Жазадан босатылған адамдарды әлеуметке бейімдеу
Негізгі ұғымдар: Жазаны өтеуден. Әлеуметтік бейімдеу.
Жазаны өтеуден босату – құқық саласының әр түрлі нормаларымен реттеледі: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару құқығы.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында жазадан босату бір мағынада түсіндірілмейді. Ғылыми әдебиетте бір жөнге келтіру және жазадан босатудың мүмкін жағдайларын топтастыру қорытындысында, ол үш топқа біріктірілген болатын:
а) жазаны тағайындағанша басқа шаралармен өзгертіп, сондай-ақ өзгертпей босату; ә) жазаны тағайындағаннан бастап оны өтеуден босату; б) жазаны өтеу кезінде одан босату немесе өтеуді кейінге қалдыру. Қылмыстық-атқару құқығының саласына жазаны өтеуден босатудың тек соңғы тобының түрлері кіреді. Әрине, бұған үкімді орындауды кейінге қалдыруда қолданған жағдайдағы жазаны өтеуден босату қосылмайды.
Жазаны өтеуден босату деп азаматтың құқықтық жағдайын өзгертетін заңның ақиқаты айтылады. Оның пайда болуымен әдетте түзету құқық қатынастары тоқтатылады да азаматтың құқықтық мәртебесі орнына келтіріледі.
Жазаны өтеуден босатудың негіздері мыналар болып есептеледі:
- сот үкімі бойынша тағайындалған жаза мерзімін өтеу;
- іс бойынша ақтау үкімі шығарылған немесе іс жүргізудің қысқартылуына байланысты сот үкімі күшінің жойылуы;
- жазаны өтеуден шартты-мерзімінен бұрын босату;
- жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру;
- кешірім жасау немесе рақымшылық ету;
- ауыр науқастану немесе мүгедектік;
- заңда көзделген өзге де негіздер.
Жазаны өтеуден босатудың түрлері мен негіздерін белгілейтін құқықтық іс тәртібін реттеу, жалпы алғанда жазаны өтеуді дараландыруға жұмыс істейді және оның мақсатына жетуіне мүмкіндік береді.
Түзеу мекемелері әкімшілігінің жасақ бастығы мен босатылғандарды еңбек пен тұрмыстық жағдайын орналастыру жөніндегі аға инспекторы керекті жағдайда олардың тұрмыстық және жұмысқа орналастиыру мүмкіндігін біледі және алдын ала көмек көрсетуге шара қолданады. Қазір нарықтық жағдайға көшу кезінде мұндай көмек көрсету мүмкіндігі төмендеп кетті.
Түзеу мекемелерінен босатылатын, денсаулығы бойынша ұдайы күтімге мұқтаж адамдар, сондай-ақ 16 жасқа толмағандар тұратын жеріне алып кетуге келген адамдарға немесе түзеу мекемесінің қызметкеріне ертіп жіберіледі.
Қазақстан Республикасы соттарымен сотталған ТМД-нің басқа республикаларының азаматтары Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерінде жазаны өтегеннен кейін өз республикасына кеткенде жол билеті Қазақстан Республикасының шекарасына дейін қамтамасыз етіледі.
Сотталғандардың әлеуметтік бейімдеу проблемасын қайталанба қылмыстарымен күресу бағытының бірі ретінде қарау тиіс.Шынында, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және әлеуметтік көмек ала алмаған адамдардың жыл сайынғы тасқыны, алдымен қаңғыбастықтың, үйсіздердің себебі бола тұра, сонымен бірге олар бостандық өмірге бейімделе алмай қайтадан құқық бұзу мен қылмыс жолына түсіп қылмыстық жағдайды өршіте түсуде.
Әлеуметтік бейімделу деп жеке адамның әлеуметтік ортаға икемделуін, оның әдет-ғұрпын, осы ортаға тән нормаларын әлеуметтік көзқарастарын, нұсқауларын ұғып алуды, бас бостандығынан айыруды өтеген адамға қоғамда тұратын азаматтардың мінез-құлықтарын, әдеттерін үйренуін айтады.
Бақылау мен тәрбие жұмысын жүргізудің басты мақсаты- ол босанғанда жаңа жағдайда бейімделу үшін көмектесу, туындаған міселелерді шешуге жәрдемдесу, босағаннан кейінгі бірінші уақытта жиі байқалатын қылмыс істеуді болдырмау.
Сот мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандарды өз бетімен немесе еңбек ұжымының сұрауымен, бірақ оның келісімімен бақылауды міндеттей алады.
Мұндай адамдармен тәрбие жұмысын, олардың түзелуін бекіту ретінде жұртшылықтың көмегінсіз ұйымдастыру мен үйлестіруді және олардың дәл есебін тез белгілемей тиімді жүргізу мүмкін емес.
Дәріс 9. Бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің жағдайы мен тәртібі
Жоспар:
Бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің жағдайы мен тәртібі