Р қылмыстық атқару жүйесінің түсінігі.
Қылмыспен күресу үрдісі әртүрлі бағытта өтеді: болжау, арнайы алдын алу жұмысын ұйымдастыру; жасалған қылмысты тергеу; жасалған қылмысты сотта қарау және жазаны белгілеу; сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау. Көрсетілген қылмыспен күресудің арнайы шараларынын іске асыру мемлекеттің мекемелері мен органдарына жүктелген. Яғни, жазаны атқаруға байланысты белгілі бір мемлекеттік мекемелер мен органдар құрылады.
Қазақстан Рестубликасының Қылмыстық кодексінің 39-бабында көрсетілген қылмыстық жаза түрлерінің бәрі міндетті түрде орындауға жатады, ал оларды жүзеге асырудың тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңымен анықталады.
ҚР ҚАК 14-бабы жазаны атқаруға құзыреті бар атқару мен сот билігінің түрлі республикалық құрылымдарына енетін органдар мен мекемелер жүйесін тізіп өтеді. Жаңадан қабылданған ҚР ҚАК-інде жазаны орындауға байланысты айтарлықтай өзгерістер енгізіле қойған жоқ, ҚР ҚАК сол бұрынғы қалпынша соттардың қылмыстық жазаға байланысты орындаушы мекемелер мен органдардың тізімін заң жүзінде бекітті. Әрине, бұл салалар қылмыстық жазаның жаңа түрлерінің енгізілуіне байланысты кеңейтіле де түсті. Мәселен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құзырына жазаның қоғамдық жұмысқа тарту, бостандықты шектеу сияқты түрлері берілсе, ал әскери қызметшілерге қолданатын жаза тәртіптік әскери бөлімшеде (дисбат) ұстау, тұтқындау, әскери қызметі бойынша шектеу ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері командованиесінің қарауға берілді.
ҚР ІІМ-нің құрамына енетін қылмыстық жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар жүйелерінің өзі өз ведомстволарының шеңберіне сай келмейтін сияқты. Қазақстан Республикасының ІІМ-де жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың тек бас бостандығынан айыру мен өлім жазасын атқару ғана емес, сол сияқты жазаның белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу және басқа да түрлердегі жазаны атқару қылмыстық-атқару инспекциясының жүзеге асыратындығы дәстүрге айналған.
Сонымен бірге, осы инспекцияның міндетіне қылмыстық жазаны атқару ғана емес, шартты түрде соттау сияқты қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды орындау (әсіресе, осы сипаттағы сотталғандарға қатысты бақылау жүргізу) жатады.
Қалыптасқан дәстүр бойынша айыппұл салу мен мүлікті тәркілеу, құрметті, әскери, арнайы немесе өзге де атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден және біліктілік сыныбынан айыру сияқты жаза түрлерін соттар атқарады. Дегенмен айта кету керек ҚР ҚАК 14-бабының 3-бөлігінде айтылған атақтар сыныптар мен шендер соны берген лауазымды адамдардың немесе қызмет орындарының күшімен алынады. Ал оған осыған байланысты заңды күшініне енген сот үкімі негіз болады.
Тергеу мекемелері (түзеу колониялары, тәрбиелеу колониялары, түрмелер мен колония-қоныстар) мерзімді, сондай-ақ өмір бас бостандығынан айыру.
Өлім жазасы түріндегі жаза ҚР ІІМ мен ҚР Прокуратурасы қатаң белгілеген тергеушілік оқшаулау орындарында немесе түрмелерде атқарылады.
Қылмыстық-атқару инспекциясы түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, белгілі бір лауазымдыболу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаларды атқарады.
Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны ҚР ІІМ-нің түзеу мекемелері жүйесінің арнайы мекемелері атқарады. Сонымен бірге, кейбір жекелеген жаза түрлерін белгілі бір, мекеме мен нақты бір адам атқарады. Мәселен, белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімінің талаптарын сотталушының жұмыс орны бойынша ұйымның әкімшілігі, сондай-ақ қызметтің тиісті түрлерімен айналысуға берілген рұқсатты қайтып алуға ҚР-ның заңдарына сәйкес құқықты органдар атқарады (ҚР ҚАК 13-б. 2-бөл.).
Құрметті, әскери, арнайы немесе өзге де атақтардан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден және мемлекеттік марапаттаудан айыру туралы сот үкімінің талаптарын сол атақтар мен сыныптарды, дәрежелер мен марапаттауларды берген лауазымды адамдар, сондай-ақ ҚР-ның тиісті органдары орындайды. Бұл органдар, мекемелер мен лауазымды адамдар заң бойынша қылмыстық жазаны атқарушы мекемелер мен органдарға жатпайды, сондай-ақ олар ондай жүйеге де кірмейді, олар тек қана заң нұсқаулары мен сот үкімінің талаптарын ғана орындайды.