Дәріс №6 тақырып. Жастардың, жасөспірімдердің және балалардың әлеуметтік ауытқудың себептері
Нарықтың экономика өту кезеңінде бағаның қымбаттауы, дағдарыс тереңдеу түсуі, ақша айналымының тұрақсыздығы, кәсіпорындарының материалдық – техникалық ресурстарымен қамтымасыз етілмеуі өзара есеп айырысудың бұзылу жағдайында өндірілетін өнім көлемнің азаюы халықтық тұрмыс дәрежесін төмендетіп келеді.
Қоғамдағы, экономика ауыртпашылық халықтық кейбір бөлігінің өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын жағдайға келді. Бағамен еңбекақының арасындағы алшақты, еңбекке жарамсыз топтардың мемлекеттік қаржыландыру мүмкіндігі, күнкөріс деңгейінен төмендігі әлеуметтік қолдау, қорғауды қажет ететін топтарды ерекшелендіріп отыр.
Олар:
1. Балалармен жас өспірімдер.
2. Көп балалы отбасылар.
3. Жастар оқушылар,студент жастар .
4. Мүгедектер.
5. Кәрі,кәрі жалғыз адамдар.
6. Жаңадан қоныстанушылар.
7. Ішкі істер органдары мекемелерінде мерзімді уақыттарын өтегендер.
8. Жұмыссыздар.
Балалармен жасөспірімдер, көп балалы отбасылары проблемаларын бір тұтас қарауғы болады, оның негізгі себебі балалармен жасөспірімдер кәмелеттік жасқа жеткенге дейін ата-ана асырауданда болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 1959 ж. ноябрьде қабылданған Бала праволарының деклерециясында былай деп, атап көрсетті. «Баланың мүдделері Заң жүзінде және басқа құралдары арқылы қорғалуы тиіс, бостандық және адамның қадір қасиеттін құрметтеу жағдайында оның дене, ақыл-ой, адамгершілік, рухани және әлеуметтік тұрғыда кінәратсыз әрі ойдағыдай өсіп жетілуіне жәрдесетін мүмкіндіктерін қолайлы жағдай туғызылуы тиіс». Балаларды қорғау заңды түрде, олардың құқықтарын мүлтіксіз орындалуының ол үшін қажеттіліктерінің қамтамасыз етілуінің реттеп отыру мемлекеттік парыз.
Қазіргі экономикадағы дағдарыс, отбасыларына ауыртпашылық түсіріп тұр, отбасыларын әлеуметтік қорғау мақсатында 1993 жылдың 24 маусымында ҚР Министірлер Кабинеті №528-ші «Отбасыларына жәрдем ақы тағайындау және төлеу тәртібі туралы қаулы қабылдады». Онда отбасыларына төленетін төмендегідей жәрдем ақының түрлері қаралған.
~ Бала туғанда берілетін бір жалғы жәрдем ақы;
~ Балалары бар отбасыларына бірыңғай жәрдем ақы;
~ Жалғыз басты аналарға;
~ 7 жасқа дейінгі төрт және оданда көп баласы бар жұмыс істеметйін аналарда;
~ Мерзімді қызмет атқарылып жүрген әскери қызметшілердің балаларына жәрдем ақы.
Жәрдем ақы бағаның өсуіне байланысты өзгермелі /инфлияцияға байланысты индекстеніп отырады/ және аталған түрлерінің әрқайсысы басқадай жәрдем ақы түрлерін алатындығына қарамастан төленеді.
4 ноябрь 1992 жылы ҚР Президенті «Көп балалы аналарды әлеуметтік қолдайу шаралары» туралы жарлық қабылдады. Онда көп балалы аналарды әлеуметтік қаралған.
Бұл шаралар тек әлеуметтік – қаржыландыру мақсаттарын ғана көздейді.
Негізі бала туған күннен бастап маңызды құқықтарға ие болады. Бала
1 жастан 18 жасқа кәмелеттік жасқа толғанға дейін бала болады. /ООН құжаттарына сәйкес/. Бала құқықтарының орындалысына, оның бұзылмауына ата-ана, қоғам жауапты.
Баланың құқығы туралы Конвенцияда оның өмір сүруге, еркін дамуына, қаналудың, денсаулығына қауіпті және жан-жақты дамуына кедергі жасауда қорғалуға құқығы екендігі көрсетілген.
Конвенция бала тек қана тәрбие объектісі ретінде ғана қарамай ішкі дүниесі бай жеке адам ретінде қарастырады. Баланың өсіп жетілуі, оқуы күнкөрісін қамтамасыз етілуі Заңды түрде қаралған және қорғалған.
Жастар – Тарихтың қандай өтпелі кезеңінде болсын жастар заанның талабына сай орны бар әлеуметтік топ. Олардың жұмыс істеуіне, оқуына, демалуына адам өміріне қажетті жағадайдың барлығы да Заң жобаларында нақты тұжырымдалған.
ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы жастардың дені сау, білімді, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, өз халқының тағдырын білетін, ізгі қажеттерді бойына сіңірген жас азаматтардың әлеуметтік қажеттілігін қорғайды.
Заңда республика жастарына мемлекет тарапына нақты түрде рухани, материалдық қолдау көрсете отырып, оларды ірі-ірі өндіріс салаларының алғы шебіне, мемлекет саясатына тарту, кәсіпкерлікке баулу сияқты шаралар көзделген. Жастардың, жас отбасыларын әлеуметтік қорғау көзделген төмендегідей түрлері бар:
~ Оқушылар мен студенттердің темір жол транспортарының жеңілдікпен жүріп тұруы;
~ Жас отбасыларыда нәрісте туған кезде берілетін несие ақша;
~ Жас отбасыларына үй құрылысын немесе ұй сатып алуға байланысты берілетін несие ақша;
Жергілікті жерлерде жастар ісімен шұғылданатын камитеттерді құру және оларды қаржыландыруда жастардың мүддесін қорғайды.
Мүгедектер: Дене немесе ақыл-ой кемістігінің болуы салдарынан тіршлік етуінің шектелуіне байланысты әлеуметтік көмекпен қорғауды қажет ететін адамдар мүгедек болып табылады.
Адамды мүгедек деп, аталуда арнайы мемлекеттік дәрігерлік сарапшылар комиссиясының қортындысымен куәлендірілген жағдайда ғана мүгедек болып табылады.
ҚР 1991 жылы 21 июньде «Қазақ ССР-інде мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Заң қабылданған болатын.
Заң мүгедектердің мүддесін қорғайды, олардың өмірлерінің барлық жақтарын қамтыды, заң 49 баптан тұрады.
Әдебиеттер тізімі:11, 12, 20, 21.