Тақырып. Грамматикалық категориялар
Грамматикалык катсгория' туралы ұғымиын маз-мұныи аша тусу косымша маглұматтардын берілуін ка-жет етеді.
Грамматикалык категориялар белгілі бір тілге тон, жалпылама сипаты бар грамматикалық мағыналар ре-тінде тапылады да, ол грамматикалық магыналар сөз-дердін өзгеріп түрленуі, сездердің сөйлемде тіркесуі аркылы көріне алады, солар аркылы беріледі. Ал грам-матикалык формалар болса, олар грамматикалык кате-горияларды білдірудіц күралдары ретіпде танылалы. Грамматикалык категориялар грамматикалық, форма-лар арқылы көрінеді, грамматикалық формалардан тыс грамматикалык категория деген болмайды. Ал грамма-тикалык мағына болса, ол да әз алдына бөлек, грамма-тикалық форма мен грамматикалык катего.риядан тыс емір сүрмсйді. Грамматикалык магына белгілі бір фор-ма арқылы беріліп, грамматикалық категорияііын маз-мүнына оның магыналық элементі ретінде енеді.
Белгілі бір грамматикалық категория кемінде екітүрлі формада көрінуі кажет. Мұнсыз бірде-бір грамма-тикалық категорияпын болуы мүмкін емес. Мысалы, бір гапа септіктің формасы немесе бір гана грамматикалық жақтың формасы өздігінсн сеіггік категориясын да, жақ категориясын да күрай алмаган болар еді. Белгілі бір тілдегі септік категориясы тур'алы сөз ету ушін, ол тіл-де,мысалы, ілік септігінен баска барыс, шығыс септік-тсрі және т. б. септіктердін болуы шарт. Сопда ғана сеп-тік дербес грамматикалык категория ретінде таныла алады. Грамматикалык жак категориясы туралы I жақ-тан басқа II жақ, III жақ болғандықтан ғана әңгіме ете аламыз. Сын есімнің шырай категориясы туралы да осы-ны айту қажет. Шырай категоггаясы бір ғана жай шы-райдың грамматикалық мағынасы мен формасынан құралуы, әрине мүмкін емес. Сын есімнің шырай катего-риясы онын мазмұиына енстін жай шырай, салыстырма-лы шырай және күшейтпелі шырайдың мағыналары мен формаларыныц жиынтығынан құралады.
Қандай бір грамматикалық категория болмасын, онын жалпылаушы сипаты болады. Грамматикалық категория біртектес грамматикалық мағыналарды білді-ретін грамматикалық формалардың жиынтығынан құра-лады. Ал «біртектес грамматикалық мағыналар» деген-.нен әр басқа емес, өзара шарттас, ыңгайлас, бір сипат-тағы грамматикалық мағыналарды түсінеміз. Мысалы, грамматикалық шақ категориясы осы шак, өткен шақ, келер шақ түріпдс көрінгенімен, шақтың аталған түрле-рініц магыналары — әр тектес, әр сипаттагы мағыпалар емес, біртектсс мағыналар, әйтеуір шақтық мағыналар. Біртектес, бір сипаттагы шақтық мағыналар ор түрлі грамматикалық формалармен беріліп, жалпы граммати-калық шақ катсгориясы ретінде ұғынылады. Демск, да-ра грамматикалық мағынаны білдіретін бір ғана форма немесе әр сипаттағы грамматикалық мағыпаларды біл-діретін формалар емес, біртектес, өзара ыңгайлас грам-матикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығы грамматикалық категория деп тапылады.
