Арнайы педагогиканың философиялық негіздері.
Арнайы педагогиканың толық жүйелі теориясын құру үшін, дамуында кемістігі бар балалардың ерекшелігі туралы үздік мәліметтердің механикалық түрде бірігуі емес, керісінше арнайы педагогиканың ішіндегі бірлікті қолдауға бағытталған ғылыми тұрғыдан жүйелі, мазмұнды мәліметтердің қажет екені сөзсіз.
Арнайы педагогика өте кең мағынаны қамтиды, яғни ол жоғарғы дүниетаным потенцияларына ие болу, қоғамдық саналықтық, соның ішінде «мүмкіндігі шектеулі адамдарға» деген қарым-қатынастың бекітуіне айтарлықтар әсер етеді.
Бұл мәселені шешуде маңызды рөлді философия алады, ол біліммен ғылымның әр саласы арқылы арнайы педагогиканың мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл жердегі философия алдымен нақты және негізгі деген сұрақтарға бағытталған, сондықтан философиялық деңгейдегі жалпыласуда басқаларына қарағанда маңызды концептуальды мәселелер мен «арнайы педагогиканың» жкеше дамуы қарастырылуы мүмкін.
Арнайы білім беру үшін философия – ең алдымен, педагогикалық құбылыстар эволюциясын реттейтін, адамның әлеуметтік табиғи болмысын және адам туралы жалпы түсініктерді бір жүйеге біріктіретін дүниетаным негізінде алға шығады және екіншіден арнайы білім беру процесін игерудегі әдіс тәсілдер негізінде әмбебап принциптерді қолданудың әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады.
Философиялық жіктеумен сәйкес арнайы педагогиканың мәселелерін зерттеуде мынадай дүниетанымдық аспектілерді көрсетуге болады: онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық, философия-антропологиялық, тарихи және әлеуметтік философиялық.
Арнайы білім берудің болмыс құрамындағы орны онтологиялық аспектімен анықталады. Оқыту мен таным арасындағы байланысты анықтау үшін гносеологиялық аспекті, ал педагогикалық құндылықтарды анықтауда аксиологиялық аспект қызмет етеді.
Арнайы білім беру ол өзі ерекше әлеуметтік институт және оның дамуы өркениетке байланысты шартталған. Арнайы педагогиканың қазіргі жағдайын түсіну үшін әлеуметтік тұрғыдан қарастыру жөн.
Нақты мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайы көбіне әлеуметтік қатынастар әлеміне арнайы білім алу деңгейімен анықталады. әлеуметтік философиялық аспектісінің өзектілігі дамудағы пайда болған кемістіктердің қазіргі экологиялық, әлеуметтік дағдарыстарға тәуелді.
Дамуында ауытқушылықтары бар тұлғалардың өмір сүру, емдеу, оқыту мәселелерді ұзақ уақыт бойы филосовтардың назарында болғанына қарамастан, бұл білім философиялық тұрғыдан жүйеленбеген.
Арнайы білім беру ең негізгі шешуші мәселесі сондай күрделі және де ол бір ғана ғылыммен шешіле қоймайды, сондықтан бұл мәселені шешуде нақты бір ғылымның әр түрлі аймақтарынан білімді біріктіру мен талдау жасауды қамтамасыз ету керек. Алғашында «аномалия» және «ауру» туралы пікірлер жалпы философиялық танымдардан бөлінбей, адам өмірінің басқа да көріністерімен шатасып жатты. Мысалға, Гераклит былай тұжырымдаған «ауру денсаулықты жағымды қылып оны жақсартады, осыған байланысты адам өмірінің мақсаты «жеңілдеу», қайғы-қасіреттен құтылу болып саналады, сондықтан олар өзі аурып тұрған адамғаауырсыну тудырып емдейтін шараларға сенімсіздік көрсетеді» - деген. Осы жағдайдың түсінігі және ауруларды емдеу жайлы Платон да өз «Тимофей» етты диалогында жазып өткен.
Сондай-ақ Аристотельдің этикалық ілімдерінде бұзылғандық, қатыгездік, ақылсыз т.б нақты ауытқушылықтар қатарында қарастырылып айтылған. Аристотельдің пікірі бойынша бақытты өмір сүру үшін, адамдар осындай қолайсыз жағдайлардан шектелген болуы керек деп саналады. Және де Аристотель салауатты өмір дегенге: тұрғындардың орналасқан жері, ауа мне судың денсаулыққа сай болуы, баланың дұрыс тамақтануы және аурулардың алдын алу шараларын жатқызады. Осылайша Аристотель философиясынан, адам дамуындағы ауытқуларды «емдеу» туралы ойлар өз бастауын алғанын көруімізге болады.
Антика заманын философтардың (Плутарх, Сенека) еңбектерінде ауру, кем балалардан құтылу, оларды өлтіру дәстүрі туралы жазылған.
Д.Дидро – француз ағартушысы, математик Н.Саундерсонның өмірлік әрекетіне сүйене отырып, соқыр болып туылған баланың, адам сезімдерінің ерекшеліктерін бөліп көрсетеді. Сонымен қатар ол адамның зиаты мен адамгершілік қасиеттерінің дене құрылымымен тығыз байланысты екенін анықтап көрсетеді.
