Таңдай жарығымен шартталған ринолалияны зерттеу тарихы

Ринолалияны зерттеу тарихы ұзақ және азапты жолды басынан кешірді. Оны зерттеуіне дәрігерлер, психологтар, дефектологтар қатысқан.

Ринолалия бойынша алғашқы жұмыстарды дәрігерлер жазған болатын. Олардың күш-жігерлері қайта қалыптасқан таңдай пердесі (жұмсақ таңдай ) жеткілікті ұзын және қозғалмалы болуы үшін және ауыз қуысын мұрын қуысынан даралай отырып, жұтқыншақтың артқы қабырғасымен үйлесетіндей етіп, таңдай жиынтығын толық жедел қайта қалпына келтіруге бағытталды. Осы нәтижеге қол жеткізу қаңқа мен мұрын аарсындағы өткелді еркімен тұйықталу мүмкіндігін қамтамасыз ететіні және сөйлеудегі мұрындық реңкін жою үшін немесе оны толығымен алып тастау үшін алғышарттар дамытылады деп есептелген болатын.

Н.И.Пирогов (1844), Н.В.Воронцовский (1875), П.Субботин (1894), М.И.Пайкин (1936) өздерінің жұмыстарында таңдайдың көлемдері қандай деңгейде жедел шараларының әсерінен түрін өзгертуге қабілетті; таңдай көлемдерінің қандай көрсеткіштері мыңқылдау кезінде анағұрлым сәттілікті логотерапияға қолайлы болатыны туралы мәселені талқылаған еді.

Н.И.Пирогов оқушысы Н.В.Воронцовский 1870 жылы периосталды уранопластика қалыпты сөйлеуді өалпына келтірудің жолында ең тамаша қадам жасағаны туралы хабарлаған болатын. Оның ойынша, уранопластикадан кейінгі мыңқалдаудың сақталу себебі – жұмсақ таңдайдың екінші қайтара қысқаруы, оның қозғалымдылығының жеткіліксіздігі мен жалпақтығы бойынша кернеу болып табылады.

Ауыз қуысындағы анатомиялық ақауды түзетудегі хирургтардың қол жеткізген сәттіліктеріне қарамастан, олардың ешқайсысы тек жедел араласудың көмегімен ғана сөйлеудің фонетикалық жағын өңдеуінде жағымды нәтижелеріне қол жеткізе алмады. Уранопластика өздігінен – өзі ринолалиямен зақымдалған балалардың сөйлеуінде назалды дыбстауды жойылмайтындығы жалпыға мәлім болып айналуда.

А.А.Лимбергтің айтуына сәйкес, сүзілмелі ақауды емдеу және ақауды жеңу ісінде хирург оның үлесіне түсетін рөлді нақты түсінуі керек. Хирургиялық емдеудің міндеті – қызметтерінің қалыпты даму мүмкіндігін бұзбай деформацияланған мүшелердің формасы мен көлемін мүмкіндігінше толығымен қалпына қайта келтіру болып табылады. Мүшенің бұрмаланған және жеткіліксіз қызметін түзетуі (сөйлеу қызметтерінің ерекшеліктері) өздігінен-өзі сирек және кездейсоқ ғана беріледі.

Ринолалияны зерттеу мен логотерапияның дамуын жетілдіруге шетел мамандары үлкен үлес қосты.

Мысалы, Лемонье, Б.Лангбек, Макуэн, Кез және басқалары (XX ғ.) таңдайдың жарылуын хирургиялық емдеуді жетілдірді және сөйлеуі анық болуы үшін жасөспірімдер мен үлкендерге хирургиялық араласуға қарағанда, оқыту көбіреу беретінін үнемі атап отқан.

Ақау мәнділігін медициналық және педагогикалық зерттеу және оны жеңу мүмкіндіктерін қарастрыу барысында ашық мыңқылдаудағы сөйлеудің бұзылуларын жоюдың педагогикалық әдіс-тәсілдерінде екі бағыт өңделді.

Олардың біреуі – неміс, Германияда және бірқатар өзге де мемлекеттерде қабылдаған (Г.Гутцман, 1924; Г.Арнольд, 1959; М.М.Ванкевич, 1926; В.А.Каретникова, 1927; М.Е.Хватцев, 1931, 1959). Ол күшті қоздырғыштармен туындатылатын, қозудың бастапқы иррадиация қағидасынан шығады. Оның арқасында қалыпты сөз – қозғалыс мүшелерінің кешенді қызметіне ақаулық мүшелер (жұмсақ таңдай және басқалары) тартылады. Қоданылатын жаттғулар бөлшектеп кернеулі, күштік сипатта болады.

