АКТ құралдарын қолдану механизмі
АКТ құралдарын таңдаудың басты әрі негізгі ұстанымдары – олардың жас ерекшелік деңгейге, шектеулі мүмкіндіктерге және инклюзивті білім беру мақсаттарына сәйкестігі. Бұл тәсіл бастауыш сынып мұғалімдеріне барынша оңтайды АКТ құралдарын анықтау мен пайдалану дағдыларын дамыту үшін пайдалы негіз болады. АКТ құралдарының сәйкестігінің жалпы аспектілері инклюзивті білім беру жағдайында қолдануға әбден лайықты
АКТ құралдарын қолданудың сипаттамасын қалай қарастырсақ та, бәрібір мұғалімнің рөлі ерекше. Мұғалім бала үшін пайдалы әрі қажетті компьютерлік бағдарламалар мен АКТ құралдарын таңдап, таңдалған материалды сыни саралап, техникалық құралдармен саналы түрде өзара әрекет етеді.
АКТ құралдарын қолдану нәтижелері – оқушылар мен педагогтардың жан-жақты дамуы, оқыту үдерісін жоғары әдістемелік деңгейде ұйымдастыру, білімнің сапасы мен тиімділігін жоғарылату.
АКТ құралдарын сабақ үстінде пайдалану тәсілдері әрқилы және былайша жүзеге асырыла алады:
• ақпараттық материалдарды мультимедиялық формада көрсету (иллюстрациялар, бейнеүзінділер, дыбыс жазбалары, презентациялар т.б.);
• объектілер, құбылыстар мен үдерістерді интерактивті тәртіппен зерттеу (интерактивті үлгілер, виртуалды лабораториялар, жаратылыстану циклындағы пәндер үшін құрастырушылар);
• АКТ құралдарын қолдана отырып, бірлескен жобалы әрекетті ұйымдастыру өз бетімен зерттеу жасауға, өз бетімен шығармашылық әрекет дағдыларын қалыптастыруға, презентативті дағдылар мен шеберлікті дамытуға мүмкіндік береді;
• электронды құралдарды жаратылыстану эксперименттерін жүргізу, эксперимент нәтижелерін өңдей мен есеп дайындауда қолдану;
• жаттығу, шығармашылық және зерттеушілік мәселелерді шешу;
• ақпараттық-іздеу әрекеттерінің дағдыларын қалыптастыру, объективті және шапшаң бағалауды жүзеге асыру және т.б. [1].
Мүгедектер мен қосымша функцияларды орындауға қабілетті оқушыларды оқытуда пайдаланылатын АКТ құралдарының негізгі типтері мыналар:
• стандартты технолгиялар, айталық, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қосымша ендірілген функциялары бар компьютерлер;
• альтернативті форматтар, айталық, сөйлеуші HTML, DAISY (Digital Accessibility Information System – электронды қолжетімді ақпараттық жүйе) сөйлеуші кітабы, сондай-ақ «төменгі технологилық» форматтар, мәселен Брайл жүйесі мәліметтердің қолжетімді форматтары;
• қосымша технологиялар: есту аппараттары, экраннан оқу құралы, арнайы мүмкіндіктері бар клавиатуралар т.б.
Қосымша технологиялар категориясына жеке тұлғалық құралдар, мәселен, қозғалысты жеңілдетуге арналған қондырғылар (мүгедектер орындығы), қолдаушы альтернативалық коммуникация жүйелері, сондай-ақ компьютерге қолжетімділікті жеңілдететін құралдар мен бағдарламалық қамту құралдары (арнайы клавиатура, экраннан оқу құралы) жатады. Соңғы екі онжылдықта туындаған қосымша технологиялар білімге қолжетімділік деңгейін түбегейлі өзгертіп тастады. Олардың құрамына білім беруші бағдарламалық қамту мен интерактивті білім беру ортасы кіреді. Бұл АКТ құралдарын барлық оқушылар қолданады.
24. Денсаулық сақтаушы тәсілдерді айтып беріңіз
Бірінші байлық – денсаулық» деп тектен текке айтылмаған. Ауырған адамға кең дүние тарылып, тірліктің қызық-қуанышы қалмайды. Өкінішке орай, адамдардың көпшілігі денсаулықтарының жайын тек ауырған кезде ғана ойлайды, сондай-ақ, олардың денсаулықтарын сақтау тәсілі – емханаға барып, дәрігерге көріну, оның жазып берген дәрісін сатып алып ішумен шектеледі. Шындығында бұлай денсаулықты сақтау мүмкін емес. Кешкі сағат 22.00-ге дейін ұйқыға жату;
Таңертең 06-ға дейін ояну;
Таңертең мұздай суға шомылу, содан кейін сүлгімен бар денені ысқылап, массаж жасау;
Таңертеңгілік дене жаттығуы – 40-45 минут, желдеткішті ашып, бөлмеде жасауға болады;
Таңертеңгі тамақтың алдында бір стақан қайнамаған суға бір шәй қасық бал араластырып, ішу;
Таңертеңгі тамақтан соң 3-4 құрма жеу;
Түскі тамақтың алдында бір үлкен қасық шикі күрішті ыстық сумен шайып, жеу (иммундық қуатты көбейтеді);
Күніне 1-1,5 сағат таза ауада серуендеу;
Ұйықтар алдында бір стақан жылы сүт ішу;
Аптасына бір рет моншаға барып, жақсылап булану.
Тамақтану тәртібі – таңертеңгі тамақ (сағат 08-09 аралығында) жеңіл болғаны жөн. Түсте (12-14-ке дейін) тойғанша ішіп-жеу қажет. Кешкілік (18-19-ға дейін) жеңіл-желпі тамақтанған дұрыс және тамақты ұйықтардан кем дегенде 2 сағат бұрын ішкен жөн