Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтау мәселелерінің әдіснамалық-теориялық негіздері.
Кіріспе
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар категориясын 50- жылдардың аяғынан бастап зерттеу кеңінен қолға алына бастады. Проблеманы зерттеумен айналысқан ғалымдар: М.С Певзнер, Т.А Власова, К.С Лебединская, В.В Ковалев, П.Е Сухарева, В.И Лубовский т.б бала дамуы ерекшеліктеріне қарай өз пікірлерін ұсынды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын, соңғы көрсеткіш бойынша 35%-ке жуығын нервтік-психикалық сферасы зақымданған мектепке дейінгі балалар құрайды. Қазақстан Республикасының «Білім беру заңының» 20-шы бабында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру мәселелері қарастырылған: - арнаулы білім беру бағдарламаларын арнаулы білім беру ұйымдары жүзеге асырады. - дамуында әртүрлі ауытқулары бар балаларды емдеуге және психологиялық, педагогикалық тұрғыда түзетуге, оған диагноз қоюда арнайы ұйымдар, бала бақшалар, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық ұйымдар құрылады.
Сонымен қатар, Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың 2002 жылдың 11- шілдеде «мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары мен оларды әлеуметтік қамсыздандыру туралы» заңы қабылданды. Бұл заңда: «Барлық мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекше түрін ескере отырып, оларды арнайы мекемелерге орналастыру, оларға жағдай жасау. Психологиялық, медициналық, педагогикалық консультациялар арқылы балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеуді қолға алу. Әрбір мүмкіндігі шектеулі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңы бойынша, білім алуға құқы бар» делінген. Сондай-ақ, кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық, педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепілдікті тегін алуға; мемлекеттік медициналық ұйымдарда психологиялық, медициналық, педагогикалық консультацияларда тегін тексерілуге және тегін медициналық көмек алуға; дене немесе психикалық кемістіктері байқалған сәттен бастап, оның көріну дәрежесіне қарамастан, психологиялық, медициналық, педагогикалық консультация қорытындысына сәйкес тегін психологиялық, медициналық, педагогикалық түзеуге; оқу бітіргеннен кейін, алған біліміне және кәсіби даярлығына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмысқа орналасуға құқығы бар.
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін анықтау мәселелерінің әдіснамалық-теориялық негіздері.
Психикалық дамудың кешеуілдеуінің негізгі клиникасы, психикалық және физикалық дамудың кешеуілдеуіндегі инфантилизм ретінде белгілі. Психикалық дамудың кешеуілдеуін кешенді зерттеумен оқыту дефектология ғылымына 60-жылдардың XX-ғасырдан бастап өз бастауын алды. Осыдан бері өз қызметін атқарып келеді. Балалардың ақыл-ой дамуындағы жеңіл ауытқулары «Психикалық дамудың кешеуілдеуі» деп аталатын терминмен сипатталады. Бұл кемшіліктің негізгі себебі: бала миының әлсіз түрдегі яғни органикалық зақымдауымен, сондай-ақ іштен туа пайда болған, туылу кезіндегі зақымданулар жатады. Сонымен бірге дамудың кешеуілдеуі жоғарғы жүйке жүйесінің ауруларымен, созылмалы және соматикалық жағдайлармен, бас миының жарақаттануымен, эндрокриндік жүйенің бұзылуымен байланысады. Психикалық дамудың кешеуілдеуінің негізгі ерекшелігі - баланың психикалық әрекетінің қалыптасуының бірқалыпты болмауы. Инфантильді балалар өзінің құрдастарынан жас, олардың ойлары да тұрақсыз болады. Олардың ми қабілеті де тәулік бойына өзгереді. Кейде сабақтың аяғына таман немесе шаршаған уақыттарда болады. Бұл балаларға тән ерекшелік зейіні мен жұмыс қабілетінің ең төменгі деңгейде болуға тиіс. Кей балаларда іс-әрекеттің басында зейіндері жоғары болады да, ал кейін төмендей бастайды. Ұзақ мерзімді есте сақтауы мен қысқа мерзімді есте сақтауының төмендеуі, есте сақтауының беріктілігінің жетіспеуі, сондай-ақ интеллектуалдық белсенділігінің төмендеуі – осы категориялардағы балаларға тән ерекшеліктер. Ойлау әрекетіне келсек, көрнекті амалды ойлаудың кемістігі аз мөлшерде көрініс береді. Көбінесе нақтылы – бейнелі ойлауы бұзылады, яғни бейнелі образдық ойлауы жеткіліксіз болады. Қарапайым есептер көрнекті материалдарға бағытталса, бірақ баланың өмірлік тәжірибесіне қатыссыз болса, оларға қиындық туғызады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың белсенді жағдайдан баяулыққа, жұмыскерлік көңіл-күйден, жұмыссыздыққа жиі өту процестері жүйкелік-психикалық жағдайлармен байланысты. Балалар қандай да бір тапсырманы орындауда үлкендердің көмегін қажет етеді. Ересектердің көмегін қажетсіну, іс-әрекеттің нәтижесін меңгеру, оны ұқсас әрекеттерге тасымалдау және психикалық дамуы кешеуілдеуі бар балаларды ақыл-есі кем балалардан ажыратуға болады.
1.2 Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық