Ахуалды жаттығу әдісі.
Ситуациялы жаттығу әдісінде ұжым немесе әрекеттің қалыптасуының тарихи анықтамасы жайлы тренингке қатысушыға мәтін ұсынумен ерекшелінеді. Сондай-ақ ұжымда пайда болған ситуациялар мен мақсаттарының суреттелуі, кейде бір адамның жасаған әрекеттерінің дұрыстығына анализ жасау ұсынылады. Кей жағдайларда,тренингке қатысушы қандай да бір процедураны өзі іске асыруы тиіс және содан кейін ғана шешім қабылдауы тиіс.
Ситуациялы жаттығу тренингінің мақсаты білімді игеру, кәсіби шеберлікті игері, мақсатты әрекеттегі қабілет болып табылады.
Ситуациялы тапсырмалар негізінде мыналар енеді:
- нақты білім мекемелерінің анализі, құрылымдылығы
- суреттелген ситуациялардың болуы
- сұрақтар жүйесін құрау,оның басты міндетін, шешілу нұсқаларын іздеу
- педагогикалық әрекеттерге ақпараттардың жетіспеушілігі
- мүмкін болған шешімдердің кең нұсқалығы
- топтық қарым-қатнастар, жарыстарды және бәсекелестікті жеңу.
« Кейс стади» әдісі.
« Кейс стади» әдісінің тренингке қатысушы проблеманың негізімен танысып,ситуациялы өзі бағалап, диагностика жасап, өз ойын және шешімін басқа қатысушылармен пікірталасқа салады.
« Кейс стади» әдісі 5 негізгі мінездемеге ие.
- педагогикалық әрекетте дәйекті проблемаларды қолдану
- көп мөлшерлі адамдардың қатысуы және түрлі ұжым шешімдері мен көзқарастарын салыстыру
- тренинг мүшелерінің бір-бірімен минималды түрде байланыстылығы
- әр адамның дұрыс немесе дұрыс емес жауапқа құқылығы
- тренинг жүргізуші тренинг мүшелерін сценарийдің барлық кезеңдерімен өткізеді және эксперттің барлық функцияларын атқарады.
Нақты ситуацияларды анализдеуде басты тұлға тренинг мүшелері болып табылады.Олар нақты ситуацияларды шешуде басты қатысушылар болады, сондықтан олар басты позициясын игереді. Тренер оларға шын өмірден алынған жағдайлар мен фактыларды ұсынады.Бұл технология топты үлкен роль ойнауға мәжбүр етеді: ой мен шешім топ мүшелерінің бірлескен әрекеті және қызметтес, іскерлік серіктес болуға интерактивті мінездеме алып жүреді. Дәстүрлі ситуацияларға қарағанда « Кейс стади» әдісінің өзіндік ерекшелігі бар. Оның ерекшелігі технологиялық әдістерінің әртүрлігі болып табылады. Сабақтың жалғасуы ситуацияға және тренинг мүшелерінің біліміне байланысты.
Ситуацияларды қарастыру оларды шағын топқа бөлумен өткізілуі мүмкін. Бұл ситуацияның маңыздылығы және қатысушылардың көмегімен анықталады.
Топтағы талқылаулар материалмен танысқаннан кейін басталады. Әркім өз шешімін немесе өз нұсқасын жасайды, содан кейін топаралық пікірталас басталады. Талқылау кезінде мүмкін болатын пікірлер және шешімнің қорғалуы, сонымен қатар аудиторияда эмотцияналды күш салуды қолдау мен пайда болуын күту қажет. Қортынды жасау және шешімді айту тренермен жүргізіледі. Тренингтің шығармашылыққа бейім қатысушылар шешімнің балама түріне анализ жасауды дұрыс деп санайды. Олар педагогикалық, психологиялық, әдеп, басқару және оқудағы жоғары мотивацияны көрсетеді.
« Кейс стади» әдісінің негізгі сипаттамасы:
- практикалық ситуациялардың модельдерінің бар болуы және шешім жасаудағы ортақ мақсаттылық
- ұжымдық, шағын топтық ,жекеше түрде шешімдерді қабылдау
- көп баламаны шешу
- басқаруда эмоцияналды ынтаның бар болуы
- тренинг мүшелерінің топтық әрекетінің бағасын және шешіміне түрлі анализ әдістерінің түрлері
«Кейс стади» әдісінің көмегімен тренинг жүргізудің маңызды сәті ойын топтарындағы қатысушылардың эмоциялы ынтасын қолдау болып табылады .Қатысушыларға белгілі ситуацияда қойылған міндеттерінің сәйкес келмеуі жаттығуды (теориялық білімнің шектелуі, практикалық шеберлік, шешім қабылдауға уақыттың шектелуі, обьект жайлы ақпараттың жетіспеуі, топ мүшелерінің сай келмеуі) сәтсіз болуына әкеліп соғады.
