Анықтау органдарының алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын iстер бойынша қызметi
Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi болып табылатын қылмыс белгiлерi болған кезде анықтау органы қылмыстық iс қозғауға және қылмыстың iзiн анықтау мен бекiту жөнiндегi кейiнге қалдыруға болмайтын тергеу iс-әрекеттерiн: қарауды, тiнтудi, алуды, куәландыруды, сезiктiлердi ұстау мен олардан жауап алуды, жәбiрленушiлер мен куәлардан жауап алуды жүргiзуге құқылы. Анықтау органы байқалған қылмыс пен қылмыстық iс қозғалғаны туралы прокурорға дереу хабарлайды.
Кейiнге қалдыруға болмайтын тергеу iс-әрекеттерiн орындағаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған күннен бастап бес тәулiктен кешiктiрмей анықтау органы iстi тергеушiге беруге, бұл туралы жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Iстi тергеушiге бергеннен кейiн анықтау органы ол бойынша тергеу iс-әрекеттерiн және жедел iздестiру шараларын тек тергеушiнiң тапсырмасы бойынша ғана жүргiзе алады. Қылмыс жасаған адамды анықтау мүмкiн болмаған iстi тергеушiге берген жағдайда анықтау органы қылмыс жасаған адамды анықтау үшiн iздестiру шараларын жүргiзуге, тергеушiге нәтижелер туралы хабарлауға мiндеттi.
3.Қылмыстық процестің сатысына дейінгі алдын ала тергеудің мәні бұл уақыт кезеңінде қылмыстық ізге түсу органының бүкіл қызметі істі ашу мен тергеуге жұмсалатындығында.
Алдын ала тергеудің жалпы талабына жататындар: заңдылық, жан-жақтылық, толықтылық, өндірістегі бірқатар жалпы талаптарды сақтауға байланысты болатын алдын ала тергеудің объективтілігі. Олар өзін заңмен белгіленген және кылмыстық іс жүргізу қызметінің осы түрінің өзіне тән ерекшеліктерін белгілейтін қылмыстық іс жүргізу принциптеріне байланысты ережелер оған қойылатын өте маңызды талаптар ретінде көрсетеді. Қылмыстың мән-жайын ең қысқа мерзімде және күш пен құралды өте аз жұмсау арқылы белгілеу алдын ала тергеу шарттарының бірі. Сонымен бірге шарттар жеке адам мен азаматтың құқығы мен бостандығына кепілдік жасайды, мүмкін болатын қателердің алдын алады, болдырмайды.
Қылмыстық іс жүргізу кодексі сонымен қатар тергеу шарттарына, талаптарына мыналдарды жатқызады:
— тергелу реті (ҚР КІЖК 192-бап);
— алдын ала тергеу жүргізілетін жер (ҚР ҚІЖК 193-бап);
— қылмыстық істерді біріктіру (ҚР ҚІЖК 48-бап);
— қылмыстық істі ажырату (ҚР ҚІЖК49-бап);
— алдын ала тергеу өндірісінң басталуы (ҚР КДЖК 194-бап);
— алдын ала тергеудің аяқталуы (ҚР КДЖК 195-бап);
— өтінішті мәлімдеу және шешудің міндеттілігі (276-бап);
— алдын ала тергеу мен анықтау деректерін жария етуге жол бермеу (ҚР ҚІЖК 205-бап).
Алдын ала тергеудің міндеттері— бұл қылмысты тез және толық ашу, оны жасаған адамды табу және бөлектеу. Әрбір іс бойынша алдын ала тергеу жан-жақтылық, толықтық, объективтілік және істің мән-жайын зерттеудің шапшандығы сияқ-ты талаптарға жауап беруі қажет. Алдын ала тергеудің сапасын арттыру мақсатында заңдылықты қатаң сақтау қажет. Ең алдымен қылмыстық жауаптылыққа кінәлілерді дер кезінде тартуды тергеу әрекеттерін жекелеп және олардың барлығын біріктіріп жүргізу тәртібін реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормаларын сақтау.
Сонымен қатар тергеу барысында кінәлі адамның айыбын айғақтайтын да ақтайтын да немесе айыпты жауапкершілігін жеңілдететін де мән-жайлардың ашылуы және зерттелуі мүмкін. Тергеу органдарына қылмыс жасауға итермелейтін себептер мен мән-жайларды ашу, одан әрі оны болдырмаудың алдын алу шараларын қабылдау міндеті жүктелген.
