Ерте кезеңдегі психомоторлы дамуы

- Анасын емді ме ?

- Қалай тамақтандырылды ?

- Неше жасқа дейін ана сүті берілді ? Неше жастан бастап қосымша тамақтандырылды ?

- Бала басын қай кезде ұстады ?

- Қай кезде отырды ?

- Қашан жүре бастады ?

- Қай кезде күлді ?

- Қашан заттарға көңіл бөлді ?

- Ауырған аурулары ?

Сөйлеу тілінің анамнезі

Гуілдеуі ___________________________________

Былдыры ___________________________________

Сөздері ___________________________________

Фразалар___________________________________

Сөздердің буындық құрылымы__________________________________

Аграмматизм ________________________________

Қай дыбыстарды дұрыс айтпады ? _________________

Бала тақпақ және ертегі біле ме ? ________________

Сөйлеу тілін тексеру

Дыбыс айтуы

1. Жеке дауысты дыбыстар

А

Ә Е

Ю

Й

Э

О

Ө

Ы

І

У

Ұ

Ү

И

Я

2) Дауыссыз дыбыстар:

а) Афа, ава, аба, ака, ақа, аға, ама, ала, аха, ада, т.б

б) Ф Х

С З

С’ З’

Ш Ч

В Щ

Д Л

Г Ң

Ғ Н

Б Р

К Ж

Қ М

( Тексеру картасында әр дыбысты жеке айтқызып, тілдің қалпын, артикуляция кезіндегі мұрын ұшының және мимикалық бұлшық еттердің, беттік синкенезиялардың санын белгілеу қажет ).

3) ашық буындарда

4) бітеу буындарда

5) сөздің басында

6) сөздің ортасында

7) сөздің соңында

8) фразада

(Тексеру барысында ринолалияның түрін анықтау үшін мұрын сүйегінің шетіне саусақты қойып, дыбыстар мен сөздерді айтуға ұсынады. Егер сөйлеуде «м» және «н» болмаған кезде де саусақпен діріл сезілсе – бұл ашық ринолалия, ал егер «м» және «н» дыбыстарын жеке және сөз ішінде айтқанда , діріл болмаса – бұл жабық ринолалия. Сөйлеу кезінде мұрын алдына айнаны ұстайды. Егер сөйлеген кезде («м» және «н» сыз) айна терлесе – ашық ринолалия, ал егер «м» және «н» дыбыстарын айтқанда айнаның құрғақ болуы, жабық ринолалия екенін білдіреді ).

Грамматика мен сөз қорының ерекшеліктері

1) белсенді сөз қоры

2) еңжар сөз қоры

3) белсенді сөз қорының баланың жасына сай болуы

4) сөйлеу тіліндегі аграмматизм

Сұрақтар:

9. Ашық ринолалиясы бар балаларға педагогикалық- психологиялық мінездеме.

10. Риноалалиясы бар балаға толтырылатын сөйлеу картасы

11. Прогнатия және прогения, тістердің қабыспауы туралы түсінік беріңіз

Жабық риналалия және оның сипаттамасы. Дауыс тембрінің бұзылысы, дыбыстардың бұзылысы

Бітеу (жабық) ринолалияда барлық сөйлеу дыбыстарының айтылуы кезінде ауа ауыз арқылы өтеді. Бұл баланың мұрнымен тыныс алуы қиындағанымен түсіндіріледі. Мұрын қуысына өтетін жолды жауып тұратын полип, аденоидтың ұлғаю, мұрын қалқасының майысуы және басқалары себеп болуы мүмкін. Мұрын резонансы тұтас және жарым-жартылай дауыс қалыптасу барысында өшеді, дауыс бірқатар обертонын жоғалтады, мұрын жолды дыбыстары («м», «н», «ң») бұрмаланып қатаң айтылады. Егер мұрын резонансы жоқ болса, онда бұл дыбыстар ауыздан айтылады б, б', д, д'. Бітеу ринолалияда дауысты дыбыстардың да дұрыс айтылуы бұзылады.

М.Зееман бітеу ринолалияның екі түрін ажыратады: алдыңғы бітеу және артқы бітеу ринолалия. Алдыңғы бітеу ринолалияда ауаның мұрын қуысынан өте алмайтыны байқалады.

Мұрынның артқы бөлігінің төменгі қабыршағының тыс ұлғайып кетіп /гиперторфия/, тұрақтап ұзаққа созылуын /хроникалық/. Мұрын шеміршегінің майысуынан, мұрын жолының ісінуінен пайда болады.

Артқы бітеу ринолалия – мұрын жұтқыншақ қуысының тарылуы байқалады.

Балаларда жиі кездесетін тамақ көмей бездерінің шамадан тыс ісіп кетіп ұлғаюының салдарынан, сирегірек- мұрын жұтқыншақтың қабынуынан, мұрын жұтқыншақ фибромасы немесе басқалай ісіктерден пайда болады.

Функционалдық бітеу ринолалия балаларда жиі кездеседі, бірақ анықталуы әр уақытта дұрыс бола бермейді.

Оның бір ерекшелігі – мұрын жолының өтімділігі жақсы және мұрыннан тыныс алуы бұзылмаған жағдайда пайда болады. Функционалды ринолалияда мұрандық және дауысты дыбыстың үнінің әуезділігі органикалық бітеу ринолалияға қарағанда күштірек бұзылған болуы мүмкін. Оның себебі – жұмсақ таңдай фонациясының және мұрын жолды дыбыстардың айтылуы кезіндегі әдеттегісінен жоғары көтеріліп кетіп дыбыс толқынымен мұрын жұтқыншаққа баратын жолды жауып қалады. Бұл сияқты құбылыстар жүйке ауруына шалдыққан балаларда байқалады.

Органикалық бітеу ринолалияда ең алдымен мұрын қуысының тарылуының себептері жойылуы керек. Мұрынмен тыныс алуы қалай дұрысталса, ақаулықта солай жойылады. Егер мұрын жолының тарылуын жойғаннан кейін де ринолалия көрінісі өзгермесе, онда функционалды бұзылыста қоданылатын жаттығуларды пайдалану қажет.

Сұрақтар:

1. Жабық риналалия және оның сипаттамасы..

2. Дауыс тембрінің бұзылысы, дыбыстардың бұзылысы.

Наши рекомендации