11.Педагогикалық қарым-қатнастың модельдері.
Педагогикалық қарым-қатнастың информатциялық модельі. Мұндай модельдер әдетте информатцияларды алу үшін немесе жіберу үшін, сол информатцияларды талдау үшін, оның интерпритациясыментүсініктемесін алу үшін қолданылады. Жіберіп отыратын хабарландырулар информатция алушылардың қарым-қатнас кеңістігін кеңиітеді.Жаңа жаңалықтарды жеткізеді. Болып жатқан ситуацияның жағдайларынанықтайды . Нақты фактілермен статистикалық мәліметтерді ұсынады. Бұлар әсіресе жаңа білім алып және эффективті шешім қабылдағанда өте қажет болады.
Егерде осындай информатцияны жеке бір адамға емес, жалпы топқа жеткізетін болса,онда ол топқа бірдей заң қолдалынады. Сонымен лекция үстінде ,әсіресе лекция оқып,тұрғанда,немесе презнетацияда тұрғанда жартысынан тастап тұрып кетуге болмайды. Осындай жиынға қатысып отырған мүшелер оңайлықпен бір-бірімен қарым-қатнасқа түсіп өз еркіндігімен барлық ситуацияға өзгерістер енгізбейді: айтылған мәселені қайта қозғау, өткен дәрісті қайта басынан қайталау.
Зертеулер бойынша көп жағдайда қатысушылар қоғам алдында сөйлеп тұрған адам өз ойын соңына дейін айтып біткенше кедергі жасамайды. Сондықтан өзінің ақпараттарды жеткізгенде тек қана оның ақпараттық мазмұнына, оның жағымды естілуіне, шығармашылығына ғана мән бермей тыңдаушылар оны түсініп тыңдап оны адекватты түрде қабылдайтындай етіп дайындау керек.
Ақпараттық қарым-қатнас моделіне баяндама, хабарландыру, лекция немесе сабақ, кеңес, консуьтация, көрнекіліктер видео телевидения арқылы оқу түрлері, сондай-ақ жазбаша жұмыстар реферат, бақылау, курстық жұмыстар, дипломдар, жобалау жұмыстары, анкеталық сауалнама түрлерін жатқызуға болады.
Педагогикалық қарым-қатнастағы сенімділік модельі . сенімділік моделі тұлғаның қарым-қатнасқа түскенде біржақты ойларын, қандай да бір ситуациядан үлкен жетістікпен шығу үшін өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектеседі. Бірақта сенімділік ол өте ауыр коммуникативті процесс, сенімділік арқылы кез-келген адам өзінің ең жоғарғы жетістігіне жете бермейді. Сенімділік осыдан екі мың жыл бұрын гректердің білім жүйесінің бір бөлігі ретінде қолданған әдемі сөйлеу, өнері кезінде п.б. Арестотель «сенімділіктің қайнар көзі», «логикалық түсініктер»,»эмоцияналды сезімдер», деген мағына беретін алғаш «эта», «логос», «пафа» деген ұғымдарды енгізеді.
Сенімділік –бұл егер коммуникатив қарым-қатнаста немесе басқа индивиттің мінез құлқында, сенімді адам жалпы бір топ индивитке жаңа ақпарат жеткізген жағдайда өзін еркін ұстау үшін жүргізілітін іс-әрекет немесе процессс. Мұндай анықтаулар педагог ретінде жиі кездеседі яғни осы әдіс арқылы ол тәрбиеленушілердің көзқарасын дұрыс қалыптастырып, олардың сенімділіктерін артырып алады
Өзінің кеңесшілірдің көңілімен сенімділігін өзіне аудару үшін басқа да әрекеттер жасауға болады.
Сенімділік әсіресе мынадай жағдайларда қолданылады:
- қарама-қарсы пікірлер бейтараптарыннемесе өзгеріс.
- Латантті пікірлердің криссталдануы және кеңесшілермен қарым-қатнасты жағымды орнату үшін;
- Жақсы пікірлерді қолдау үшін.
Әдебиеттерде жиі кездесетін эффективті сенімділікке әсер ететінбазалық принциптерге тоқталсақ.
Ақпаратқа толық меңгеріп, шынайы жағымды қарым-қатнас жасау шынмәнінде эффективті болады. Ауызша айтқан хабарлар жазбаша хабарлардың жайында сенімді болады, бірақта ауыр немесе өте ұзақ хабарлама болса жазбаша болғаны дұрыс.
Кеңесуші өзінің мәселесіне аса көңіл бөліп қарамағанда кеңес берушінің эмоцияналды және қауіпті қарым-қатнасы эффекті болмайды.
Жоғары білімді, кәсіби даярланған аудиторияда логикалық қарым-қатнасқа нақты дәлелдер мен қолданған жөн.