Неміс мектебінде логотерапевттік шараларды электр және вибромассажды пайдалануымен бірге үйлестіру көзделген болатын, содай кейін артикуляциялық және тыныс алу тренингі бойынша сабақтаренгізілген еді.

Екінші бағыт, шартты түрде француздық деп аталатын, дұрыс тыныс алу мен дауысты қоюға негізделген. (С.Борель – Мезони, 1929; В.Ведю,1929). Бұл бағыт физиологиялық табиғи, сөйлеу қозғалыстарының кернеуленбеген ажыратып тыныс алуына негізделеді.

Қос бағыттардың өкілдері таңдай – жұтқын қақпағының еркін жабылуына қол жеткізу қажеттілігінен шығатын. Мұндай жабылу таңдай пердесінің қозғалымдылығын, Пассаван валигінің таңдай пердесімен (жұмсақ таңдаймен) қабыстыруын қамтамасыз ету кезінде мүмкін.

Неміс бағытының анағұрлым жарқын бейнелеушісі – проф. Г.Гуцман болып табылады. Онымен өңделінген әдісте таңдай жұтқын пердесін жақсартуға арналған жаттығулардың нақты жүйесі ұсынылады. Ол сөйлеу жаттығуларын обтураторды немесе мұрын қысқышын пайдаланумен жүргізу ұсынады.

Таңдай пердесінің Пассаван валигімен түйісуі және осының салдарынан таңдай-жұтқын қақпағының жақсаруы обтураторды салуда немесе мұрны шеттерін (қанаттарын) қысу кезінде қол жеткізіледі, өйткені осы уақытта, ауызда күшті қысым пайда болады. Бұл таңдай пердесінің жоғарыға қарай көтерілуіне әрекеттеседі. Сөйлеу жаттығуларының негізінде – жоғарылатылған дыбыстағы дауысты пайдалану болып табылады.

Фрешельс сөйлеу ақауын жоюдың серпіліс түріндегі әдісін ұсынды. Жұмыс істеудің осындай әдісі кезінде бір уақытта, қажырлы фонациямен немесе қысқа дыбыстық үйлесімдерді айту кезінде кеуде деңгейіне деін көтерілген, қатты қысылған жұдырықтардың қозғалуының қарқынды серпіліс түріндегі бағыттары жасалынады. Осы кезде дамытылатын энергия осы кезеңде жұмыс істейтін барлық бұлшықеттерге таралады да оларды қосымша жұмыс істеуге мәжбүр еткізеді. Бұл таңдай қақпасының дамуына және нағаюына алып келеді.

Хватцев М.Е. әдістемесі. Жеке тәжірибе негіздемесіндегі неміс мектебінің қағидалары М.Е.Хватцевпен модификацияланған болатын.

Ол ұсынған әдістеме, отандық, сондай-ақ, шетелдік көптеген мамандардың тәжірибесін жалпылай отырып, тіпті ең қиын жағдайларда оңды нәтижелерге қол жеткізеді, бірақ, логопедтен жоғары шеберлікті және сөйлеу аппаратының анатомиясы мен физиологиясын жетік білуін, ал науқастардан – күш салуды және ынталануды талап етеді. Ол науқастың сөйлеу аппаратын дамыту үшін жаттығулардың күрделі кешенін, жұмыстардың көптген механикалық әдістемелерін ұсынады.

Осы әдістеменің қиындығы мен жеткіліксіз тиімділігі автордың өзімен бірнеше рет айтылған болатын.

«3-4 ай бойы өтілген курс ерекше қиын жағдайларда әлі толығымен таза (мыңқылдамау) және анық ұғымды сөйлеуге қол жеткізбейді: алғашқы кездерде, дыбыстық үйлесім бойынша жасалған жұмыс пен сөйлеудегі жеке дыбыстарды нығайтуға қарамастан, тірі сөйлеудің қайта игерілген дыбыстары бірін-бірі тежейді және бұрмалайды, жиі мүлдем түсіп қалады және ескі бекітілімдермен ауыстырылады және т.б.».

