Дәріс 3. Жазаны орындауды құқықтық реттеу және түзеу шараларын жасау
Жоспар:
Ылмыстық жазалардың түрлері мен қылмыстық-атқару ықпалы шараларының түсінігі
Бас бостандығынан айыру қылмыстық жазаның түрі ретінде
Негізгі ұғымдар: Қылмыстық жаза.
Қылмыс жасаған адамды қылмыскер деп танып, кінәсіне қарай оны жазаға тарту, барлық кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға тиісті де міндетті.
Қылмыстық жаза заң тарапынан алғанда жазаға тартылған азаматтардың құқықтық жағдайын өзгертетін қосымша құқық шектеу болып есептеледі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі жазалау жүйесі ғылыми тұрғыдан алып қарасақ әлі жетілмеген. Онда жазалаудың 12 түрі белгіленген. Жаза жүйесінің шамадан тыс кеңеюінің теріс салдары бар. Қылмыстық-құқытқы реттеу әдісі басқа құқық салаларына тән әдістерден өзгешелігі болуы тиіс, себебі әңгіме басқадай құқық бұзудан маңызды түрде айырмашылығы бр қылмыс үшін жазалау жөнінде болып отыр. Шын сот тәжірибесі қылмыстық жазаның әр түрлілігін қабылдамауы ғажап емес, ол негізінен мыналармен шектледі. Бас бостандығынан айыру, түзеу жұмыстары, шарт қойып соттау, айып салу, өлім жазасымен тоқталады.
Бас бостандығынан айырудан міндетті түрде еңбекке тартып шартты босату мен бас бостандығынан айыру орындарымен міндетті түрде еңбекке тартып шартты босату институттары жойылған болатын.
Негізінен қылмыстық жазалау жүйесімен келісе отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексін дайындағандарға теория жағынан кейбір тілек айтқымыз келеді, біздің ойымызша оларды жүйеге келтіруін жақсарта түссек болар еді.
Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексін дайындағандар жаңа жаза түрін – қамауды енгізді, оны бас бостандығынан айырумен байланыстырмайды, дұрысында ол қылмыстық-құқықтық шара болғандықтан бас бостандығынан айыру болып қала береді.
Құқық нормалары мен сотталғандардың еңбегі толығырақ реттелген, солай болғандықтан қоғамдық қатынастардың бұл категориясы жазаны өтеушілердің өте маңызды талабын қозғайды. Құқық нормасы сотталғандардың міндетті түрде еңбек етуін, оларды еңбекке тартудың жағдайын және ақы төлеудің тәртібін белгілейді.
Сотталғандарды түзеуге бағытталған тәрбие процесіне қылмыстық жазаны атқартушы органдармен бірге жалпы қоғам қатысады. Қылмыстық жазаны қолданудың теріс салдарын ескере отырып, оны қылмыспен күресудің универсалды амалы ретінде қарауға болмайды. Сондықтан тәрбиелеу процесіндегі жолын қуушылық жазаны өткеру кезінде де, одан босатылғаннан кейінде әлеуметтік бақылау өте маңызды.
Бас бостандығынан айыру – жазалаудың ең қатал түрінің бірі. Ол бас бостандығынан айыруға сотталғандардың құқық шектеуінің көлемінен, заңмен белгіленген және ең алдымен қылмыстық-атқару тағы басқада нормативтік актілерден шығады.Бас бостандығынан айырудың мәні-қылмыстық жазаның түрі ретінде көрінгенімен, сотталған ерекше құқықпен, яғни мемлекеттің арнайы мекемесінде сот өкімі белгілеген мерзім кезінде тұруға міндеттеледі.
Сотталғанды жазаның элементі- бас бостандығынан айыру кезінде ерекше құқық шектеу ретінде басқа жазалардан бөлектеп, жазаның жалпы жүйесінде оны өте қатал етіп көрсетеді.
Бас бостандығынан айыру едәуір жазалау әрекетіне ие бола алады. Ол қылмыстық-атқару амалдары жиынтығының әсерімен сотталғандарға үлкен ықпал етуге, олардың мінез-құлқын, жұмыс қалпын өзгертуге мүмкіндігі бар. Бірақ заң әдебиетінде әділ көрсетілгендей, бостандықтан айыру табиғатына қарама – қайшылық тән, солай болғандықтан:
- адамды қарапйым қоғам жағдайында өмірге барынша икем ету мақсатында, оны қоғамнан оңашалауға мәжбүр етеді;
- қылмыскердің ойындағы қате түсінігі мен зиянды әдеттерін жою мақсатында оның теріс әсері бұл жағынан өте ұнамсыз ортаға орналастырылады;
- адамның белсенділігі, пайдалы әрекетке қабілеттілігі қылмыскерлер тұрмыс салтынан түгелдей қол үзуге өте керекті, бірақ бостандығынан айыру қайткенде де адамды дербестігінен айырады.
