Л-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Философия және саясаттану факультеті

Жалпы және этникалық педагогика кафедрасы

Келісілген:   Факультет деканы _____________________ А.Р. Масалимова   "_______"___________2012ж..   Университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде бекітілді Хаттама №_ «_____»__ 2012 ж. Оқу жұмысы жөніндегі проректор _____________У.С. Әбдібеков "____"_______ 2012 ж..  

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Әлеуметтік педагогика қазіргі заманғы әлеуметтік танымның идеялары мен теориялары контексінде»

Мамандық «5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»

(шифры, аты)

Оқу түрі: күндізгі

Алматы 2012ж.

ПОӘК дайындаған аға оқытушы Рамазанова Самал Амиргалиевна

Оқу-әдістемелік кешен кредиттік жүйеге сәйкес «5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығына арналып жасалған. Оқу-әдістемелік кешен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының жұмыстық оқу жоспары және оқытушының жеке зерттеуінің нәтижелері негізінде әзірленді.

Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралып ұсынылды.

«___ » __________________ 2012 ж., хаттама №____

Кафедра меңгерушісі _________________ А.К. Мынбаева

(қолы)

Факультеттің әдістемелік (бюро) кеңесінде ұсынылды.

« ___ » _____________ 2012 ж., хаттама № __

Төрағасы (Төрайымы) ________________________ Н.А. Саитова

(қолы)

Алғы сөз

Курстың мазмұны: «Әлеуметтік педагогика қазіргі заманғы әлеуметтік танымның идеялары мен теориялары контексінде» пәнінің мақсаты әлеуметтік-педагогикалық танымның әдістемелік және практикалық мәселелерін жетік түсініп, зерттеу барысында қолдануға даярлау болып табылады.

Әлеуметтік педагогика әдіснамасы әлеуметтік-педагогикалық танымның табиғатын, ұстанымдарын және әдістерін қамтиды. Сондықтан әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі осы мәселелерді зерделейді және бұл саладағы зерттеудің ерекшелігін анықтайды, әлеуметтік-педагогикалық зерттеу құрылымы, мақсаты, міндеттері, объектісі және пәні қарастырылады.

Студенттер сонымен қатар әлеуметтік-педагогикалық зерттеуге қажетті әдіснамалық тұғырлар және ұстанымдармен танысады. Студенттердің әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің әдістемесі жайлы қазіргі әлемдік педагогикалық үрдісті талдау талаптарына сай, республикадағы жүргізілген және зерттеліп отырған педагогикалық зерттеу нәтижелеріне сүйенген білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген.

Пәннің мазмұнына енетін сұрақтар:

1. Әлеуметтік педагогиканың логикалық- гносеологиялық негіздері.

2. Әлеуметтік педагогиканың гносеологиялық негіздері.

3. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.

4. Әлеуметтік педагогиканың технологиялық-әдістемелік негіздері .

5. Әлеуметтік- педагогикалық зерттеулердің түрлері.

6. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеулердің жалпы логикасы және құрылымы.

7. Зерттеудің тұжырымдамасы.

8. Ғылыми зерттеудің ұғымдық-түсініктік аппараты.

9. Әлеуметтік-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістері мен әдістемесі.

10. Әлеуметтік педагогикадағы жоспарлау және кері байланыс орнату, модельдеу және жобалау технологиялары. Арнайы әлеуметтік педагогикалық технологиялар.

11. Қазақстандағы және шетелдердегі әлеуметтік педагогиканың әдіснамасы саласындағы ғылыми-зерттеулердің даму бағыттары мен болашағы. Әлеуметтік педагогика саласындағы ғылыми мектептер.

Курстың мақсаты – студенттердің әлеуметтік танымның идеялары мен теориялары контексіндеәлеуметтік педагогиканың гносеологиялық, ғылымтанушылық және технологиялық–әдістемелік негіздері жөніндегі білімдерін қалыптастыру және бакалавариат түлектерін әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері туралы білімдерін ғылыми зерттеуде қолдануға үйрету.

Курстың міндеттері:

- студенттерді әлеуметтік педагогиканың гносеологиялық, ғылымтанушылық және технологиялық негіздерінің мәнін, құрылымын тануға бағдарлау;

- әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретіндегі логикалық құрылымын талдайтын әлеуметтік педагогиканың әдіснамасының бөлігі әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану, ғылыми танымдық үдерістің, әлеуметтік педагогтың ғылыми зерттеу әрекетінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістемесін, логикалық құрылымы және ұстанымдарын зерттейтін, құрайтын әлеуметтік педагогиканың әдіснамасы туралы білімдер жүйесімен қаруландыру;

- әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретіндегі логикалық құрылымын талдайтын әлеуметтік педагогиканың әдіснамасының бөлігі әлеуметтік педагогикалық ғылымтану туралы білімдермен таныстыру;

- әлеуметтік педагогикалық практиканы жаңарту туралы білімдерін қалыптастыру;

- студенттерді әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері туралы білімдерін ғылыми зерттеуде қолдануға үйрету;

-нақтылы әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешу үдерісінде теориялық білімді тиімді пайдалануға баулу;

-алған білімдер, іскерліктер мен дағдылар әлеуметтік педагогика саласындағы зерттеуде және білім беру жүйесінде қолдануға үйрету.

