Леуметтік педагогиканың ғылыми бағыттары, ағымдары және мектептерін сипаттаңыз.

«Жаңа мектептер» қозғалысы - XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында туған буржуазиялық-реформаторлы педагогика бағытының бірі. Оның пайда болуы әлеуметтік экономикалық және қоғамдық-саяси сипаттағы бірнеше себептермен байланысты болады: яғни капиталисттік өндіріс қажеттілігінен дәстурлі мектептен қалыс қалуы; тап күресінің шиеленісуі жетекші еуропа елдерінің бірінші дүниежүзілік соғыска дайындалуы; т.б. Буржуазия мұндай кезеңнің мәселелерді тәрбие арқылы шешуге тырысты. (А.Феррьер, К.Уошборн т.б.). «Жаңа мектептер» жекеменшікті әрі ауқатты отбасының мүшелерін өндіріс пен саясат жолындағы «капитандарды» даярлайтын ақылы мекеме еді Кейінірек бұл бағытта либералды-демократиялық тар- мак рәсімделді, ал оның ұйымдастырушылары С.Френе, Р.Штайнер, т.б. болды. Бұл құбылыстың феномені «жаңа тәрбие мен білім» және «жаңа мектеп» терминдерінің тепе-тендігімен байланысты XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қоғамдық-педагогикалық қозгалыстың идеологтары бұл терминді өз еңбек- терінде көп қолданды. Мәселен, 1899 жылы жаңа мектептердің халықаралық бюросы ұйымдастырылған. Оның директоры швейцарлық педагог Феррьер болған. Алғашқы «жаңа мектеп» Еуропада С. Редди 1889 жылы Абботсхолмда (Англия) ашқан. Мектептердің көпшілігі жеке- меншк әрі деңгейі жоғары болгандықтан, ақысы да соған сай еді Бул «жаңа мектеп» феноменін түсңну үшін маңызды. Біріншіден, бул мектеп мемлекеттік және қоғамдық өмірдің түрлі аймақтарына қызмет ете алатын белсенді, жан-жақты дамыған тұлғаны дайындау үшін арнайы әлеуметтік топтағы адамдардың тапсырысымен құрылған. Екіншіден, осы мектептердің ұстанған педагогикалық ұстанымдары мемлекеттік дәстурлі мектептерден ерекше болды. Сондықтан да олар мемлекеттік болып қа лыптасуы мүмкін емес жағдай еді. Феррьер ( 1879-1960ж.ж)-‘жаңа тәрбиенің ‘ теориясын жасаушы және іс-тәжірибеде қолданушы швейцарлық педагог.Германия,Франция мемлекеттерінде жаңа мектепте сабақ берген.1909жылдан бастап Женева университетінде дәріс оқып халықаралық тәрбие бюросын ұйымдастыру жұмыстарына қатысқан. Ол жаңа мектептің 30белгісін құрастырған.Олар көптеген қызығушылықты туғызды.Бір жағынан қозғалыстың теориялық алғышарттарын бейнелесе,екінші жағынан бірнеше тәжірибелік жұмыстарда жаңа мектеп жетістіктерін көрсеткен.

Жаңа мектеп жұмыстарын жалпылауда жіне жаңа тәрбиенің идеасын дамытуда Феррьер т.б. бұл бағыттың өкілдері тәріздес Д.Бэдли,Г.Винекен,О.Декроли,Э.Демолен,Г.Литц,С.Редди мектептерді сынға алды.Сондай-ақ ол т.б. педагогикалық бастамаларды қайта жаңғыртуға үндеді.Ол жаңа типтегі орта мектепке мынадай талаптар қойды.Мектеп-интернет болуы керек әрі қала сыртында орналасқаны дұрыс,сабақ берілетін топтағы тәрбиеленушілер саны 10-12 адамнан болғаны жөн.Сондай-ақ,ғылымды оқытқаннан басқа,өнерге,гимнастикаға,ойынға және спортқа түрлі экскурсияларға,ауыл шаруашылық жұмыстарына,қол өнерге көңіл бөлген дұрыс.Барлық сабақта баланың жас және дербес ерекшелігі есепке алынып жүргізілуін басты міндет санаған.

Жаңа білімнің идеологтары өскелең ұрпақтың ортасына үлкен мән берген.Орта қалай ұйымдастырылса,жас адамның өсуі оған тікелей тәуелді дейді.

Феррьер өз жұмысында “ жаңа мектептің “ айқындаған 30 белгісін айқын мысал келтірсек.Соның бірінші топтамасы: оқу-тәрбие үрдісіндегі табиғи шынайылық.Балалар оқитын және дамитын ортаның ортаның дұрыс болуы.

-Жаңа мектеп интернет болуы керек.Онда бала өсіп жетіледі,әрі тәрбиені мақсатты іске асыруға мүмкіндік көп.Бірақ,бұл интернаттың жүйесін барлық жерде қолдану керек деген сөз емес.Себебі,отбасы интернаттан да жақсы тәрбие беруге әлеуетті.

-жаңа мектеп ауыл аймағында орналасқандықтан,баланың табиғи ортасын құрайды.Табиғат баланың тән-тұрпатының өсіп дамуы мен адамгершілік тәрбиеге көп әсер етеді.

-жаңа мектеп-Эллен Кей айтпақшы,сұлулық орны болуы қажет.Реттілік –бұл бірінші орында болатын шарт.

-Ән,хормен ән айту тұлғаның жан-жақты болып қалыптасуына үлкен әсер етеді.Балалардың санасында адамгершілік тәрбие әңгіме арқылы іске асады.

Жетінші топтама:Мектеп ұжымының өмірінен ұйымдастыратын сұрақтарды бейнелейтін белгілер:

-түрлі қоғамдық міндеттерді балаға беру арқылыбілім беру,көмек алмасу ұстанымын жүзеге асыруға болады.Бұл жұмыстар кішкентай азаматтарға кезектесіп берілетін міндеттер.

-мадақтаулар мен түрлі санкциялар шығармашылық ойларды,қабілетті дамытуға берілетін мүмкіндік.Олар тәрбиеленушілерге рухани күш беру үшін қолданады.Жаңа мектеп қағидаларына сүйене отырып,бүгінгі күнгі тәрбиеге жаңалық енгізуге қажетті деректер мен ғылыми мәліметтерді аламыз.Оны сол заманның педагогика өкілдерінің еңбектерінен табуға болады.(Дьюи,Декроли,Демолен,Кузин,Френе,Кильпатрик,Паркхерст және т.б)Мысалы:Кильпатриктің жаңа тәрбие туралы бағдарламасын қарасақ 1.«Ішкі оқу мағлұматы. 2. Мақсатқа сәйкес іс-әрекет. 3.Оқыту жаңа педагогиканың үш негізі».

Жаңа мектеп феноменінің XXғ басындағы қоғамдық педагогикалық өміріндегі маңызын былай түсінуге болады.

-теориялық және практикалық педагогика тарихы,философиялық,психологиялық,әлеуметтік негізі бар педагогикалық ойлардың кешені.

-Әлеуметтік педагогикалық қызметті мектепте шынайыландырып дамытатын нақтылы оқу орны.

Наши рекомендации