Өзара шарттас, ыңғайлас, бір сипаттағы формалар-дыц әрқайсысын және осыган орай олардың біртектес магыналарыныц әркайсысын грамматикалық категория деп есептеу грамматикалық мағына дсген ұғым мен грамматикалық категория деген ұғымныц жігіп жойып, бұларды бір-бірімсн араластырып жіберугс соқтырады. Лингвистикалық кейбір әдебиеттерде біртектес грамма-тикалық мағыналардың әркайсысын грамматикалық категория деп есептеу^-осыдаы келіп, «ілік септік катего-риясы», «барыс септік категориясы», «салыстырмалы шы-рай катеториясы, «күшейтпелі шырай категориясы», «I л<ак категориясы», «III жақ категориясы» деп атау, сөйтіп грамматикалық мағына мен грамматикалық кате-горияны бір-бірімен араластырып жіберу жиі ұшыраса-ды. Бұл жайында проф. А. И. Смирницкий былай деп жазды: «...атау септік, ілік септік және т. б., көпше, бірін-ші жак, екінші жақ және т. б. осылар тәрізді единицалар үшін «категория» деген терминді қолданбау^ керек. Бұлай етсек; «категория» деген термин өзіндік сипатын, өзіпс әте-м.әте тәп, долме-дәл мағынасыи жоғалтады. Өкінішкс қарай, бұл терминді осылайша қолдану өте-мөте стск алып кеткен»132. Әр түрлі тілдерде грамматикалық жақ катсгориясы, шақ категориясы, сеПтік категориясы және т. б. грамматикалык категориялар бар, бірак «I жақ категориясы», «III жак категориясы» немесе «ілік септік категориясы», «табыс септік категориясы» дегендер болмайды. Бұлар—дербес грамматикалық категориялар емес, грамматикалық категорияның мазмұнына енстін грамматикалықмағыналар. Ілік септіктің немесе табыс септіктіц орқайсысының өзіпе тән мағынасы мен формасы бар, бірақ бұлардың бірде-бірі ©здігінен грамматикалық категорияны, атап айтқанда, септік категориясын жасай да алмайды, дербес іграмматикалык категория ретінде таныла да алмайды. Септік категориясы бір сеіітіктің емес, күллі септіктердің магыналары меи формаларыныц жиынтығынан, қалыптасқан жуйесінен қүралады. Демек, жалпы септік катсгориясы дсгеп мен жекс нақтылы септік дегепдер бір емес. Септік категориясы —; жалпы құбылыс та, жеке-нақтылы септік — жалқы қүбылыс. Жеке, нактылы септікті, мысалы, барыс ссптігін «барыс септік категориясы» деп атау жалхьшы жалпыдан ажырата алмауға әкеп соқгырады. Жалпы мен жалқы бірін-бірі жоқка шыгармайды, жалкы бар жсрде гана жалпы туралы сәз ете аламыз. Жалпының жалқы кұбылыстардың бойында жоне сол жалқы қүбылыстар арқылы өмір сүретіні, жалқы қүбылыстар арқылы танылатыны сияқты, жалпы септік категориясы жске, нақтылы септіктер, мысалы, кемінде екі ссптік болган жагдайда гана, грамматикалык категория ретіпдс әмір сүреді, нақтылы ссптіктер арқылы танылады. Аныгырақ айтканда, грамматикалық категория жалпы қүбылыс болып саналады да, жалпыиың жеке (жалкы) қүбылыстарда өмір сүретіні және солар арқылы корінетіні, танылатыны сияқты, ол да (граммати. калық категория да) граммзтикалық мағыналар мен формалардан көрінеді, солар аркылы өмір сүреді. Керісінше, грамматикалык мағыналар жалқы (жеке, нақтылы) кұбылыстар ретін/іе, қалайда болмасын, жалпыга, яғни грамматикалық категорияга ұласады. Бүл — бір. Екіншіден, мұныц өзі «грамматикалық катсгория мсн грамматикалық магыпа бір-бірімен тығыз байла-нысты болады» дсген тұжырымның дұрыстығын тағы да дәлелдей түседі. Жалпылық сипаты бар грамматикалык құбылыс ретінде қаралатын септік категориясы (грам-матикалык категория) жалкылылык сипаты бар жеке, нақтылы септіктердің (грамматикалық мағыналардың) болуын аңғартады, жеке, нақтылы септіктср болған жагдайда ғана, грамматикалық категория рстінде та-нылады.
