағының маңындағы аймақтарға тарауы

Корреля́ция (от латин. correlatio — арақатынас, өзара байланыс)екі немесе одан да көп кездейсоқ шамалардың статистикалық байланысы.

Сұхбат -бағытталған диалог. 1) Психологияда, әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевтік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар. Әдістері:клиникалық сұхбат және диагностикалық сұхбат;

2) ауызша пікіртерім арқылы әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу амалы. Сұхбат екі түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әңгіме түрі реттелмеген; ә) нысаны алдын ала әзірленген сұрақтарға негізделетін сұхбат.

Эксперимент (ғылыми тәжірибе).Психология жөнінде ғылыми-зерттеу жүргізуде эксперименттік әдіс кеңінен қолданылады. Эксперименттік әдістің артықшылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс қашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғұрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшаңдығын т.б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады.

Әдісметод (гр.methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) — көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

Әдіснама /методология/(грек. methodos — зерттеу жолы, теория және logos — іпім) —ғылыми таным әдісі;ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Психология теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы психологиялық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші психологтың нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал-жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты;

Бақылау —зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі , жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді.

Ұстаным -адамның езіне, басқа адамдарға және өзін қоршаған әлемде болып жатқандарға қатынасының орныққан жүйесі.

Тестағылшын сөзі, қазақша аудармасы тексеру, сынау, байқау дегенді білдіреді. Тест 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасыр басында дами бастаған. 20 ғасырдың 20 жылдарында тест жүесі Кеңес Одағының мектептерінде қолданыла бастап, кейіннен 1936 жылы тиімсіз деп алынып тасталған, бірақ 80 жылдардан бастап тест жүйесі қоғамның әр саласында қолданысқа кіре бастады. 1995 жылдан бастап жоғарғы оқуға түсушілер білімі осы тест жүйесі арқылы бағаланып, студенттер қабылданды. Қазіргі кезде тест оқушы білімін тексеру, өлшеу құралы ретінде және оқушы қабілетін анықтауға арналған мақсат көздейтін тесттер жүйесі оқыту процесінде қолданылуда.

Наши рекомендации