Дәріс 4. Мемлекет органдары мен мекемелерінің жаза атқару жүйесі
Жоспар:
Жаза атқаратын мемлекет органдары мен мекемелерінің түрлері және міндеттері
Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың соттарымен және басқа да қылмыспен күрес жүргізетін мемлекеттік органдармен өзара көмек әрекеттестігі
Негізгі ұғымдар: Қамауда ұстау. Түзеу мекемелері.
Біздің елде қылмыспен күресуді болжау арнайы профилактика жұмысын ұйымдастыруды, алдын ала қылмысты ескерту және оны істеуге мүмкіндік беретін себептері мен жағдайын белгілеуді, сонымен қатар жасалған қылмысты тергеу және сотта қарау, жазаны белгілеу мен орындауды талап етеді. Көрсетілген қылмыспен күресудің арнайы шараларының барлық жиынтығн іске асыру мемлекет органдарына жүктелген.
Қылмыстық іс жүргізу заңдарымен үкімді атқару, онымен айналысу үкім шығаратын сотқа жүктелген. Үкімді орындау туралы жарлықты сот немесе сот төрағасы үкімнің көшірмесімен қоса үкім орындау міндеттелген органға жібереді. Ол орган үкімнің орындалғаны туралы сол сотқа дереу хабарлайды.
Сот шешімін орындау үшін мемлекет тиісті жазаны атқаратын арнайы мекемелер мен органдар құрады, сондай-ақ жазаны атқару басқа бір жеке органдарға өзге де міндеттермен бірге жүктеледі.
Жазаны өтеуді басқаратын түзеу мекемелері мен органдарның негізгі міндеттері мынлар:
1. Соттың немесе әскери үкімімен белгіленген тиісті қылмыстық жазаны лайықты түрде атқару.
2.Сотталғандарды заңды нақтылы орындау және қоғамдық тұрмыс ережесін сыйлау рузында түзету мен тәрбиелеу.
3.Сотталғандардың өздерінің жаңа қылмыс жасамауын ескерту
4. Басқа адамдардың жаңадан қылмыс жасамауын ескерту.
Қылмыспен күресу жүргізетін мемлекеттің барлық құқық қорғау органдарының қызметі өзара байланысты. Бұл өзара байланыс жалпы мақсатқа, яғни біздің елде қылмыспен күресуге бағытталған.
Жазаны атқарушы түзеу мекемелерінен басқа да органдардың алдына қойылған міндеттерді тиімді орындауы үшін тергеу, сот, прокуратура, милиция органдарымен белсенді қызмет істеуі тиіс. Осы мемелекеттік органдардың әрбіреуімен өзара көмектесе әрекет жасау сипатының өзіндік ерекшелігі де бар. Ол қылмыспен күресу кезеңінің ерекшеліктері мен себептерінен, мемлекеттік органның қылмыспен күресудегі орны мен рөлінің өзгешелігімен себепші болады, көрсетілген органдардың әрекет ету жағдайларына және тағы басқалармен белгіленеді.
Тергеу органдары жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігіне сотталғандардың жеке басын, олардың мінез-құлқын анықтайтын мағлұматтар арқылы тексеруге көмектеседі. Сонымен қатар түзеу мекемелерінің әкімшілігі тергеуші органдарға бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазаны атқарған айыпталушының жеке басын тексеруге және қамауға алынғанға дейінгі істеген, қылмыстық жазаға таратылмаған қылмысын ашуға көмек көрсете алу ы мүмкін.
Түзеу мекемелері мен басқа да қылмыстық жазаны атқарушы органдар өздерінің күнделікті қызметінде жазаны атқаруды заңдылықты сақтауды бақылап отыратын прокуратура органдарымен әрдайым өзара байланыста болады. Бұл функцияны орындай отырып, прокуратура органдары қылмыспен күрес жүргізетін басқа да органдардың жұмысын үйлестіріп отырады, ал ол өз кезегінде органдардың жұмысындағы кемшіліктері мен олқылықтарын тауып және оларды жойып, болдырмауын талап етеді.
Дәріс 5.