Сонымен бірге алдын ала тергеу қылмыс кезінде келтірілген материалдық шығынды өндіруді қамтамасыз ету жөніндегі дер кезінде шаралар қабылдауға бағытталған.
Тергеуде болу- заң алдын ала тергеуді немесе анықтауды қандайда болмасын органның өкілеттігіне жатқызуына байланысты болатын қылмыстық істер белгілерінің жиынтығы. Әдебиеттерде тергеуде болуды төмендегіше бөлу қабылданған: заттық (тектік), аймақтық, дербес баламалылық (аралас) және қылмыстық істердің байланысы бойынша.
Осы белгілерге байланысты тергеуде болу ведомстволардың тергеушілер мен анықтау органдарына бөлініп беріледі.
Заттық тектік белгі. Қылмыстық істің тергелуде болуы қылмыстың тегіне байланыстылығын оның сипаты мен ауырлық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сәйкесті түрде әрбір алдын ала тергеу органына оның өкілеттілігіне жатқызылатын қылмыстар тізімі қатаң белгіленген.
Аймақтық белгі. Бұнда тергеуде болу алдын ала тергеу жүргізудің орнымен анықталады және қылмыс жасалған жерді керсетеді (ҚР ҚІЖК 192-бап).
Дербестік белгі. Тергеуде болу күдікті немесе айыпталушы адамның жеке басының лауазымдық немесе қызметтік жағдайына мемлекеттегі ерекше құқықтық статус жағдайына байланысты анықталады (ҚР ҚІЖК 53-бап). Бұдан басқа да жасы толмағандардың, дене және психикалық жетіспеушілігі бар адамдардың барлық қылмыстары жөніндегі істерді ішкі істер бөлімінің тергеушілері тергейді (ҚР ҚІЖК 191-бап, 2-бөлік).
Баламалы (аралас) белгісі бар тергеуде болуы осы қылмыстың кім ашуына байланысты бірқатар қылмыстарды осы қылмысты ашқан басқа тергеушілердің тергеуіне мүмкіндік береді.
Істердің байланыстылығы бойынша тергеуде болу жасалған қылмысқа бір немесе бірнеше адамды айыптау бойынша бірнеше алдын ала тергеу органдарындағы тергелудегі істерді бір өндіріске біріктіру болып табылады.
4. Анықтау— бұл алдын ала тергеу өндірісі міндетті болмайтын, қылмыстық істер бойынша жүргізілетін анықтаушының тергеуі (ҚР ҚІЖК 65-бап 3-тармақ). Анықтау органдары (анықтау органдары туралы «қылмыстық істі қозғау» тарауын қараңыз) алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау жүргізеді. Анықтау жүргізетін органның аты, қылмыстар тізімі, тәрітібі мен мерзімдері Қылмыстық іс жүгізу кодексінде қарастырылған. Анықтау материалдары оны сотта қарау үшін негіз болып табылады.
Қазіргі заң анықтау органдарының тергеуге қатысты құқығы бар анықтау органдары мен қылмыс түрлерін толық тізімін келтіріп отырғандығын атап өту керек (ҚР ҚІЖК 285-бап). Оған жататындар:
1) ішкі істер органдары, мысалы, денсаулыққа ауырлығы орта деңгейде қасақана зиян келтіретін істер бойынша (ҚР ҚК 104-бап), ауру адамға жәрдем көрсетпеу (ҚР ҚК 118-бап) және негізінен Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодекстің 1-бөлімінде көзделген басқа да бірқатар қылмыстар бойынша;
2) қаржы полициясы органдары жемқорлық, парақорлық ұйымдасқан қылмыстар бойынша;
3) кеден органдары кедендік төлемдерден бас тарту туралы істер бойынша;
4) әскери полиция органдары әскери қылмыстар туралы істер бойынша — әскери жиын өткізу кезіндегі әскери қызметкерге бағыныштылар, сондай-ақ әскери міндеттілер жасаған барлық қылмыстар бойынша;
5) Қазақстан Республикасы әскери күштері мен жұмысшылары жасаған қызметтік міндетін атқаруға байланысты немесе бөлім, құрама, мекемелердегі міндеттерді орындауға байланысты қылмыстар туралы істер бойынша (ҚР ҚК 369, 370, 373-баптар, 1-бөлігі);
6) Қазақстан Республикасы шекара қызметі органдары — мемлекеттік шекарадағы заңға қарсы өзгерістер туралы істер бойынша (ҚР ҚК 331-баптың 1-бөлігі);
7) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары - өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы істер бойынша (ҚР ҚК 256-бап).
