Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасы

Тапсырмаларды орындау үшін бір мұғалімнің 4-6 сабағына қатысу керек. Бір мұғалімнің әр түрлі сыныптардағы сабағына қатысу керек.

Мұғалімнен алдын ала сабаққа қатысуға рұқсат алу қажет.

Мұғалімнің рұқсатымен сабағына қатысу барысында сабақтағы мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың стильдік ерекшеліктері зерттеліп, талданады: қарым-қатынас стилінің жалпы сипаттамасы, мұғалімнің сөйлеу және вербалды емес жүріс-тұрысы, оның педагогикалық әдепі мен ырғағы, оқушыларға әсер ету әдістері.

Сабақ барысында үлгі бойынша бақылау парағы жүргізіледі:

Күні_______________________________________________________

Сынып______ сабақ № (кесте бойынша) __________________________

Мұғалім____________________________________________________

Тақырыбы____________________________________________________

Бақылау мақсаты: (мысалы, вербалды емес жүріс-тұрысы) ___________

Негізгі кезеңдер мен сабақ барысы Бақылаулар, ескертулер
Дидактикалық және ұйымдастырушылық тапсырмаларға сәйкес сабақтың кезеңдері көрсетіледі (ұйымдастырушылық кезең, мақсатты тұжырымдау, үй тапсырмасын тексеру, өткен материалды көкейкестендіру, қайталау, жаңа материалды зерттеу, алғашқы тексеріс, оқығанды меңгеру, бекіту, қолдану, жалпылау, бақылау, үй тапсырмасы туралы ақпарат, сабақты қорытындылау). Қарым-қатынастың жеке сипаттамасы (стильдің түрлері) бейнеленеді

Әрбір сабақта төменде келтірілген шкаласын пайдаланып қарым-қатынас үдерісінің жеке ерекшеліктері бағаланады, және де әр сабақта қарым-қатынастың біреуін зерттейді.

Сабақтардағы бақылаудың мазмұны:

0 сабақ (байқау) – төменде келтірілгін мінездемелердің барлығы бақыланып, «Ескерту» бағанасына жазылады.

1 сабақ – стильдердің жалпы сипаттамасы, мұғалімнің темпераменті.

Сипаттау үшін студент кез келген классификацияны қолдануына болады. Егер де қарым-қатынас стилі либералды, демократиялық, авторитарлық болып анықталса, бақылау және талдау үшін келесі ұсыныстарды пайдалануға болады:

а) демократиялық стиль. Бақыланады: бірігіп іс-әрекет етуге түрткі болу, жауапкершілікті бөлі «өкілеттіктерді табыстау», сөйлеп тұрған адамға деген құрмет, диалогты ұйымдастыру. Сөйлеуде – БІЗ есімдігінің, «Ал, бірге ...», «Кім басқаша ойлайды...», «Сіздер қалай ойлайсыздар?» және т.б. тіркестерінің басымдылығы.

б) авторитарлық стиль. Бақыланады: бұйрықты интонация, монолог, жеке-дара жауапкершілікке ұмтылу. Сөйлеуде – МЕН есімдігі, «Мен санаймын...», «Тыңдау!», «Жазыңдар» тіркестерінің болуы.

в) либералды стиль. Шақырулардың, өтініштердің басымдылығы, оқушылармен қарым-қатынаста қашықтықты қысқарту – әзілдесу, біреудің есебінен нығаю талпыныстары, Преобладание призывов, просьб, сокращение дистанции в общении с учениками - заигрывание, попытки утвердиться за счет других, оқушылармен ұқсастығын көрсету (демонстрация), жауапкершілік оқушыларға артылады, педагогикалық әдепті бұзушылық кездеседі. Сөйлеуде – жастар сленгін қолдану.

г) айнымалы – әдеттегідей белгілі мақсатқа бағынбайтын барлық стильдердің сипаттамасын үйлестіреді, стильдердің ауысуы жағдайға байланысты апатты түрде болады.

Темпераментті анықтау мен сипаттау үшін психология оқулықтарының көмегіне жүгіну керек.

2 сабақ – сөйлеу мінез-құлығы.