Курс барысында студенттер

білуі тиіс:

- әлеуметтік педагогиканыңлогикалық-гносеологиялық, ғылымтанушылық және технологиялық негіздерін;

-әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретіндегі логикалық құрылымын, ғылыми танымдық үдерістің, ғылыми-зерттеу әрекетінің мазмұны мен әдістемесін, логикалық құрылымын және ұстанымдарын ;

- әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерін .

- әлеуметтік-педагогикалық практиканы жаңарту туралы білімдерді ;

игеруі керек:

-нақтылы әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешу үдерісінде теориялық білімді тиімді пайдалануды;

-алған білімдерін, іскерліктер мен дағдыларды әлеуметтік педагогика саласындағы зерттеуде және білім беру жүйесінде қолдануды;

-әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің құрылымын және ғылыми аппаратын;

-әлеуметтік-педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық стратегиясын;

-әлеуметтік-педагогикалық зерттеу үдерісінде қазіргі заманауи әдістер мен технологияларды қолдану жүйесін.

Қалыптасатын дағдылар:

– әлеуметті-педагогикалық зерттеуді жүргізу әдістемесін жасай алу;

– ғылыми зерттеу барысында теориялық білім көздерін іздестіре және таба білу;

– зерттеу нәтижелерін практикаға ендіре білу, қолжазбаларды баспаға даярлай алу.

Дәрістер мазмұны

Дәріс. «Әлеуметтік педагогика қазіргі заманғы әлеуметтік танымның идеялары мен теориялары контексінде» атты курстың мақсаты, міндеттері және құрылымы. Әлеуметтік педагогиканың ғылыми білімінің логикалық- гносеологиялық деңгейдегі құрылымы.

Курстың мақсаты – студенттердің әлеуметтік танымның идеялары мен теориялары контексіндеәлеуметтік педагогиканың гносеологиялық, ғылымтанушылық және технологиялық–әдістемелік негіздері жөніндегі білімдерін қалыптастыру және бакалавариат түлектерін әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері туралы білімдерін ғылыми зерттеуде қолдануға үйрету.

Курстың міндеттері:

- студенттерді әлеуметтік педагогиканың гносеологиялық, ғылымтанушылық және технологиялық негіздерінің мәнін, құрылымын тануға бағдарлау;

- әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретіндегі логикалық құрылымын талдайтын әлеуметтік педагогиканың әдіснамасының бөлігі әлеуметтік-педагогикалық ғылымтану, ғылыми танымдық үдерістің, әлеуметтік педагогтың ғылыми зерттеу әрекетінің мазмұнын, ұйымдастырылуы мен әдістемесін, логикалық құрылымы және ұстанымдарын зерттейтін, құрайтын әлеуметтік педагогиканың әдіснамасы туралы білімдер жүйесімен қаруландыру;

- әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретіндегі логикалық құрылымын талдайтын әлеуметтік педагогиканың әдіснамасының бөлігі әлеуметтік педагогикалық ғылымтану туралы білімдермен таныстыру;

- әлеуметтік педагогикалық практиканы жаңарту туралы білімдерін қалыптастыру;

- студенттерді әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері туралы білімдерін ғылыми зерттеуде қолдануға үйрету;

-нақтылы әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешу үдерісінде теориялық білімді тиімді пайдалануға баулу;

-алған білімдер, іскерліктер мен дағдылар әлеуметтік педагогика саласындағы зерттеуде және білім беру жүйесінде қолдануға үйрету.

«Әлеуметтік педагогика қазіргі заманғы әлеуметтік танымның идеялары мен теориялары контексінде»атты курс үш модульден тұрады: 1-Модуль «Әлеуметтік педагогиканың логикалық- гносеологиялық негіздері». - 13 сағат.; 2-модуль. «Әлеуметтік педагогиканың гносеологиялық негіздері ». 9 сағат.; 3-модуль. «Әлеуметтік педагогиканың технологиялық-әдістемелік негіздері». 23 сағат.

Наши рекомендации