Заңда анықтау өндірісі балама жүргізілетін істер бойынша жағдайлар көзделген. Олар мына істер бойынша:
а) Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасын заңсыз қасақана кесіп өту туралы істерді шекара қызмет органдары не ішкі істер органдары жүргізеді (ҚР ҚК 330-бап);
б) алаяқтык туралы (ҚР ҚК 177-баптьщ 1-бөлігі), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зала келтіру туралы (ҚР ҚК 182-бап, 1-бөлік), жалған құжаттарды мөр таңбаларды мөрлерді, мөр қағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу туралы (ҚР ҚК 325-бап, 1-бөлік) істер бойынша қозғалған қылмыстық істерді ішкі істер немесе қаржы полициясы органдары жүргізеді. Анықтау екі түрде болуы мүмкін:
1) алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау (ҚР ҚІЖК 285-бап, 1-бөлік);
2) алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті істер бойынша анықтау (ҚР КІЖК 288-бап). Бұл мазмұны жағынан қауырт тергеу әрекеттерін орындау болып табылатын, ұзақлығы 10 тәуліктен аспайтын алғашқы сатыны айкындайды.
Қылмыстық істің қылмыс жасаған деп саналған күдіктіге нақты адамға қатысты козғалуы тиіс екендігін атап өту кажет. Бұдан басқа кейбір жағдайларда анықтау органдары прокурордың жазбаша нұскауы бойынша кылмыстық іс козғайды. Тәртіп бойынша анықтау органдары қозғаған онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстық істер прокурормен келісілуі тиіс.
Заң шығарушы тергелу үстіндегі қылмыстық істердің заттық және аймақтық белгілері бойынша анықтап, анықтау органдарының іс жүргізілуіне енгізілетін қылмыстардың толыққанды тізімін жасап берген.
Сонымен ішкі істер органдарының анықтаушылары басқа анықтау органдарынын, тергелуінен бөтен онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстардың жалпы санының барлық істері бойынша анықтауды жүзеге асырады (ҚІЖК 285-бап, 2-бөлік).
Заң ішкі істер органдарының тергеуіне мына қылмыстарды жатқызады: денсаулыққа касақана залал келтіру (ҚР ҚК 104-бап), заңсыз түсік (бала алдыру) (ҚР ҚК 117-бап, 1,2-бөліктері) және бірқатар басқалары, шамамен 87 қылмыс (ҚР КДЖК 285-бап, 2-бөлікті қараңыз).
Қаржы полицшсының анықтаушылары, заңсыз кәсіпкерлік жасау (ҚР ҚК 190-бап, 1-бөлік), көрінеу жалған жарнама беру (ҚР ҚК 198-бап), салық төлеуден жалтару (ҚР ҚК 221, 223-баптар), және басқа қылмыстарға анықтау жүргізеді (ҚР ҚІЖК 285-бап, 3-бөлік).
Кеден органдарының анықтаушылары тек қана кеден төлемақысын төлеуден жалтарған істер бойынша анықтау жүргізеді (ҚР ҚК 214-бап).
Әскери полиция органдары әскери қызметшілердің ісі бойынша анықтау жүргізеді. Мысалы, бастықтың бұйрығына мойынсұнбау, немесе орындамау (ҚР ҚК 337-бап, 1-бөлік), бастыққа қатысты зорлық әрекеттері туралы (ҚР ҚК 369-бап, 1-бөлік) және басқалары.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 358-бабы 1-бөлігінің (бас бостандығынан айыру орындарынан, тұтқыннан немесе қамаудан қашу) 359,360-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды істі қозғаған органның өзі немесе әділет органдары не ішкі істер органдары жүргізеді.
Ұлттық Қауіпсіздік комитеті шекаралық қызметі анықтаушылары Қазақстан Республикасы Қылмыстыкқ кодекстің 331-бабының 1-бөлігінде (ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз қасақана кесіп өту) көзделген кылмыстар туралы анықтау жүргізеді.