«Ескерту» бағанасында мұғалімнің барлық қақпа сөздері жазылып, сөйлеуді сипаттайтын жазбалар жазылады. Ол үшін: дауыстың сипатын анықтау – күші, дауыс ырғағы, дауыстың жоғарылығы; сөйлеу ерекшеліктері – темп, интонациялық икемділігі, мәнерлілік, кідірісті қолдануы, дикцияны анықтауға болады. Бақылай отырып, мұғалімнің сөзі қаншалықты түсінікті, дұрыс, қолжетімді, жинақы, қисыны бар екенін, лексикалық сөз қорының байлығын, жаргон сөздерін қолдануын анықтау қажет.

3 сабақ – вербалды емес мінез-құлығы.

«Ескерту» бағанасында сабақтың ым-ишара суретін бейнелейді (барлық ымдар, бет қимылы, мұғалімнің дене қозғалысы). Бақылай отырып, мұғалімнің жиі қолданатын ым-шараларын анықтау қажет (көрсеткіш, бейнелейтін, көмекші, қолдау, қауіп, тыйым салу) және олардың қаншалықты орындалғанын, қол сермеудің сипатын (белсенді, байқалмайтын, ұстамды) анықтау.

Мұғалімнің ым-ишарасын, бет қимылын сипатттау. Қандай жағдайда мұғалімнің беті қуаныш, ашу-ыза, реніш, өкініш, аяушылық, күту, назарды білдіреді. Бет қимылының айқындығына сипаттама беру (айқын, байқалмайды, жоқ).

4 сабақ - педагогикалық әдеп пен этикет.

Амандасу мен қоштасу жағдайының әдептілігін сипаттау. Әдептілік формулаларын қолдануын санау, олардың түрлерін сипаттау (өтініш, амандасу, қоштасу, кешірім сұрау, мақұлдау, өкініш, алғыс). Мұғалімнің балаларға қаншалықты әдепті екенін анықтау, әдепсіздік көрсете ме, кикілжің жағдайында өзін қалай ұстайды

5 сабақ – оқушыларға әсер ету тәсілдері.

Мұғалім сабақтағы тәртіптке қалай қол жеткізеді, өзінің пәніне деген қызығушылықты қалай қалыптастыратынын анықтау. Жеке және жанама әсер ету жолдарын сипаттау, олардың мақсаттылығын бағалау.

6 сабақ – оқушыларды бағалау тәсілдері.

Мұғалімнің бағалау, мақұлдау тәсілдерін сипаттау (ым-ишара, бет қимылы, сөз). Сапалы баға мен мадақтау қаншалықты жиі қолданады. Оқушылардың білімін бағалауда талаптардың тұтастығы сақтала ма. Оқу іс-әрекетін бағалауда тұтастық сақтала ма (бақылау сабағымен салыстырыңыз). Мұғалімнің жеке оқушылар мен сыныптарды бағалауда артық көруі бола ма.

Кесте 1 Сабақтағы қарым-қатынаста мұғалім мінез-құлығының стильдік ерекшеліктері

Жағымсыз Орташа Жағымды
Жай ғана тақырыпты хабарлайды, оқушыларды қызықтыруға тырыспайды Қызықтырады, тақырыпты біліктілікпен түсіндіреді
Талқылау барысын қадағаламайды, көп сөзділікке жол береді Тақырыптан ауытқымайды
Қайталауды бөле алмайды Айтылған қайталанса тоқтатады
Сабақ барысында қорытындылар жүргізбейді Сабақтың әр кезеңін қорытындылайды
Сабақты толық қорытындыламайды, қойылған мақсатпен оны салыстырмайды Сабақты дәлелді түрде қорытындылайды
Сөзді мым ерте бөледі, мұқият тыңдай алмайды Алдын ала бөлмей мұқият тыңдай алады
Селқос оқушыларды жеткілікті түрде белсендірмейді Селқос оқушыларды белсендіреді
Шиеленістердің алдын ала алмайды және оларды шеше алмайды Шиеленістің алдын алып, оны шеше алады
Барлық оқушыларды сабаққа араластырмайды Барлық оқушыларды сабаққа араластырады
Іскерлік ахуалды құра алмайды Іскерлік жағдайды қамтамасыз ете алады
Өзі көп сөйлейді, аз сұрайды және тыңдайды Пікірлерін сұрап, өзі қажет болғанда ғана сөйлейді
Дөрекі, әдепсіз, тұрпайы Әдепті, сыпайы, ибалы

Нұсқау:

- бланк бір мұғалімнің сабақтарына қатысу барысында толтырылады;

- бланктегі 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандары сабақтын нөмірін білдіреді;

