Білім беруді ұйымдастыру жүйесі.
Қазақстан Республикасы, білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының (меншігіне, типіне, түріне қарамастан), оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылады. Білім беру жүйесінің негізгі міндеті ретінде білім алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби ққлыптасуы ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен техника жетістіктері негізінде қалыптастыруға қажетті жағдай жасау көзделді. Білім беру жүйесінің төмендегідей жаңа міндетгері айқындалды:
-оқыту бағдарламаларының жүзеге асыруына жағдай жасау;
-жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физиологиялық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің
берік негізін қалыптастыру, жеке даралық қасиетті дамытуға жағдай жасау арқылы ақыл-ойын байыту;
-отан сүйгіштік пен азаматтылыққа өз Отаны, Қазақстан Республикасына деген сүйішпеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін сыйлауға, конституцияға, қоғамға қарсы жасалған кез-келген іс-әрекетті болдырмауға тәрбиелеу;
-республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне белсенді атсалысуға, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қажеттілігін қалыптастыру;
-әлемдік және отандық мәдени жетістіктерге қатыстыру; Республика тарихын, қазақж әне басқада халықтардың салт-дәстүрлерін білу; мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін үйрену;
-білім беру ұйымдарының дербестігі мен өзін-өз билеу құқын және білім беруді басқару міндеті мен демократияландыру ісін кеңейту;
-оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білімді информатизациялау, халықаралық коммуникация жүйесіне шығу;
-еңбек рыногында бәсекелесе алатын жоғары дәрежелі жұмысшылар мен мамандарды даярлау және қайта даярлау;
-жұмыссыздарды қайта оқыту мен қайта даярлау;
-білім беру ұйымдарының түрлі қызметкерлерінің қарқынды дамуына көмектесу;
Заң бойынша білім беру ұйымдары занды құқы бар мекеме болып табылады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді қамтамасыз ететін бір немесе бірнеше оқыту бағдарламаларын жүзеге асыра алады. Білім беру ұйымдарының дәрежесі (типіне, түріне орай) "Білім туралы" заңының талаптарына сәйкес олардың ережелерінде белгіленеді. Білім беру ұйымдар мемлекеттік басқару орындарынан оқыту қызметін жүргізуге қажетті рұқсат алуы керек. Білім беру мекемелеріне оқыту және басқа да табыс түсетін қызметтермен айналасуға құқық берілген. Ақылы білім беру қызметтері мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қаржыланған негізгі оқыту қызметінің орнын алмастыра алмайды. Білім беру мекемелері шетелдік ұйымдар мен қорлармен тікелей байланыс жасауға білім беру саласындағы
мемлекеттік емес ұйымдарға кіруге құқы бар. Білім беру мекемелері мемлекеттік, мемлекеттік емес (Қазақстан Республикасында тіркелген қоғамдық және діни бірлестіктер мен жеке білім беру ұйымдары), сондай-ақ халықаралық болуы мүмкін. Білім беру мекемелері төмендегідей бөлінеді:
-мектепке дейінгі, мектептен тыс, арнайы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар мекемелері;
-оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орыңдары жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік және қосымша көсіби білім беру. "Білім туралы заң" оқу орындарының негізгі түрлерін белгілейді. Орта білім беретін оқу орындарына жататындар;
-жалпы білім беретін мектеп, ол негізгі және қосымша жалпы білім беретін үш сатылы (бастауыш, негізгі, жоғары) бағдарламаларды жүзеге асырады; жалпы білім беретін мектеп, шағын-мектеп болуы мүмкін, яғни оқушылар санының аздығына орай, қосылған сыныптар жұмыс істейді;