Адамдардың өз қызығушылықтарын игеру үшін альтруистік қажеттіліктері көп көмек береді.
Өзінің коммуникативті шеберлігіне қызығушылық тудыратын араторлық қасиет хабарлауға көп көңіл аударады.
Педагогикалық қарым-қатнаста төмендегідей сенімділік техникаларын қолдануға болады.
Мәселелерді қою- оның басқа жердегі орныны шешу уақтындағы актуалдылығы, олардың мәні, шешу жолдары, оның жетістіктерімен кемшіліктері , қажетті құралдары, шығындары , басқа да келісімдері.
Ұсыныстар жетістіктерінің өсуі және кемшіліктерінің азаюы негізгі нұсқаулардың өсу құндылықтарымен алтернативті нұсқау құндылығының төмендеуі.
Ұсыныстың маңыздылығы – оның пайда болу мүмкіншілігі мен қарапайымдылығы.
Баяу қатнасы білу принципі: Ұсыныстарды бірнеше этапқа бөліп оны сатылап зерттей отырып ақырындап жетістікке жету.
Педагогикалық қарым-қатнастың экспрессивті моделі. Бұл модельөз мақсатында кеңес алушылармен педагог арасында психоэмоцияналды дайындық орнатып сезімін шығара білуге, қобалжып алуға , қажетті әлеуметтік іс-әрекетке қажетті кездерде өзсезімін оята алуға үйретеді.
12. Педагогикалық қарым-қатынас деңгейлері:
Мұғалім еңбегінің өзіндік ерекшелігі оның нәтежелері кейінгі уақтта ысырылып тастағандай бірден көріне қоймайды. Мұғалім қызметтінің тағы бір ерекшелігі қолында нәтеже өлшеуші жоқ. Ең басты жұмысы- оқыту мен тәрбиелеу барысында туындайтын қарым-қатнасты басқару.
Қарым-қатынастың сендіру моделі
Бұл қарым-қатынастың сендіру моделі. Педагогикалық практикада кең мағынада айтылып қана қоймай, мысалы, кішігірім жиналыстарда, педсоветтерде, кафедра жиынындағы жиналыстарда арнайы топтармен (студенттермен, әріптестермен), қажеттілік коррекциясын қажет ететін, иландыру және сендіру өнері. Қарым-қатынастың бұл үлгісін, әдемі әңгімелесуді барынша жиналыстарда қолдана отырып, ақпараттандырылған, нақты, мақсатты түрде жарнамалап, орнықты сезім туғызу.
- жоғары- өзара түсінісу, өзара қарым-қатнас орната білуі, сенім артудағы жылылықпен сипатталады.
- орта- өзара түсіністігі,сенімділігі болғанымен басқаларамен қарым-қатына орнатуда қиыншылықтарға кездеседі, іс-әрекетнде тартыншақытық, жасқаншақтық байқалады;
- төмен-түсінбеушілік, бір-біріне жат болу, суық қарау, өзара көмектің болмауымен сипатталады; басқаларға және өзіне сенімінің жеткіліксізідігі;
Б.Г. Аноньевтің пікірі бойынша, қарым-қатнастың деңгейлерін екі түрге
бөлуге болады:
- оң әсер ету- қолпаштау, өз бетімен орындалған іс-әрекеті екенін мойындау, мақтау, сенім арту, ұсыныс, кеңес айту.
- Теріс әсер ету- ескерту, мазақ айту, қорқыту, намысына тию, сөзбен қағып тастау.
Педагогикалық қарым-қатнас стилі педагогикалық жетекші стилден
келіп шығады.
Жетекші стилдер:
-авторитарлық жетекші стиль- педагог өз іс-әрекетін түсіндірмейді,
шектен тыс талап қояды, оқушының пікіріне, инициативасына қалай болса қарайды, сыни ескертпелер мен көзқарасын айтуға рұқсат бермейді. Ал қарым-қатнас түрлері- бұйрық беру, үйрету, айғайлау, ұрысу.Бұл стиль тұлғаның дамуын тежейді, белсенділігін басып, тастайды, адекватты емес баға беруін туғызады.
-демократиялық жетекші стиль-қарым-қатнас пен іс-әрекет біріккен шығармашылық қызметтен құралады. Педагог оқушының пікірін тыңдайды, өз көзқарасын қалған баланы қолдайды, белсенділігін арттырады. Ал қарым-қатнас түрі кеңес, ұсыныс беру, бұйымтай айту.
- либералды жетекші стилде іс-әрекетті ұйымдастыру мен бақылау жүйесі болмайды. Педагог сырттай бақылаушы роль атқарады, ұжымның өміріне араласпайды, аздаған жетістіктерге мәз болады. Ал, қарым-қатнас –ымраға шақыру. Бұл стиль тәрбиеленуші инициативасын оятпайды, «мұғаліс-оқушы» өзара әрекеті болмайды.
