Негізгі түсініктер: арнайы білім беру, кемтар бала, мүмкіндіктері шектеулі бала, тузету, толқықтыру, оңалту, коғамға қосу.
Дәріс № 1. Коррекциялық педагогиканың жалпы негіздері. 1 сағат
Мақсаты:Дамуында ауытқулары бар балаларды оқыту және тәрбиелеу туралы ілімнің пайда болуына, қалыптасуына және дамуына ретроспективті шолу жасау, осы балаларға көрсетілетін көмектің жағдайын, осы бағыттағы қателіктер мен ізденістерді қарастыру және арнайы педагогиканың қазіргі мәселелеріне баға беру.
Жоспар:
2. Арнайы педагогиканың пәні, мақсат-міндеттері.
3. Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері.
4. Дамудағы кемістіктердің статистикасы мен жіктеулері.
5. Арнайы педагогиканың пәндік салалары.
6. Арнайы педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістері.
Негізгі түсініктер: арнайы білім беру, кемтар бала, мүмкіндіктері шектеулі бала, тузету, толқықтыру, оңалту, коғамға қосу.
1. Арнайы педагогиканың пәні, мақсаты және міндеттері
Арнайы педагогика - педагогикалық білімнің бір бөлігі, кұрамдас болғанына қарамастан көлемді, көп аспектілі ғылым саласы /латын тілінен аударғанда specialis - туыс, түр деген мағынаны білдіреді/. Нақты анықтамасын қарастырсақ, арнайы педагогика - жалпы педагогикалық жағдайда білім алуда қиналатын, немесе мүлдем оқи алмайтын кемтар тұлғаларға арнайы білім берудін теориясы мен тәжірибесін зерттейтін ғылым.
Қазіргі халықаралық педагогикалық теория мен тәжірибеде «арнайы педагогика» және «арнайы білім беру» ұғымдары кең пайдалынады: мысалы, ағылшынша special education, французша - education speciale, испан тілінде - pedagogica especial, немісше - sonderpadagogik деген анықтамалар дәстүрлі қолдануда. Өйткені «арнайы педагогика» ұғымы жалпыға түсінікті және адамгершілік бағытына сәйкес үйлеседі.
Арнайы педагогиканың нысаны - білім алуда ерекше қажеттіліктері бар, яғни кемтар тұлғаларға арнайы білім беру үрдісі, ол педагогикалық феномен ретінде қарастырылады.
Арнайы білім беруде зерттеу мен педагогикалық көмек көрсетудің субъектісі- даму мүмкіндіктерінің шектеулі болғандықтан білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлға. Бүл жерде арнайы оқыту - нақты адамның білім алудағы күрделі мәселесін шешуге бағыталған.
Арнайы педагогиканың пәні - арнайы оқытудын теориясы мен тәжірибесі. Бұл үрдіс мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың дамуы мен білім алу ерекшеліктерін, тұлғалық қалыптасуы және әлеуметтену заңдылықтарын зерттейді. Арнайы педагогиканың пәнін білу тұлға дамуындағы дене немесе психикалық кемістікті түзету мен оңалтуға және қоғамға біріктіруге тәуелсіз өмір суру деңгейіне қол жеткізу үшін өте маңызды.
2. Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері
Арнайы педагогика тарихы - педагогика ғылымның кұрамдас бөлігі болғандықтан, ол жалпы педагогикалық негізгі ұғымдар мен терминдердің көпшілігін пайдаланады. Бірақ, арнайы педагогиканың даму барысында өзіндік ұғымдар аппараты және терминологиясы қалыптасқан.
Айтып кететін жағдай арнайы педагогиканың ұғымдар және терминдер шеңбері өте ке4, өйткені білімнің жиынтығы түрлі дене және психикалық кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде қалыптасып, жинақталған. Баланың психикалық және дене дамуының түрлі салалары: сөйлеу жүйесі, сенсорикалық, зият, ерік сферасы, қозғалысында түрлі деңгейде көрінуін және түрліше себептерден пайда болуына байланысты. Болашақ арнайы педагог кемістіктің пайда болудың негізгі себебі мен сипатын, ерекшеліктерін оларды түзетудің әдіс-тәсілдерін, сонымен қатар әрине арнайы терминдерді білуі тиіс.
Алғашында, арнайы педагогиканың өзіндік терминдері болмағандыктан кемтар балалардың патологиялық, анатомиялық-физиологиялық ерекшелітерін білдіретін көбінесе медициналық терминдер пайдаланылды. Арнайы ғылыми терминдер медицинадан туындаған, олар: диагностика, ақау, соқыр, түзету, акыл-есі кемтар, кереңдік, мылқау т.с.с.