- қарым-қатынастың әрбір сипаты үшін бағалар тігінен қойылады (1 ден 7 баллға дейін);

- егер де сабақтың сапасы әділ түрде бақыланса, 0 балл қойылады (мысалы, бақылау сабағындағы тыңдау сапасы, диктант жазғанда);

- егер де сапа теріс бағаланса, 1 ден 3 баллға дейін бағалар қойылады, дұрыс 5 тен 7 баллға дейін;

- соңғы бағанада 12 сипаттаманың әрбіреуі бойынша орташа арифметикалық сан саналады (барлық баллдарды қосып оны 6 бөлу);

- егер де ойлаған сапа бақыланбаса, онда ол бағаланбайды (0 балл), бұл жағдайда орташа арифметикалық сан бар бағалардан алынады;

- №8 пункте жоғары баллдар шиеленіс орын алмаған жағдайда қойылады.

Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасының жалпы анализы жеке бетте орындалып, сабақты бақылаудан алынған мысалдармен бірге барлық сабақтардағы қарым-қатынас сипаттамалары бойынша қорытындылардан тұрады. Жалпы анализдың соңында берілген мұғалімнің қарым-қатынас стилінің даралығына тән сипаты анықталады.

Қосымша 7

Практика бойынша студенттің есеп үлгісі

Студенттің ____________________________________практикасы бойынша

(практика түрі)

ЕСЕБІ

КЕЛІСІЛДІ

Практика базасының жетекшісі

______________ _______________________

(қолы) (аты-жөнінің бірінші әріптері мен тегі)

Студент ________________________________

_____ курс ________ тобы ____________________________ факультеті

Ұйым ____________________________________________________

Мерзімі 20 _______ ж. __________ бастап _____________ дейін

1 Практика барысында Сіз қандай оқу-тәрбиелік жұмыстарды орындадыңыз?

2 Пратика жоспарын орындау. Жоспардан ауытқулар болды ма және себебі? Жоспардан тыс қандай жұмыстар орындалды?

3 Сыныпта педагогикалық үдерістің жағдайы қалай зерттелді?

4 Өткізілген сабақтар саны. Олардың қайсысы анағұрлым табысты болды және қайсысы қиындықтар туғызды? Не себепті?

5 Сабақта оқытудың қандай дәстүрлі емес әдістер мен формалары қолданды?

6 Сабақтарда оқушылардың танымдық әрекетінің жеке, топтық, ұжымдық формаларын ұйымдастыру кездесті ме?

7 Практика кезінде қандай тәрбиелік мәселелер шешілді? Берілген балалар ұжымында тәрбиелік жұмыстардың қандай формалары анағұрлым тиімді әсер етті? Сәтсіз өткен тәрбиелік шаралар орын алды ма? Егер орын алған жағдайда оның себебі неде?

8 Ата-аналармен жұмыс қандай формада өтті?

9 Практика барысында Сіз қандай білік пен дағдыларға ие болдыңыз? Практика мұғалім жұмысында кездесетін қандай қиыншылықтарды анықтауға көмектесті? Кәсіби даярлықты шыңдау үшін Сіз алдынызға қандай мақсаттар қойдыңыз?

10 Пратика туралы жалпы қорытындылар. Сіздің педагог ретінде қалыптасуыңыздағы оның маңызы. Практиканы жетілдіру мен ұйымдастыру бойынша Сіздің ұсыныстарыңыз.

Студент-практикант ____________ _____________________

(қолы) (аты-жөнінің бірінші әріптері мен тегі)

Практик жетекшісі ___________ _____________________

(қолы) (аты-жөнінің бірінші әріптері мен тегі)

М.О.

Қосымша 8

Есептің құрылымы

Негізгі бет

Мазмұны

Оқу мекемесі туралы ақпарат

Сабақты бақылау парағы

Сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық мінездемесі

Оқушының психологиялық-педагогикалық мінездемесі

Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасының жылпы анализы

Сабақтардың жоспар-баяндамалары

Сабақтарға дидактикалық материалдар

Қатысқан сабақтардың анализы

Тәрбие шараларының әдістемелік

Жеке есеп

Кәсіптік практиканы өтуге келісім шарт

Практиканы өтуге жолдама

Кәсіптік практика бойынша жұмыс жоспар-кестесі

Психологиялық-педагогикалық практика күнделігі

Практика бойыша студенттің есебі (қосымша 3)

Наши рекомендации