Француз бағыты кейбір модификациямен кеңес авторларының (Ф.А.Рау, Е.Ф.Рау, З.Г.Нелюбова, Т.Н.Ворноцева, А.Г.Ипполитова) жұмыстарының бірқатарында дамыды.

Осы жұмыстарда операцияға дейінгі, сондай-ақ, операциядан кейінгі ринолалия кезіндегі логопедиялық жәрдемнің қажеттілігі көрестілген болатын. Дегенмен, көптеген жағдайларда, назар операциядан кейінгі жұмысқа берілетін және операцияға дейінгі сабақтардың мүмкіндіктері туралы тек байқап қана айтылатын.

1931 жылы Ф.А.Раудың «Дооперационные логотерапевтические упражнения при врожденных небных щелях», («Туа біткен таңдай қуыстары кезіндегі операцияға дейінгі логотерапевттік жаттығулар») тақырыбындағы рефераты жарияланған еді.

Осы жұмыста операцияға дейінгі кезеңдегі дұрыс сөйлеуді тәрбиелеуге бағытталған сабақтарды дыбыстарды қоюдың жалпы қабылданған әдістемесі бойынша жүргізу ұсынылған болатын. Ф.А.Рау дұрыс артикуляцияларды операцияға дейін тәрбиелеу қиынырақ, ал дұрыс емес тәрбиеленген қозғалыстар операциядан кейінгі логопедиялық жұмысты шиеленстіруі мүмкіндігі туралы ойын айтқан. Осыған байланысты, ол операцияға дейінгі сабақтар кезіндегі сөйлеуді қалыптастыруға өте мұқият болу керек диді.

1933 жылы жарыққа Е.Ф.Раудың «Практическое руководство по исправлению речи при открытой гнусавостый» («Мыңқылдаудың ашық түрлеріндегі сөйлеуді түзету бойынша тәжірибелік нұсқаулығы») шықты. Ол жерде он бір сабақтардағы жұмыстың әдістемесі беріледі. Мұнда мұрынның қысылған жақтарды кезіндегі дыбыстарды дұрыс айтуды тәрбиелеу қағидасын пайдалану мен логопедиялық сабақтардың қысқа тізбекті әдістемесін беруге тырысып көрді.

1938 жылы З.Г.Нелюбованың қысқа әдістемелік жазбашасымен «Книга по исправлению недостатков произнашения» («Сөйлеудің кемшіліктерін түзету бойынша кітабы») басылып шығарылған еді. Бұл кітапта науқастармен жұмыстардың сегіз бөлімдері келтірілген және туа біткен жарықтары бар балалардың сөйлеу тілін тәрбиелеудің тәсілдері айтылған.

Алдағы жұмыстармен салыстырғанда, З.Г.Нелюбова көптген жаңа тәсілдерді енгізді: таңдай пердесінің массажы, таңдай пердесіне арналған арнайы жаттығулар (есінеу, басты шалқайтқан кезде бірнеше су тамшыларын жұту, тіл шығарылған кезіндегі жөтелу). Автор дауыс – дем шығару ағымының қалыптастыруына және диафрагмалды тыныс алудың қалыптасуына көп назар аударды. Сондай-ақ , өте қатты дауысты, дыбыстық сөйлеуді айту кезіндегі қатты шабуылды кең пайдалану көзделді. Бұл жерде алғашқы рет ринолалиясы бар адамда өзінің сөйлеуіне есту зейінін дамыту қажеттілігі айтылып, бет бұлшық еттерінің тик түріндегі және хореикалық қозғалыстардың туындауын болдырмау мүмкіндіктері көрсетілді.

Осылайша, З.Г.Нелюбова ринолалия кезіндегі сөйлеу жаттығуларының жүйесін ұсынды.

Ринолалия кезіндегі логопедиялық жұмыстың қиындықтары ақауға әсер етудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүрледі.

1952-1955 жж. А.Г.Ипполитова т.б. ғалымдар «Логопедические приемы работы при открытой гнусавости и псевдобульбарном параличе» («Ашық мыңқылдау мен псевдобульбарлы паралич кезіндегі логопедиялық жұмыстың тәсілдері») (1952) және «Приемы логопедической работы при открытой гнусавости» («Ашық мыңқылдау кезіндегі логопедиялық жұмыстың тәсілдері») (1955) мақалаларында осындай науқыстармен жұмыс істеудің тәжірибесін жалпылаған еді.