Мемлекеттік өртке қатысты қызмет органдары денсаулыққа байланысты зиян келтіруге байланысты немесе өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзу нәтижесінде мүлікке үлкен мөлшерде залал келтіру қылмыстары туралы, қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізеді (ҚР ҚК 256-бап).
Қылмыстық кодекстің 209-бабының 1-бөлігінде (экономикалық контрабанда), 250-бабының 1-бөлігінде (айналыстағы заттардан немесе айналысқа тыйым салынған заттардан алынған контрабандасы) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды қылмыстық істі қозғаған ішкі істер органдары қаржы полициясы, немесе кедендік органдар жүргізеді.
Анықтауға тән ерекше жеке мән-жайлардан басқа анықтау алдын ала тергеу үшін қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген жалпы ережелер бойынша жүргізіледі.
Дербес жағдайда қылмыстық іс бойынша анықтау қылмыстық істі қозғау туралы қаулы шығарылған сәттен бастап қылмыстық істі сотқа жіберу үшін прокурорға өткізгенге дейін 10 тәулік мерзімде аяқталуы тиіс. Егер анықтаушы бұл мерзім ішінде істі толық аяқтап үлгірмеген жағдайда анықтау органының бастығы мерзімді 30 тәулікке дейін ұзартуы мүмкін. Бұндай жағдайда анықтаушы анықтау мерзімін ұзарту туралы дәлелденген қаулы жасайды. Көшірмесін 24 сағат ішінде прокурорға жібереді.
Бұдан басқа анықтау мерзімі ішінде анықтаушы іске маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін тергеу әрекеттерін жүргізуі мүмкін. Қылмыс жасауға күдікті адам бұрын соттылығы бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама, жұмыс не оқу орнынан мінездеме басқа да іске қатысы бар материалдарды сұратып алдырады. Жәбірленуші мен куәлардан жауап алынғандығын анықтайды.
Жәбірленушіден, куәгерден ауызша түрде жауап алыну мүмкіндігі анықтаудың сипатты ерекшелігі болып табылады. Бірақ оны нәтижесі жәбірленушінің куәнің қылмысқа қатысы бар, анықтау кезінде қажет болатын, анкеталық мәліметтері көрсетілген анықтамамен рәсімделеді.
Жәбірленушіден, куәгерден жауап алу туралы анықтама іс материалдарына қоса тігіледі және ол анықтау ісін жүргізу кезінде алдын ала тергеуде немесе сот талқылауы барысында одан жауап алу үшін негіз болып табылады.
Анықтау өндірісі аяқталысымен істе бар дәлелдер мен дәйектемелерді негізге ала отырып, анықтаушы айыптау хаттамасын жасайды.
Хаттамада оны жасаған уақыты мен орны, хаттама жасаған анықтаушының аты, әкесінің аты, тегі көрсетіледі; қылмыс жасау мән-жайлары түгел баяндалады; айыпкер туралы мәліметтер, іске қатысы бар деп есептелген басқа да мән-жайлар айыпкерді жауаптылыққа тарту жөніндегі Қылмыстык кодекстің бөлігі, бабы, тармақтары көрсетіледі.
Айыптау хаттамасына анықтау барысында алынған барлық материалдар, сонымен қатар сотқа шақыруға қажет деп танылған адамдар тізімі қоса тігіледі.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 287-бабының 2-бөлігінде сәйкес өзіне айыптау хаттамасын жасаған адам айыптаушы деп танылады.
Айыптау органының бастығы (оған жататындар: бас басқарма, басқарма, бөлім, бөлімше және басқа анықтау органының құрылымдық бөлімше бастықтары) өз өкілеттігі шеңберінде істі материалдарымен қоса прокурорға жолдау үшін бекітуге немесе оны бекітпеуге құқығы бар.
Айыптау хаттамасын анықтау органының бастығы бекіткеннен кейін істің барлық материалдарын танысу үшін айыпталушыға және оның қорғаушысына ұсынылады. Өтініші бойынша жәбірленушіге және оның өкіліне таныстырады. Бұл жөнінде айыптау хаттамасына сәйкесті белгі түсіріледі. Қолдары қойылады. Бұл кезде айыптау хаттамасының көшірмесін анықтаушы, айыпталушыға қолхат арқылы береді. Барлық қажетті іс жүргізу әрекеттері іс жүргізіліп болған соң айыптау хаттамасы барлық іс материалдарымен бірге тексеру және сотқа жолдау үшін прокурорға жіберіледі.