Бір грамматикалық категорияға енетін біртектес, бір сипаттагы грамматикалык мағыналар өзара шарттас, бір-бірімен байлапысты болады. Белгілі бір грамматикалық категорияга енетіп өзара шарттас, ыңғайлас, бір-тсктес грамматикалык, магыналардың ұқсас, ортақ жақ-тарымен бірге, бір-бірінен айырмашылықтары да бола-ды. Осыдан келіп, белгілі бір грамматикалық катсгория-га епетін грамматикалық магыналардыц ұқсас, ортақ жақтары жайында да, айырым жақтары жайында да сөз ете аламыз. Мысалы, грамматикалык жақ катего-риясына енетін I жак, II жақ, III жақты бір-бірімен бай-ланыстыратын, олардыц басын косатын жалпылама ор-тақ мағына — жақтық мағына. Бұлай болмағанда, олар бір ғана ортақ атаумеп (жақ деген атаумен) аталмаған болар еді, жалпы жақ категориясы болмас "ёді. Сын есімнің шырай категориясыныц мазмұнына енетін жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпё-лі шырайдың басын қосып біріктіретін, солардың бәріне бірдей ортақ жағы да, оларды бір-бірінен ажырататыи айырым жақ-тары да бар. Жай шырай, салыстырмалы шырай және Күшейтпелі шырайдың бәріне бірдей ортақ белгі — сын-дық, сапалық дәрежені білдіру болса, оларды бір-бірінен ажырататын белгі — сындык, сапалық дәреженің бір-келкі емес, әр түрлі болуы. Септік категориясының құ-рамына енетін жеке септіктер есім сөздердің есімдерге немесе етістіктерге катысын білдіруі жағынан ұксаса-ды, біртектес, бір ыңғайлас болып келеді. Бұл — олар-дың басын қосатын, біріктіретін ортақ жағы. Ал септік-тердің әрқайсысы бір сөздің басқа сөзге әр түрлі қаты-сын, мысалы, барыс септігі бағыттың катынасын, табыс септігі тура объектінің қатысын білдірсді. Бұл — септік-тердіц бір-бірінсн айырым жактары. Жеке, нақтылы септіктердің бір-бірінен айырмашылықтары олардың біртектестігін, ыңғайластығын, ортак жағын жоққа шы-ғара алмайды. Септіктер бір сөздің екінші сәзге қаты-насын білдіруі жағынан біртектес, ыңғайлас келіп, жалпылық сипаты бар грамматикалық категория — септік категориясына ұласады. Мәселеге осы тұрғыдан келген-де, септік категориясы, жақ категориясы, шақ катего-риясы, рай категориясы, шырай категориясы граммати-калық категориялар ретінде қаралады. Ал септіктердің әрқайсысы, жақ пен шақтың әрқайсысы, шырайдың әр түрі — белгілі бір грамматикалық категорияға енетін, соны кұрайтын грамматикалық магыналар. Біртектес грамматикальгқ мағыналардан бір-бірімен байланысты қатарлар (связанные ряды) құралады да, олар өздері-нің формаларымен бірге грамматикалық категорияға ұласады.
Грамматикалық категорияларда универсальды грамматиканың жалпы категориялары емес, туыстас тілдсрдің тобының немесе жекс тілдердің грамматика-дық құрылысының басты срекшеліктері көрінеді. Осы себептен белгілі бір тілде немесе тілдердің тобында бар грамматикалық категориялардың барлығының бірдей басқа бір тілде немесе тілдердің тобында болуы шарт емес. Мысалы, славян тілдеріне тән грамматикалық вид категориясы ромаи тілдері мен герман тілдерінде, мысалы, француз тілі мен неміс тілінде кездеспейді. Туркі тілдерінде дербес грамматикалық категория ретінде та-нылатын тәуелдеу катсгориясы славян тілдерінде жоқ. Грамматикалық род (тек) категориясы орыс, неміс, фрапцуз тілдеріне тон, бірақ ол түркі тілдері мсн монғол тілдерінде, ағылшын тілінде және т. б. тілдерде дер-бес грамматикалық категория ретінде ұшыраспайды.
Бірсыпыра тілдерге тән белгілі бір грамматикалық категорияның өзі әр басқа тілдерде әр түрлі сипатта, әр түрлі дәрежеде көрінуі мүмкін. Мысалы, септік категориясы грамматикалық категория ретінде көптеген тілт дергс тон, бірақ оның грамматикалық табигаты да, сан-мөлшері де әр түрлі тілдерде түрліше: араб тілінде үш септік болса, орыс тілінде — алты, қазақ тілінде — жеті, эстон тілінде — он бес септік бар. Грамматикалық етіс категориясы көптеген тілдерде бар, бірақ оныц өз-гелік етіс (каузатив) деп аталатын түрі түркі тілдері мен грузин, латын, француз тілдеріне тән де, славян тілдерінде кездеспейді. Орыс тілінде грамматикалық тек категориясының (категория рода) үш түрі болса, фран-цуз тілінде оның екі-ақ түрі бар (француз тілінде грам-матикалык тек категориясының аралық тек (средний род) деп аталатын түрі жоқ).
Әр түрлі тілдердін бәріне бірдей тәп, бәріие бірдей ортақ болып келетін грамматикалық категориялардын түрлі тілдерде, жоғарыда аталып өткеніндей, әр турлі сипатта көріиуі грамматикалық категориялардың туыс-тас тілдер тобының кемесе жеке ' тілдердіц әрқайсысы-ның грамматикалык күрылысыпың өзіндік ерекшелікте-рімен тыгыз байланысты екендігін дәлслдей түседі.