Т.Н.Воронцованың жұмыстарында (1966) ересек науқастардағы уранопластикадан кейінгі логопедиялық әсер етудің дефференциасы жүргізілген болатын. Жұмсақ таңдайдың ұзындығына, қозғалмалығына және жұтқыншақ бұлшық еттерідің дамуына байланысты Т.Н.Воронцова науқастарды 3 топқа бөліп, олармен жұмыс істеудің ерекшелігін көрсеткен болатын. Сонымен қатар, логотерапия мен физиотерапияны пайдаланудың кезектілігі мен үйлесуі көрсетілді, әсер ету кезеңдері мен олардың мазмұндары анықталды.

Ақауды игерудің анағұрлым тиімді жолдарын іздей отырып, логопед-мамандар дәрігерлермен бірлесе отырып, ақауды талдаудың жаңа әдістерін пайдаланған болатын. Мысалы, логопед Н.И.Сереброва дәрігер Л.В.Дмитриевпен бірлесе отырып (1969), ринолалиясы бар балалармен түзету жолдарының динамикасын көруге және бір логопедиялық тәсілдермен сөйлеудің қызметтерін толық қалпына келтіру мүмкіндігін болдауға мүмкіндік беретін рентгенография әдісін қолданған еді.

Осы әдісті пайдалану, логопедиялық жұмыстың тиімділігі бірқатар факторларға: жұмсақ таңдайдың және жұтқыншақтың артқы қабырғасының қозғалмалылығына, жұтқыншақтың артқы қабырғасы мен жұмсақ таңдай арасындағы қашықтыққа, жұтқыншақтың орта бөлігінің еніне тәуелді екендігін көрсетті.

Берілген сөйлеудің бұзылуы кезінде логопедиялық жұмыстың нұсқаулықтарының біреуі ұсынылды: логопедиялық сабақтарда науқастар сөйлеу кезінде дем шығарудың негізгі тәртіптерін үйренді. Ол таңдай пердесінің кернеуі кезінде, тілдің түбірі түсірілген, төменгі жақтың мүмкін болғанша көп түсірілуі кезінде жасалынуы керек. Дұрыс сөйлеу кезіндегі тыныс алуын өңдеумен бірге, әдістеме дауысты түзетуді және дыбыстарды артикуляциялауды қарастырды.

Н.И.Сереброваның байқаулары, дауыстың қалыпты дыбысталуы үшін жұмсақ таңдайдың жұтқыншақтың артқы қабырғасы мен толық түйісуі міндетті еместігі туралы болжамдарын растады. Егер жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы қабырғасындағы қашықтық жұмсақ таңдай мен тіл арқасы арасындағы қашықтыққа қарағанда аз болса, онда оқыту үрдісінде сөйлеуді мұрын ерекшеліктерінсіз алуға болады.

Осындай жағдайда, ринолалия кезіндегі сөйлеу ақауларын түзету тәжірибесінде рентгенография әдісін қолдану түзету жұмысы басталуына дейін сөйлеуді түзету нәтижелерін алдын-ала болжауға және жұмыстың жоспарын белгілеуге қол жеткізді. Сабақтардың үрдісінде жұмсақ таңдайдың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының қозғалымдылығы жақсаруы және олардың арасындағы қашықтықтың маңызсыз дәрежеде қысқаруы ескерілген.

Ересектерге арналған С.Л.Таптапованың әдістемесінде үндемеу режимін, дауысты дыбыстарды іштен айтуы ұсынылады. Ондай шаралар бет-ауыздың тыжырайтушылығын және мұрыннан сөйлеуін азайтуға дайындайды. Сонымен қатар автор вокалдық жаттығулар жасауды ұсынады.

В.И.Ермакова (1980) дыбыс айту және дауысты түзетудің деңгейлік әдістемесін құрастырады. Автор туа біткен жарықшақтары бар балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дауыс шығарудың функционалды ауытқулары болатынын, соған байланыстыортофониялық жаттығуларды өңдейді, жетілдіреді. Операциядан кейінгі кезеңге ерекше назар аударады және жұмсақ таңдайдың қимыл-қозғалысын дамытуға бағытталған тәсілдерді ұсынады.

Сұрақтар:

1. Таңдай жарығымен шартталған ринолалияны зерттеу тарихы.

2. Ринолалияны зерттеу мен логотерапияның дамуын жетілдіруге шетел мамандары қосқан үлесі.

3. Хватцев М.Е. әдістемесі.

Наши рекомендации