5. Анықтаушы анықтау аяқталған соң айыптау хаттамасын жасайды, онда: оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кiмнiң жасағаны; қылмысты жасаудың мән-жайлары; оны жасады деп айыпталған адам туралы деректер; iс үшiн мәнi бар басқа да мән-жайлар, сондай-ақ қылмыстың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi бойынша (бап, бөлiк, тармақ) дәрежеленуi көрсетiледi. Хаттамаға анықтау барысында алынған барлық материалдар, сондай-ақ сотқа шақыртуға жататын адамдардың тiзiмi қоса берiледi.
Осы бапта белгiленген тәртiппен өзiне айыптау хаттамасы жасалған адам айыпталушы болып танылады. Анықтау органының бастығы айыптау хаттамасы мен оған қоса берiлген материалдарды зерделеп, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) хаттаманы бекiту және материалдарды сотқа жiберу үшiн прокурорға беру туралы;
2) хаттаманы бекiтуден бас тарту туралы.
Айыптау хаттамасы бекiтiлген соң iстiң барлық материалдары осы Кодекстiң 275-бабында көзделген тәртiппен айыпталушыға және оның қорғаушысына, ал тиiстi өтiнiш болған кезде жәбiрленушi мен оның өкiлiне де танысу үшiн ұсынылады. Аталған адамдардың iстiң материалдарымен танысқаны туралы, сондай-ақ олар берген өтiнiштер мен оларды қараудың нәтижелерi туралы айыптау хаттамасына тиiстi жазбалар жасалады.
Анықтау органының бастығы бекiткен айыптау хаттамасы iстiң материалдарымен бiрге сотқа жiберу үшiн прокурорға берiледi. Айыптау хаттамасының көшiрмесiн анықтау органы айыпталушыға табыс етедi.
Егер iс азаматтардың, лауазымды адамдардың немесе ұйымдардың өтiнiшi немесе хабарлауы бойынша қозғалған болса, олар анықтаудың аяқталғаны және iстiң сотқа жiберу үшiн прокурорға берiлгенi туралы хабарландырылады.
Айыпталушыға қатысты iстi сотқа жiберу кезiнде осы Кодекстiң 18 және 19-тарауларының ережелерi бойынша бұлтартпау шарасы немесе мәжбүрлi iс жүргiзудiң басқа шарасы таңдап алынуы мүмкiн.
Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша анықтау жүргiзу кезiнде заңдардың атқарылуына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiктерге ие болады, бұдан басқа ол:
1) айыпталушыны сотқа беруге және қылмыстық iстi сотқа жiберуге;
1-1) iстi қосымша анықтау немесе тергеу жүргiзу үшiн не айыптау хаттамасын немесе айыптау қорытындысын қайта жасау үшiн анықтаушыға қайтаруға құқылы, бұл туралы дәлелдi қаулы шығарады;
2) анықтау жүргiзiлетiн қылмыстық iстi алдын ала тергеу жүргiзуге жiберуге;
3) анықтау органының бастығы бекiткен айыптау хаттамасының күшiн жоюға және осы Кодексте көзделген негiздер бойынша анықтауды қысқартуға құқылы.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Алдын-ала тергеу міндеттілігі.
2. Тергелу ретінің түсінігі мен түрлері.
3. Алдын-ала тергеу жүргізудің басталуы, аякталуы мен орны.
4. Алдын-ала тергеу мерзімі, оны үзартуу тәртібі.
5. Прокурордың алдын-ала тергеу барысындағы өкілеттіктері.
6. Анықтау мен алдын ала тергеу органдары үшін прокурордың нұскауларының міндеттілігі.
7. Алдын ала тергеуді тергеушілер тобымен жүргізу.
8. Тергеу тобының жетекшісінің өкілеттіктері.
Әдебиеттер:
1.Когамов М.Ч.Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан. Общая и Особенная части. — Алматы: Жетi жарѕы, 2008. – 888 с.
2.Рахметов С.М. “Сборник постановлений Пленума Верховного Суда Казахской ССР, Пленум Верховного Суда Республики Казахстан, нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан (1961-2004 годы). Алматы 2005 г.
3.Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы, 2007.
4. А.С. Кобликов. «Уголовный процесс». – М.: Издательство НОРМА, 2000г. стр. 233
5.Н.Н. Смирнова «Уголовный процесс». С-Пб.: Издательство Михайлова В.А., 2000г.