3. Дамудағы кемістіктердің статистикаеы мен жіктеулері
Арнайы білім берудің сапасын жетілдіру мақсатында мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың саны, арнайы мекемелер туралы т.б. мәлеметтерді жинақтау аса қажетті шаралардың бірі.
Қазіргі уақытта халықаралық қогамдық бірлестіктер (Дүниежізілік денсаулық сақтау ұйымы) дамудағы кемістіктердің түрлері мен пайда болу жиілігі туралы статистикалық деректерді жүйелі жинақтау жұмысын үздіксіз жүргізуде. Ал көптеген өркениетті мемлекеттер статистикалық есепке алу жұмысын өз елінде қабылданған денсаулық пен өмір сүру мүмкіндіктердің шектелуін анықтайтын терминдер мен топтастыруларға сәйкес ұйымдастырған.
Әсіресе статистикалық деректерді дамушы елдірде жинақтау қиындық тудырады, өйткені әлеуметтік жағдайлар мен емдік-педагогикалық көмек көрсетудің төмен деңгейде болғандықтан барабар, нақты, толық мәлімет алу мүмкіндіктері төмен.
Статистикалық мәліметтердің сипаттамасы әр мемлекеттің өркениет деңгейімен, емдік-педагогикалық, әлеуметтік көмек көрсету сапасымен айқындалады.
4. Арнайы педагогиканың пәндік салалары
Қазіргі арнайы педагогика өз пәні мен мақсат-міндеттерін, дидактикасы, тәрбиелсу теориясы мен практикасын және арнайы әдістемесі, сонымен бірге тарихын ажырататын педагогикалық салаларды біріктіреді, олар:
- тифлопедагогика (көрмейтіндер мен нашар көретіндер)
- сурдопедагогика (естімейтіндер мен нашар еститіндер)
- тифлосурдопедагогика (күрделі кемістігі бар яғни естуімен катар көруінде ауыткуы бар)
- логопедия (сөйлеуінде ауытқуы бар)
- олигофренопедагогика (зиятында ауытқуы бар).
Соңгы жылдары арнайы педагогикада тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар тұлғаларға педагогикалық көмек көрсету саласы бөлініп - ортопедагогика деп аталган және ерік-сезім санасында кемістігі бар тұлғалар үшін өзіндік пән саласы ретінде дамып жатыр. Сонымен бірге созылмалы ауруы және көптеген ауыр ауытқулары бар балалалар үшін арнайы педагогиканың жаңа өзіндік саласы ретінде қалыптасуда.
Арнайы педагогиканың әр бір пәндік саласы жалпы педагогика сияқты құрастырылған, нақты мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жақсы зерттелген болып саналады (мектепке дейінгі сурдопедагогика, мектепке дейінгі олигофренопедагогика, т.б.)
Бірақ сонымен қатар арнайы білім беруде мүмкіндіктері шектеулі жастар мен ересектерді арнайы окыту және ерте жастан педагогикалық көмек көрсету мәселелері әлі күнге дейін ғылыми зерттеулерді қажет етеді.
Қорыта, барлық пәндік салаларды теоретикалық-әдіснамалық іргетасы ретінде біріктіретін XX ғасыр бойы қалыптасып келе жатқан арнайы педагогика ғылымы.
5. Арнайы педагогикадағы ғылыми-зерттеу әдістері
Арнайы педагогика жалпы педагогикадағы ғылыми-зерттеудің барлық әдістерің белсенді пайдаланады. Ал өзгешелігене сәйкес ғылыми-зерттеулер жүргізе отырып жалпы педагогиканың принциптерін басшылыққа ұстанады, олар:
- педагогикалық құбылыстардың шынайылығы мен шарттаскандығын ескеру;
- құбылыстар мен процестерді даму барысында зерттеу;
- құбылыстарды мен процестерді өзара қатынастар байланысында зерттеу;
- зерттеуде ғылыми проблеманын шешімі бірін-бірі толықтыру үшін зерттеу әдістерді кешенді түрде пайдалану қажеттілігін ескеру;
- зерттеу әдістерді зерттеленің нысан мен пәннің мән-мағынасына сай келуін қадағалау;
- даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму себебі саналатын оның қарама-қайшылығына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
- сынақталушыға, білім тәрбие процесіне зиян келтірмейтін, адамгершілік-инабаттылық талаптарына қайшы және мүмкіндіктері шектеулі тұлғаның намысына тиіетін зерттеулерді өткізбеу.
Семинарлық сабақтың сұрақтары:
1. Арнайы педагогика ғылым ретінде және оның басқа ғылымдармен байланысы.
2. Коррекциялық педагогиканың даму тарихы.
3. Коррекциялық педагогиканың жалпы педагогикадан айрмашылығы.
4. Коррекциялық педагогиканың салаларына түсініктеме беріңіз.
СОӨЖ тапсырмалары:
Коррекциялық педагогикалық іс-әрекеттің мазмұны.