-гимназия негізгі және қосымша оқыту бағдарламасын жүзеге асырады, оқушылардың қабілеті мен икемділігіне байланысты арнайы, терең, кәсіптік оқытуды көздейді;
-лицей кәсіптік бағытталған оқушыларды оқытуды жүргізетін, негізгі және қосымша бағдарламаларды, жүзеге асырады. Бастауыш және орта кәсіптік оқыту;
-жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын әр түрлі бағыттағы кәсіби жұмысшыларды дайындауды қамтамасыз ететін кәсіптік мектеп;
-кәсіптік лицей, жалпы орта, бастауыш кәсіптік оқыту бағдарламаларын жүргізетін және жоғары деңгейдегі маман жұмысшыларды дайындайды;
-колледж, орта кәсіби білімді мамандарды дайындайтын бағдарламаны жүргізеді;
Жоғары білімді халық шаруашылығының түрлі салаларының мамандарын жоғары оқу орындары дайындайды; университет, академия, институт, сондай-ақ консерватория, жоғары училище, жоғары мектеп. Университеттер мен академияларда және ғылыми мекемелерде жоғары дәрежелі ғылыми және ғылыми педагогикалық мамандарды даярлайтын магистратура, аспирантура, докторантура қызмет ете алады. Ал, жоғары
дәрежелі ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлайтын әскери орындарында ол-адъюнктура деп аталады. Жоғары оқу орнынан кейінгі терең медициналық білімді интернатура қамтамасыз етеді.
Оқу орындарында жүргізілген оқыту бағдарламары жалпы (негізгі және қосымша) және кәсіптік (негізгі және қосымша) болады.
Жалпы білім беретін бағдарламалар жеке адамның мәдениетінің қалыптасуын, оның қоғам мен өмірге бейімделуін, кәсіпті таңдауын және тандаған мамандығын меңгеруін шешуге бағытталады.
Заң білім беру жүйесіндегі орталық және жергілікті атқару орындарының қызметін реттейді. Көрсетілген басқару орындары білімді беруді дамыту бағдарламаларын құрастырады және оны жүзеге асыру шараларын жүргізеді: мамандарды дайындау тапсырысын бекітеді; меншік түріне және бағыныштылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына лицензиялар береді; оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары, шығаруға арналған дайындқ жұмыстарын ұйымдастырады; білім беру саласындағы заңның жүзеге асуын және білім берудің мемлекетті стандарттарының жүргізілуін бақылайды. Білім беру мекемелерінде бес жылда бір рет аттестация жүргізіледі; мемлекеттік білім беру мекемелерін материлдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді.
"Білім туралы" заң білім беру жүйесінің қызметін ұйымдастыруда әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Оқыту процесіндегі субъектілердің (білім беру жүйесінің қызметкерлері, оқушылар мен тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары) әлеуметтік кепілдері мен олардың құқықтары, міндеттері арнайы ескерілген. Мысалы, білім беру мекемелерінде педагогикалық қызметпен айналысуға, тек соған сәйкес білімі бар азаматтар ғана құқылы. Олар кәсіби қызметін жүргізуге жағдай жасауды талап етуге, білім берудің мемлекеттік стандарттарын сақтай отырып, педагогикалық қызметтерінің әдістері мен түрлерін еркін таңдауға, ғылыми зерттеулердің бағыты мен олардың нәтижесін педагогикалық тәрбиеде қолдауға, оқу орындарын басқаруға қатысуға, еңбектен тыс өз мамандығының дәрежесін көтеруге, кәсіби беделі мен арын қорғауға қүқылы. Педагогикалық қызметкерлер оқушылар
мен тәрбиеленушілердің арнайы стандарт деңгейінен төмен емес білім мен дағды, білік ауын қамтамасыз етуге, оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке шығармашылық бейімділіктерін дамытуға, олардың беделіне нұқсан келтірмеуге, педагогикалық этика нормаларын сақтауға міндетті. Педагогикалық қызметкерлерді олардың келісімінсіз басқа жұмыстарға тартуға, сондай-ақ оқушылар мен тәрбиеленушілерді оқу-тәрбие жүйесінен тыс жұмыстарға міндеттеуге тыйым салынады.