Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:27.05.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта. Бөлімі: Экология.

Тақырыбы: Кірпі (бақылау жасау).

Мақсаты:кірпінің тіршілігі туралы мағлұмат беру. Қамқорлыққа тәрбиелеу. Кірпіні бақылау кезінде құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнату.

Көрнекілік: террариумда немесе тордағы кірпі, кірпі туралы түсірілген бейнетаспа.

Керекті құралдар:ермексаз, шемішке, дәптер, қарындаш.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Билингвальді компонент:террариум, кірпі, тор.

Билингвальді компонент:кірпі – ёжик

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Педагог балаларды шеңбер бойына тұрғызады да бір балаға допты лақтырады. Допты ұстаған бала өзінің досының атын айтып және неге оны жақсы бала деп ойлайтынын айтып допты кері лақтырады.   - Менің досым – Арман. Ол мейірімді, себебі, ол менімен ойнағанда ойыншықтарымен бөліседі.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар, ағаштарға қараңдаршы, қандай өзгеріс байқап тұрсыңдар? Дұрыс айтасыңдар, демек қазір жылдың қай мезгілі екен? -Енді есімізге түсіріп көрейікші көктемде жан-жануарлар мен жәндіктерде қандай өзгеріс болады? Дұрыс айтасыңдар, сондай бір жануар, туралы мен жұмбақ жасырамын. Ал сендер шешуін табыңдар. Бата алмас түлкі, Үсті тікен...(кірпі)   Кірпі туралы мәлімет: Бір кірпіде 7-8мың ине болады. Қазақстанда кірпінің 3 түрі мекендейді: кәдімгі кірпі, құлақты кірпі және қара кірпі. Кірпінің арқасын, бүйірлерін тікенек (ине) басқан. Кірпілер кішкентай болады. Олардың салмағы 700-800г. Олар орманда, бұта арасында, бау-бақшада, тіпті елді мекендерде тіршілік етеді. Жемін, әдетте кешке және түнде аулайды. Жәндіктермен, көлбақамен, жыланмен (улысымен де) қоректеніп, орман шаруашылығына пайда келтіреді. Қараша айында ұйқыға кетеді де, көктемде күн жылынысымен оянады. Кірпінің аяқтары бес саусақты болып келеді. Бірінші үстінгі күрек тістері ірі, азу тіске ұқсас. Кірпілердің арқасы мен екі жақ жаны тікенікті. Қауіпті жағдайда домаланып қалады. Кірпілер жаздыгүні бұталардың түбіне індерін ұяларын жасайды да сол жерде балалайды. Балаларын сүтпен қоректендіреді. Ал өскеннен кейін олар өз күндерін өздері көреді. -Балалар, сендер кірпінің қалай дыбыс шығаратынын білесіңдер ме? Олар «фрт», «фрт» деп дыбыстайды екен. Дымбілмес: менің де қайтатын уақытым жақындады. Мен де кірпі туралы біліп алдым. Мына кірпіні сіздерге қалдырып кетейін, сіздер тамақтандырып жүріңіздер. Сондықтан да 1-2 күнге ғана кірпіні толық бақылап алғанша қалдырамыз, одан кейін оны жіберуге тура келеді. Сергіту сәті. Сергіту сәті аяқталасымен тәрбиеші дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіреді. -Ағаштар жапырақ жайып, жайқалып өсіп тұр. -Көктем мезгілі. -Ұйқыға кеткен жан-жануарлар мен жәндіктер ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды. Балалар кірпінің сүт ішкеніне қарап таңырқайды, қуанады. Оның басын шығарып, оқыс дыбысқа қайта жиырылғанын, жүргенін көреді. -Кірпі. Балалар теледидардан, мультфильмдерден көргендерін айтады. Балалар тордағы тоқыма жіпше домаланып жатқан кірпіні көріп, таңырқап қалады.   Қорыққандықтан домаланып қалды. Балалар кірпіге жақындап келіп, бақылау жасайды. -Тігін инесіне, шыршаның инесіне ұқсайды. -Кірпінің инесін тігуге пайдалана алмайсың және шыршаның қылқандары сияқты жасыл емес.     Балалар бейнетаспадан алған мағлұматтарына сүйеніп педагог тарапына қойылған сұрақтарға жауап береді.   Балалар «фрт», «фрт» деп қайталайды.     Балалар қуанып, кірпіні өздері күтіп, оған қамқор болатындықтарын айтады.   Сергіту сәтінің сөзіне қарай қимылдар жасайды. Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: кірпіні танып, ажырата білуі, олардыңң дене бөліктері туралы, табиғат үшін маңыздылығын.

түсінеді: кірпіні таниды, ажыратады, оның тіршілігі туралы түсініп айта алады, кірпінің жеміс-жидектерден басқа жылан, көлбақа т.б. қоректенетінін, сүт ішетіндігін, олардың жауынан қалай қорғанатындығын, қалай дыбыс шығаратындығын, ауылшаруашылығына әкелетін пайдасын біледі.

қолданады: сұрақтарға еркін жауап бере білуді, өз пікірін, ойын айтуды, бейнетаспадан көргендерін жауап беру кезінде пайдалануды, жануарға қамқорлықпен қарым-қатынас қажет екендігін түсінеді.

Наши рекомендации