Азіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттарын жүйелеңіз.
Қазақстанның жоғары мектептерінің кейінгі ұрпақтарына күрделі, қарама-қайшылықтармен жан түршіктіретін «жаһандық білім беру кризисі» (ЮНЕСКО термині) мұрагерлікке қалып отыр. Оған ең алдымен оқыту мен ойлаудың технократтық тәсіліне бір жақты бағдар жасау себепкер болды- әсіресе жоғары мектептің жаратылыс-ғылыми және техникалық пәндерінің кешендері.
1.50-жылдардың соңында «білімге деген сұраныс жарылысы» деп белгіленген тұрақты құбылыс пайда болды. Ол бірқатар факторлардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылды. Олардың ішіндегі ең бастылары- планета тұрғындарының жылдам көбеюі, дамыған елдердегі өсуі, ішкі және сыртқы миграцияның жоғары коэффициенті, жаңа білімдер мен технологиялардың дамуы мен таралу қарқынының үдеуі, содан кейін қайта құрылулар- экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени. Осылардың барлығы жеке және ұлттық деңгейдегі құндылықтар мен басымдықтар жүйесін өзгертуге себепкер болды.
2. Дамыған елдердің экономикасындағы құрылымдық қозғалыстар білім беру жүйесіне айтарлықтай өзгерістер алып келді: жоғары білімге капиталды салудың едәуір тиімді саласы ретінде танылды және мемлекет пен корпорациялардың инвестициялық саясатындағы басым сала қатарына жатқызылды.
3. Білім берудің баламасы жоқ дәстүрлі тәжірибесі «сұраныстың жарылысы» жағдайында өзінің мүмкіндіктерін жоққа шығарды. 70-жылдардан бүгінгі күнге дейін жалғасып және тереңдеп келе жатқан әлемдік білім беру кризисі. Оның негізгі белгілері- білімге деген қажеттіліктің қарқынды өсуі және оны жүзеге асыру мүмкіндігінен айтарлықтай ажырауы.
4.Білім беру саласындағы қайғының негізгі себебі- қаржылық қиындықтар. Батыстың көптеген елдеріндегі әлемдегі бірінші Жер серігінің әсерімен ұлттық экономиканың даму қарқынынан білім беруге бюджеттік қаржы бөлу асып түсетін 50-60 жылдардағы «алтын кезең» артта қалды.
ЮНЕСКО –ның «ХХI ғасыр болашағындағы білім беру философиясы» атты жобасына сәйкес жаңа білім беру философиясының негізгі принциптері мыналар:
1)Білім берудегі ізгілік, ізгіліктендіретін адам қалыптастыратын тәсіл:
2)Білімдердің белгілі бір қосындысын меңгеру ретіндегі педагогикалық процестің дәстүрлі түсінігін адам бейнесін қалыптастыруға ықпал ететін шығармашылық актімен алмастыру.
3)Білім беру саласына қатысты философияның танымдық, әдіснамалық және жобалық-аксиологиялық функциясын зерттеу.
ХХI ғасыр-өркениет дамуының постиндустриалды кезеңі. Өркениеттің даму кезеңінің алмасуы білім беру жүйесін алмастыруға мәжбүр етті. Білім беру парадигмасын қайта құруды талап етеді. Бұл- ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, қоршаған орта мен адам денсаулығына қамқорлықпен қарайтын дәуір.
Европада базалық ретінде Францияның Париждік университетінің моделі қабылданған, ол бүгінде Сорбонна деген атпен танымал. Бұл модель университеттік құрылымның орталығына оқытушы мен автономия принципін университеттік норма ретінде қойды. Болондық университет ұсынған балама идея- студенттік басқару-Европада таралмады, бірақ Испаниядағы, кейін Латын Америкасындағы жоғары оқу мекемелеріндегі формаларға ықпал етті. Жоғары білім берудің еуропалық жүйесінің алғашқы моделдерінің түрі өзгеріп, күннен күнге ұлттық сипат пен ерекшеліктерге ие болды. Неміс, ағылшын, француз, кейіннен американдық моделдер пайда болды, бірақ олардың мәні бұрынғыдай болып қала берді.