Медицинада мен арнайы педагогиканың эмпирикалық базалары кеңеюіне байланысты даму бұзылыстарын түрлері мен себептері және нақты мәні туралы теориялық білімді толықтыру мәселесін көрсетті. Осыған байланысты даму кемістіктерін философиялық топтастыру беталысы басталған.
Ал, И.Кант өзінің антропологиялық концепциясында әлсіздік пен жан дүниенің ауруларының топтастыруын құрды. Адамдардың міндеттерінің бірі болып басқаларға деген қарым-қатынасы, адамдарға жақсылық жасауды, олардың бақыты үшін ат салысу керек деп санады. Мүгедектер мен ауруларға, кедейлерге «мемлекеттік қамқор» жасау қажеттілігін негіздеуде И.Канттың сіңірген еңбегі мол болды.
Арнайы педагогиканың құрылуының бас кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсетілетін көмек нәтижесі толығымен жоғары дәрежеде болды деп айту қиын. Бұны Шопенгауэрдің «педагогикалық түзету көмегіне» деген қарсылығымен түсіндіруге болады. Ол «адамның негізі мен мінезін өзгерту мүлдем болмайтын іс» - деп қарастырған. Оған қоса Ф.Ницше осы пікірді ұстанып «түзету тәсілдерін табиғатқа қарсы және пайдасыз әрекет» ретінде пайымдады.
ХХ ғасырда мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кебеюіне қарай олардың білім алу мен даму мәселелері маңызды рөл атқарады. Осы мәселелерге қазіргі Батыс философиясының 3 бағыты аса көп көңіл бөлді, олар эксистенциализм, психоанализм және постмодернизм.
Эксистенциализм философиясында (К.Ясперс, А.Камю, Ж.П.Сартр және т.б.) патологиялық көріністер тұрмыстық мән-мағына берілді, ол осы көріністерден құтылу шынайы өмір сүру ағымымен байланысады. Адамның шынайы өмір сүру шарты, оның өз бостандығының басқа адамдар бостандығымен сәйкестену негізінде, өзі өз болып қалыптасуына деген тұжырым айтылған. Аталмыш ой-пікірлер болашақ психотерапиялық емдеу тәжірибесінің дамуына жағымды ықпалын тигізді.
Арнайы педагогикада Адлердің «кемтар баланы әлеуметтік тұрғыда жетіспеушілігін орнын толтыру және әлеуметтік бейімдеуге бағыттау идеясы» маңызды орындардың біріне ие. Адлер кемтарлықты «әлсіздік» қана емес сонымен қатар, ол белгілі бір «күш» деген шешім қабылданған.
Постмодернизм бағыты бойынша (М.Жуко, Ж.Делез және т.б.) ақыл мен ақылсыздық және ауру мен патология арасындағы байланыстардың шекараларының жоқты ерекше назар аударған. Мұндай сондай-ақ медициналық мәтіндерді талдау негізінде клиникалық практикаға берілген көріністер танудағы қиындық белгіленіп көрсетілген. Постмодернизм идеялар қосымша түрде түзету әрекетінің сын көздік беталысын негіздейді.
Ресейлік философияда арн,айы педагогика мәселелерін жүйелі түрде талдау, толық ғылыми тәртіліптілікпен қарастырылмаған. Бірақ соған қарамастан арнайы білім берудің кейбір мәселелері философиялық ағартушылыққа ие болады. Нақты А.Г.Спиркин сананың мынандай ауруларын талдаған, олар «патологиялық субъективтілік», сананың бұзылған қалты т.б. с.с..
Соқыр-кереңдерді оқыту тәжірибесі Э.В.Ильянков пен Ф.Т.Михалковтың еңбектерінде зерттелген.
Соқыр-кереңдерді «біріктер-бөлектеу» әрекет құрамымен оқыту жайлы А.И.Мещеряков пен Э.В.Ильенков келесідей шешімге баланың мәдениет құбылыстарын белсенді игеру, адамның өмірлік өзгеше әрекеті арқылы құралады деген.
Осылайша Е.В.Ильянков соқыр-керең балаларды оқыту туралы материалдарын Д.И.Дубровскиймен пікір-таласында қолданып, «идеал» туралы сөз қозғаған. Яғни «идеал» дегеніміз – ол жай ғана мидың нейродинамикалық процесі ғана емес, ол ең алдымен, адамзаттың рухани мәдениетінің тарихи құрылған өмір сүру формасы деп санады. Ал, Ф.Т.Михалков соқыр-кереңдерді оқытудың талдауын адам санасының құрылуы адамдармен әрекет жасағанда, сөйлесіп қатынасқанда құрылатын мүмкіндік деп қарастырған.
Осылайша арнайы педагогика философиялық ойлардың нақты болуына және негізделуіне қажетті өте қызықты материал береді, бірақ бұл материал философиялық деңгейде тек бөлшек-бөлшек ой-өрісін алады.
Арнайы педагогиканың философиялық негіздерін әзірлеу мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуының күрделі жағдайларын шешу үшін ықпалын тигізеді.
Арнайы педагогиканың жаңа парадигмасы үш негізгі бағытта қалшыптасады, олар:
- гуманизация, яғни адамгершілікке бас бұру;
- фундаментализация, жалпы теориялық негіздерді қайта қарастыру;
- интеграция. Бұл бағыт қазіргі уақытта өте өзекті, ол мүмкіндіктері шектеулі балаларды қалыпты балалармен барлық түрде біріктіру жолдарын білдіреді.