Педагогикалық қарым-қатынас кезеңдері:
- Прагностикалық
- Қарым-қатнастың бастапқы кезеңі
- Педагогикалық процесте қарым-қатнасты басқару
- Болашақты іс-әрекеттің қарым-қатнас жүйесін және қарым-қатнасты модельдеуді жүзеге асыруда талдау.
В.А. Кан-Калек жеке қарым-қатнас стиліне мынадай қалыптастыру жүйесін береді.
1. Өзінің жеке қасиеттері мен ерекшеліктерін таныпбілу және талдау.
2.Тұлғалық қарым-қатнастың жақсы және жаман тұстарын білу, ұялшақтық, қысылуды жеңе білу үшін жұмыс жасау.
3. Жеке ерекшеліктерді ескере отырып, педагогикалық қарым-қатнастың элементтерін меңгереді.
4.Педагогикалық қарым-қатнас технологиясын меңгеру (әсер етудің түрлерін қолдану, вервалды және вервальды емес құрамын сақтау, эмпатиялық тұрғыда қабылдау.
5.Шын педагогикалық іс-әрекеттегі жеке қарым-қатнас стилін бекіту.
Сендіру және суггестия- бұл бір адамның екінші бір адамға әсері, яғни пікірлерінің, шешімдерінің бір-біріне әсер етуі. Соның салдарынан адам өзіндік қажеттілігін жоғалтады, өзіне бағытталған әсерлерге қарсы тұра алмайды.
Психологтар адамның бірқалыпты жағдайында немесе кезінде оның өзіне сенімділігі күштірек болады, ал алаңды, қозу жағдайында – оның сенімділігі, керісінше, төмендейді деп тұжырым жасайды. Бұл қарым-қатынаста педагог жетістікке қол жеткізу үшін, маманға барлық қарым-қатынас модельдерін білу қажет, сонымен қатар ол әрбір адамның сенімін бірдей туғыза алмайтынын және олардың оны қалай қабылдайтынын білу керек. Яғни субъективті дайындау, сендіруді қолдану және олардың көңілінен шыға алу, оған көну.
Педагог адамдармен қарым-қатынаста сенім факторларының қабілетін біліп және оны дұрыс пайдалана білу қажет:
- өзіне сенімсіздік
- үрейлену, уайымдау
- өзін-өзі төмен бағалау
- эмоцияға берілу, мұңаюы
- логикалық қабілеттігінің төмендігі
- авторитетке сену.
Сендіру адамның сезімінің әрекеті, сол арқылы ойлауы мен еркін сезінуі.
Суггестивтілік – педагогикалық өзара әрекетте оның құрамы мен формасы немесе бір уақыт аралығында екеуінің де қатар жүруі. Сендірудің негізгі мәні – оның құрамына кіретін аргументтердің байланысы. Суггестивтілік сонымен қатар эмоциональды жағы мен көрінеді. Педагог адамның түрлі ситуациялық факторларына сауатты түрде әрекеттер жолай алу керек:
- кейбір психологиялық күйлерде (қатты эмоциянальдік қозу, стресс, жағдайлары немесе керісінше тынышталу, босаңсуы);
- шынайы ақпараттың болмауы, құзырлық деңгейінің төмендеуі;
- проблеманың мәнділігінің жоғары деңгейі, сұрақта, істің болуында;
- ситуацияның мағынасыздылығы, анықталмаған жағдайда туатындығында;
- уақыттың жетіспеуі.
Педагогикалық қарым-қатынаста ашық сендіру ретінде «маған сеніңіз», «сіз қазір өзіңіз куә боласыз», сол сияқты жабық сендіру коорпаративті принциптер, белгілер, өткізілетін коммуникациялар, визуальды эффектілер кіреді.
Ритуальды модель. Кәсіби педагогикалық іс-әрекетті конвенциональды қарым-қатынастың маңыздылығын нығайту және қолдау үшін қолданады: үлкен және шағын топтағы адамдардың әлеуметтік психологтың регуляциясын қамтамасыз ету, ұйымның ритуальды салтын сақтау т.с.с.
Коллективтің интеграциялық маңыздылығы қарым-қатынас ұйымының формальды және формальды емес жағында, оның қосылуында деп біледі. Моральды психологиялық климат коллективте бірлік деңгейін анықтайды. Жоғары болған сайын педагогикалық атмосфера тапсырманы қойылған талаптарға сай орыдайды. Егер коллективке формальды емес қарым-қатынас жүйесінде, дамыған жағдайында адамдардың сенімі айқын байқалады.
Педагогикалық қарым-қатынаста, тренингте ереже түрінде, барлық алдын-ала қарастырылған модельдерді қолдануға болады, ал таңдауда индивидуальды ерекшелігіне және тренердің кәсіптілігіне байланысты.