Қазақстанның,Ресейдің және ТМД-ның басқа да елдерінің Орталық және Батыс Еуропа елдерінің жоғары мектебі қайта құру жолына 1980 жылдардың аяғында, жаңа әлеуметтік-экономикалық жүйе мен нарықтық экономика жағдайында, қаржылық кризис, саяси және әлеуметтік тұрақсыздық, ұлтаралық қарым-қатынастардың өршуі жағдайында- білім беру саласында қайта құруды жүргізу өте қиын жағдайға түсті.
Мысалы, Американдық модель: кіші орта мектеп- орта мектеп- үлкен орта мектеп- екі жылдық колледж – төрт жылдық колледж университет құрамындағы- магистратура- докторантура.
Француз модель: ортақ колледж- технологиялық, кәсіби және жалпыбілім беру лицей- университет, магистратура, докторантура.
Неміс моделі:жалпы мектеп- училище, гимназия және негізгі мектеп- институт және университет, магистратура, докторантура.
Ағылшын моделі:біріктірілген мектеп –грамматиклық және қазіргі мектеп, -колледж-университет, магистратура, докторантура.
Ресейлік моделі: жалпы білім беретін мектеп- толық орта мектеп, гимназия,лицей-колледж-институт,университет,академия-аспирантура-док-торантура
Қазақстандық модель: жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия,,лицей- кәсіптік мектеп, лицей,колледж, училище-университет, институт,академия- магистратура, докторантура.
Қазақстанда білім беру жүйесінде белсенді қайта құрулар жүріп жатыр. ҚР –ң құрылымында 2007 жылы аспирантура мен докторантура алынып, оның орнына магистратура, PhD докторантура. 2010 жылы ҚР –ң Мемлекеттік бағдарламасына қайтадан өзгертулер кірді. ҚР-ң егемендік алғаннан бері жоғары білім беру жүйесінің стратегиялық бағыттары айқындалды.
Ғалым З.А.Исаева ҚР- ң жоғары білім беру жүйесінің қайта құру процестерін төрт дейгейге бөліп қарастырады:
Бірінші бөлімі- (1991-1994жж) Жоғары білім берудің нормативтік құқықтық базасының құрылуы.
Екінші этап- (1995-1998жж). Жоғары білім берудің модернизациясы, мазмұнының жаңаруы;
Үшінші-(1999-2000жж) білім беру жүйесін ұйымдастырудың академиялық еркіндігінің кеңеюі, қаржыландыру мәселелері.
Төртінші этап (2001 ж ...) білім беру жүйесінің стратегиялық даму бағыты.
ҚР –ң білім беру жүйесінің құқықтық базасы негізінен ҚР –Конституциясы, «Білім заңы», және басқа да құқықтық заң актілері. ҚР-ң Конститутциясының 30-шы бабына сәйкес Қазақстан азаматтары міндетті орта білім және жоғары білім алуға құқылы.
ҚР-ң білім заңының реформасына сәйкес үш деңгейлік өзгерісін қарастыруға болады: 1982ж. ҚР «Білім заңы» 1999ж ҚР «Білім заңы» 2007ж ҚР «Білім заңы» 1993ж ҚР-ң «Жоғары білім заңы». Қазақстандағы білім беру жүйесінің артықшылық жақтары: мемлекеттік білім стандарттары мен Мамандықтардың Классификаторлары бар.
· 1990ж Қазақстанда бірінші білім стандарттары бекітілді, 310 жоғары кәсіби білім берудегі мамандықтарға арналған.
· 1996 ж ҚР-ң жаңа 342 мамандықтарға арналған Классификаторы бекітілді.
· 2001ж Халықаралық білім беру стандарттары бойынша жаңа Классификатор енгізілді, оның 283 арнайы мамандықтар үшін, 70 магистрлік және 46 бакалавр бағыттарын дайындауға арналған.
· Қазақстанда кредиттік жүйе бойынша оқыту белсенді жүргізілуде. Атап айту керек, барлық білім саласында жүргізіліп жатқан қайта құрулар, жаңа дамулар, мемлекеттік саясатқа және халықаралық тенденцияларға қайшы келмейді.